Ата –ананың бала алдындағы міндеттері туралы қазақша реферат

« Баланы жастан », « Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы кезде « Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын, өзіңіздің мінез — құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп, бақыладыңыз ба» деген сауал туады.Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.

— Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.
— еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне — өзі қызмет етуге үйрету.
— Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым — қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету .
— Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу. Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім — тәрбие беріледі. Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.

Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік- адамның рухани арқауы.
Ата — аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс .

Бала бақыты білімде.«Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды », — дейді А.

Байтұрсынов. Сондықтан білімді ұрпақ келер күннің кепілі болмақ.
Тағы рефераттар