БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ туралы қазақша реферат

Әлемдік тәжірибеде несиелік банктік жүйе қалыптасуының екі негізгі модельдері белгілі: сегменттелген (американдық) және универсалдық (германдық). Берілген модельдердің негізгі айырмашылығы несиелік институттардың әмбебаптандыру және мамандандыру дәрежесіне,нақты бір сектордың қаржыландыру формасы мен көздеріне, банк және өнеркәсіптің инвестициялық портфельдерінің әртараптандырылу деңгейіне қатысты.

Бұлардың негізінде қаржылық тәуекелді орналастыру ұйымдарының мамандануы жатыр. Американдық модельдердің тәуекелдері ең жоғарғы дәрежеде коммерциялық және инвестициялық болып бөлінген сақтандыру деңгейі қатары арқылы мамандандырылған: құнды қағаздар шығару мен қор нарығының механизмі арқылы өнеркәсіпті қаржыландыру жүйесі, арнайы инвестициялық банктік және банктік емес институттарды несиелендіру. Германдық  модельде тәуекел бақылауын әмбебап коммерциялық банктер қамтамасыз етеді. Бұлар бір уақытта реальды сектордың негізгі несие беруші және қаржы нарығының ең басты субъектісі бола алады.

Несиелік-банктік жүйе модельдерінің пайда болуы мен дамуы.

Қаржылық дағдарыстың себептерін талдауға және Қазақстанның банктік жүйесінің алға қарай дамуының жолдарын іздестіруге байланысты кейбір экономистер коммерциялық және инвестициялық тәуекелді шектеуге мүмкіндік беретін модельдерге көшуді іске асыруды өте қажет санайды. Сондықтан нарықтық экономикаға орнаған елдердегі несиелік жүйенің ұйым модельдерінің құрылу бағыттарын тереңірек қарастыру дұрыс болар еді.

Әр түрлі несиелік институттар арасындағы әрекет аясын шектеу 1929-1933 жылы әлемдік экономикалық дағдарыстан кейінгі бірқатар елдерде жүзеге асырылды. Италияда банк дағдарысына дейін сәтті конъюнктураны сақтау қысқамерзімді жинақ салымдары негізіндегі орта және ұзақмерзімді несиелер есебінен жүргізілді. Экономикалық дағдарыс шартында, яғни тауар тасымалы қысқарғанда және баға төмендегенде өнеркәсіп несиені жабуды тоқтатқан, ал салымшылар өздерінің жинақ қорларын қайтарып ала бастаған. Мұның соңы банк өтімділігінің нашарлауына, ірі-ірі тоқырауға ұшыраудың жалғасына алып келді. Банк заңына сәйкес 1936 жылы банктер мамандануы қолға алынды: қысқамерзімді немесе тек орта және ұзақмерзімді несие берумен айналысатын банктердің ара жігі ажыратылды.

АҚШ-та әмбебап банктер 1933 жылдан бергі банк заңына сәйкес коммерциялық және инвестициялық болып бөлінді. Өз әрекетін дәстүрлі банктіқ операцияларға негізделген коммерциялық банктерге құнды қағаздармен операция жүргізу тыйым салынды.Бұл тыйым салыну мемлекеттік федеральді немесе муниципальді құнды қағаздармен жүргізілетін оперциялардан тыс қарастырылды. Өйткені аталмыш құнды қағаздар несиемен циклді конъюнктуралық толқуының компенсациясын реттеуші және бюджеттік кассалық айырымды жеңілдететін құрал қызметін атқарды. Инвестициялық банктер өндіріс дамуын көздеген ұзақмерзімді салымдарды, өзінің және банк салымшыларының есебінен болған құнды қағаздар мен операцияларды жүзеге асырды. Мұндай құнды қағаздармен операцияларды шектеу жапондық банк құрылуына негіз болды. Бұл жүйе мамандануының жоғарғы деңгейін қамтыған американдық үлгі бойынша II Дүниежүзілік соғыстан кейін қалпына келтірілді.

Маманданудың дәстүрлі жоғағы деңгейі депозитті (коммерциялық) және іскерлік (сауда) банктерін қамтыған Ұлыбритания банктер иелігінде болды.

Нақты заңды шектеулердің болмауына қарамастан, депозиттік банктердің АҚШ-тағы коммерциялық банктер секілді қор нарығына бірден –бір қол жеткізуі мүмкін болмады. Сондықтан қысқамерзімді депозиттік-несиелік операциялармен және есептесу жағдайымен ғана реттеліп отырды. Мұндай функционалды бөліну 1929-1933 жылғы дағдарыс кезінде көбейген банктік тоқырауларға деген кері іс-әрекет болды. Италиядағы сияқты мұның қорытындысы депозитті банктердің қысқамерзімді пассивтер негізіндегі орта және ұзақмерзімді несиелер ұсынуымен көрініс тапты.

Жеке операцияларға мамандандырылған банктердің түсімдері жеткілікті түрде зор болуы мүмкін. Бұл басқа сфераларда міндетті емес әрекет етеді. Сонымен қатар, соңғы онжылдықта банк операцияларын әмбебап етудегі нақты бағыттармен суреттеледі. Несиелік институттар арасындағы бәсекелестіктің күшеюі және күшті қаржы нарығының даму шартындағы жаңа мүмкіндіктердің пайда болуы көптеген банктердің өз операция кірістерін көтерудің өзге жолдарын іздестіруге әкеліп соқтырды.

Мәселені шешу жолдарының бірі болып банктер орындап жатқан операция санының күрт өсуі, инвестициялық әрекет формаларының дамуы болып табылды. Әмбебап ету бағыттары коммерциялық банктердің бұрын әдеттен тыс қызметтерінің: инвестициялық жобаларды қаржыландыру, лизинг клиенттердің инвестициця портфелін басқару, консультациялық қызметтер және т.б дамуына алып келді. Бұл қызметтердің дамуы банк заңын либерализациялау нәтижесінде, сонымен қатар, сол заңдарды банк арқылы айналып өтудің түрлі әдістері барысында жүзеге асырылады. Әмбебап ету бағыттары барлық дамыған елдердің несиелік жүйесіне тән, сондай-ақ ол әрқайсысында өз ерекшелігімен көзге түседі. Әсіресе, Германияда өте жақсы көрініс тапқан. Мұнда коммерциялық банктер ұзақ жылдар барысында әр алуан операция түрлерін орындайды және ұзақ мерзімді несиелердің көздерін тауып, өнеркәсіптің жеке капиталына салым салынуын іске асырады.

Әмбебап принцип Австрия, Бельгия, Люксембург, Нидерланд, Норвегия, Швеция, Швейцария банктік жүйе ұйымының негізінде жатыр. Бұл тип бойынша «жаңа индустриялды елдердің» банктік жүйесі құрылып жатыр. Мұнда банктік әрекет ұлттық банктер позициясын күшейту, қоныстанушылардың жинақ және коммерциялық құрылым құралдарын эффектті түрде мобилизациялау қабілетін және инвестицияға бағытталған жолдарын көтеру ретінде қарастырылады /15, 93б/.

Елдер қатарында банк әрекетін әмбебап етудің дамуы заң актілеріндегі өзгерістердің әсерінен күшейді. Сол себепті Жапонияда 1983 жылғы банк заңына сәйкес банктер құнды қағаздармен жүргізілетін операцияларға қол жеткізуге арнайы мүмкіндік алды. Соған орай, әмбебап типке негізделген жапондық банктік жүйенің әрекет үрдісі басталды. Банктік жүйенің жаңа реформасы, яғни банктік келісімдер мен валюталық операцияларға қойылған көптеген шектеулердің 1998 жылдың 1 сәуірінен бастап алынып тасталуы (бұл капиталдың сырттан әкелінуі мен сыртқа шығарылуымен байланысты) төмендегі жағдайлардың алдағы 3 жыл ішінде орындалуын болжайды: банктер мен брокерлік компаниялар арасында бәсекеге кедергі жасайтын барьерлерді алып тастау; банктерге жаңа қаржылық заттарды енгізуге кедергі жасайтын тыйым салуларды алып тастау; банктерді ұжымдық инвестицияландыру қорының нарығына еркін қол жеткізуді көздейтін мүмкіндікпен қамтамасыз ету; банктік институттардың активтерді басқару операццияларын көбейту (әсіресе, зейнетақы қорын айтуға болады).

Несиелік-банктік жүйенің модельдері мен өндірістік және қаржылық капиталдың байланысу формаларының ерекшеліктері.

Несиелік-банктік жүйенің құрылуының негізгі модельдерінің айырмашылығын халықаралық тәжірибе барысы көрсеткендей, өндірістік және қаржылық капиталдың өзара байланысының формаларының ерекшеліктерін анықтайды. Американдық модельді қолдану кезінде өндірістік компанияның капитал ішінде қажеттіліктерін қанағаттандыру құнды қағаздарды қаржылық нарықта орнату жолдарымен жүргізіледі. Коммерциялық банктердің ұзақмерзімді несиелері өндірістік компанияларды қаржыландыруда аз рөл атқарады. Коммерциялық банктердің өндірістік корпорация меншігіне қатысуы заң жүзінде шектелген.

Германдық модельге несиелік әдісті иелену тән, бұл орайда несиелік құралдарды эффектті пайдалануға негізделген басты тәсіл – меншікке қатысу жолымен қарыз алушыүстіне банк арқылы бірден-бір бақылау орнату.

Коммерциялық банктердің өндірістік корпорация капиталында маңызды үлестік қатысымы банкпен қатар өнеркәсіп үшін де үлкен мәнге ие: банк үшін, бұл қарыз алушыныңұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығына бақылау орнатуға мүмкіндік жасау; өнеркәсіп үшін, бұл – жеке капиталдағы қажеттіліктердің азаюы және өндірісті қаржыландырудың жалпы бағасының қысқаруы.

Германияда банктендің өнеркәсіп әрекетіне әсері басқа елдермен салыстырғанда, құнды қағаз нарығының әлсіздігін анықтайды. Құнды қағаздардың арқасында банктер жоғары деңгейде нарықты басқара алады, бұл ашық түрде құнды қағазды сату ісін болдырмайды.

Тип жағынан Қазақстан экономикасында орныққан өндірістік және банктік секторлардың өзара байланысты модель әлемдік тәжірибедегі көрініспен сәйкес келмейді. Сонымен қатар, банктік жүйені құру барысында әмбебап коммерциялық банктің германдық модельге белгілі бір жақындығы бар екені анықталды. Бұл жерде банк реальды сектордың негізгі несие берушісі ретінде қаржылық емес өнеркәсіптің ірі акция пакеттеріне ие бола алады. Мұндай механизм қаржылық-өндірістік топ аясында толық реттеледі. Өйткені банктер қаржылық легтер мен инвестициялық бағдарламаларды реттеуде басты рөл атқарады. Бірақ банктің өндіріс көзімен өзара байланысты банктік бақылаудың несие пайдалануда, несиелік тәуекелдің жоғарлылығында және менеджменттің жоғарғы деңгейде жетілмеуінде әлсіздік танытты. Бұл оларды германдық жүйеден айырмашылығын көрсетеді.

Германдық модельдің белгілі бір ұқсастығы банктің инвестицияландыру механизміндегі жетекші рөлінен көрінеді. Ресейдің қаржылық нарығында үш типті институт жұмыс істейді: операцияларды әртараптандыруға және ұсынылатын қызмет түрлерін кеңейтуге ұмтылатын коммерциялық банктер; инвестициялық бизнеске реттелетін мамандандырылған банктер; банктік емес институттар; инвестицияның 70%-нан көбі коммерциялық банктер үлесіне тиесілі.

Сонымен қатар, ресейлік коммерциялық банктердің әмбебап көрінісі олардың көп жағдайда қиындықтарымен көзге түседі. Бұл құнды қағаз нарығы мен банктік емес институттар жүйесінің дамымай қалуынан көрінеді.

Әмбебап модель коммерциялық банк әрекетінің жоғарғы деңгейдегі тәуекелділігімен байлансты және дағдарыс жағдайында күрт өсіп кетуімен де тікелей қатысымға ие. Өйткені инвестициядық салымдар бойынща ьанк тәуекелдері депозиттік-несиелік және есептесу операциялары негізіндегі тәуекелден ажыратылмаған. Сонымен бірге, банк белгілі бір деңгейде айналыстарына біршама зат түскен ірі клиенттер ісінің жағдайына тәуелді болып табылады.

Осыған орай, инвестиция негізгі банктік әрекетпен байланыста болып, құнды қағазға арналған кезде тәуекелге жасалатын бақылау механизмі болмаса, бұл банк өтімділігін жоғалту қаупі болып табылады. Аталмыш фактор 1997-1998 жылдардағы дағдарыс жағдайында банк жүйесінің өтімділігінің төмендеуінде маңызды рөл атқарған.

Неміс әмбебап банктерінің әрекет тәжірибелері көрсеткендей тәуекелді бақылау кезінде қаржылық емес компания капиталына қатысу түрлі тармақты қамтитын өнеркәсіптерге айтарлықтай қаржылық көмек беруге мүмкіндік береді. Сөйтіп, «Deutsch Bank» банк пен өндірістің бір-біріне өзара әрекетінің жарөын үлгісі болады. 400 өндірістік және коммерциялық компанияларда: химиялық, электротехникалық, металлургиялық, құрылыстық, тамақ өнеркәсіптерінде, автомобиль құрылысында және машина жасак кешендерінің, сауда, көлік, тұрмыстық қызмет сфераларының өзге тармақтарына қатысады.

Инвестициялық банктер мен даму банктері.

Әр түрлі елдердің банктік жүйесінің талдауы әмбебаптанудың дамуымен қатар коммерциялық банктер әрекетінің мамандануға бағыттары күшейе түсетіндігін дәлелдейді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде, несиелік жүйенің әмбебап құрылымы бар елдерде жетекші орынды мамандандырылған банктер иеленеді (олардың санының төмендігіне қарамастан). Оның ішінде инвестициялық банктер мен ерекше қызметі бар несиелік институттар үлкен қызығушылық тудырып отыр. Олар ұлттық қызығушылық реализациясымен байланысты келеді.


Тағы рефераттар