Басқару — адамдардың кәсіптік қызметі туралы қазақша реферат

Басқару — бұл ұжымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға, олардың бірлескен (еңбек) жұмыс процесінде мақсатты жүйелі ықпал ету.

Басқару ісіне жетілдіруге мындаған жылдар бойы қажырлы еңбек, оны тиімді ұйымдастыру кажет болды, бұған өз уақытында ең озық акыл-ой жетістіктері жұмсалды. Біздің заманымызға дейінгі үшінші мың жылдықта сазбалшыктан істелген табличкаларда көне жүйелердің коммерциялык келісімдері мен заңдар туралы деректер жазылған. Мұның өзі оларда басқару практикасының болғандығын дәлелдейді.

Көне  египеттіктер (мысырлықтар) бізге жазбаша ескерткіштер қалдырады. Онда әңгіме баскару туралы болады. Осыдан 4 мың жылдай бұрын жазылған  «Птаххотепа үйретуі» кітабында казіргі басқарушылар үшін әлі күнге мәнін жоғалтпаған мынадай ойлар айтылады: «Егер сен басшы болсан байсалды бол. Өтініш айта келген адам саған ойдағысын айтып біткенше сөзін бөлме. Бакытсыздықка тап болған адам, өз мәселесін дұрыс шешкеннен гөрі, ақтарыла сөйлеп, іштегі шерін тарқатқанды жөн санайды».

Еңбекті басқару проблемасына көне гректер де көңіл бөлді. Платон еңбек бөлінісінің, жұмыс түрлеріне қарай маманданды, рудың қажеттілігі туралы пікір айтты. Сократ баскаруды іс-әрекеттің (мемлекетті, еңбекті, сауданы, әскерлерді баскару) ерекше саласы ретінде қарастырып, ол да осындай пікірді кажетті адамды өз орнына коюды, сөйтіп оларға берілген тапсырманың орындалуын талап етуді жақтайды.

Көне Үнді ғалымдары «Аргхамастра» трактатында (IV— III ғасыр) шаруашылык және басқару туралы бірқатар қызықты ой-пікірлер айтады. Басқаруға қатысты дұрыс және дұрыс емес  заңды және заңсыз, пайда және зиян ұғымдары зерттеледі. Шығыс ғалымдары басқаруды күш колданумен байланыстырады:  санекритте (ежелгі және орта ғасырдағы үнділердің әдеби тілі ) басқару өнері «данданити» ден аталады, мұны дәлме дәл аударғанда «таяқпем (данда) төпелеп басқару» болады.

Дегенмен, шығыс ойшылдары бағыныштыларды көтермелеуге де зор көңіл бөледі .

Ресейде елді және өндірісті басқарудың бірқатар маңызды идеясы Б. Петр заманына байланысты. Ол мемлекеттік біліктің және терең экономикалық өзгерістің бірқатар реформасын жүзеге асырды. Петр самодержавиелік басқарудың бас идеясын ұсынды. «Государь өз  ісі туралы жарық дүниеде ешкімге жауап беруге тиіс емес». Төрешілдікті қалыптасыруда Габелидің, рангтар туралы пікірі ерекше орын алады.

Өндірісті басқаруды дамытуға XVIII ғасырдағы ірі кәсіпорынға ауысқан өнеркәсіптік революция күшті қозғау салды, қолөнершінің бармағынан бал тамған шеберлердің орнына көбінесе жөнді мамандығы жоқ жалдамалы жұмысшылар келді.

Саяси экономияның басты кезіңнің бірі — А.Смит  пен Д. Рикардо бастаған ағылшын саяси экономикасы — жаңа жағдайда (фабрикалық еңбек бөлісу, өндірістік бақылауды ұйымдастыру т.б.) басқару мәселесіне ерекше көңіл бөлді.

Оуэн еңбек өнімділігін арттыру үшін моральдық ыкпалды да пайдаланған,  адамдардың басқалардан кем түскісі келмейтінін білетін, ол өндірісте жарыс ұйымдастырды, таңдаулы жұмысшылардың станоктарында кызыл лента, орташасында көк, нашарында сары лента пайда болды.

Басқарудың теориясы мен практикасының дамуын қарастыра отырып, бірнеше тарихи кезеңдерді атап өтуге болады.

1. Ерте  кезең б.д.д. 9-7 мың жылдан XVIII ғ.

2.Индустриялық кезең ( 1776-1890 ж.).

3.Жүйелеу кезеңі (1856-1960 ж.).

4.Акпараттық кезең (19б0ж.-казіргі кезгс дсйін).

Басқару — өте ежелгі тәжірбие болып табылады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттігі пайда болды. Дегенменен , басқару- қызмет пен тәжірибе ретінде өте ежелгі сипатқа ие болғанымен, ғылым және зерттеу саласы түрінде салыстырмалы түрде
алғанда жаңа болып табылады. ХХ ғасырға дейінгі кезеңдерде жүйелі, жан-жақты түрде басқару ғылымы жайлы ешкім терең ойлана коймады.  Мәселен, 20 ғ-дың басындағы Нью-Ланардегі Роберт Оуэнің  батыл да тамаша әлеуметгік сипаттағы тәжірбиесі ешбір басшы өз тәжірбиесінде қолданған
емес.

Қазіргі кездегі басқару теориясының дамуы ғылыми басқару мектебініңөкілдері Ф. Тейлор және X. Гилберт,  Г. Гант,  Г. Эмерсон және Г. Фордтың еңбектерімен тығыз байланыстырылады.

Ф.Тейлор ғылыми басқаруды көрсеткіштер уақыт пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау және баулу, ақшалай ынталандыру салаларында дамытты. Тейлордың ғылыми басқару жүйесіндегі қағидалары мынадай:

-қызметкерлерді ғылыми түрде сұрыптау және баулу;

енбекке мамандандыру;        .

еңбекақыда ынталандыру жүйесін қолдану

-жауапкершіліктің әділетті арттырылуы.

Л.Гилбреттер микрохрономерт ойлап тауып, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында әрбір операцияға жұмсалған еңбек қозғалысы мен уақыт шығынын зерттеді.

Г. Эмерсон өз еңбегінде «Өнімділіктің 12 кағидасы» деп аталатын кәсіпорынды басқаруды төмендегідей белгіледі:

-әрбір басшы мен қызметкер ұмтылатын дәл тұжырымдалған максат;

-болашақ мақсатты ескере отырып, әр бір жаңа процесті талдауға шынайы көңіл бөлу;

-білікті кеңес беру, арнайы білімділік беделінің маңызы;

-нақты белгіленген ереже мен тартіпке бағыну; кызметкерлерге әділ көңіл бөлу; дер кезінде әрі сенімді есеп беру;

-ұйым қызметін мұқият және жедел басқару;

-көрсеткіштер мен жұмыс кестелері;

-уақыт, күш-қуат пен шығындарды үйлесімді үштастыра білу;

-операциялар көрсеткішін жасау;

-ереже мен жазбаша нұсқауларды колдану;

-еңбек өнімділігіне арттыру үшін сыйақы төлеу.

Г. Эмерсон алғашқы болып өндіріс пен басқаруды үйымдастырудағы күрделі міндеттерді шешуде әрекеттер қажеттілігін және рационалдау (ұтымды ету) ұғымын енгізді.

Г. Форд өндірісті ұйымдастырудағы «Тейлор жүйесін» жетілдіре отырып, төмендегідей басқару қағидаларын атап өтті:

өндіріс процессі мен оның сатыларын байланыстыра отырып дәл есептеу, жоспарлау;

— қажетті жұмыс пен басқа да ресурстарды әзірлеу;

-стаңдартты технология, механизмдерді колдану;

-өңдірісті жеітлдіру жолдарын үнемі іздестіру.

Аталған ғылыми- практиктер және басқалардың еңбектері нәтижесінде басқарудағы «ғылыми қағидалар»  тұжырымдамасы осылайша калыптасып дамыды.

Ғылыми басқару мектебінің өкілдері көп жағдайда төменгі буындағы қызметтерді атқаруы себепті, олар еңбек өнімділігін арттырумен ғана шұғылданды,  әкімшілік мектептері пайда болғаннан кейін мамандар басқаруды ұдайы жетілдірумен, әкімшілік кызметті ұйымдастыру қағидасымен айналысты. Бұл мектеп өкілдерінің ұйғарымы бойынша, басқару- белгілі бір мақсатқа жетуге орын ашатын қатаң әкімшілік қағида әдістерінің жиынтығы. Мәселен, осы бағыттың көрнекті өкілі А. Файольдың пікірінше, әкімшілік ету  жан-жақты ауқымын белгілейтін баскарудың бір бөлігі және де техникалық, корғаныстық, бухгалтерлік, әкімшілік салаларын қамтиды. Осы кызметтер арасында әкімшілік әрекет ең маңызды есептелініп,  оның элементтері: жоспарлау, басшылық ету, үйлестіру және бақылау анықталған. Сонымен катар, А. Файоль тәжірбиесінде кең колданыс тапқан басқарудың 14 қағидасын жасап шығарды. Оларға енетіндер: жауапкершілік, жеке дара, басшылық, иерархиялық басқару, жеке және  жалпы мүдделер үйлесімділігі, мамандандыру, тәртіп, әділеттілік, ынта-ықылас, лауазымға сәйкестілік, кызметкерлер тұрақтылығы, орталықтандыру және т.б.

Классикалық мектептің өкілі Л. Урвик Файольдің   негізгі кағидаларын одан әрі дамыта отырып, әкімшілік кызметтің негізгі элементтері ретінде: жоспарлау мен ұйымдастыруды, басшылық пен үйлестіру, есеп беруді және бюджет жасауды атап көрсетті. Аталған элементтер күні бүгінге дейін бірқатар ғылыми зерттеулердің түп қазығы ретінде пайдаланып келеді. Сонымен қатар, Л. Урвик өз еңбегінде ресми ұйым құрудың қағидаларын жасауға ерекше көңіл бөліп оларды тереңірек тұжырымдады. Оның пайымдауынша, ұйым қызметінің тиімділігіне қол жеткізуде бақылау өрісі мен құрылымының  сәйкестілігі,  мамандандыру мен қызмет айкындылығы, кұрылымды мұқият ойластыру мен жауапкершілік шегін белгілеудін маңыздылығ ы өте зор.

Ұйымдағы басшылық, билік және құрылым құру проблеммаларына көңіл бөліп зерттеудс әкімшілік мектептің келесі өкілі М. Вебер ерекше орын алады. Ол әр түрлі ұйымдарды талдай отырып, басшы ие болатын билік сипатына карай ұйымдастырудын негізгі үш кезеңін, яғни   дәстүрлі, идеялды кезеңдерді ажыратып берді.  М. Вебер ұйымдатырудың аталган  түрлерін зерттей келе,  үшінші кезеңге үлкен көңіл бөле отырып, «бюрократтык жүйе қағидаларын»   шығарды. Оларға:

1. нақтылы еңбек бөлінісі;

2. басқару деңгейлерінің жіктелуі (иерархиясы);

3. міндетер бірыңғайлылығымен үйлестіле кажетті ресми ережелер және стандарттар жүйесін жасау;

— «әлеуметтік аралық»  пен әділеттілік;

— жұмысқа кабылдауда қатаң талаптардын орын алуы жатқызылады.

«Басқару — бұл адамның, әлеуметтік топтардың және қауымдастықтардың әртүрлі объекттерге және қоршаған дүниеде өтіп жатқан үрдістерге, соларға қатысып жатқан адамдарға және адамдар арасындағы қарым-қатынастарға үрдістерге белгілі бір бағыт беру және қаланылған, талап етілетін, белгіленіп койылған нәтижелерді алу мақсатымен саналы түрде ықпал ету» (Райзберг   Б.А., 2003). Американдық ғалым П.Друкердің пікірі бойынша «басқару — бұл қызмет етудің ұйымда сатырылмаған жұртты тиімді белгілі бір мақсатқа бағытталған және өнімді топқа айналдыратын айрықша бір түрі».

Басқарушылық ықпалдар бағытталған басқару объектісіне тәуелді қоғамның, мемлекеттің, экономиканың, әлеуметтік үрдістердің, ұйымдардың, өндірістік ұжымдардың, үй шаруашылықтарының және т.б. басқарылуын айыруға болады. Осы объекттердің барлығы әлеуметтік —   экономикалық жүйелер болып табылады. Әйтсе де, бізді қоршаған өмірде табиғи және техникалық жүйелердің табына жататын басқарудың көптеген басқа объекттері де кездеседі. Сондықтан кең мағынада айтқанда басқару — бұл қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін басқарылатын объектке ықпал етудің үзіліссіз үрдісі.

Сөйтіп, басқару объектісі ретінде келесілер алынуы мүмкін: биологиялық жүйе, табиғи орта, адамдық өркениет, әлемдік экономика, мемлекет, оның экономикасы, аймақ, сала, кәсіпорын адамдардың ұжымы, жанұя, жеке адам, техникалық жүйе немесе техникалық кұрал, көлік, әртүрлі құбылыстар, үрдістер, ресурстар және т.с.с. Осындай объекттердің барлығы өздеріне ғана тән ерекшеліктерге ие болғанына қарамастан, оларды басқару жалпыға бірдей заңдарға, принциптерге, ережелерге және әдістерге бағынады.

Қандай-да бір объектті саналы түрде және қойылған мақсатқа сай басқару үшін басқару жүйелері (басқаратын жүйелер), немесе басқаша айтқанда, басқару субъектілері құрылады. Басқару үрдісінің принципиалдық сұлбасы 1 суретте келтірілген.

Басқаратын жүйеден (басқару субъектісінен) басқарылатын жүйеге (басқару объектісіне) сигналдар (тапсырмалар, әмірлер) барады. Кері байланыс каналы арқылы басқаратын жүйенің кірісіне басқару объектісінің жағдайы және келіп түскен тапсырмалар немесе әмірлердің орындалу нәтижелері жайлы ақпарат келіп түседі.

Керек болған жағдайда басқару объектісіне басқарушы ықпалдардың түзетілуі жүзеге асырылады және оның сәйкес реттелуі іске асырылады. Сыртқы орта, басқару объектісі және субъектісі арасында ақпарат пен ресурстардың үзіліссіз айырбасы жүріп жатады, ал бұл қоршаған ортадағы өзгерістерді үзіліссіз түрде қадағалау және басқару үрдісінің осындай өзгерістерге теңбе-тең түрде жауап кайтару қажеттілігін тудыртады.

Басқару ғылымы «зерттеу объектісінің ерекшелігіне сәйкес әдістемелік тәсілдерді анықтайды, басқару объектісіне белсенді ықпал етудің жүйесін және әдістерін  жасап шығарады және зерделенетін үрдістерді алдынала көру және болжау әдістерін анықтайды» (Кнорринг В.И., 1999) Басқару — бұл маңызды ғылым ғана емес, сонымен қатар, бұл – адамзаттың бүкіл тарихы барысында үзіліссіз түрде дамып келе жатқан күрделі өнер.

Басқару өнері тәжірибеде қабылданып жатқан барлық басқарушылық шешімдер ғылыми негізделе алмайтынымен айқындалады. Көп жағдайда бұл шешімдер оларды қабылдайтын адамдардың түйсіктеріне негізделеді. Сондықтан шығармашылық құрамдас олардың қызмет етуінде айтарлықтай рөл атқарады. Шың, өнерлі басқарушы бір мезетте «ақпарат пен уақыттың тапшылығы жағдайында айрықша шешімдерді қабылдауға» қабілетті ғалым да, зерттеуші де, шығарымпаз да болып келеді.

.

Тағы рефераттар