Ақша қаражаттар және қаржылық инвестициялар есебі туралы қазақша реферат

Ұйым 1000 «Аккредитивтердегі ақшалай қаржылар» шотында жабдықтаушылар мен басқа да ұйымдардың аттарына ашылған аккредитивтегі ақша қаражаттарын есептейді. Негізінен есеп айырысудың бұл түрі басқа қаладағы жабдықтаушылармен қолма – қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады. Есеп айырысудың бұл түрі басқа қолма – қол ақшасыз есеп айырысуға ұқсас болып келеді. Бұл есеп айырысу құжаты бойынша сатып алушы өзіне қызмет көрсететін банк мекемесі арқылы жабдықтаушының шоты ашылған, яғни оған қызмет көрсететін банктен аккредитив ашады. Есеп айырысудың бұл түрі 1931 жылдан бері қолданылып келеді. Аккредитивтегі аұшалар бойынша есеп айырысу жабдықтаушыларға төлемнің дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді.

Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы ұйымды жабдықтайтын ұйымға қызмет көрсететін банкке тауарларының жіберілгендігін немесе қызметтерінің көрсетілгендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.

Аккредитив тек қана бір жабдықтаушымен есеа айырысуға арналады. Ал аккредитивтің мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы келісім шартқа сәйкес бекітіледі. Бұл шартта мыналар көрсетілуі тиіс:

  1. Төлеушінің тапсырмасы бойынша аккредитивті ашқан банктің аталуы.
  2. Аккредитивтің түрі және оның орындалуы мен пайдаланылуының әдісі мен тәсілі.
  3. Аккредитив бойынша қаржы алу үшін жабдықтаушының өзіне қызмет ететін банкке тапсыруға тиісті құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары.
  4. Тауарларды, материалдарды тиеп жөнелткеннен немесе жұмыстарды, қызметтерді орындағаннан кейін құжаттардың банк мекемесіне тапсырылу мерзімі мен олардың орындалуына қойылатын талаптар. Жабдықтаушыларға аккредитив жайлы, яғни оның ашылғандығы жайлы хабарлау.
  5. Басқада керекті құжаттар мен шарттар.

Аккредитивтердің «өтелінген» және «өтелінбеген» деп аталатын түрлері ашылуы мүмкін. Аккредитив соынмен қатар «кері шақырылатын» және «кері шақырылмайтын» болып екі түрге бөлінеді.

Тапсырыс берушінің өзінің шотындағы ақша қаражаты есебінен немесе оған қызмет көрсететін банкінің берген несиесінің есебінен жабдықтаушы ұйымға қызмет көрсететін банкке келісім шарт бойынша алдын ала аударылған қаржысы «өтелінген аккредитив» болып саналады [7].

Ал сатып алушы ұйым мен жабдықтаушыға қызмет көрсететін банк арасындағы аккредитивте көрсетілген қаржы сомаларын аударуға тек қана келісім шарт жасалынып, яғни ақша әзірге аударылмаған болса, онда бұл «өтелінбеген аккредитив» қатарына жатқызылады.

Аккредитивтен қаржы алу үшін жабдықтаущы ұйым тауарларды жөнелтіп жібергеннен кейін аккредитивтің шартында қаралған құжаттарды банкке табыс етеді. Бұл құжаттар аккредитивте қаралған шарттардың барлығын қанағаттандыратын болуы шарт. Егер шарттың біреуі орындалмаған жағдайда аккредитивтен қаржы төленбейді.

Аккредитив жабылған уақытта пайдаланылмаған сома сатып алушының банкісіндегі тиісті шотына аударылады. Ашылған аккредитив сомасы 1040 шотқа, егер есеп айырысу шотынан аударылса, 1030 шоттың; банктердің несиелері есебінен аударылса, 1060 шоттың кредитіне жазылады. Ал жабдықтаушыға аккредитивтен аударылған сома 3310 «жеткізушілермен есеп айырысу» шотының дебетіне 1060 шоттың кредитіне жазылады.

1060 «Чек кітапшаларындағы ақшалай қаражаттар» шотында чек кітапшаларындағы ақшалармен есеп айырысу операцияларының есебі жүргізіледі. Чек кітапшаларындағы ақша жабдықтаушылардан алынған тауарлы – материалдық құндылықтардың құнын төлеуге немесе көрсеткен қызметтер ұшін есеп айырысуға арналған. Ұйым чек кітапшасын ашу үшін банкке өтініш береді, осы өтінішпен қатар чек кітапшасындағы соманы депоненттеу үшін банк мекемесіне төлем талабы тапсырмасын ұсынуы тиіс. Чек кітапшасын алғанда депоненттелген сомаға мынадай жазу беріледі: Дебет 1060 «Чек кітапшасындағы ақша» шоты, Кредит 1030,1040,1060,3310.

Банк чек кітапшасының тиісті жеріне чек кітапшасы берілген ұйымның немесе жеке адамға берілсе, оның аты – жөнін жазады. Чек кітапшасындаға ондағы жұмсалмаған соманың мөлшері көрсетіледі. Чек кітапшасы арқылы бір немесе бірнеше жабдықтаушы мен есеп айырысуға болады.

Ұйымдарда нақты ақшалар мен қатар пошта маркалары, демалыс және емдеу, сауықтыру орындарының жолдамалары, жол билеттері, сонымен қатар үкіметтің жәрдемі ретінде берілген қаражаттары, яғни үлкен жауапкершілікпен сақталуын қадағалауды талап ететін басқа да қаржылар сақталынады. Олар 1030 «Банктердегі арнаулы шоттағы ақшалар» шотында есепке алынады. Соынмен қатар бұл шотта ұйымға бюджеттен бөлінген белгілі бір мақсатқа жұмсалуы тиіс қаржылар, ұйымның демалыс – ағарту, демалыс лагерлеріне бөлген қаржылары есептеледі.

«WASABI» ЖШС – де есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі үшін 1030 «Есеп айырысу шотындағы ақша» шоты арналған. Шоттың дебеті бойынша Ұлттық валютадағы ақша қаражаттарының есеп айырысу шотына түсуі, ал кредиті бойынша есеп айырысу шотынан қаражаттардың жұмсалуы көрсетіледі.

Есеп айырысу шоты бойынша жазулардың негізі – банк көшірмесі болып табылады. Ұйымның ақшалай қаражаттарын сақтай отырып, банк өзін оның борышкері санайды, сондықтан ақшаның қалдығы мен олардың түсуін шоттың кредиті бойынша, ал есептен шығарылуын дебеті бойынша көрсетеді.

Көшірме қағаз және есеп айырысу құжаттарының көшірмелерін алғаннан кейін ұйымның есеп айырысу шоты бойынша операциялардлың заңдылығын тексеру кезінде қате тіркелген сомалар анықөталса, онда бұл тіркелген сома  1000 «Есеп айырысу шотындағы ақша» шотының дебеті және 6200 «басқадай кредиторлық қарыздар» шотының кредиті бойынша, ал қате есептен шығарылған сома 1000 «Есеп айырысу шотындағы ақша» шотының кредиті және 6280 «Басқадай дебиторлық қарыздар» шотының дебеті бойынша көрсетіледі. Кейінгі көшірме қағазда банк түзету енгізіп, ал бухгалтерлік есепте қарыз есептен шығарылады. [8]

Ұйымда есеп айырысу шоты бойынша операциялар алғашқы құжаттарда тіркеліп, 1000 шоттың кредиті бойынша жүргізілетін №2 журнал – ордерге және шоттың дебеті бойынша жүргізіліп, оған қоса тіркелетін ведомоске түсіріледі. Бұл регистрлерге жазулар банктерден көшірме қағаздардың келіп түсуіне қарай жүргізіледі. Жазу кезінде шоттар корреспонденциялары бірдей сомалар бекітіледі. Ай соңында осы регистрлердегі қалдық шығарылып, одан әрі бас кітапқа апарылады.

Ақша қозғалысы жөніндегі есепті дайындау кезінде пайданың көбею кездерін және олардың пайдалану әдістерін бөліп көрсету қажет. Сондықтан кәсіпорынның таза табысы – тапқан табысы – егер есепті кезеңде ақша нысанында алынса ақша көзі болып табылады, ал шығындар, егер олар есепті кезеңде ақша нысанында жүргізілсе, онда ақшаның азаюымен байланысты болады.

Ақша қозғалысымен байланыссыз, алынған таза табыстар мен шығыстарды көлеміне келесі баптар бойынша түзету қажет:

—         амортизациялық аударымдар;

—         провизияны құруға кеткен нақты шығындар сомасы;

—         есептелген, бірақ алынбаған табыс сомасы және сыйақы түрінде жұмсалған шығындар;

—         сыйақы төлеумен және алумен байланысты емес, алынбаған табыс немесе кеткен шығындар сомасы.

Ақша қаражаттар қозғалысының есебі, олардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметі бойынша жіктей отырып кезеңдегі ағымын көрсету қажет. Қаржы салымына (қаржылық инвестиция) кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды тұлғалардың бағалы қағаздарын (акцияларды, облигацияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға, депозитке салған тағы да басқа) сатып алуға жұмсаған қаржылары жатқызылады.

Қаржылық  инвестиция   есебі  ҚЕХС 39 «Қаржылық  құралдар танылуы  және  өлшемі» және  ҚЕХС 32 «Қаржылық  құжаттамалар   ақпаратты  таныстыру  және  ашу» [9].

Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты – түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.

Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады.Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестиция  көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.

Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзаө мерзімді болып бөлінеді.

Инвестия өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлінеді.

Нақты инвестициялар – бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материялдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.

Қаржылық инвестициялар – бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, ролтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдалагбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді – ақшалай және күрделі (капиталды) болып. Ақшалай бағалы  қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің  номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатыр алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай  бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі [10]

 

Кесте – 3 Қаржылық инвестициясы шоты бойынша жүргізілетін операциялар

Операциялар мазмұны

Дебиттелетін

Кредиттелетін

1 Сатылып алыну құны бойынша акциялар кіріске алынады

1150

1050,1040,1010,

3310,3390

2 Берілген материалдық құндылықтар үшін сатып алу құны бойынша кіріске алынған акциялар

1150

1311-1317
3 Акциялар үшін есептелінген дивиденд сомасы

1270

6120

4 Сатылған акциялар:

-баланстық құны бойынша

-сатқаннан алынатын табыс сомасына

7410,1010

1040,1050

1150

6210

5 Сатылып алынған облигациялар және басқадай бағалы қағаздар

1130,1150

1010,1040,1050

6 Қысқа мерзімді қаржы салымдарының ағымдағы құнының өзгеруіне байланысты алынатын табыс сомасына

1550

6160

7 Қысқа мерзімді қаржы салымдарының ағымдағы құнының өзгеруіне байланысты шеккен зиян сомасына

7470

1550

Ескерту: Ұйымның мәліметтері негізінде жасалды

Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын (қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.

Инвестициялар есебі мына шоттарда жүргізіледі: 1150 «Өзге қысқа  мерзімді  қаржылық  инвестициялары», 2040 «Өзге  ұзақ  мерзімді  қаржылық  инвестициялары» [11].
Тағы рефераттар