Ақша каражаттарының козғалысына ішкі бақылау жасау жүйесі туралы қазақша реферат

Дамушы елдердің экономикасы нарыққа бағдарланған сайын бизнес секторларына тәуелсіз қаржылық бақылаудың рөлі мен маңызы арта түсуде. Әлемдік экономика, бизнес, сауда ғалам-дасуындағы байқалған тенденцияға байланысты халықаралық бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы жұмыстың көлемі артып, аса ірі үлтаралық бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби ұйымдары құрыла бастады.

Шетелдердегі нарықтық экономиканың жалпымемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастырудың деңгейі айтарлықтай жоғары. Мемлекеттік қаржылық бақылауды бірнеше органдар жүзеге асырады: Парламент, Президент пен Үкімет аппара-тындағы қаржылық бақылаудың арнайы қызметі, Қаржы министрлігі, Салық ведомоствосы, салық тексеру-бақылау бөлімшелері.

Келісімшарт негізінде ұдайы қаржылық бақылаудың мем-лекеттік органдардың қызметімен қатар бүл істі бухгалтер-аудиторлардың тэуелсіз фирмалары да орындайды. Олардың пайда болуы мен жылдам дамуы ең алдымен қаржылық жэне өндірістік-коммерциялық ұйымдардың есеп берулерін объективті тұрғыдан бағалау қажеттілігінен туындады. Компанияның өз мэліметтеріне күмэнсіз сенім білдіру өте қауіпті, өйткені есеп берулердің жақсы көрсеткіштері оларды банкротқа жиі ұшыратқан. Меншік иелері, акционерлер жэне кредиторлар өз капиталын жоғалтып алу қаупі (қорқынышы) мен сенімсіздіктерді акционерлік қоғамдардың қаржылық есеп берулерін зерделеп, талдап, оның шындыққа жанасымдылығына білікті қорытынды беретін тәуелсіз кәсіби аудиторлардың пайда болуына себепкер болды.

Бүгінгі танда АҚШ-та 100 мыңнан көп тәуелсіз маманданған бухгалтерлер ресми тіркелген. Халықаралық ассоциация өз қызметін элемдегі 189 елде жүзеге асыратын 4,5 мыңнан артық аудиторлық фирмаларды біріктіріп отыр. Тек Ұлыбританияның өзінде 200-ден көп аса ірі аудиторлық фирмалар құрылып, жұмыс істеп жатыр. Әлемдегі нарықтық экономиканы барлық елдерде өзінің қүқығы мен ұйымдық инфрақұрылымы бар Кэсіби аудиттің қоғамдық институты жұмыс істейді.

Егер АҚШ пен Ұлыбританияда аудиторлық ұйымдарға біліктілікті дайындау, игеруге жэне аудиторлар кэсіби міндет-терін қаншалықты дәрежеде өз еркімен жэне біліктілікпен орындайтынын бақылау ісіне дербестік берілсе, Еуропа құрлығындағы елдерде аудиторлық қызмет үкімет құрылымында қабылданған нормативті-құқықтық актілер бойынша реттеліп жүргізіледі. Еуропалық одақ мемлекеттерінде бухгалтерлік есеп берулер мен баланстарды тексерумен айналысатын аудиторлармен қатар салық салу мәселелері бойынша кеңес беруші ретіндегі аудиторлар категориясы (Steuerberater) бар.

Біркатар шетелдерде аудиттің үйымдастырылуы туралы нормативті-құқықтық актілерді салыстыру арқылы кәсіпкерлік қызметтің осы саласындағы көптеген мәселелердің шешілуіндегі белгілі бір ұқсастықтарды оңай анықтауға болады. Айтар болсақ, барлық жерде де кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруіне аудит жүргізудің қажеттілігі туралы ереже бар. Аудиторлық тәжірибеге рұқсат беретін біліктілік талабы белгіленді. Мысалы, Англияда тұлғаның бухгалтерлік органға мүше болып табы-латындығын Мемлекеттік хатшының өкілеттілігі, оның ішінде, Англия мен Уэльстің маманданган бухгалтерлер Институты растамайынша, яғни мойындамайынша ол аудитор бола алмайды. Аудиторга тексерілетін кэсіпорынның барлық жиналысына қатысып, сөз сөйлеуге құқық берілген. Жұмысқа салғырт қарағаны үшін аудитордың моральдық және тәртіптілік, сонымен қатар қылмыстық және материалдық жауапкершілігі болады.

Аудиторлық ұйым негізінен жауапкершілігі шектелмеген серіктестік түрінде болып отыр, ұйымның бұл түрі агылшын тілінде сөйлейтін елдерде кең тараған. Олардың көбісінде аудитордың қолы компания басқарушысының жауапкершілігін өз мойнына алады. Сондықтан да шектеулі жауапкершілік түрі тараған кейбір елдерде аудитордың өз міндетін орындау барысында жіберген ұқыпсыздығы үшін тек материалдық тұрғыдан ғана жауап береді (мәселен, Австрияда 250 мың шиллинг, ал Германияда 500 мың марка) және оған бүл қызмет түрімен айналысуына тыйым салынады.

Франциядағы Есеп шот бойынша комиссарлардың ұлттық компаниясы тізілімге (реестр) енгізілген барлық аудиторлар мен аудиторлық фирмаларды біріктіреді. Ұлттық компанияның қызметін аймақтық компаниялардың делегаттарынан тұратын ұлттық кеңес басқарады. Ұлттық кеңес маңызды шешімдер қабылдайды. Аймақтың кеңестердің жұмысын үйлестіреді және аудиторлық қызметтің техникалық ақпараты мен ұйымдастырудың негізгі нормаларының доктринасын жасайды.

Ресейде «аудит» сөзі I Петр (1689-1725 жж.) патшалығы тұсында пайда болды. Аудитор лауазымы арнайы әскери қызметкерлер мүлікке қатысты дау-таласты тергеумен айналысатын армияға енгізілді. Бұрынғы КСРО территориясында Аудит институтын құруға талпыныс 1889, 1912 жэне 1928 жж. болды. Алайда бұл талпыныс-әрекеттердің барлығы сәтсіздікке ұшы-рады, өйткені самодержавия (патшалық немесе императорлық) жэне әкімшілік-әміршіл жүйе тұсында тәуелсіз қаржылық бақылау органдарына деген қажеттілік бола қойған жоқ. Оның үстіне, бүл проблемалар тек қандай да бір елдің нақты жағдайындағы тәуелсіз қаржылық бақылау органдарының эрекет ету тетіктерін ашатын теориялық терең зерттеулер арқылы шешіледі. Аудитті ұйымдастырудың халықаралық озық тәжірибесін зерделеп, қабылдау қысқа мерзім ішінде ТМД елдеріндегі оның жылдам дамуының саяси-экономикалық жағдайын, әдістік, этикалық жэне нормативті-құқықтық негіздерін жасайды.

Аудиторлық фирмалар бұрынғы КСРО-да біріккен кәсіпорындар қызметін міндетті түрде тексеру белгіленген 1987 ж. пайда болды. Тексеруді жәе олардың есеп беруін бекітуді жүзеге асыру үшін КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысы негізінде «Инаудит» акционерлік қоғамы» деген атпен алғашқы шаруашылық есепті фирма құрылды. Сонан соң аудиторлық фирмалар аса ірі өнеркәсіп қалалары мен одақтас республикалардың астаналарында қалыптасты. Сонымен бірге «ФБК», «Росэкспертиза», «Контакт», «Қазақстанаудит», «Фукап-аудит» жэне т.б. бірқатары аудиторлық қызмет саласында жоғары нәтижелерге жетті. ТМД елдеріндегі көптеген астаналар мен аса ірі қалаларда сол уақытта «Үлкен алтылық» деп аталатын КПМГ, «Делойт энд Туш», «Артур Андерсен», «Эрнст энд Янг», «Пранс Уотерхаус» жэне «Купере энд Лайбренд» құрлықаралық аудиторлық фирмалар мен филиалдар ашылды.

Ішкі бақылау жүйесі – бұл активтерді корғау, кәсіпорынның қаржылық саясатымен сәйкестігін қамтамасыз ету, бухгалтерлік шоттардағы бейнеленген мөліметтердің сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында жасалатын саясат жөне процедуралар.

.

Тағы рефераттар