АҚШ-тың бірінші Конституциясының  халықаралық құқықтық жағдайы туралы қазақша реферат

АҚШ Конституциясы-буржуазиялық мемлекеттің бірінші жазылған Конституциясы, ол 1787 жылы 12 қыркүйекте Филадельфия Конвенті негізінде жасалып, 1789 жылы 4 наурызда күшіне енді.

АҚШ-тың бірінші Коиституциясы-халықаралық құқықты қамтитын федеративтік республиканы бекітті. Қабылданған Конституцияға бұрынғы ағылшын отары негізінде құрылған тәуелсіз 13 кішігірім мемлекеттің кіруі бекітілді. Бұл одақтың құрылуына ғасырдың идеологиялық, әлеуметтік, саяси, экономикалық қажеттілігі де әсер етті.

Жергілікті халықтың қоғамдық көзқарасы мемлекеттің жас қорғаушылары мемлекеттің бірлігін өте қиын жағдайға өткізді, олар конституциямен бірге конфедсрацияның баптарын да талап етті.

55 делегаттың ішінде Джордж Вашингтон, Гамильтон, Франклин, Мэдисон, Вильсон тәрізді қайраткерлер болғандығы мәлім. Әртүрлі жағдаймен қатыса алмаған Джефферсон, Патрик Генри, Джои Адамс тағы басқа да радикалдар болды. Оиың әлеуметтік құрылымына көңіл бөлсек, онын, аралығында тек бай адамдар, плантаторлар, құл иеленушілер, банкирлер, бағалы қағаз ұсатушылар болды. Бірақ бұлардың арасында біржақтылық, бірізділік болды деп айту қиын.

Конституцияның бағасы меп маңызы жөнінде ағылшын әдебиетінде екі түрлі көзқарас ағым пайда болды, біреулері мақтаса, екіншілері жатады. АҚШ-тың негізгі заңында методологиялық жағы да айқын көрінді. Сондай-ақ ағылшын Конституциясының кейбір елдерде буржуазиялық демократия үстем етіп тұрғанда құрылғандығын естен шығармау керек. Ол кезде Еуропада тәуелсіздік үшін соғыс жүріп жатқан еді, сол ғасырдың позициясы болған Конституция құқық мәселесіндегі демократиялық құжат, Конституцияны жасаушылар белгілі бір саяси құқықтық принциптері мен нысандарын қалыптастырды, ол Америка саяси жүйесінің негізі болып табылады.

Бұл конституцияда бірнеше негізгі принциптер бекітілген, олардың бірі-республикалық принципі. Конституция жасаушылар монархиядан бас тартқысы келді, оны жек көрді, олар үшін монархия ағылшындардың зорлық, зомбылығының көрінісі еді. Олардың ойынша мемлекетті тек қана білімді адамдар басқара алады, ал оған тек аристократтардың күштері жетпейді. Республикалық нысанның астарында сайлауға жауапты болатын билік жатты. Олар бір-бірімен байланыста болып, халықтың мемлскеттік іске араласпауын қадағалады. Халықтың тек сайлауға ғана қатысуына мүмкіндігі бар, онда да қызметіне байланысты. Олардың негізгі мақсаты таңдаулы республика жасау еді.

Меншік пен бостандықты қорғау. Конвент делегаттары бостандық пен меншіксіз өмірдің мәні, адамдардың құлпы өмір сүруіне ешқандай мүмкіндігі жоқ екенін түсінді. Сондықтан олар барлық адамдардың теңдіігін, ажырамайтын құқықтарын дәйектеді.

Қоғамдық шарт.

Г. Гроций, Дидро, Ж. Ж. Руссо идеяларын Конвенттің делегаттары Американың жағдайына сәйкес келтірді. Мемлекетті басқару-халықтың үкіметпен шарттасуы жағдайында қаралады, ол нақ ажырамайтын құқықтардың болуын да қамтамасыз етуі керек.

Бикамерализм.

Тәуелсіздік жарияланғаннан кейін Пенсильвания мен Джорджия штаттарынан басқаларында екі палаталы легислатура болды.

Конституция жасаушылардың саяси түсінігіне әсер еткен ағылшын мемлекеттік палатасы. Ондағы атақты палаталар екеу: лордтар және қауымдар палаталары.

Олар Конгреске аксүйектерді енгізу дұрыс деп есептеді. Бикамерализм кіріспе мемлекеттік құрылыстағы федеративтік нысанда айтарлықтай дәрежесі болды.

Федерализм. АҚШ мемлекеттік құрылысының ерекшеліктеріне федерализм принципі жатады. Американың федерациясы жылдам және қайшылықсыз туды деп ойласақ, біз қателесеміз. Бұл мәселелер талқыланған кезде өте өткір және қайшылықты жағдайлар туды. Бұндай күрделі жағдайға әкелген маңызды себептер үшеу: ағылшын мемлекетінің бір орталыққа бағынған басқару әдістері халықты жек көретін етті, әрі оны қорқытып тастады. Отарлар тәуелсіздігін жариялаған кезде мемлекеттік басқару солардың штат шекарасы бойынша құрылған болатын. Конституция алынғанша жалпы орталық ұлттық басқару органдары болған жоқ. Осы үрдістер Конституция дайындалған кезде мықты федерацияға қарсылық туғызды, мықты жалпы федеративтік органдар жергілікті басқару органдарын езіп, өздеріне бағындырады деп саналатын.

Екінші жағынан конфедерация арыауының бостығын бәрі түсінді, әсіресе салық жинау мен штаттар арасындағы сауда мәселелері өте шиеленісті өрі реттелмеген еді. Сондықтан экономикалық және саяси бейберекеттік жағдайды дұрыстау үшін радикалдық шара қолдану керектігін бәрі толық түсінді.

Мемлекеттік құрылыстағы федеративтік нысан буржуазия мен құл иеленушілік таптың ымырасының, халықтың наразылығы мен конфедеративтік ырын-жырыңының нәтижесі болып табылады.

Бір орталыққа бағынған өте табанды мемлекеттік ақпараттың өз жағдайын нығайтып, халықты жуасытуына мүмкіндігі бар.

13 штатты біріктіру мемлекеттік жағдайда үлкен тарихи маңызы бар іс болып саналады. Бұл дүниежүзі тарихындағы бірінші буржуазиялық федерация.


Тағы рефераттар