АҚШ-Таяу Шығыс мәселелерін қарастыру үшін Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін аймақтағы пайда болған Израиль мемлекетінің туындауы тікелей Израиль мен Палестина мемлекеттерімен байланысты болып келеді. Күні бүгінге дейін екі ел арасындағы жер мәселелері шешілмеген, сондықтан мәселенің төңірегіне жету үшін екі ел арасындағы ара қатынастың қалыптасуы кезеңіне және АҚШ бұған деген ұстанымына көз тігу қажет деп ойлаймыз.

Израиль мемлекеті — Батыс Азия Жерорта теңізінің шығыс жағалауында орналасқан мемлекет. Дүниежүзінің саяси картасында 1948жылдың мамыр айында пайда болды және 1920 жылдан Палестинада Британ билігі орнаған соң елдің өнеркәсіп саласының 80% еврей секторы үлесіне тиген болатын.

1947 жылы 29 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында көпшілік дауыспен Палестинадағы ағылшын мандатын жою шешімі қабылданды. 1948 мамыр айында Араб және Еврей мемлекег ері құрылды, Халық Кеңесі құрылып, 14-нен 15-не қараған түні Бен-Гурман тәуелсіздік декларациясын оқыды.

Израиль мемлекеті жарияланған соң күндесі Палестина мен жеті Араб-Израиль соғысы болып өтті. АҚШ-тың көмегіне сүйенген Израиль оларды жеңіп, БҰҰ Араб еліне берген 6,7 мың км. Жерді иерусалимнің Батыс бөлігін жаулап алды. Иерусалимнің шығыс бөлігін Иордания, ал Газа секторын Египет алды. 900 мыңдай Палестиналық Араб босқынға айналды. Жер көлемі 14,1 мың км., халқы 6 млн. /2000 жылы статистикалық мәліметтер/ хылқының 81% еврейлер қалғандары негізінен Арабтар. Елдің басты экономикалық және мәдениет орталыгы Тель-Авив қаласы. Үкімет мекемелері БҰҰ-ның қарсылығына қарамастаь 1950 жылы ел елордасы деп жарияланған Иерусали қаласының батыс бөлігінде орналасқан. Оның 400 мыңнан аса түрғыны бар 250 мыңдай еврейлер, ал 160 мыңы арабтар. [12]

Израиль мемлекетінің ерекшелігі ел конституциясы жоқ. Оны әр кезде шыққан заң актілері алмастырады. Мемлекет парламенттік республика, сондай-ақ мемлекет басшысы президент, жоғарғы заң шығарушы орган кеңесі, жоғарғы атқарушы орган премьер-министр, басқаратын үкімет болып табылады. Үкімет кеңеске бағынса, сот билігі тәуелсіз. Ресми тілі иврит және араб тілдері, негізгі діндері иуда, мұсылмандар мен христиандар да көп. Ақша бірлігі шекель. Ұлттық мерекесі тәуелсіздік күні. Ел аумағы әкімнің жағынан дискриттерге, яғни округтарға бөлінеді.

Израиль мемлекетінің қалыптасуы жылдары көрші араб елдерімен соғыс жағдайында өтті. Египетте билік басыла келген Г.А.Насер бастаған ұлттык патриоттық үкімет 1856жылы Израилдік кемелер үшін Сугу каналын жауып қойды және Израилдің Қызыл теңізге өтетін жалғыз жолы Тиран бұғаздарына экономикалық блокада қойды. Сирия-Израиль шекарасындағы жағдай ушықты. 1956 жылы қазанда Насер, Сирия және иорданиялық ортақ командованиенің құрылғанын жариялады.

Англия мен Франция да Сугу каналы аймағында өз мүдделері үшін алаңдады. 1956 жылы қазанда Англи, Франция, Израиль Біріккен күштері бүкіл Синай түбегін басып алды. Алайда олар КСРО және АҚШ қысымымен өз әскерлерін шығарады және әскери қимылдардың бітіуі мен Тиран бұғаздары блокададағы жағдайды реттей ал лады. 1967 жылы Қорғаныс Министрі Моше Даян болды, ол үш күннен кейін Израиль араб елдеріне шабуылды бастады. Небары алты күнге созылған соғыс таяу Шығыстағы жағдайды өзгертіп жіберді. Израиль Синай түбегін, Газа секторын, Голон биіктіктерін Иордан өзенінің батыс жағалауын жаулап алып, территориясынтөрт есеге дейінкеңейтті. Иерусалимді бақылауға алды, кейінен саясаткерлер Израильдің астанасы деп жариялады.

1973 жылы қазақ айында Египеттік Синай түбегіне ол Сириялық әскерлер Голон қыратына басып кірді. Үш апталық шайқастан кейін Израиль жауды қайтарып шығуға көшті. Бірнеше келісімдерге қол қойылғаннан кейін Израиль басып алынған территориясынан шегі іді. 1973 жылы соғыс Израиль үшін бір жылдық жалпы өнім құны мен оң мың адам шығынына тең болды. 1973жылы сайлауда Г.Меир, М.Даян, Абба Әбан жеңіп шықты атақты саясаткерлер артта қалды. Ал 1977 жылы Еңбек партиясы отыз жылда алғаш рет билікпен келісімге келуге тырысты.

1977 жылы Египет президенті Ануар Садат Иерусалимге келіп, Израиль мен Египет арасындағы келісімге үш ел басшыларының кездесуіне келіп Девидте АҚШ-та қол жеткізілді, келісімге сәйкес Израиль 1988 жылдың сәуір айында Синай түбегінен әскерін алып кетті және екі ел арасындағы шекара мойындалды. [13] Израилдің құрылғанын бүгінгі таңға дейін оның таусылмас жауы Палестинаны азат ету ұйымы болып табылды. НАҰ әскери құрылымы 1970 жылы Либанға енді.

1982 жылы Изариль Ливанға басып кірді. Израиль үкіметі аптаға бастаған соғыс жылға созылды. Соғысқа қарсы ереуілдер 1982-1984 жылдары басып өтті. Бегин отставкаға кетті және оның орнына 1983 жылы тамыз айында Изарилге Шамир келді.[14]

1985 жылдың маусымында Ливаннан әскер шығарылды. 1987 жылдан бастап арабтар еврей қоныстарының салынуына қарсы шығып, тәуелсіз Палестина мемлекетін құруды талап етті. 1992 жылдан бастап Шамир Мадрид конференциясында алғаш рет араб лидерлерімен ресми түрде келісімдер жасады. Сондай-ақ Палестиналықтар Газа мен Иериханда автономиясына иеленді.

Сирия-Израиль келіссөздері қазіргі таңда әлі жүруде. 1996 жылы Ликуд партиясының төрағасы Биняльсин Нетониягу сайлауда Исемон Пересті жеңіп алдыңғы үкімет басшысы Ицхак Робинің саясатынан бастады. Ол Палестина мемлекетінің құрылуы мен Иерусалимнің бөліруіне Голон қиратынан Израиль әскерінің кетуіне жоқ деп жауап берді. Алайда ол да Ясер Арафатпен келісім сөздерге баруға мәжбүр болды.

1988 жылы АҚШ бастамасы мен келісім жасалды. Израиль батыс жағалауы территориясының 13 % әскерлерін әкетуге міндеттелді. Осылайша Палестиналық әкімшілк 10% территориясын қайтаруға мүмкіншілік алды. Қазіргі таңда Ясер Арафаттың қайтыс болуына байланысты екі ел арасындағы байланыс бәсеңделді. Дегенмен Изариль-Палестина арасындағы жер дауы мен діни мәселе шешіле қойған жоқ. Себебі елдің экономикалық ахуалы мен стратегиялық маңызды орында орналасуы АҚШ үшін де тиымды. Сондықтанда Таяу Шығыста өз мүддесін артыруды көздеген АҚШ әрқашан да Израиль мемлекетіне Араб елдеріне қарсы қарулы көмек көрсетіп келеді.[15]

Бұл мәселені нақтырақ ашу үшін Израиль мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық даму прцесіне қарастырып отыру абзал. Израиль мемлекеті сипатына қарай Ұлттық Еврей мемлекеті болып есептеледі. Кез-келген еврей бұл елге келгенде автономды түрде азаматтығын алады. Оны КСРО ыдырағаннан кейін айқын байқауға болады. Себебі КСРО ыдырағаннан соң елдің барлық еврейлері ағыла Изарилге келе бастады және олардың барлығына автономдык азаматтык беріліп, кейінен олар толығымен Израиль азаматтығын алған болатын. Израиль мемлекеті құрылғаннан кейін алғашқы төрт айда елу мың еврей, 1958 жылыдың соңына қарай 687000 еврей көшіп келген. Олардың барлығына АҚШ тарапынан көмек берілді. Бұл процесс күні бүгінге дейін тоқталмаған.

1980 жылдары Израилге 50 мыңға жуық эммиграция толқыны жүрді. Израиль халкының 20-25 % КСРО-дан келгендер болып табылады. 1962 жылы АҚШ еврей мемлекетіне қаржылық-экономикалық және әскери көмек беру және оны жеткізетін орталыққа айналды.[16]

Израилде әскери-өнеркәсіптік кешендер дамыған. Ол жыл сайын бюджеттің 70% және халықтың 30% қамтиды. Әскерилер 10-15%-ті құрайды. 1997 жылы Израиль қарулы күштерінің саны 110 мың әскерге жеткен. Күшті әскери-өнеркәсіптік кешендерінің құрылуы металл өндеу, көлік жасау, электротехникалык, электрондық өнеркәспті дамытты, мемлекеттің валюталық қорын көбейтті.

1990 жылдары Израиль экономикасы дамыды. 1990-1996 жылдары аралығында ЖҰО-35%-ке өсіп, 71,2 млрд. АҚШ долларын құрады. ЖҰО-ді жан басына шаққанда 13650 доллар болды.[17].

Израиль бұл жетістіктерге ішкі және сыртқы жағдайлар арқасында жетті. ТМД мемлекеттерінен 1991-1997 жылдар аралығында 600 мың еврей көшіп келді. Бұл халық еврей көрсеткішін 12 %-ке көбейтті және ішкі рыноктың дамуына өз серпінін тигізді. Елге білікті кадрлардың келуімен катар. олар түрлі саланың дамуыныц әсер етті және Араб елдерімен арадағы блокаданың бейбіт жолымен шешуге итермеледі. Қорғаныс саласы 9% -ке дейін азайды. Сыртқы қаржыландыру көздері бар АҚШ жыл сайын 3 млрд доллар қайтармас ақша береді.

Израиль теңіз жағалауында, таулы қыратта орналасқан. Климаты субтропиктік. Сондыктан Израильді біз аграрлы — индустриялды дамыған ел қатарына жатқызамыз. 1995 жылғы 70 млрд доллар шамасындағы табыс, әр адамға шаққанда жылдық табыс 144 мың доллар құрайды. Өнеркәсібі дамыған Израиль экономикасы негізінен сырттан АҚШ пен Еуропа елдері тарапынан қорландырып отырады. Қорғаныс  саласына ұлттық табыстың 15%-тен астамы жұмсалады. 1993 жылы ТМД елдеріне жалпы алғанда 800 мыңнан астам еврей қоныс аударды. Экономикадағы өнеркәсіп үлесінде 21%, ауыл шаруашылықта 3 %. Елде медицина, электроника байланыс құралдары, компьютерлер шығару жақсы дамыған.

Негізгі сауда серіктестіктері АҚШ пен Батыс Еуропа елдері. Израиль сыртка қару жарақ сататын әлемдегі он ел ішіне кіреді. Қазақстан мен Израиль арасында дипломатиялық және сауда экономикасының 1992-1999 жылдар аралығында 188 мың доллар инвестиция алыс-берісі жасалды.

Бұл процесстерді сараптай отырып, Палестинадағы ахуалдың дамуы мен қазіргі таңда Таяу Шығыста не үшін жағдай шешілмей келеді деген сұраққа жауап іздей отырып, Палестинадағы саяси процесстерді ой елегінен өткізейік.

XX ғасырдың басында Палестина Осман ипериясының қол астына кірген. Экономикалық дамуда артта қалған аграрлы мемлекет деңгейінде еді. Араб шаруалары помещик жерлерінде жұмыс атқарып келетін. Олар жер иеленушіге өнімнің 5% төлеп отырған. Палестина өнеркәсібі кішігірім кәсіп орындарынан кұрылған. Елде күнжут пен оливка өсіріледі [18].

Палестинада май даярлау саласы дамыған. Қолөнершілерден өнеркәсіпте жұмыс істейтін халық 10%-ті ғана құрайды. Өнеркәсібі әлсіз дамыған елдің сауда баланысының пассивтілігіне әсер етті. Сондықтанда елдің сауда байланыстар нышаны қазіргі таңда бір жақтан соғыс жағдайларына байланысты төмен көрсеткіштерге ие.

XIX ғасырдың аралығында сионизм Палестина үшін тартысқа түседі. Сионизм буржуазиялык ұлтының ағымынан экспансиялық идеологиялық саясатқа айналды. Сионистер жалпы өмір сүру идеясын қолдады және еврейлер ата-бабаны таныта жеңілуі керек делінген тек қана осы жолмен еврей мәселесі шешіледі деп шешкен сионистер Палестинаны бүкіл еврейлердің ұлттық және рух сенім арттылығы деп жариялады. Олар Палестинаны Израилдің жері деп атады. Бұл ағым ұлтшылдық идеяны ұстанды. Ағымның идеологиялары Араб халқының Палестина жеріне ұлттық құқығын мойындамады.

Сионистер лидерлеріне Палестинаны отарлау идеясын іске асыру үшін Еуропалық мемлекеттердің қолдауы қажет юлды. Алғашқы кезде олар Германияға бет бұрды. Алайда көп ұзамастан Англияның қолдауын табу жолдарын іздестіре бастады. Өйткені Палестина Согу каналын өтер жолда орналасқандығынан Ұлыбританияның кызығушылығын арттырған болатын. Сионистер өздерінің конгрестерінде Бүкіл әлемдік сионистер ұйымы құрылғаны жөнінде жариялады және ВСО отарлау мақсатын көздеп, бірнеше экономикалық орталық кәсіп орындарын құрды. Оларға Еврей Ұлттық банкі және Еврей Ұлттық фонды қаржылай көмек көрсеткен еді. Еврей буржуазиясының көмегімен еврейлердің эммиграциялық процесстері іс-жүзіне асыра бастады. Нәтижеде Палестинада сионистердің иеліктері кеңейе бастады[19].

Сионистер еврей ұлттық орталығын құруды ағылшын қолдауын табуға қол жеткізді. Ол Англияның сыртқы істер минстрі Бальфурдың декларациясында бекітілген еді. Бальфур декларациясы арқылы Британ үкіметі германияға қарсы АҚШ пен Ресейдің де еврейлердің қолдауын табуға тырысты. Араб халықтарын тыныштандыру үшін Англия, Франция 1918 жылы Палестина халқына жолдау жіберді. ( лар Палестина, Сирия, Ирак халықтарының ұлттық кұқықтарын қолдауға уәде берді. Алайда ол тек формальды түрде болды. 1919 жылы Франция Англияның, Сирияны Францияға берудегі келісім орнына Палестинадағы ағылшын билігін қолдады. 1920 жылғы Сан-Ремодағы конференциядағы Антанта мемлекеттерінің Жоғарғы Кеңесі Англияға Палестинаның мандатын берді. 1923 жылы мандат ресми түрде күшіне енді. Англияның экономикасында маңызды ұстанымдарын алды. Англия еврей капиталдарының Палестина енуіне қолдау көрсетті [20].

Еврей агенттігі эммиграциялық қозғалыстарының ұйытқысы болды. Англия еврей эммиграциясына Палестиналық атқындықты берді. Сионистік ұйымдарға концессия берілді. Осылайша сионистік ұйым Палестинаны электрондық корпорациясы, Иордания өз гидроэлектростанциясын салуға концессиясын алды. Сонымен қатар Палестинада еврей Ұлттық Кеңесі құрылды. Ол Палестинадағы еврей хақына салық жинаумен айналысты. Жартылай легалды түрде еврей әскери-хогана құрылды. Нәтижеде еврей эммиграциясы арта бастады.

Англияның көмегімен еврей ұлттық жер фонды өз иеліктерін оданда көбейтті. 20-30 жылдары өнделетін жердің жартысы қауымның иелігінде болатын. Осы жағдай сионистік ұйымның жер тартып алуына кедергі болатын. Бұл мәселені жою үшін ағылшындар заң шығарылды. Ол бойынша қауымнан шыкқан әр феллахқа жер беруді мшдеттелінді, сөйтіп қауымнан шыккан феллахтар сионистердің қолынан шықты. Палестина феллахтардың жерсіз калуы одан сайын күшее түсті. Осылайша ағылшын саясаты Таяу Шығыстағы жағдайды қайшылыққа әкеп соқты. Тек Арабтар емес сонымен қатар сионистерге қарсы өз сионистердің эммиграциялары Палестинаға келіп, ауыр әлеуметтік жағдайға түсті. Осылай еврейлер араб шаруаларымен бірігіп, ағылшындықтардың саясатына қарсы күреске шықты.

Бірінші дүниежүзілік аяқталысымен Араб Ұлттық қозғалысы ұйымдасқан сипат ала бастады. Оның басқарушы органы Араб Палестиналық Конгрессі. Алағашқы сионист отаршылығына қарсылық 1921 жылы Яффатта болған көтіріліс болды. Көтеріліс екі аптаға созылды. 20 жылдапры ұлттық қозғалыстың басшылары сионистердің сажатын тоқтатып, мемлекетке тәуелсіздік беруін талап етті. Палестина Арабтарының ұлт-азаттық көтерілсінің жоғарғы шыңы 1921жылы болып өтті. Осы кезде ішкі саяси жағдай құрт нашарлады, өйткені сионистер өз іс-әрекеттерін одан әрі күшейттіре тұсірді. Көтерілістің себебі 1928 жылы араб және еврей дін қауымының Иерусалимдегі дуал болды. Екі жақта осы дуалды өздерінің діни орталығы деп есептеді. Ағылшын үкіметі сионистерді қолдады[21].

Еврейлер мен арабтардың арасында қақтығыстар басталды. Иерусалимде халық көтеріліс болып өтті. Бұл көтеріліс басқа да қалаларға таралды. КөтерілістІң орталықтандырылған басшылары болмады. Сондықтан өз мәресіне жете алмады. Сонымен қатар 20-30 жылдардағы азаттық күрестер күшейді және көтеріліс антисионистік және антиотаршылдық сипатқа иеленді.

1993 жылы қуатты көтерілістерінің бірі басталды. Ол барлық қалаларға жайылды. Алайда АПК қаруының әлсіздігімен басқару орталығының болмауы мен көтеріліс өз мәресіне тағы да жете алмады.

Отызыншы жылдары сионистік ағымның күш алуы Палестинада жағдайды мүлдем қиындата түсірді. Ең маңыздысы 1935 жылы Хайфыдағы көтеріліс болды. Бұл көтерілісті жергілікті дін басы Иззад-Дин әл-Қассам басқарды және Плаестинадағы көтерілістергі маңызды әсерін тигізді. 1936жылы П.Лорд Пилдің басшылығымен тергеу комиссиясы жұмысын бастады. Алайда жоғарғы комитеті бұл комиссиямен келіссөздер жүргізді және Палестинаны араб-еврей мемлекеттеріне бөлуді ұсынды. Бірақ ұсыныс халыктың наразылығын одан күшейтіре түсірді [22]

1937 жылы ВАК қызметіне тыйым салды. Көтерілістің екінші сатысы басталды. Егер бұдан бұрынғы көтерілістер антисионистік сипатта болса енді халық Палестинаның тәуелсіздігі үшін күресті бастады. Күрес әсіресе 1938 жылдары жандана түсті. Көтеріліс барысында сионистер отарлау саясатын азда болса қысқартуға мәжбүр болды. Олар соғыс кезінде өздерінің әскери қуатын толықтыра бастады. 1939 жылғы көтеріліс басталды.

Палестина екінші дүниежүзілік соғыстан кейінде еврейлерді жою саясатына байланысты жоғарғы Араб Комитетін құрды. Бұл комитет бүкіл еврейлерді Палестинада сионистер әскери кезеңді пайдаланып, өзінің саяси-экономикалық позициясын күшейтіруге тырысты. Палестинаның мұнай құбырын жүргізуде концессия алуына байланысты АҚШ Палестинада еврей мемлекетін құруды қолдады. Американ басшы іары еврей мемлекетін құрып сол арқылы Палестинаны өзіне бағындыруды көздеді. 1945 жылы Т.Трумэн ағымын өкіметке Палестинаға жүз мыңдай еврейді кіргізуді талап етті. Англия бұны қабылдап Палестинаға әскери жіберді. Бұл жағдай сионистердің наразылығын тудырды. 1945 жылы сионистер Тель-Авивте бұзақылық жасады. Ағылшын үкіметі біріккен ағылшын-американ комиссиясы құруды ұсынды. Т.Трумэн ұсынысты қабылдады және комиссияны құрды.

Палестина мәселесі 1947 жылы БҰҰ талқыланды және екі вариантты шешім берді:

1. Палестинада екі демократиялық араб-еврей мемлекеттерін құру;

2. Палестинаны бейтарап демократиялық ;еврей-араб мемлекетін құру;

Нәтижеде екі мемлекетті де құру шешімі қабылданды. Қабылданған резолюция бойынша еврей мемлекетіне 56 % Палестинаның территориясы берілді, араб мемлекетіне 43% үлес қана тиді. Иерусалим халықаралық бақылаудағы арнайы зонаға айналды. Бұған байланысты арабтар қарсы шықты. Ал сионистер бұл шешімді қабылдады. Себебі олар арабтардың территориялық үлесін тартып алғысы келді және БҰҰ-ның шешімін бұзып арабтардың жерін күшпен, қарумен тартып алуға кірісті. Аарабтар құқығына ұшырай бастады. Күні бүгінге дейін бұл саясат жалғасып шешімін талқан жоқ.

1947 жылы сионистер бастаған соғыс араб халқының қарсылығын тудырды. Партизан отрядтары құрылды. Орталықтандырылған басшылық бөлімде құрылды. Ол сәтсіз аяқталды. 1947 жылы Палестинаға келген Абд әл-Кадер Хусейін ісіне Транс мердания қарсылық көрсетті.1948 жылы ол қайтыс болды. Нәтижеде Палестина жерінде 1948 жылдың 14 мамыр айында Израиль мемлекеті құрылды. Екінші дүниежізілік соғыстан кейінгі жылдардан-ақ АҚШ өз ұстанымдарын күшейтіре бастады. Кейде Израилді АҚШ-тың 51-ші штатыдеп атайды.Сондықтанда АҚШ-Изариль-Палестина ара-катынастарының қалыптасуы мен дамуын бір түсті бояумен сипаттауға болмайды.

АҚШ-тың Израилге тәуелсіздік алу жолындағы күреске көмектеспегінін ұмытпауымыз жөн. Дегенменде соғыстан кейінгі жылдары, әсіресе Эйзенхауэр басқару жылдарында АҚШ Израилге қарулы көмек көрсету саясатын нақты ұстана бастады.

«Қырғи-қабақ» соғысы жылдарында АҚШ әр уақыт Таяу Шығыстағы КСРО әсерін әлсіретуге әлек болған-ды. Сондықтанда Эйзенхауэр үкіметінің Суэц дағдарысын араласуы да жәйдан-жәй оқиға емес еді[23].

Демократ-президенттері Джәнеон мен Кеннидидің Таяу Шығыстағы саясаты жылылау болған тәрізді. Себебі АҚШ тағы сайлауда басым көпшілікті құрастырған еврейлердің дауысы маңызды болған тәрізді. АҚШ-тағы еврейлердің басым бөлігі демократиялық бағытты ұстанған болатын және конгрестегі көпшіл шешімнің Израильге пайдасын ойластырып отыратын.

1967 жылғы алты күндік соғыс АҚШ-Израиль арасындағы байланыстарда бетбұрысты кезең болып есептеледі. Палестина елін КСРО қолдай бастады. Палестиндық босқындар саны артты және соғыс қорытындысы бойынша баста Египет Синай аралдары мен Газа аймағынан айрылды, Иордания батыс жағалауларынан, Сирия болса Голлан аймағынан айрылған болатын. Нәтижеде антиизраилдің пропаганда да өзгере түсті. «Палестина босқындары» үғымының орнына «оккупацияға ұшыраған жер» деген терминологиялық үғым пайда болды. Израиль мәселені шешуге кірісті, ал арабтар болса тарихқа енген «Үш рет жоқ» деген декларацияны қабылдады. «Израилге-бейбіт өмір жоқ» деген ұрандар кеңінен таралды. Барлық араб елдерінде Израилді мемлекет ретінде мойындамау мәселесі көтерілген болатын[24].

Египет президенті Насер Израилдің пайда болуын Еуропа мен АҚШ-тың агрессиялық саясаты ретінде қарастыру қажет дер білді. Алайда қараша 1967 жылы БҰҰ-ның қауіпсіздік комитеті жаңа резолюцияны қабылдады. Ол бойынша «жер бейбітшілігі үшін» деген идея көтерілген болатын. Яғни Израиль алты күндік соғыс қорытындысы бойынша жаулап алған жерлерді қайтарып береді, ал арабтар Израиль мемлекетін мойындайды. Деген ұғыммен қабылданған декларация болатын.

«Оккупацияға ұшыраған жер» тақырыбы бүгінге дейін шешілмеген мәселелер қатарына енеді. Бұл мәселені Никсоннан бастап Кенниди басқару жылдарына дейін АҚШ біркелкі шешуге тырысқан болатын. Алайда АҚШ үкіметінің бұл ұстанымды пайдалануын екі елге бейбіт өмір сайлауменен сипаттауға болмайды, себебі Израиль-Палестина қақтығыстарының аяқталуы АҚШ-тың Таяу Шығыстағы ұстанымдарына қайшы келеді және қару-жарақты сату рыногына айрылады. Сондықтанда күні бүгінге дейін АҚШ осы бағыттан бас тартқан жоқ.

Араб елдерімен Израиль арасындағы байланыстарының арасына жылу серпінді жаюды АҚШ президенті Картер кезеңінде ғана біркелкі шешіле бастаған-ды. Оның кезінде Кэмп-Девид келісімі жасалған еді. Ол бойынша Израиль Египетке Синай аралдарын қайтарып берді және тарихта алғаш рет Араб елі мен Израиль арасында келісім жасады. Алайда 1980 жылғы сайлау қарсаңында Израиль-АҚШ арақатынасына «көз тиген» тәрізді, картер кандидатурасына басым көпшіл еврейлер дауысын бермеді. Олар Рональд Рейган кандидатурасын қолдаған болатын[25].

Рональд Рейган басқару жылдарында Израилдің соғыс саясаты сынға ұшырады. Себебі Израилдің Иракқа деген ауа үстіндегі ядролық электростанция бомбандировкасы АҚШ үкіметінің қарсылығын тудырды. Бұл мәселе БҰҰ-ның кезектегі жиналысында қатты сынға алынған еді және АҚШ-Израиль арасындағы байланыстарға кері әсерін тигізді.

Сегіз жылдық жылдарында Р.Рейган үкіметі әрқашанда Израилді БҰҰ жиналыстарында қолдайтын. Сол жылдардағы елшілік қызметін басқарған Джин Кирк Патрик жан тәнімен Израилді БҰҰ-ның кезектегі жиналыстарында қолдайтын.

Президент-республикандық Дж.Буш пен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джеймс Бейкер Израиль-Палестина ара-қатынастарын жақсарту мақсатында Картер саясатын жалғастырды және Палестинаға «оккупациялық жерлерді» қайтару саясатын бастаған болатын. Буш пен Бейкер Израиль үкіметіне КСРО-дан жер аударғандарға тұрғын үй бағдарламасында қолдау көрсететіні жөнінде мәлімдемелер жасаған. Сондықтан Буш Израилден «жерге бейбітшілк» формуланы ұстануды талап етті. Дегенменде бұл саяси ағым іс-жүзіне аспады[26].

Израиль мен Палестина арасындағы жағдайды бәсеңдету үшін Дж.Буш үкіметінің орнына келген Клинтон жалғастырды. Ол Шимон Перес үкіметін Палестина үкіметінің құрылуына шақырды. Тарихты алғаш рет бір ойлайтын-социалистер /АҚШ-та олар өздерін либералдар деп атайды/ Изариль шекарасында «Палестина автономиясын жақтаушылар» террористік ұйымның пайда болуына әсер етті.
Тағы рефераттар