Ақша қаражаттарының есеп айырысу нысандары туралы қазақша реферат

Кәсіпорындар сонымен қатар нақты ақшасыз да есеп айырысулар жүргізе алады. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаржаттарын банк мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады.

Егер де заңды тұлғаларды арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте есеп айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғаларды арасындағы әрбір мәміле бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де мәміле сомасы лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да әрбір төлемнің сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек.

Ақшалай қаражаттарды сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырыысу үшін Қазақстан Республикасының мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арсындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

Корреспонденттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.

Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшауланған бөлімдері үшін де ашылады.

Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъекті үшін ашылады. Аккредитивтер, чек кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақшалай қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.

Субъекті шоттарындағы қаражат олардың иелерінің бұйрығы бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.

Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъетінің басшысы белгіленген кезектілікпен жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу ен аударуды жүзеге асыруда кеолесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индосаменттері арқлы беруді; төлем картчкасын пайдалануды; тікелей банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерінде белгіленген басқа да әдістерді пайдаланады.

Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.

Төлеуші мен алушылар өзра есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізнде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді есепке жатқыза алады.

Нақты ақшасыз есеп айырысу нысандары жүзеге асырылғанда төмендегі негізгі түсініктер қолданылады:

— Ақшаны жөнелтуші банк және сол ақшаны қабылдаушы банк арасында құрылған келісім шарт негізінде ақша каражаттарын қабылдап алатын банк — бенефициар банкі деп аталады.

Бенефициар банкі аударылған ақшаны қабылдауга берілген тапсырманы және екі жақты (жөнелтуші банк жөне бенифициар банкі) келісім шартта анықғалган басқадай шарттарды орындауы қажет;

— Кәсіпорындардан ақшаны аудару немесе ақшаны төлеу жөнінде тапсырма алатын банк – тапсырма алушы банк деп аталады;

— Ақша аудару процессіне қатынасатын, бірақ не ақшаны жөнелтуші банк, не бенефициар банкі болып табылмайтын кез-келген банк – делдал деп аталады.

— Ақша аударымы немесе нақты ақшасыз есеп айырысу жүзеге асырылғанда төлем тапсырмасында немесе талап-төлем тапсырмасында ақшаны алушы ретінде көрсетілген тұлға бенефициар болып табылады.

— Ақшаны төлеуге тиісті тұлғаның келісімінсіз, оның ақша қаражаттарын, құрылған келісім-шарттың негізінде немесе заң бойынша, төлеуге тиісті түлганың қызмет көрсетуші банкке ақшаны өзіне (бенефициарға) аударуға тапсырма берген тұлға — өндіріп алушы болып табылады, ал төлем жасаушы банк өз тарапынан ол тапсырманы орындауы тиіс.

— Ақша аудару жөнінде банкке бірінші болып тапсырма беретін тұлға — ақша аударымын жасаудың инициаторы болып табылады. Инициатор болып төлем жасаушы тұлға да және бенифициар өзі де болуы мүмкін.

— Инкассалық өкім — төлем жасаушы тұлғаның банктегі шотынан оның келісімінсіз ақшаны төлетудің әдісі.

— Чек — төлем жасау нысандарының бірі, бұл нысан чек берушінің өзіне қызмет көрсетуші банкке чек үстаушыға онда көрсетілген соманы төлеуіне берген қағаз жүзіндегі бұйрығы.

— Чек беруші — чекті жазьш беретін түлға.

— Чек беруші тұлға өзінің шешімі бойынша чек құжатында көрсеткен ақшаны алатын тұлға — чек үстаушы болып табылады. Сондай-ақ, чек беруші өзіне чек жазған жағдайда, чек ұстаушысы бола алады.

Енді Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын нақты ақшасыз есеп айырысу нысандарына кеңірек тоқталайық.

Төлем тапсырмасы. Ал мұндай тапсырманы алған банк осындай нұсқауды алғаннан кейін оны акцептеуге немесе акцептеуден себепті түрде бас тартуы тиісті. Төлеуші банк төлем тапсырмасын акцептеген жағдайда, кәсіпорын акцептелген төлем тапсырмасының орындалуын талап етуге құқылы.

Аккредитивтегі ақша қаражаттары бойынша есеп айырысу басқа қаладағы (субъекті орналасқан жерден басқа жерден тұратын) жабдықтаушылармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады. Есеп айырысудың бұл түрі басқа қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға ұқсас болып келеді. Бұл есеп айырысу құжаты бойынша сатып алушы өзіне қызмет көрсететін банк мекемесі арқылы жабдықтаушының шоты ашылған, яғни оған қызмет көрсететін банктен аккредитив ашады. Есеп айырысудың бұл түрі 1931 жылдан бері қолданылып келеді. Аккредитивтегі ақшалай қаражаттар бойынша есеп айырысу жабдықтаушыларға төлемнің дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді.

Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемеснің осы кәсіпорынды немесе ұйымды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарларының жіберілгендігін немесе қызметтерінің көрсетілгендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.

Аккредитив тек бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысуға арналады. Ал аккредитивтің мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы келісім-шартқа сәйкес бекітіледі. Бұл шартта мыналар көрсетілуі қажет:

1.Төлеушінің тапсырмасы бойынша аккредитивті ашқан банктің (банк иитенттің) аталуы.

2.Аккредитивтің түрі және оның орындалуы мен пайдаланылуының әдісі мен тәсілі.

3.Аккредитив бойынша қаржы (ақша) алу үшін жабдықтаушының өзіне қызмет ететін банкке тапсыруға тиісті құжаттардың  толық тізімі және нақты сипаттары.

4.Тауарларды, материалдарды тиеп-жөнелткеннен немесе жұмыстарды, қызметтерді орындағаннан кейін құжаттардың банк мкемесіне тапсырылу мерзімі және олардың орындалуына қойылатын талаптар. Жабдықтаушылар аккредитив жайлы, яғни оның ашылғандығы туралы хабарлау.

5.Басқа да керекті құжаттар мен шарттар.

Аккредитивтердің «Өтелінген» (депоненттелген) және «өтелінбеген» (депоненттелмеген) – деп аталатын түрлері ашылуы мүмкін. Аккредитив сонымен қатар «кері шақырылатын» және «кері шақырылмайтын» болып екі түрге бөлінеді.

Тапсырыс берушінің өзінің шотындағы ақша қаражаты есебіне немесе оған қызмет көрсететін банкінің берген несиесінің есебінен жабдықтаушы кәсіпорынға қызмет көрсететін банкке келісім-шарт бойынша алдын-ала аударылған қаржысы — «өтелінген (депоненттелген) аккредитив» болып есептеледі.

Ал сатып алушы кәсіпорын мен жабдықтаушы кәсіпорындарға қызмет көрсетуші банк мекемелері арасында акредитивті көрсетілген қаржы сомаларын аударуға тек қана келесім-шарт жасалынып келісілген, яғни ақша әзірге аударылмаған болса, онда бұл — «өтелінбеген аккредитив» түрі қатарына жатқызылады.

Аккредитив ашу жайлы келісім-шартта қарастырылған келісімдерді өзгертуге, жоюға тек сатып алуша, яғни қаржы төлеуші шаруашылық субъектінің ғана құқы болса, ондай аккредитив — «крі шақырылатын аккредитив» түрінің қатарына жатқызылады.

Аккредитив ашу туралы екі субъектінің арасындағы келісім-шартта қарастырылған келісімдерді жадбықтаушы кәсіпорынның келісімінсіз жоюға немесе өзгертуге болмайтын аккредитив — «кері шақырылмайтын аккредитив» болып саналады.

Аккредитивті ашу үшін төлем төлеуші кәсіпорын өзніе қызмет көрсететін банк мекемесіне арыз береді және сонымен қатар мына құжаттарды көрсетулері қажет:

1. Жабдықтаушы шаруашылық субъектісінің аты.

2. Аккредитив ашылатын келісім-шарттың көшірмесі.

3. Аккредитив ашылатын банктің аты.

4. Аккредитивтің орындалатын уақыты және жері.

5. Аккредитивтен төлем төлеуге қажет болатын құжаттардың толық және нақты аты.

6. Аккредитивтің түрі.

7. Аккредитивтің жаңа тауарға, затқа немесе орындалатын жұмысқа төлем төлеуге арналғандығы және оны төлеу үшін банк мекемесіне табыс етілетін құжаттардың тізімі.

8. Аккредитивтің сомасы.

Аккредитивтен қаржы алу үшін жабдықтаушы кәсіпорын тауарды тиеп жібергеннен кейін аккредитивтің шартында қаралған құжаттарды банк мекемесіне табыс етеді. Бұл құжаттар аккредитивте көрсетілген шарттарды толық қанағаттандыратындай болуы керек. Егер аккредитивте қарастырылған бұл шарттың біеруі орындалмаған жағдайда аккредитивтен қаржы төленбейді. Егер аккредитивте қарастырыған шарт бойынша сатып алушы кәсіпорынның өкілі шотты акцептеуі керек болатын болса, онда ол адам орындаушы, яғни қызмет көрсетуші банкке мына құжаттарды көрсетуі қажет:

1.Төлқұжат немесе оның орнына жүретін басқадай құжаттар.

2.Аккредитив ашқан кәсіпорын берген іс-сапарлық куәлік пен сенімхат.

3.Өзінің қолтаңбасының үлгісі.

Жабдықтаушының банкісінде аккредитив мынандай жағдайларда жабылады:

1.Аккредитивтің мерзімі біткенде.

2.Аккредитивті жабу туралы жабдытаушының арызы бойынша.

Чек. Чек беру — төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі, бұл жағдайда төлем, чек кітапшасының иесі өзінің серіктесінің (кредиторының) атына, жазып берілген чек арқылы жасалады. Яғни, чек иесі (чек беруші) серіктесіне (кредиторына) ақшаны есеп айырысу шотынан алуға тапсырма береді, бұл тапсырма партнердың атына жазылған чекпен рәсімделеді, чекті алған серіктес (чек ұстаушы) төлем жасаушы банкке чек кұжатын ұсынады. Ал төлем жасаушы банк чекте көрсетілген соманы чек ұстаушыға тиісті тәртіп бойынша төлеп беруі қажет. Чек беру сәті, чек берушінің төлем міндеттемесін орындалғандығын білдірмейді, төлем міндеттемесі чек бойынша ақша алынған кезде ғана орындалады. Чектер жабылған және жабылмаған чектер болып бөлінеді. Чек төлемі бойынша есеп айырысу үшін, чек кітапшасын аштырған түлға, банкке алдын ала салынған депозитпен қамтамасыз етілген чектер жабылған чектер болып табылады. Депозитпен алдын ала қамтамасыз етілмеген чектер жабылмаған чектер болып табылады. Чектерде олардың төлемі жөнінде, оның ішінде жабылмаған чектер бойынша да, банктің кепілдемесі болуы мүмкін. Чекті пайдалануға байланысты кұқықтары мен міндеттер, чек кітапшасын аштырған тұлға мен қызмет көрсетуші банктің арасындағы, чектерді пайдалану туралы келісім шарт негізівде айқындалады. Ал, атына чек жазылған тұлғаның құқықтары чек иесінен чекті алған сәттен бастап туындайды.

Аталған қүқықгар мен міндеттер чек беруші чекті берген сәттен бастап іске асырылады.

Чек ұстаушы онда көрсетілген ақша сомасын чек берушінін банкінен талап етуге қүқылы. Чек үстаушы ұсынған чекті чек берушінің банкі төлейді немесе оны Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген мерзімде және «Ақша төлемі және аударымы туралы» Заңның 18 — бабында белгіленген негіздер бойьшша төлеуден себепті түрде бас тартады.

Банк шотын тікелей дебеттеу. Банк шотын тікелей дебеттеу арқылы төлем жасау, тауарлардың жеткізіліп    берілгенін,    жұмыстың    орындалғанын,    қызметтің көрсетілгенін растайтын, бенефициар ұсынған құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Банкке үсынылатын құжаттардьщ тізімі акша төлеуші   мен   бенфициар   арасында   жасалған   келісім-шартта анықталады.

Ақша төлеушінің және оған қызмет көрсетуші банктің банк шоттарын тікелей дебеттеу арқылы төлемді жүзеге асыру бойынша құқықтары мен міндеттері, екі жақтың өзара құрған келісім-шарты жасалған  сәттен бастап туындайды.  Банк осы келісім-шартта көзделген ақша сомасының мөлшерін және белгіленген уақыт кезеңі  шегінде  төлем  тапсырмасын  ұсынған  үшінші  жақтың тапсырмасын орындауға міндет алады.

Талап — төлем тапсырмасы. Төлем   жасаушының   банкі   талап-төлем   тапсырмасын   төлем жасаушының акцепті болғанда ғана орындауға тиісті.

Талап-төлем  тапсырмасын  пайдалану бойынша  кұқықтар  мен міндеттер, төлем жасаушының талап-төлем тапсырма қүжатын қызмет көрсететін банкке ұсынған соттен бастап, туындайды.

Ақша төлеушінің банкі талап-төлем тапсырмасын алған күннен кейінгі бір жүмыс күнінен кешіктірмей, қужатты ақша төлеуші көсіпорынға акцептеу   үшін беруге тиісті. Ақшаны төлеуші кәсіпорын төлем-талап тапсырмасын   алғаннан   кейін   оны акцептеуге немесе оны акцептеуден дәлелді түрде бас тартуға тиісті.

Ақша төлеуші талап-төлем тапсырмасын акцептеген жағдайда, төлемді талап етуші үшінші жақ  ақша аударымын жүзеге асыру жөнінде банкке талап етуге қүқығы бар.

Инкассалық өкім — төлем жасаушы тұлғаның банктегі шотынан оның келісімінсіз ақшаны төлетудің әдісі.

Инкассалық өкімдер – клиентгің банк шотындағы ақшасын оның келісімінсіз алып қою, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негіздер бойынша және заң актілерінде айқындалған реттілікті сақгай отырып,  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.

Инкассалық   өкімнің   бастамашысы   (инициаторы)   төлеушінің банкіне инкассалық өкіммен бірге, мұвдай шешімді кабылдауга негіз болған дәлелді қүжаттардың түп нұсқасын немесе көшірмесін міндетгі түрде үсынуы керек.

Инкассалық өкімде төлемнің мақсаты жөне төлеушінің келісімінсіз ақшаны  төлетуде  кандай  зандық актіге  сүйенгендігі  анықтап жазылуы қажет.    Төлемді талап етуші тұлға банкке инкасалық өкімді ұсынған сөттен бастап толемге қатысушылардың құқықгары мен міндеттері іс жүзіне енеді.

Төлем жасаушының банкі инкассалық өкімді алғаннан кейін, оны акцептеуі  тиіс   немесе   жазбаша   тұрде   себептерін   айқындап, акцептеуден бас тартады. Егер банк, төлемді талап етушінің инкассалық өкімін акцептеген болса, онда төлемді талап етуші тұлға ақшаны аударуын банктен талап ете алады. Төлем  жасаушының  келісімінсіз,  ақша төлемін жүзеге  асыру процессіне төлемді талап етуші тұлға жауапкершілік алады.

Әрине төлемдер жүргізу барысында ақшалай қаражаттардың түсімі мен жұмсалуының уақыты бір-бірімен сай келмей жатады. Сонымен қатар кәсіпорын өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында несиелер қатыстыруы мүмкін. Осы арқылы кәсіпорында дебиторлық қарыздар мен міндетемелер пайда болады. Осы аталмыш мәселелер келесі кезекте қарастырылады.

Чектермен есеп айырысу.Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ, ол соны орыңцау үшін жазылган болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі — депозиттермен  қамтылған,  ал екіншісі — қамтылмаған болып бөлінеді. Бұл  кезде чектердің төленетіндігі женінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын  чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартга, банк өз клиенттеріне чек берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген  (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сактауға міндетгі. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің мөрінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қиғашынан «бүлінген» деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы койылады.

Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте,10 күннен аспайды.

Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай жағдайлары анықталса:

— егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;

— чектің мерзімі өтіп кетсе;

— телем кұжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса;

— чек әртүрлі қолмен және ертүрлі сиямен жазылған болса;

— чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе;

— чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;

— чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;

— чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;

— чектің басқа да дефектілері бар болса.

Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өнделуін тез арада тоқтатады. Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:

біріншісі — банкте қалса;

екіншісі — көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;

үшіншісі — Клирингтік палатаға беріледі;

төртіншісі— чекті беруші банкке беріледі.

Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшаларьі пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады.

Вексельдер арқылы есеп айырысу. Вексель — біржақты сөзсіз орындал атын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң нысанда белгіленген төлем құжаты. Ол жай және аударма болып келеді.

Жай вексель (соло-вексель) — талап етуі бойынша немесе белгіленген мерзімде келешекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға төлейтіні туралы вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен тұрады.

Аударма вексель (тратта) — вексель берушінің (трассанттың) үшінші тұлғаға (трассатка) бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде, вексельде көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы баскаша ешбір шарт қойылмайтындығы туралы міндеттемесі. Аударма вексель өз табиғаты бойынша «бұйрыққа» ұқсас болып келеді.

Вексель: құжат мәтініне (текстіне) енгізілген, қүжат қай тілде толтырылса, онда сол тілде «вексель» деп жазылған атауды, белгілі бір ақша сомасын төлеуге еш нәрсемен негізделмеген бұйрықты; төлеуге тиіс тұлғаның (төлеушінің) атауы — тек аударма вексельде, төлеу мерзімін, төлем жасалатын орнын көрсетеді; кімге немесе кшнің бұйрығы бойынша төлем жасалатындығын, сол тұлғаның атауын, вексель жасалған күн мен орнын көрсетеді және онда вексельді берген тұлғаның қолы қойылады.

Жоғарыда көрсетілген талаптар құжатта тұтастай сақталмаса, тек төмендегі белгіленген жағдайларды коспағанда, вексельдің күші болмайды. Төлем мерзімі көрсетілмеген вексель ұсынғанда талап етуі бойынша төленетін вексель ретінде қарастырылады.

Ерекше нұсқауы болмаған кезде төлем жасаушымен катар белгіленген орны, төлем жасау орны және сонымен бірге төлем жасаушының тұратын орны болып есептелінеді. Вексельдің жасалган орны көрсетілмеген жағдайда вексель берушінің атымен қатар белгіленген орында қол қойылған болып танылады.

Аударма вексель вексель берушінің бұйрығы бойынша ақы телеуге жататын вексель ретінде берілуі мүмкін. Ол вексель берушінің өзіне немесе үшінші тұлғаның есебінен берілуі мүмкін. Аударма вексель үшінші тұлға тұрған жерде немесе төлем жасаушының тұратын жерінде немесе қандай да бір басқа орында төленуі мүмкін.

Вексельде пайыздық мөлшерлеме (проценттік ставкасы) көрсетілуі тиіс, мұндай нұсқау болмаған жағдайда шартқа қол қойылмаған (жазылмаған) деп саналады. Пайыздың есептелген күні көрсетілмесе, аударма вексель жасалған күннен бастап есептелінеді.

Кез келген аударма вексельдің бұйрығы көрсетілмей берілсе де, ол өзінің индоссаменті арқылы берілуі мүмкін.

Егер вексель  беруші аударма вексельде «Бұйрыққа емес» немесе осыған ұқсас мағынада сөз жазылса және ол құжат нысанын сақтаса, онда ол қарапайым цессиямен берілуі мүмкін. Индоссамент3 вексель берушінің пайдасына, не вексель бойынша міндетті басқа кез келген адамның пайдасына вексельді акцептегеніне, не акцептемегеніне карамастан төлем жасаушының пайдасына, жасалуы мүмкін. Бұл тұлғалар, өз кезегінде, вексельді табыстай алуына болады.

Индоссамент қарапайым, алдын ала ешбір келісім-шарт қойылмаған болып келеді. Оның шартты жағдайларының бірі шектелетін болса, онда оған қол қойылмаған, яғни жазылмаған болып акцептелінеді.

Индоссамент ұсынушыға бланктік күші бар индоссамент болып табылады. Индоссамент аударма вексельде немесе оған қосылған параққа (аллонажға) қол қойылуы тиіс. Индоссамент аударма вексельде қаралған барлық құқықтарды иелік етеді. Егер индоссамент бланктік болса, онда вексель ұстаушы бланкті өз атына немесе басқа бір адамның атына толтыра алады; өз кезегінде вексельді банк арқылы немесе басқа бір адамның атына табыстай алады; бланк толтырмай және индоссамент жасамай-ақ вексельді ушінші адамға бере алады.

Егер басқаша кері шарт болмаса, индоссант акцепт пен төлемге жауап береді. Ол кейінгі индоссаментке тыйым сала алады, бұл жағдайда вексель кейінгі табысталған адамдардың пайдасына шешілсе де, ол олардың алдында жауап бермейді.

Қолында аударма векселі бар тұлғаның қүқығы үздіксіз бірқатар индоссамент жасау арқылы негізделсе де, соңғы индоссамент бланктік болғанымен, занды аударма вексель ұстаушы тұлға ретінде ждрастырылады.

Бүл ретте сызылып тасталған индос саменттер жазылмаған деп есептелінеді. Бланктік индоссаменттен кейін басқа индоссамент жасалса, соңғысына кол крйған тұлға бланктік вексельді сатып алған индоссамент болып есептелінеді.

Аударма вексельді төлем мерзімі басталғанға дейін вексель ұстаушы немесе қолында вексель тұрған қарапайым тұлға да төлем жасаушыға акцептеу үшін тұрған жерінде ұсына алады.

Егер де толем жасаушы өзінің келісімі туралы вексель үстаушыға немесе кол койған адамдардың біріне хабарласа, снда ол олардьщ алдында ез келісімінің шарттарына сәйкес өз міндетгерін орыкдаған болып саналады. Аударма вексель бойынша толем толыктай немесе вексель сомасының бір бөлігін аваль аркылы қамтамасыз етуіне болады. Мұндай қамтамасыз етуді үшінші адам немесе типті вексельге қол қойған адамдардың бірі бере алады.

Аванс аударма вексельде немесе қосымша парақта беріледі. Аванс берілген орын керсетілсе, онда ол жеке актімен де берілуі мүмкін. Ол «аванс деп есептелсін» деген сөздермен немесе осындай маганасы бар белгілі мәтіндегі формуласымен білдірсе, онда оған аванс берген адам қол койады. Аванс үшін төлем жасаушы немесе вексель беруші қолын қоймаған болса, аударма ве ксельдің бет жағына авансшының қойған қолы жеткілікті. Авальда ол кімнің есебінен берілгені керсетіледі. Ол көрсетілмеген жағдайда аваль вексель беруші үшін берілген деп есептелінеді.

Авансшы ол үшін аванс берген адаммен бірдей жауап береді. Аударма вексельге акы төлей отырып, авансшы кепілдік берген адамға карсы жөне аударма вексельге байланысты осы соңғы тұлғаның алдында міндетті адамдарға қарсы вексельден туындайтын кұкықтарды иеленеді.

Аударма вексель ақы телеу үшін ұсынғанда; ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытта; вексель жасалғаннан кейін белгіленген бір күнде берілуі мүмкін. Тағайыңдалған өзге мерзімдер немесе телемнің бір ізді мерзімдерін қамтитын аударма вексельдер жарамсыз болып табылады. Аударма вексель ұсынған мерзімінде төленуі тиіс. Ол жасалған күннен бастап бір жылдың ішінде төлем жасауға ұсынылуы мүмкін. Вексель беруші аудармалы вексельде төлемге ұсынылатын мерзім белгіленуі мүмкін, бірак белгіленген мерзімнен бұрын теленуін талап етуге болмайды. Мұндай жағдайда ұсыну мерзімі осы мерзімнен бастап жүреді. Ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытта жасалған аударма вексель бойынша төлем мерзімі не акцептелген күнімен, не қарсылық білдіру күнімен айқындалады. Қарсылық білдіру болмаған жағдайда күні қойылмаған акцеп акцептантқа қатысты акцептке ұсыну үшін көзделген мерзімнің соңғы күнінде жасалған болып есептелінеді.

Мерзімі белгілі бір күнге немесе жасалғаннан кейін немесе ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытқа белгіленген аударма векселді ұстаушы вексельді төлеу күнінде, не келесі екі жұмыс күнінің бірінде үсынуға тиіс. Аударма вексельді есеп айырысу палатасында ұсыну төлемге ұсынғанмен бірдей болып есептелінеді. Вексель ұстаушы беліп төлеуден бас тарта алмайды. Бөліп төленген жағдайда төлем жасаушы мұндай төлем туралы білген болса, онда ол бұл туралы қолхат беруі тиіс.

Вексель ұсатушы аударма вексель бойынша төлемді мерзімінен бұрын алуға мәжбүрленбеуге тиіс. Мерзімі келгенге дейін телем жасауды төлем жасаушы өз тәуекелділігіне алады.

Вексель ұстаушылар индоссанттарға қарсы тұрған регрестерге өз құқығын телем мерзімі жеткен кезде де және одан бұрын да сата алады:

1)акцептен толық немесе ішінара бас тартқан орын алса;

2)егер де телем жасаушы вексельді акцептегені немесе  акцептемегеніне қарамастан банкрот деп танылған болса, онда телем жасауды тоқтатады, тіптен оның жағдайын сот аныктамаса да немесе оның мүлкінен өтем алу нәтижесіз болмаған жағдайда;

3)вексель беруші акцептке жатпайтын, вексель бойынша банкрот деп танылған жағдайда.

Вексель бойынша жасалатын телем мен акцепт үшін жауапты тұлғаға регрестік талабы (искы) вексель бойынша телем мерзімінен кешіктірілмей үсынылуы мүмкін.

Акцепт немесе телемнен бас тарту (акцедтемеуге немесе төлем жасамауға карсылық білдіру) факті куәландыратын акт мен расталады.

Вексель беруші аударма вексельінің мәнінінде көрсеткен ресми қарсылық білдіруден басқа қарсылық білдіргең кезде төпеушінің қолы койылған өтінішпен алмастырылуы мүмкш.

Акцептеудге қарсылық акцептке ұсыну үшін белгіленген мерзімдерде жасалуы керек. Акцептеуге қарсылық білдіру телемге ұсынудан және төлем жасамауға тағы да басқаша қарсылық білдіруден босатады. Бірақ бұл карсылық алдын ала тіркеуден өту керек, онсыз оның күші болмайды.

Егер төленуге жататын аударма вексельдаң ісі ойдағьдай еместігі байқалса, тіпті оның үшінші адам аркылы өтелуі бола тұрса да; немесе төлем жасаушы басқа жерде тұрып, өзінің тұрған жерінен төлем жасауға тиісті бола тұрса да; немесе белгілі бір уақыт өткен соң, яғни ұсынылған кезде төленуге жататын вексель болса да, оның акцептелуіне тыйым салынады.

Төлем жасаушы оның вексельді акцепгегеніне немесе акцептемегеніне карамастан банкрот деп танылғанда, сондай-ақ вексель берушіні акцептеуге жатпайтын вексель бойынша банкрот деп таныған жағдайда, вексель ұстаушының ез қүқықтарын жүзеге асыруы үшін оның банкрот деп танылғаны туралы сот шешімін ұсынуы керек.

Вексель ұстаушы өзінің индоссантын және вексель берушісін акцептемеу немесе төлем жасамайтыны туралы қарсылық білдірген күннен кейінгі төрт жұмыс күнінің ішінде «шығынсыз айналым» деп хабарланған жағдайда, онда оның қабыл алынуы мүмкін. Әрбір индоссант хабарлама алған күннен кейінгі екі жұмыс күнінің ішінде алдыңғы хабарламаны жібергендердің аттары мен мекен-жайларын көрсете отырып, өз индоссантына, одан өрі зексель берушіге дейін хабарлауға тиіс. Жоғарыда аталған мерзімдер алдыңғы  хабарлама алынған сәттен бастап жүре бастайды.

Акцептемеу немесе телем жасамау туралы қарсылық білдірілген жағдайда нотариус бұл туралы вексель бойынша міндетті барлық адамдарға вексельдегі не қарсылық білдіруді талап еткен адамдардан алынған мекен-жайларға сәйкес жазбаша хабарлама жібере отырып, оларға ескерту жасайды. Мұндай хабарлама женіндегі шығыстар қарсылық жөніндегі шыгындарға қосылады.

Вексель беруші индоссант құжатқа енгізілген және қол қойылған «шығынсыз айналым», »қарсылықсыз» деген немесе басқадай мағыналас сездер арқылы вексель ұстаушыны оның регресс, акцептемеуге немесе төлем жасамауға қарсылык білдіру кұкығын жүзеге асырудан босатады. Бірақ вексель беруші енгізген сөзге (ескертуге) қарамастан, вексель ұстаушы қарсылық білдірсе, онда қарсылық білдіруге байланысты шағындар оның өзіне жатқызылады. Егер ескертпе индоссант немесе авалист тарапынан жасалынса, онда қарсылық бойынша кажет шығындар ез қолдарын қойған барлык адамдардан талап етіледі. Аудару векселін беруші, акцептеуші, индоссанттаушылардың барлығы немесе онда аванс қоюшылар вексель ұстаушының алдында барлығы бірдей міндетті болып табылады. Вексель ұстаушы осы адамдардың әрқайсысына жеке-жеке және барлығына бірдей талап қоюға кұқылы.

Ол төлем жасағаннан кейін аударма вексельге кол койған адамдардың барлығының дәл осындай кұқығы болуы керек. Міндеттемелердің біріне қойылған талап олардың бастапқы алған міндеттемелері бола тұрса да, басқаларына талап қоюға бегет болмауы керек.

Вексель ұстаушы өзі талап койған адамнан мыналарды: аударма вексельдің акцептельмеген немесе төленбеген сомасын, процентімен коса, егер олар белгіленген болса; вексель сомасынан Қазақстан Республикасының Үлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша өсім сомасын ала алады; қарсылық білдіру бойынша шығындарын хабарлама жіберген кезінен бастап талап ете алады.

Бұған қоса талап қойған вексель ұстаушы талап қою сомасына вексель сомасының 0,01 процент мөлшерінде комиссиондық шығындарын да енгізе алады. Егер талап төлем мерзімі басталғанға дейін қойылса, онда вексель сомасынан есептік пайызы бойынша ұсталады. Бұл есептік пайызы вексель ұстаушы тұратын жердегі талап қойылған күнгі ресми есептік мөлшерлемесі бойынша (банкі бағамына сәйкес) есептеледі.

Вексель бойынша ақы төлеген тұлға талап етілетін сомаға коса 0,05 пайызда үстеме (комиссиондык) төлем жасауын талап ете алады.

Егер де вексель жалғыз данада берілсе, онда вексель ұстаушы оған өз есебінен бірнеше дана беруді талап ете алады.

Вексельдердің бланкісін (вексельдік кітапшасын) сатып алған кезде олар өзінің нақты өзіндік құны бойынша 7210 шоттың дебетінде және 3310 шоттың немесе 3390 шоттың кредитінде корсетіледі. Ал жедел есеп кезінде шартты бағасы бойынша — 006-шы «Қатаң есеп беру бланкілері» деген баланстан тыс шоттарда көрсетіледі.


Тағы рефераттар