Азияның   өзендерінің  су  мөлшері  мен  су айналымы туралы қазақша реферат

Табиғатта  қорғау , әсіресе  су  байлықтарын  қорғау – мемлекеттік  үлкен  маңызды  мәселенің  бірі  болып  саналады.  Ұлы  көсеміміз  В. И. Ленин  табиғатты  қорғау  біздің  ең  маңызды  міндетіміздің  бірі  екенін,  оны  тиімді  пайдалану  қажеттігін  атап  айтқан  болатын. Бұл  даналық  нұсқаулар  Совет  өкіметінің  табиғатты  қорғау  жөніндегі  заңдарына  негіз  болуда.

Соңғы  кездері  осы  салада  ірі – ірі шаралар  жүзеге  асырылуда.  Дегенмен  табиғатты  қорғау, әсіресе  өзендерді  қорғау  жұмыстарында  әлі  де  болса  біраз  кемшіліктер  орын  алып  келеді.  Мысалы, өзен, көл  суының  ластануының  салдарынан  су жәндіктері  уланған  жағдайлар  байқалуда.

1958 жылы  Неман  өзенінің  төменгі  жағында  балықтардың  уланғаны  анықталды.  Олар  су  ішінде  өсетін  балдыр  өсімдіктерінен  уланған  болып  шықты. Осындай  судың  зиянды  заттармен  ластануы  өте  үлкен  шығындарға  ұшыратуы  мүмкін.  Сондықтан  өндірістерде  және  тағы  басқа  қажеттерге  қолданылған  лай  суларды  өзендер  мен  көлдерге  апарып  құяр  алдында  оны  тазарту  керек. Тазартылмаған  су  ауыл  шаруашылығында  егістіктерді  бүлдіреді, ішкен  малдарды  індетке  ұшыратады,  суда  тіршілік  ететін  балықтар  мен жәндіктерді  зақымдандырады.

Соңғы  жылдары  өзендерді,  көлдерді, теңіздерді  ластанған,  уланғансулардан  қорғау  мәселелерін  жер  шарының  халықтары  бірлесіп  шешуді  қолға  алуды.  1961 жылы  дуние  жүзілік  денсаулық  сақтау  қоғамының  ұйғарымы  бойынша  Женевада  конференция  болды.  Осы  конференцияда  өзендерді, ауыл  шаруашылығында  пайдаланатын  суларды, ішетін  суларды,  жалпы  табиғатты  қалай  қорғау  мәселесі  талқыланды.

1980 жылға  дейін  өндірісте  пайдаланған  лай  сулардың, шаруашылықта  пайдаланылатын  сулардың  көлемі  1960 жылмен  салыстырғанда  бес  есе  көбеюі  мүмкіндігі  есептеліп  отыр. Осы  лай, ластанған  судың  әсерінен  ішуге  жарамай  қалады, ондағы балықтар, жәндіктер  азайып, бойында  өсетін  өсімдіктер  қурай  бастайды.  Ал  табиғаттың  өзгерісі  арқылы  бір  өзен  тазару  үшін  4 – 5 жыл  уақыт  өтеді.  Сондықтан  табиғатты, өзендерді, көлдерді, орманды  қорғау  үшін  үлкен қаржылар  бөлінуі  керек. Соңғы  кездері  шығарылған  заң  бойынша,  әрбір  кеме, шаруашылық  орындарының  лай, ластанған  суларды  тазартпай  өзендерге  жіберуіне  тыйым  салынған.  1961 жылы  елімізде  540 – тан астам пайдаланған  суды  тазартатын  орындар  ашылса, 1963 жылы  1100 – ден  аса су  тазартқыш  орындары  іске  қосылды.

Азияның  территориясында  өзендер  біркелкі  болғандықтан  бір  аудандарда  су  жеткіліксіз.  Сондықтан  да  бір  жерде  плотина  арқылы  су  қоймасы  жасалса, бір  жерде  канал  арқылы  шөлейт  аудандарға  су  жеткізілуі  керек.  Ол  үшін  жүз  кейде  мың  киллометрдей  ұзын  каналдар  қазуға  мәжбүр  болады.  Осынай  бір өзен  суын  екінші  өзен  суына  қосуды  өзен  алаптарында  су  шаруашылық  байланыстары  деп  атайды.  Осы  күнгі  су  шаруашылығының  транспорттық,  энергетикалық  және  комплексті  деген  үш  түрі  бар.

Транспорттық  су  байланысы   18 – 19  ғасырларда  пайда  болған.  Тихвин,  Березин, Днепр – Бу, Солтүстік  Двина  өзендері  канал  арқылы  жалғастырылды.

Энергетикалық  байланыстар  әр  жердегі  су  элекр  станцияларының  энергетикалық  күші  бір – бірімен  ұластырылып,  тұтас  энергетикалық  жүйеге  айналады.  Осындай  байланыс  өте  тиімді  деп  есептелуде.  Себебі  бір  өзеннің  су  шығыны  аз,  я  қысқа  мерзімді  болса,  бір  өзеннің  су  шығыны  мол  болады.  Сондықтан  өзен  су  қоймалары  бір – бірінің  кемістіктерін  толтырып   тұрады.  Өзендер  суын  нәтижелі  пайдалану  үшін,  өзен  алабының   гидрологиялық  жайын, қанша  су  ауыл  шаруашылығының, өндіріске  керек  екендігін,  оның  мөлшерін  алдын  ала  білу  қажет.

1960 жылдың  22  — ші  сәуірде  Министрлер  Советі  « Су  ресурстарын  комплексті  түрде  пайдалану  және  оны  қорғау  туралы» қаулы  щығарды.  Мұнда  бүкіл  елімізді  түгелдей  сумен  қамтамасыз  ету  мәселесі  айрықша  қолға  алынды.  Бұл  жоспарда  көптеген  жобалау,  зерттеу  институттарының  күшін  бірлестіру,  инжинерлік  жұмыстарды  бірігіп  жүргізуге  жұмылдыру  көзделген.

Өзен  арнасымен  бірге  мерзім  ішінде  ағып  өтетін  су  көлемін  өзендердің  су  мөлшері  деп  атайды. Өзен  суын  шаруашылықтың  әр  саласында  пайдалану  өзендердің  су  мөлшеріне  байланысты  болады.  Мысалы, белгілі  қуатты  су  электр  станцияларын  салу  үшін  әуелі  сол  өзен  суының  мөлшері  жыл  бойы  біркелкі  болмайды.  Өзендердің  су  мөлшері  жыл  бойы   бір  келкі  болмайды.  Өзен  арнасы  әсіресе  тасқын  кезінде  толы  болады.  Әрбір  өзеннің  су  мөлшері  оның  алабының  көлеміне  және  жауын – шашынның  неғұрлым  үлкен  болса,  өзендердің  су  мөлшері  де  соғұрлым  мол  болады.  Егер  республикамыздың  картасына  қарайтын  болсақ, онан  толып  жатқан  өзендердің  құмға  сіңіп  жоқ  болатындығын  көреміз.  Олардың  көпшілігі  жер  суаруға  пайдаланылады.  Қырғыз  жотасынан  шығатын  Таз  өзені  тасыған  кездің  өзінде  ешқашан  да  Шаньдэньха  жеткен  емес.  Ал  кейбір  өзендер  тасқын  кезінде  басты  өзенге  жетеді  де, кейін  кеуіп  кетеді.  өзендерге  көптеген  инженерлік  құрылыстар  салғанда  белгілі  бір  жерден  бір  секундта  ағып  өтетін  судың  мөлшерін  білу  қажет. Бұл  көпірлердің, плотиналардың  ұзындығын  анықтау  үшін, сонымен  қатар  жер  суару  үшін  және  басқа  да  қажеттіліктерге  суды  жұмсау  үшін  керек.

Судың  шығыны  әдетте  текше метр секундөлшемімен өлшенеді. Тасқын  кезіндегі  су  шығыны  орталықтағы, яғни  жазғы  өзен  деңгейі  төмендеген  кездегі  су  шығынынан  айырмашылығы  өте  үлкен  болады. Егер  біз  өзеннің  ағысын  көлденең  кесіп  тастауға  болады  деп  шамалассақ, онда өзеннің  ағысты  кесіндісін  көз  алдымызға  келтіреміз.  Өзеннің  сол  кесіндісі  бойынша  су  ағысының  жылдамдығының  шамасы  әр  түрлі  болады.Ағыстың  жылдамдығына  араның  терендігі  де, оның  формасы  да, өзеннің  өз  жолында  кездестіретін  бөгеттері  де  әсер  етеді. Егер  ағыс  бөгетке  мысалы, көпірдің  тіреулеріне, аралдарға  соқтықса, онда  қатты  ағыс  өзеннің  табанына  қарай  ауысуы  мүмкін. Ескі  арнада  тасқын  кезінде  табанға  жақын  жерде  жылдамдықпен  нөлге  дейін  төмен  түседі.

Өзен  бойының   қысқа учаскелерінде  судың  шығыны  тең  болғандықтан,  ал  иерімде  қайраңдағыдан  «әрекетті» кесінді  үлкен  болғандықтан  ағыстың  жылдамдығы  да  әртүрлі  болады :  терең  жерде  су  жай, ал  қайраңды  жерде  едәуір  қаттырақ  ағады.

Ағыстың  жылдамдығы  арнаның  егістігіне,  оның  түбінің  ойлы  қырлығына  және  тереңдігіне  де  байланысты болады.  Жазықтық  жерде  өзенннің  алабы  тереңірек  келеді,  өйткені  су   ағыны  алқаптағы  топырақты  үңгіп,  жер  асты  қыртысындағы  судың  жолын  ашуы  мүмкін.  Осының  нәтижесінде  қыс  мезгілінде   қар,  жаз  айларында  жаңбыр  болмаған  кезеңде  осы  жер  асты  суы  өзен  арнасын  толтырады.  Жер асты  суы  келмеген   өзен  арнасы  бұл  мезгілде  ортайып,  не  құрғап  кетеді. Әр өзеннің  басы  және  аяғы  болады.  Ол   өзеннің  ұзындығыда   тармағына  байланысты.  Өзеннің  негізгі  және  қосалқы  тармақтары,  ал  әрбір  негізгі  тармақтың  жүйе  тармағы  болады.  Бұл  жүйе  тармаққа  кішігірім  өзендер  қосылып,  теңіздерге  немесе  көлдерге  құяды.  Әрбір  өзеннің  өзінің  су  айырығы,  осы  жерге  жиналатын  судың  негізгі  арнасы  болады.  Өзеннің алабы  неғұрлым  ұзын  және  үлкен  болса,  суы  да  мол  болады.  Өзендердің  су  мөлшері  ең  алдымен  жауын- шашынға  байланысты .  Сондықтан  орыстың   белгілі  географы,  профессор А.И.Воейков «өзендер  климаттың  жемісі»  деген.  Бірақ  өзендердің  су  мөлшеріне  тек  климат  қана  әсер  етіп  қоймайды,  сонымен  қатар  жер  бетінің  құрылымы  да  әсер  етеді,  өйткені  өзендердің  алабы  мен  ағысы  жер  бедеріне  байланысты.

Өзендер  тұмадан , мұздақтан ,  қар  суынан  басталып,  бірімен –бірі  қосылып,  көлге,  теңізге  немесе  мұхитқа  барып  құяды  дедік.  Қазақстан  территориясында   мұхитқа  тек  Менам  өзені  ғана  құяды.  Қалғандары  теңіз  бен  көлдерге  барып  құяды,  ал  Хонгха,  Вейхе  сияқты  біраз  өзендер  ештеңеге  де құймай,  құла  далаға  сіңіп кетеді.  Өзендер  суының  аз  — көп  болуы  ауа-райына  байланысты  екенін  мынадан да  көруге  болады.  Мысалы,  Гималай  тауындағы  Черрапунджи деген  жерде  жылына  орта  есеппен  алғанда  13 мың  миллиметр,  ал  тәулігіне  1200  миллиметр жаңбыр  жауады.  Ал  біздің  территориямыздағы  Балқаш  немесе  Арал  алабына  жылына  орта есеппен   алғанда  150-200  миллиметрден  артық  жаңбыр  жаумайды.  Осы  салыстырылып  отырылған  екі  аймақта  өзен  суының   мөлшері  де  өзгеше  екені  мәлім.  Бұл  жауын-шашынның  аз көптігінен.  Өзен  суының  мөлшері  сондай – ақ оның  алабына,   жер  бедеріне  өсімдігіне   де  байланысты.  Егер  өзен  арнасы  суға  мол  болса,  онда  оның  шаруашылыққа  да  пайдасы  үлкен.  Өзен  суының  мол  не  аз   болуынан  білу  үшін  кемінде   20 – 30  жыл  қатарынан  жүйелі  түрде  зерттеу  қажет,  өйткені  өзен  суы  ауа – райына   әрдайым    құбылып  тұрады.  Осы  құбылу  әр  жылы  түрлі  болып қана  қоймай,  бір  жылдың  ішінде  әртүрлі  болуы  ықтимал.  Қар  еріген  кезде  суы  көп  болса,  күз  айларында  азаяды,  болмаса  сәуір – мамыр  айларында  мол  болып, маусым  айларында  құрғап  кетеді. Өзен  суының  екінші  рет   көтерілуі  ол  күз  айларында  болатын  құбылыс.  Бұл  кезеңде  жауын – шашынның   жағдайына  байланысты  су мол  болып  ағады  немесе  құрғақ  болады. Осы  кездерде   су электр  станциялардыңда  жұмыс  істеу  режимі  бірқалыпты  болмайды.  Қыс  айларында  өзен  арнасы  қатып  қалады.  Сондықтан  өзен  суының  режимі  және  сапасы  бұзылады  да, оның  суының  одан  әрі  пайдалану   мүмкіншілігі  азаяды.

Табиғатта  су  ұдайы  айналыста  болып  отырады.  Планетамыздағы  мұхиттардың  суы  1  миллиард  370  миллион  текше  километр, ол  атмосферада  айналыс  жасаған  себепті  3000  жылда  бір  рет  толық  жаңарып  отырады.  Ал  60 миллион  текше  километр  жер  асты  суы  5000 жылда  бір  рет,  24  миллион  текше  километр  атмосфера  ылғалы  330  жылда  бір,  230 мың текше  километр  көл  суы  он  жылда,  адамға  ең  пайдалы  өзен  суы  10  күнде  бір  жаңарып  тұрады.  Бір  жылдың  ішінде  жер  бетінен  520  мың  текше  километр  су  буланады  және  осыншама  су  жерге  жаңбыр,  қар  болып  жауады.  Егер  бұл  суды  бір  тегіс  жайсақ, бүкіл  жер  шарын  тереңдігі  бір  метрге  жуық  су  басар  еді. Жер  шарының  әр  жерінде  болатын  жауын – шашының  мөлшері  әр  түрлі  болады.  Мысалы, мұхиттар  мен  теңіздерге  жылына  400  мың  текше  километр  жауын – шашын түседі, бұл – бүкіл  Жер  бетіне  түсетін  жауын – шашынның  79  процентіне  тең  келеді.  Мұхиттар  мен  теңіздерге  құрлықтан  түрлі  арналар  жылына  100 мың  текше  километр  су, яғни  жер  бетінен    ағатын  судың  19 проценті  құйылады. Мұхиттармен  жалғаспайтын, тек  көлдерге  ғана  құятын  судың  мөлшері  жылына  10  мың  текше  километр  болады.  Ол – жер  бетінен  түсетін  судың 2  процентін  құрайды.  Ал  мұхиттар  мен  теңіздерден  жылына  450 мың  текше  километр  су  буға  айналады.  Бұл  бүкіл  жер  бетіне  түсетін  судың  86 проценті.  Құрлықтан  мұхиттарға  ағып  қосылатын  судан  жылына  60  мың  текше  километр, яғни  жер  бетіне  түсетін  судың  12  проценттейі  буға  айналып  кетеді.  Мұхиттар  мен  жалғаспайтын,  тек  көлдерге  құятын  судың  жылына  10  мың  текше  километрі, немесе  жер  бетіне  түсетін  судың 2 проценттейі  буға  айналып  отырады.  Республикамызда  бір  жылдық  жауын – шашының  70  проценті  қар,  ал  қалған  30 проценті  жаңбыр  болады.  Таулы  аудандардың  өзендеріне  көбінесе  мұздардың  еруі  есебінен  суға  ағады.  Азияның  өзендер  шынында  да  қар  суымен  де, жаңбыр  суларымен  қабат  толатын  өзендерге  жатады.  Су  әбден  тасығаннан  кейін  өзендер  жаңбыр  және  жер  асты  суларынан, яғни  жауын – шашынның  жерге  сіңіп, өзен  арнасы  арқылы  бұлаққа  айналатын  бөлігімен  толысады.  Өзендер  суы  қатқан  кезде  тек  жер  асты  суларымен  ғана  толығады.  Солтүсік  аймағында  өзендерге  жер  асты  суы  есебінен  30  процент,  орта  өңірдің  өзендеріне  10 – 20 процент  су  ағып  келіп  тұрады.  Су  ресурстарын  тиімді  пайдалану  қазіргі  уақытта  ең  маңызды  орын  алуда.  Өзен  суын  жарату  үшін  өзен  арнасын  ғана  пайдаланып  қоймай,  судың  басталатын  жерінен  құятын  жеріне  дейін  толық  игеріп, өзен  алабын түгелімен  шаруашылыққа  пайдалану  қажет,  өйткені, өзен  алабының  табиғаты — өсімдігі, топырағы, бедері,  гидро – географиялық,  гидрогеологиялық  жағдайы, биіктігі – осының  бәрі  су  режимінің  ерекшелігін  көрсетеді.  Осы  табиғи  жағдайлар  өзгерсе,  өзен  суының  режиміде  де  өзгереді. Мәселен,  өзен  алабында  өсетін  тоғайлы  жердің  топырағын  тыңатса  және  түрлі  агротехникалық  жұмыстар  тиімді  де  жоспарлы  жүргізілсе,  су  режимінің  бұзылмауына  себепкер  болады.
Тағы рефераттар