Антропогендік стрессорлардың жануарлардың анатомиялық-морфологиялық құрылымдарға әсері

Әр түрлі факторлар әр түрлі модификациялардың себебі бола алады. Бұл факторлар көбінесе адамның тигізетін әсерінен болады. Мысалы, химиялық ластану, температураның өзгеруі, радиациялық жағдай әр түрлі морфологиялық реакцияларды туғызуы мүмкін.

Көп жағдайда морфологияның өзгеруі қандай факторларға байланысты және қандай физиологиялық ауытқуларға әкелетіні белгісіз.

Жануарлардың антропогендік стрессорлардан пайда болатын 3 түрлі анатомиялық-морфологиялық реакцияларды ажыратуға болады:

1. Жануарлар денесі мен бөлек органдар мөлшерінің өзгеруі (ұзындығы, жалпақтығы, массасы, пропорциясы және т.б.);

2. Дене беті мен оның органдар микроскульптурасының өзгеруі.

3. Дене немесе оның бөлек органдар түсінің өзгеруі.

 Биометриялық анықталатын реакциялар

Көптеген жануарлар популяциясын сипаттау үшін биометриялық параметрлер қолданылады. Оларға антропогендік стрессорлардың индикациясы негізделеді.

Мысалы, түрліше ластанған территорияларда Aphis sambuci зерттеулерінде әр түрлі өзгерістер байқалады: бастың жалпақтығы, сан мен сирақтың ұзындығы, мұртшалардың, құйрығының және сифонының әр түрлі мүшелеріндегі өзгерістер. Морфологиялық өзгерістерден басқа кейбір физиологиялық реакцияларын да байқауға болады: фермент қатарының активтілігі мен туылым коэффициентінің өзгеруі. Осы биометриялық параметрлерді биоиндикация үшін пайдалану барлық жағдайларды бірдей проблемаларға тіреледі. Әрқашан айқын өзгешеліктер байқалғанмен, олардың антропогендік әсер жүктемесімен байланысты екенін дәлелдеу қиын.

 Антропогендік стрессорлар әсерінен болатын беттік скульптурасының өзгеруі

Aphis fabae деген жануарға әр түрлі концентрациядағы сульфит-ионмен қоректендіріп, электронды микроскоп арқылы бақылаулар жасалынды. Сульфитпен қоректендірілмеген бақылау тобының микроскульптурасы түйіршікті болған. Ал 1 ммоль SO3 қабылданған жануарлардың түйіршіктілігі қатты өзгерді. Қала ішінде және сыртындағы тіршілік ететін ызылдақ қоңыздар популяцияларының генетикалық өзгергіштігі байқалды. Яғни олардың дене беті структурасы әр түрлі болғандықтан, олар антропогендік строссорларның индикаторлары болып табылады. Көптеген зерттеулері бойынша, артқы қанаттары диморфты болып келетін түрлерде қанаттары ірілердің үлесі өткен популяцияларға қарағанда жаңа пайда болған популяцияларда көбірек. Бұл антропогендік стрессорлардың әсеріне байланысты. Сонымен қатар кейбір таксондардың қанаттарының ерекшеліктері де қоршаған орта факторларына байланысты. Мысалы, Gerris (жартылай қатты қанаттылар) түрінде қанатардың полиморфизмі, Apis mеllifera (бал ара) қанат индексінің өзгеруі.

Антропогендік факторлар әсерінен дене түсінің өзгеруі Антропогендік әсерінен болатын дене түсінің реакцияларының ішінде аса көп кездесетіні «индустриалды меланизм» немесе «ірі қалаларының меланизмі». Бұл жерде «меланизм» сөзінің мағынасы – басында болған ақшыл формалардың қараюы. 1848 жылы Манчестерде өнеркәсіптік орынның аймағында Beston betularius түрінің алғаш рет қарайған формасы (f. carbonaria) пайда болған. Меланичтикалық формалары Англияда өте тез тарап, кейін бүкіл Еуропада тарады. Олар өзінің түсіне байланысты құстарға нашарлау көрінгендіктен, олардың саны ақшыл түсті түріне қарағанда көп азаймаған. Сонымен қатар бұл жаңа түрінің тіршілік ету қабілеті, зат айналым қарқындылығы жоғарырақ.

Сонымен қатар буынаяқтылар түсіне химиялық өндірістің әсері зерттелді. Бұнда табиғи экожүйелерде тіршілік ететін жануарлардан үлкен өзгешеліктер байқалды.

Келтірілген мысалдар антропогендік стрессорлар әсерінен  жануарлардың морфологиялық формаларының 3 түрлі реакциялары байқалатынын көрсетеді


Тағы рефераттар