Облыстың батыс жағының климаты негізінен континентті болып келеді. Шөлді және шөлейтті бөліктерінің жылдық орташа көрсеткіші біртектес, әсіресе жылы кездерде су балансының өте азайып кететіндігі. Күннің беретін жылуы ылғалданудан 12-15 есе асып түседі. Шілдедегі орташа айлық температурасы +27;+28;С болады. Ал Қызылқұмдағы кейбір жерлердің температурасы +48С –қа дейін жетеді. Жаз айларындағы ауаның ылғалдығы  25-28 % , ал өте ыстық әрі құрғақ күндері ол 13% дейін кеміп кетеді.

Қыс айларында Сібір антициклоны үнемдік жасайды. Қоңыржай белдеудегі суық ауа райы көбінесе жылымай, ұзақ сақталатын күндері көп болады. Орташа температура -3,-4С, кейбір күндері көрсетеіш  15С-қа дейін төмендейді, ал ауа масаларының ағымы оңтүстік бағытқа қарай өзгерген жағдайда тез жылымық боп өзгере қалады. Л.Н Бабушкин бұл жағдайды «вегетациялық қыс» деп атады. Шардара төңірегінде Қызылқұм шөлінің температурасы  -3С- тан  -2С-қа дейін жетеді. Бұл төңіректе қыста кейде +15С –қа дейін көтеріліп кететін күндер болып тұрады. Осыған орай кейде цикланды ауа массалары Оңтүстік Батыстан келе бастайды да , қар аралас жаңбыр боп жауатыны байқалады. Шымкент облысының шөлді аймақтарында жылына 90мм –ден 180мм-ге дейін жауын- шашын жауады, ал булану 1000-1500мм болады. Ал Арыс ауданындағы жауын-шашын мөлшері 250-300мм.

Климат түзуші факторлар.

Күн радиациясы.  Жиынтық  күн  радиациясы  586152-669888   юн/см, ал радиация балансы 167472-209340  юн/с. Күннің  тік түсетін  радиациясы  әрдайым  шашыранды  радиациясы  мол  болатындығын  көрсетеді. Кей  кездерде  бұл  көріністің  90 дерлік  байқалады. Тәуліктің  температура  амплитудасы  +18 с болады.

Қазақстан  жеріндегі  жауын- шашын. Шымкент облысындағы  шөлді    аймақтарға  жылына   90-180мм дейін  жауын-шашын  түседі, ал  булану 1000-1500  мм  болады.

Фронттар.Жел. Оңтүстік  Қазақстан облысында  негізінен  4 түрлі ауа массасы үстемдік жасайды:

1.Артикалық ауа массасы

2.Монғол антицмиклоны

3.Иран ауа массасының  ағымы

4. Солтүстік батысынан келетін  циклонды Атлант мұхитында  пайда болатын « Исландия минимумы» әсер етеді.

Оңтүстік  Қазақстан  облысында  бірнеше  жел  үстемдік етеді. Батыстан шығысқа қарай «Қаратау» желі соғады.Алғабас, Қызылқұм, Бөген, Арыс аудандарында «Арыстанды қарабас» желі Қартаудан басталып, Оңтүстік батысқа  қарай өседі. Бұл жел халық шаруашылығына өте зиянды.  Жылдамдығы 10-12 м/с , кейбір жылдары ай бойы  тұрады, егіншілікті кептіріп жібереді.

Иран тауларына қалыптасатын ауа массалары «Керімсал» желін әкеледі. Ол жел дәнді дақылдарды күйдіріп жібереді.

Түлкібас, Сайрам, Төлеби аудандарына шығыстан есетін «Шапшақ» желі әсер етеді. Бұл екпіні күшті , жылдамдығы 25-30 м/сек  болатын жел. Қыста қатты аязды, жазда өте салқын боп тұрады.

Қазығұрт, Сарыағаш, Келес аудандарында шығыстан «Шыршық» желі соғады. Ол кейде «Бриз» желін еске түсіреді онша қатты емес.

Ал өзіміздің Жетісай, Мақтаарал, Киров, Шардара өңірінде «Қақан» желі үстемдік етеді. Ол әрдайым батыстан келеді. Қыс айларында осы жел қаныққан  ауа массаларын алып келеді де, бұрқасынды алай-дүлей боран болады, кейде жаңбыр күйінде де жауады.

Өңірімізге шығыстан тұратын желді Ташкент алатауынан келетін «Шамал» желі деп аталады.

 Атмосфералық жауын-шашын. Облысымызда атмосфералық жауын-шашын, қар, жаңбыр және бұршақ пен тұман түрінде түседі.Облысымыздың ең суық нүктесі қиыр солтүстіктегі шу өзені алабындағы Тасты елщді мекенде 1969 жылы 27 қаңтарда абсалюттік төмен температура 420С –қа жетті.

Жауын-шашынның ең көп түсетін ауданы Өгем, піскем және Қаржантау жоталарының оңтүстік батыс беткейі, ал ең аз түсетін бөлігі шөлдік аймақтары Созақта – 151 мм, Шардарада-175 мм. Арыс пен Қапланбектің ашық жерлерінде қар жамылғысының қалыңдығы 9см құрайды. Бұл жағдайда территорияның әрбір гектарына қанша ылғалдан келетін есептеп шығаруға болада.

1см қар жамылғысы гектарына 20-35 см3 ылғал береді. Демек.

9см қар жамылғысы 180см3 –тен 315см3 дейін ылғал бере алады. Бұл сандар қардың тығыздығына да байланысты.

Алғашқы қар солтүстік ауданадрда қазанның бас кезінде, ал оңтүстігінде қарашаның басында түседі. Тұрақты қар жамылғысы солтүстікте 130 күн, ал

оңтүстікте 45 күн жатады.
Тағы рефераттар