Амазонка ойпаты туралы қазақша реферат

Амазоняның жалпы көрiнiсiн ылғалды-экваториалдық климат жағдайларындағы Гилея жамылғысы тегiс жапқан күлгiн-қызыл түстi латериттi топырақты кең әрi жалпақ жазық құрайды. Бiрақ, кәдiмгi экваториалды ландшафттар тек Батыс Амазонияға тән. (Риу-Негру-Пурусадан) Гвиан және Бразилия таулықыраттары арасымен қиылысатын Шығыс Амазония көршi табиғи облыстар әсерiне ұшырайды, және өтпелi субэкваториалдық ландшафттар түрлерiне ие.

Батыс Амазонка iс жүзiнде ылғалды экваториалды ландшафттың классикалық үлгiсi болып табылады. Бұл жерде оны қоршаған қыраттар арасындағы ойыс бәрiнен кең (1300 км дейiн) және терең. Экваториалдық ауа – жыл бойында үстемдiк етедi.  Батыс Амазонияға жылына 3000-3500 мм жауын-шашын жауады. Жиi әрi мол сулы өзен торабы, кең ормандар ылғалдың булунуын үлкейтедi. Жоғарғы Амазоняи алабының өзен торабының жиiлiгiнен жауын-шашын шартты түрде мол түседi. Оның шығу көздерi Андылардан туындайды. Және қорек көзi аралас, мұздық-қар жаңбырлары. Сол жақ қиылуларда сәуiрден маусымға дейiн тасқын болады, және солтүстiк жартышардағы жаздың басында, оң жағында – желтоқсаннан ақпанға дейiн. Осы кезеңдерде Мараноьон ойпаттарында және жоғарғы Амазонияда болады.

Андылық Амазонияның шығу көздерi мен құйылуы қатты материалдардың көпшiлiгн шығарып тастайды. Олар аяқастына салады, үстiрттердiң шетiн 300-400 м дейiн көтередi. Ойпаттарға шығуында өзендер жай ағады, өздерiнiң сәл ғана кесiлген аңғарларын тереңдетiп, кеңейтедi. (Журуа және Пурус мысалы, әлемдегi ең ирелеңдi өзендердiң бiрi болып саналады. Мұндай өзендер: нөсерлi-сарылау, өлшенген бөлiгi “ақ өзен” атымен жүредi. (риос-бранкос) қатты ағынның  үлкейуiне “құлап бара жатқан жерлер” – т.б. әкеледi. Шайылатын жағалаулардың тасқыны кезiнде опырылған бөлiктерi. Амазонияның қатты ағыны үш млн. т/тәулiк екенi саналған.

Рельефтiң тегiстелуi мен су ағындары, сирек емес төмендегi ағыстардың құйылымдары бифуркациясына ұшырайды. (мұндай жолақ ұзындығы 600 км және ендiкте 100 км мысалы, Амазониямен Жапура арасы) осы бiр ғажайып сурет мына көл, батпақ, құйылу, ескi арна салалары және төменгi аралдардан Аамазонияның негiзгi арналарын анықтайтын болады. Бiр Бразилияның өзiнде тасқын кезiнде батып кеткен аңғарлар 64400 км2 тең, ауданды алып жатады. Төмен жайылмалар көп айға су астында қалады. Батпақталған аллювиалды – топырақтағы Гилея типi қазiр Као-Игапо немесе жай Игапо. Олардың түр құрылым кедей, бұған әсересе кеуек тамырлы көпшiлiгiне имбабуа (Gecropia paraensis) тән. Олар оны су бетiнде ұстап тұрады. Швариана өсiмдiк бұталарының тереңдiгiнен ив-орейна (Salix martiana) өседi, және бұл жерге тән виктория региа (Victoria regia); тән судың төмендеуiнен кейiн биiк шөптер пайда болады.

Шөптердiң осындай жайылмасы (варзеа альтос) қысқа мерзiмдi кезеңде сутасқыны жиналып қалады. Оны көмкерiп тұратын Гилея типтерi тереңдiк бiтеп тұратын ландшафттарға ұқсас, әрi варзеа. Бұл орман ағаштарының биiктiгi (40-45 м дейiн ), бұл ормандар тағы да, игапоға қарағанда қалың әрi бай. Оларға сейва сумаумалары (Ceiba pentandra)  тән, 15 орамдық дiңi бар. Бұл ағаш тұқымдары мақта талшықтары (капок), фикустардан, цедрель түрлерiнен және бағалы ағаштар мен пальмалардан Бразилиядағы  “қызыл ағаш” деген атпен танымал Бразилия паулары ағаштарынан  (Caesalpinia echinata), какао ағашы  (Theobroma cacao), қош иiс беретiн Анона ағашы (Anona squamosa), Strichnos тұқымдасының улы өсiмдiктерi, гевея және ең бастысы серингейра (Hevea brasiliensis) каучкутың 20-35 % сүттi шырран тұратын өсiмдiктерге ие.

Өзендер арасындағы “қаты жерлер” (терра фирма) суға батпайтын өсiмдiктерге бай немес Батыс Аамазоняиының ең ежелгi ландшафттар типiне негiзделген этэ өсiмдiгi де бар. Тұрақты жоғарғы температура жағдайларында (орташа айлық температурасы 24-27 0 С), ылғалдың мол болуы (ең “қуаңшылық” айларында 120-150 мм) және топырақ процесстерiнде микроорганизмдердiң өте болуымен қалың өсiмдiк жамылғысы кезiнде едәуiр интенсивтi түрде жүредi, тұрақты шайылу нәтижесiнде топырақ қыртысы қышқыл реакцияға түседi. Ал, жоғарғысында белесоваттық бояуға ие болады. Ал, қалдық темiр мен алюминий қышқылдары төменгi горзонтқа шығарылып тасталған соң, сарғылт-қызыл түске ие болады. Жоғарғы горизонт әдетте, терра фирма топырақтарын айналдыратын кварцтарға толады.

Ормандардың қосылуы қырлы құламалардан қолдау тауып, отыратын топырақтардың құрылымының жойылуы мен тұқымының құруына алып келедi.

Терра фирма ормандары түр жағынан Барзеаның құрамына ұқсас келедi. Суға батпайтын гилея тек тәттi шырынды алып, сүт ағаштарына (Gala ctodenrjn utile) сол сияқты бұл ормандарға тән ағаштар май мен белоктарға толы америкалық немесе бразилиялық жаңғақ тән. Мұнда шөп өсетiн өсiмдiктерге могно (Swietenia machogany),  каучуконос Castilloa elastican жатады.

Қалың және топырақ жамылғысында мадагаскар туыстас “саяхатшы ағашы” Ravenala guianensis, сабақсыз саговниктер мен селагинелли, папоротниктер, бананды, анық гүлдейтiн амареллистi және бромелистi (оларға ананас жатады) бөлiнедi. Орхидея мен лианаға қарағанда эпифиттер (бiр талда 80 түрге дейiн “квартиранттарды” санауға болады) көбiрек кездеседi. Амазония бұрқасынан мәдени өсiмдiктерге батат кеңiнен таралған.

Гилея жануарлары ағаштардың тұрақты тiршiлiк етуiне, немесе суда болуына бейiмделуi керек, сондықтан, Батыс Амазонияда тiзбек құйрықты жануарлар көп кездеседi.  Ең алдымен оларға кеңмұрынды маймылдар: капуциндер, өрмекшiтәрiздiлер, жылауықтар және т.б. жатады. Қашанда тал бұталарында арқамен төмен салбырап тұратын жалқаулар жануарларына қоршаған ортаның әсерi анық мысал болып келедi. Ұзын және тiзбек құйрықты, әртүрлi отрядтағы жануарлар иемденедi: кемiргiштер  — тiзбек құйрықты жайра, жыртқыш — тiзбек құйрықты аю (енот туыстас), қалталы – опоссумдер, кiшкентай құмырсқалар т.б. Ягуар және ягуарунди, тау арыстаны (пума) және оцелод-мысықтары да жерге түспейдi деуге болады. Жерде тiршiлiк ететiндер түнгi жыртқыштарға жататындары: толқынды қасқыр мен бұта арасында кездесетiн иттер, қылқан тасушы-алыптар  мен үлкен құмырсқа жегiштер сонымен бiрге қызылмұрын, сусар, пекарьлар.

Бiзге белгiлi қомекендiлер және бауырмен жорғалаушылар: сүрек бақалар, жыландар-“тiрi лианалар”, тасбақалар мен кесiрткелер саны көптеп кездеседi. Өзендерде  кишат каймандары мен аллигаторлар, ұсақ жыртқыш балықтар-пиранха, үлкен (5 м дейiн) арапаимдар және 2000 балық түрлерiнiң басқалары (1/3 жер шарының тұщы су фаунасы) бар. Құстар да өте көп: iрi жыртқыштардан (гарпия) бастап, салмағы 2-3 грамдық калибриге дейiн. Тотықұстардың ондаған түрi, әртүрлi тангарлар, тукандар, күндi тырналар, гоациндар – бұлар орнитофаунаға тән кейбiр түрлер ғана. Батыс Амазонияның өмiрiн қиындататын, өрмекшiлер мен жәндiктердiң мыңдаған түрлерi кездеседi. Бұл адам игермеген жерлердiң бiрi болып табылады. Аңшылық, балық аулау және  кәдуiлгi егiн шаруашылығымен аборигендер —    үндiстер, орман шаруашылығымен – қоныстанған жұмысшылар айналысады.

Шығыс Амазонка. (600 б.б. шығысқа қарай) Батыс Амазония жатқан ендiктерiнде орналасқан, онда температура бiршама жоғары (26-280 С) және жыл бойында да сондай бiрқалыпты. Бiрақ, Шығыс Амазония рельефi қарапайым, жауын-шашын режимiнде қуаңшылық кезеңiн байқатады. Өзеннiң режимi өте тұрақсыз, олардың ағысы шоңғалдармен үзiледi, гилей массивтерiнде түсетiн түрлердiң едәуiр құрамасы мен саванна учаскелерi кездеседi. Шығыс Амазония жайпық синеклизада емес, тар тектоникалық ойпатта жатыр. Екi таулы қыраттың кристалдық фундаментi және оларды көмкерiп жатқан полеазой қабығы Амазона құйылымдарындағы шоңғалдарда одан 120-150 км оңтүстiкке қарай және 100 км солтүстiкке қарай  кездеседi. Тығыз құмтаспен құмдардан және саздардан құралған үштiк үстiрттiң өзi неотектоникалық қозғалыстардың нәтижесiнде жас, тiк сызықты өзендермен тiлiмденiп, жоғары Льяносқа ұқсас жекелеген (Месас немесе Табулейрош)  үстөлдi үстiрттермен қыраттардан баспалдақты жер бетiн құрайды.

Таулықыраттардың кристалды “қанаттарында” өзеннiң көлденең кескiнi күштi сынуға ұшыраған. Кемелер мұнда тек эстуарлық төмендiктерден ғана жүрiп өте алады. Үштiк жыныстарда өзендердiң тереңдiгi ерекше жоғары: Амазона ағындарының құйылуы 20-25 мм тереңдiкте болса, ал, Амазонаның өзi Обидуста – 90 мм. Кристалдық немесе құмтасты жыраулардан ағатын өзендер мөлдiр әрi қара сулы (бұл судың қара түстiлiгi су астындағы шөптесiн өсiмдiктерге байланысты) сондықтан да, “қара” (риос-негрос) деп аталып кеткен. Өзендердiң су шығынында бiркелкiлiк мүлдем жоқ.

Шығыс Амазонияның барлық дерлiк жерлерiнде оңтүстiк-шығыс пассаттың әсерi қатты бiлiнедi және маусым айынан қыркүйекке дейiн қуаңшылық кезеңi белең алады. Осы кезең барысында жылдық жауын-шашынның 230 мм-iнiң тек, 175 мм ғана түседi (жекелеген айларда 12-15 мм., осының iшiнде жауын-шашын түсу маусымдарында 45 мм дейiн). Қуаңшылық кезеңiнiң соңына қарай, тәулiктiк температура амплитудасы 120 С жетедi.

Шығыс Амазонияның климатын субэкваториалды түрге жатқызуға болады.

Батыспен салыстырғанда Шығыс Амазонияның топырақ-өсімдік жамылғысының алуан түрлілігі онда жауын-шашынның түсуінің біркелкі болмауы мен геологиялық құрылымының алалығының әсерінен батыспен салыстырғанда жазықтардың кеуекті құмтасты грунттары ауқымды су беру қабілетінің болуына байланысты. Алайда грунт суларына кедей, сондықтан да қуаңшылық кезеңінде мәңгіжасыл гилеяны барлық уақытта суғара  алмайды. Бұдан басқа да өтпелі ылғалдылық пен жалаң нөсер ағындары тығыз конкрециялар мен қабаттардың қалыптасуына әсер етеді (мыс., Амапа территориясының темірлі-марганецті қабаты). Батыспен салыстырғанда Шығыс Амазонияның палеогеографиялық дамуының басқа да, аздап қуаңдылығын кезеңдеріне қуатты латеритті қабаттар өзіндік әсер етеді.

Шығыс Амазонияда қуаңшылық кезіңінде әсіресе жоғарғы ярустардағы көптеген ағаштар жапырақтарын тастайды. Амазонияның солтүстік жағалауы бойында; Риу-Негру сағаларынан бастап сирек ормандар жизі кездеседі, пальма саванналарының дақтары, бұталы саванналар (латеритті қабаттарда) немесе шөптесін бөліктері (тығыз-сазды субстраттарда немесе құмдарда).

Шығыс Амазония тимякарға тән, көптеген түрлердің қатарында ашық кеңістік жануралары кездесіп отырады – бұғы-маралдар, ұсақ сауытты аңдар, орташа құмырсқа жегіштер және т.б. сирек орманның ландшафтарында термиттердің сазды құрылулары көптеп ұшырасады. Ойпаттың шығыс бөлігінде Амазона қуатты, әрі Шингудан жоғары қарай оның ені 136 шақырымға жетеді, Шинугдан төмен 80 шақырымға тең, Воронка мен оның тармақтары  Караның ескі оңтүстік тармағына біршама жағымды), 230 км жетеді. Негізгі оң құйылмалардың жазғы тасқын сулары келгенде ағыстың төменгі жартысында қаңтардан маусымға дейін көлемді су деңгейінің көтерілімі байқалады.

Амазониядағы  су деңгейінің бұл көтерілулері теңіз толқындарының қосылуынан да болады ( өзен ағыстары бойымен 1400 км дейін көтеріледі). Саға аудандарының аздаған тереңдіктерінде олар қатты екпінмен дыбысы 5-10 км-ден естіліп, “щоңғал” бедері түрінде биіктігі 4-5 м болып келеді. Ойпат жағалауларындағы мангр өсімдіктері, тек мұхит аңғарларында ғана емес, өзеннің төменгі ағыстарында да қаптап өсіп кеткен.
Тағы рефераттар