Азаматтардың әрекет қабілеттілік пен құқық ұғымы туралы қазақша реферат

Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.

Заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.

Егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі тең болады.

Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды.

Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеудің заң құжаттарында белгіленген шарттары мен тәртібінің немесе олардың кәсіпкерлік не өзге де қызметпен айналысу құқығының сақталмауы тиісті шектеуді белгілеген мемлекеттік немесе өзге де органның құжатын жарамсыз деп тануға әкеліп соқтырады.

Азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар адамдар арасында болады. Қатынастарға жеке азаматтармен қатар, заңда көзделген белгілерге ие ұжымдық құрылымдар да түсе алады. “Заңды тұлғалар” терминімен қатар, ҚР азаматтары, шет ел азаматтарын және азаматтығы жоқ  тұлғаларды қамтитын “жеке тұлғалар”  терминін қолданады. Азаматтық құқықтық қатынастар азаматтық құқықтың барлық субъектілерінің арасында кез-келген түрде туындай береді [17].

Құқықтық реттеу белгілі бір құқық саласының субъектілерінде белгілі бір қасиеттердің болуына сәйкес, құқық теориясында құқықсубъектілік санаты қалыптасқан.  Құқықсубъектілік  құқықтық реттеу субъектілері  құқықтың  тиісті саласында құқықтарды иеленіп, міндеттерді атқару үшін қандай қасиеттерді иеленуі керектігін анықтайды.

Азаматтық құқық субъектілік туралы түсініктер тұлғаларда құқыққабілеттілік және әрекет қабілеттілік сияқты қасиеттердің болуымен байланыстырылады. Азаматтық  құқықпен реттелетін құқықтық қатынастар адаммен өмір бойы бірге жүреді: адамның туған кезінен қайтыс болғанына дейін. Әрине, жаңадан туған нәрестенің шарт жасасуын көзге елестету қиын, сәби азаматтық құқықтар мен міндеттердің белгілі бір жиынтығына ие бола алады (өсиетке мүлік алуға, меншік иесі болуға және т.б).

Экономикалық айналымды құқықтық реттеу үшін қатынастар тараптардың саналы ерікті іс-әрекеттерінен туындайтындай, оларға айтарлықтай тұрақты сипат беру керек. Сонымен қатар, азаматтық құқықпен реттелетін қатынастардан психикалық дамудың қажетті деңгейіне ие емес азаматтар толық шеттетілмейді.

Азаматтық құқықтағы, алғаш қарағанда қарама-қайшы болып көрінетін осы мәселелерді шешу үшін құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік сияқты ұғымдар пайда болды.

Егер, құқық қабілеттілік барлық азаматтарға туғанынан қайтыс болғанына дейін тиесілі деп танылса, әрекет қабілеттілік жалпы ережеге сәйкес, белгілі бір жасқа жетуге байланысты пайда болады, ал толық көлемді – 18 жасқа толғаннан бастап басталады. Құқық қабілеттіліктің әрекет қабілеттіліктен бөлінуі азаматтарға қатысты орын алады, себебі азаматтар өсу қабілетіне және белгілі бір ерікті және психикалық қасиеттерді біртіндеп иемдену қабілетіне ие.

Жалпы азаматтық құқық субъектісі тақырыбын қарастыру барысында алдымен құқық субъектілік элеметтерін жан-жақты зерделеп алу қажет. Құқық қабілеттілік адамға тумысынана, ал заңды тұлғаларға мемлекеттік тіркеуден өтісімен беріледі. Ал келесі бір элементі әрекет қабілеттілігі, оны отандық азаматтық заңнама негізінен үш түрге бөліп қарастырады: толық әрекет қабілеттілік, жартылай әрекет қабілеттілік және шектеулі әрекет қабілеттілік.

Заң әрекет қабілеттілікті  “азаматтық  өз іс-әрекеттерімен  азаматтық құқықтарды  иелену  және  жүзеге асыру және азаматтық міндеттерді мойнына алып, оларды орындау қабілеттілігі” деп анықтаған (АК 17 бабы)

Әрекет қабілеттіліктің құқық қабілеттіліктен ерекшелігі, ол психикалық еркіндіктің белгілі бір дәрежесіне жетуді көздейтін, азаматтың еріктік іс әрекеттер жасауымен байланысты. Заң азаматтың әрекет қабілеттілікке  жетуінің басты белгісі ретінде жасты қарастырады [18].

Толық әрекет қабілеттілік кәмелетке толғандарға, яғни 18 жасқа толғандарға ғана тиесілі болады. Осы ережеден кейде бас тартуға да жол беріледі: толық әрекет қабілеттілік азаматқа 18 жасқа толмай ақ, егер ол некеге отыратын болса және оның некелік жасы заңмен көрсетілген тәртіппен  төмендетілсе, берілуі мүмкін.

Жартылай әрекет қабілеттілік 14-18 жас аралығындағы тұлғаларға қатысты. 14 жасқа толмаған жасөспірімдер жалпы ереже бойынша, әрекет қабілетсіз, олардың атынан барлық мәмілелерді олардың ата- аналары, асырап алушылары және қорғаншылары жасайды. Алайда 14 жас – кәмелетке толмағанның психикасының қалыптасуы, интеллектуалыдқ пісіп жетілуі үшін үлкен,  елеулі  мерзім.

Сондықтан да,  заңда  жас өспірімдердің белгілі бір мәмілелер жасасуы көзделген. 14 жас – заң ер жетудің белгілі бір сатысын байланыстыратын алғашқы жас аралығы. Осы жастағы жасөспірімдер келесі ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасасуға құқылы; өтеусіз негізде пайда табуға бағытталан, нотариалдық куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді қажет етпейтін мәмілелер; заңды өкілмен берілген немесе оның келісімімен тұлғамен белгілі мақсат үшін немесе еркін иелік ету үшін берілген мүліктің тағдырын шешу бойынша мәмілелер.

Ұсақ тұрмыстық мәмілелер – жасөспірімнің немесе оның отбасының мүшелерінің күнделікті, қарапйым қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыталған және сомасы бойынша мардымсыз болатын мәмілелер.

Психикалық дерттің  нәтижесінде өз іс-әрекеттерінің мән маңызын түсіне алмайтын және оларға  басшылық  жасай  алмайтын  азамат  сотпен әрекет қабілетсіз деп танылады. Мұндай  жағдайда азамат ұсақ тұрмыстық мәмілелерді қоса  алғанда  ешқандай да мәмілелерді жасай алмайды, оның атынан барлық  мәмілелерді қорғаншы жасайды (АК 26 бабы).

Азаматтың спирт ішімдіктерін және есірткі заттарын шегінен тыс тұтынуы оның іс-әрекеттеріне мемлекет тарапынан араласудың нәтижелігін көрсетеді, бірақ азаматтық құқық тұлғаны алкоголизм мен наркоманиядан емдеуді және осы қылықтар үшін оны жазалауды мақсат тұтпайды [19].

Спирт ішімдіктерін және есірткі құралдарын шамадан тыс тұтынатын азаматтарға қатысты жағдайда мемлекет олардың  мүліктік  қатынастарына, тек қана осы азамат өз іс әрекеттерімен өз отбасын  қиын материалдық жағдайға душар өткізсе ғана араласа алады. Сол себепті азаматтық заңдылық осындай жағдайларда олардың құқықтарын мүдделі тараптардың өтінішімен сотшешімі негізінде шектеуге жол береді

  1. Азаматтың аты-жөні және  тұрғылықты мекен-жайы. Азаматтық  хал актілері. Сіз азаматтық  қатынасқа  кіммен түсетініңізді анық білмесеңіз,  азаматтық құқықтар мен міндеттердің  дұрыс  жүзеге  асырылуын  көзге  елестету  қиын.
  2.  Әр жеке  азаматты  дараландыру  ең алдымен,  оның  аты-жөні  бойынша  жүргізіледі.  Азаматқа аты-жөні туған  кезінде  беріледі  және  ережеге  сай,  егер заңмен  немесе ұлттық  әдет-ғұрыппен өзгеше  көзделмесе (мысалы, әкесінің атының  қолданылмауы),  фамилиядан,  аттың  өзінен және  әкесінің  атынан тұрады.
  3.  Барлық  азаматтық  құқықтарды  азамат  өзге  тұлғалардың  атын   пайдаланбай,  тек өз  атымен иеленуі  керек.  Заңмен  көзделген  жағдайларда,  азамат ойдан  шығарылған  ат-псевдонимды  қолдануға  немесе шын  атты да,  жалған атты да  қолданбауға құқылы.

Азаматтың тұрғылықты орны. Азаматты  дараландыратын өзге  белгі  болып оның  тұрғылықты  орны табылады. (АК 16 бабы). Міндеттемелерді  орындау, мұраны ашу және өзге  зе азаматтық-құқықтық  әрекеттер азаматтың  тұрғылықты орны  бойынша  жүргізіледі. Аты-жөнмен қатар тұрғылықта орын да  азаматтық құқық субъектісін  дәлірек  айқындауға  мүмкіндік  береді.  Мысалы, әртүрлі  азаматтардың  аты-жөнінің  толық  сәйкес келуі  жағдайлары  жиі кездеседі,  мекен-жайдың  сәйкес келуі  өте сирек  кездеседі.

Тұрғылықты  орын  болып  азамат тұрақты  немесе көбінесе тұратын  орын  танылады.  Егер,  азамат  бір жерде  тұрақты  тұратын  болса,  оның  тұрғылықты  орны  оңай анықталады.

Бірақ та,  азамат  әртүрлі  мән-жайлар   бойынша  бір орынна екінші орынғакөшіп, әртүрлі орындарда  тұратын жағдайлар да  кездеседі.  Мұндай  жағдайда  тұрғылықты  орынды  азаматтың  басым  тұратын  орны  бойынша  анықтайды.

Азаматтық хал актілері. Құқықтар мен міндеттердің пайда болуына,  өзгеруіне, тоқтатылуына  әсер ететін  және   азаматтардың  құқықтық  жағдайын  сипаттайтын   азаматтардың  іс-әрекеттері немесе оқиғалар  азаматтық  хал  актілері  деп аталады.  Мысалы, туу,  некені қию және бұзу, асырапалу,  әкелікті  орнату,  аты-жөнді  өзгерту және  азаматтың қайтыс  болуы  заңмен  азаматтың  азаматтық-құқықтық   мәртебесін   анықтайтын  деректердің  қатарына  жатқызылған.

Құқы қбілеттіліктің  туындауы  және  пайда  болуы   азаматтың  тууымен  және  қайтыс  болуымен  байланысты  болса,  некені қию  ерлі-зайыптылардың  ортақ  өзара меншік  құқығының пайда  болуына  әкеледі, ал   асырап алу – заңдық  өкілдік  қатынастарының  және  ата-аналармен   балалардың  арасында  туындайтын   жеке және  мүліктік  құқықтар  мен міндеттердің  пайда  болуымен  байланысты.

Мемлекеттік тіргеу  арнайы  мемлекеттік  орган —  азаматтық хал актілерін тіркеу  органымен (АХАЖ), ал ҚР тыс  тұратын  азаматтарға  қатысты – консулдық мекемелермен  жүргізіледі.

  1. Азаматты хабар ошарсыз кетті деп тану, егер азаматтың  тұрғылықты  орнында ол туралы   ақпараттың  ұзақ  уақыт  бойы болмау жағдайында, оны  іздеуге  бағытталған  іс-шаралар да нәтиже бермесе, тұрғылықты мекен жайында немесе жалпы ең соңғы көрген сәттен бастап  1 жыл мерзім бойы табылмаса сот хабар-ошарсыз кетті деп таниды.
  2. Бір жылдық  мерзім  жоғалған  азамат туралы  соңғы  деректер алынған  күннен бастап  еспетеледі.  Егер,  сол күнді  нақты  анықтау  мүмкін  болмаса,  жоғалған  уақыт  болып жоғалған  азамат  туралы  деректер  алынған айдан кейінгі  келесі  айдың бір күні  саналады,  ол айды  анықтау  мүмкін  болмаса келесі  жылдың  1 қантары  жоғалған мерзім  болып саналады.

Азаматты қайтыс  болды деп жариялау. Егер, азамат кем  дегенде 3 жыл жоқ болса,  ол сотпен қайтыс  болды деп  жариялануы  мүмкін.  Азаматты қайтыс болды деп тану  үшін оны жоғалды  деп тану  міндетті емес.  Азаматты  жоғалды деп  тану  міндетті болуы деп жариялау  көптеген  негіздері  бойынша  ұқсас. Жоғалып  кеткендегі  сияқты  қайтыс болды деп  жариялау  да азаматтың  тұрғылықты  орнында   болмауына (ұзақ ұақыт) және оның қайда  екендігін анықтау  мүмкін болмауына  байланысты  болады.  Жалпы ереже  бойынша,  тұлға 3 жылдан соң қайтыс болды деп  жарияланады,  ал егер, ол өміріне  қауіп төнетін жағдайда  жоғалса, 6 айдан кейін  жоғалды деп танылады. Әскери  қимылдарға байланысты  жоғалған  азаматтарға басқа  қатысты ереже тәсіл  қолданылады.  Олар соғыс  қимылдары  аяқталған  соң  2 жылдан кейін  қайтыс болды деп  жариялануы мүмкін.

Заң бойынша, құқық қабілеттілік дегеніміз  азаматтық құқықтарды иелену және міндеттерді өтеу қабілеттілігі. Құқы қабілеттіліктің мазмұны азаматтық заңнамаға сәйкес, азамат иелене алатын құқықтар мен міндеттердің кешені арқылы ашылады. Сондықтан да, азаматтардың құқық қабілеттілігін сипаттағанда, оның азаматқа психофизикалық жан иесі ретінде тиесілі екендігін емес, оған тен әлеуметтік  заңдық белгілерді айрықша атайды. Азаматтардың құқық қабілеттілігінің ауқымына  әдейілеп арналған АК 14 бабы тек негізгі, ең маңызды азаматтық құқықтардың тізімін береді. Азаматтық құқық қабілеттілікке тең дәрежеде барлық азаматтар ие. Алайда, бұл әр азаматтың нақты субъективті құқықтарының көлемі өзара тең дегенді білдірмейді, бірақ осы  құқықтарды иеленуге  мүмкіндіктер әр тұлға үшін оның құқықтары мен міндеттерінің нақты көлеміне қарамастан тең болып табылады.

Бұл, азаматтың құқы қабілеттілігн шектеуге болады дегенді білдіреді ме? Жоқ? Олардың жалпылама мағынасында шектелуі мүмкін мүмкіндіктер болады мысалы,  тұрғын үй орнын таңдау мүмкіндігі азаматтың нақты бір жерде тұру міндетіне немес тұруға тиым салуға нұсқаумен шектеулі мүмкін, кәсіпкерлік қызметпенайналысу мүмкіндігі де шектелуі мүмкін. Алайда, мұндай шектеулер заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана жүзеге асырылады.

Мәселен, бас бостандығынан айыру, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру және өзге де қылмыстық және әкімшілік жазалар жасалған қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін санкция ретінде қолданылатын азаматтардың құқыққабілеттілігн, заңмен жол берілетін, шектеулер болып табылады. Азамат өз  іс-әрекеттерімен өзінің құқы қабілеттілігін немесе оның жекелеген элементттерін  шектей  алмайды.

Азамат құқық қабілеттілікке туғанынан бастап өмір бойы, қайтыс болғанға дейін ие болады. Құқық қабілеттілік азаматтың қайтыс болуымен бірге тоқтатылады
Тағы рефераттар