“Алаш” газеті туралы қазақша реферат

“Алаш” 1916 жылы 26 қарашадан бастап 1917 жылдың ортасына шейін, Ташкент қаласында, аптасына бір рет шыққан. Редакторы Көлбай Тоғысов, шығарушысы Мәрием Тоғысова. “Түркестанский курьер” баспаханасында басылыр тұрған. Газеттің шығуы жаында “Алаш” газетінің алғашқы санында “Россия қарамағындағы елдердің бірі болу үшін қазақ халқының шешетін мәселелері көшпелілік пен отырықшылық, оқу-ағарту ісін жөнге қою, Мемлекеттік Думаға қатысу, сот ісін жөндеу, әйел мәселесін көтеру, елдің-тұрмыс халін түзету” деген.

Газетте Т.Жанбаевтың, Т.Жомартбаевтың, С.Дөнентаевтың, А.Баржақсин, Б.Майлин, Сәбира Әділхалық, Ж.Аймауытов пен М.Әуезовтың мақалалары кездеседі.

1917  жылғы 22-сынынан бастап “Алаш”газетінің зедакторы Түзел Жанбаев болғаны туралы, “Алаш” газетіндегі Жанбаевтың “Оқушыларға өтініш” деген мақаласын да Қ.Тоғысовтың халық мәжілісіне, Петербордағы шаруалар съезіне уәкіл болып сайланғаны, газет шығару жұмысы Түзел Жанбаевқа тапсырылғаны хабарланған. Ү.Сұбханбердина- ның дерегіне қарағанда Петербордағы Салтыков-Щедрин атындағы кітапханада газеттің 22-санына дейін сақталған.

.

Тағы рефераттар