Әл-Фараби шығармаларының зертелуі, аударылуы туралы қазақша реферат

Жан-жақты оқымысты, Аристотель кейінгі екінші ұстаз «Әл-мұғаллим ас-сани» атанған Әл-Фарабидің өмірі жете зерттелмей, көп ғасырлар бойы өзі шыққан түркі халықтарына бейтаныс болып келді. Әл-Фараби шығармаларының зертелуіне, қзақ тіліне аударылуына А. Машанов, А. Көбесов, Ә. Дербісалиев, А. Нысаналы сияқты ғалымдар, қаламгерлер үлкен үлес қосты.

Ол туралы Әбу Әли ибн Сина (980-1037),  XII-XIII ғасыр перзенттері тарихшы Заһир ад-Дин Әбу әл-Хасан әл-Байһаки (1099-1170), Ибн Әби Усайбиға (1203-1270), Шамс ад-Дин Әбу-л-Аббас Ахмад Ибн Халликон (1211-12852), Ибн Сайд әл-Кифти (1167-1248) еңбектерінде мәліметтер беріледі. Әл-Фараби туралы үлкен мәлімет берген ғалым әл-Байһаки пікір бойынша да Әл-Фараби ерекше тұлға, ол исламда Әбу Насырға тең түсер адам туған жоқ деп оның білімін жоғары бағалаған.

Фарабидің Мысырға келу кезеңін кей зерттеушілер Египетте сол тұста әміршілік етуші түркі тектес Мұхаммед Ибн Тұғұн Әл-ихшид деген кісімен байланыста болса кеерк деген пікір айтады.  А. Ирисов Братиславия университетінің кітапханасынан табылған арабша жазылған ғылыми еңбегі – «Өлең кітабын» өзбек тіліне аударып, 1975 жылы жеке кітап етіп шығарды. Әл-Фараби өлеңдерін қазақ тіліне 1971 жылы ақын Аян Нысаналы аударды.

Әл-Фарабидің қазіргі қолда бар мәліметтерге қарағанда алпысқа жуық туындылары бар. Сақталып бізге жеткен. XX ғасырдың 70-90 жылдары солардың кейбіреулері кейде толық, кейде үзінді ретінде орыс-қазақ тілдеріне аударылып, жарықта көрді.
Тағы рефераттар