Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай-талай шығармалар жазылып,  ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда.   Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi,  ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе,  ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады. Бүкіл қоғамның қызмет етуге ынталандыратын негізгі құрал ақша болып табылады.

Ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ,  ол тауар айналысының  дамуына байланысты  тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп,  осы күнге  ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды.  Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.

Егер ақша айналысы болмаса,  онда тауар айналысы да болмайтын едi.  Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың құны ,  оның бағасы болып табылады.

Ақша —  жалпыға бiрдей  эквивалент,  ерекше  тауар,  онда   барлық басқа  тауардың  құны  бейнеленедi және оның  делдал   ретiнде  қатысуыменнен   тауар  өндiрушiлер   арасында еңбек  өнiмдерiнiң  айырбасы  үздiксiз  жасала  бередi.

Ақша өзінің даму тархында көптеген даму сатыларынан өтті. Ол сонау ақшаның алғашқы белгілерінен бастап қазіргі замаңғы электронды, несие ақшаларына дейін сан алуан формаларға ауысумен және дамумен болды. Алайда қанша ақша формалары өз сипаттарын өзгерткенімен ақшаның металдық теориясы, яғни алтын мен күміс осы уақытқа дейін өзінің толық құнды ақша сипатынан айрылған емес. Металдық ақша айналысын құраған алтын мен күміс нағыз ақшаларды көрсете отырып ақшаға тән барлық қызметерді атқара алады. Бірақ қоғамның дамуына байланысты металдық ақша айналысы өзінің даму барысында қағаз және несие ақшаларға ауысты. Яғни қоғамдық дамуда қағаз және несие ақшаларға деген қажеттілік туындады. Металл ақшалар өзінің формасын сақтағанымен олар бүгінгі таңда нақты айналыста емес. Яғни металл ақшадан қағаз ақшларға өтудің өзіндік себептері бар.

Сондықтанда мен курстық жұмысымның тақырыбын  “Металл ақша айналысы және оның қағаз ақшаға өту себептері ” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi ақшаның экономикадағы маңыздылығын, оның бүкіл шаруашылықты ынталандыру қасиетін, металл ақша айналысының осы күнге дейінгі өзінің маңыздылығын жоғалтпау себебі және металл ақша айналысынан қағаз ақшаларға өтудің басты себептерін анықтау болып табылады.

 

.

Тағы рефераттар