Басқару ғылымының зерделеу заты туралы қазақша реферат

Басқару теориясындағы зерттеулердің заты — бұл «басқарушылық үрдісті ұйымдастыру заңдылықтары және осындай үрдіс барысында адамдар арасында пайда болатын өзара қарым-қатынастар». Тағы да бір қолданыла алатын анықтама мынадай: «басқару ғылымының зерделеу заты — бұл алдарында тұрған мәселелерді шешетін адамдардың бірлестіктеріне тиімді ықпал етуді ұйымдастыру үрдістері». Бұл анықтамаларды «басқару» сөзі адамдардың ұжымдарына жатады. Сондықтан да, берілген жағдайда оны «менеджмент» сөзінін синонимі ретінде қолдану орынды деуге болады.

Дамып келе жатқан ғылым ретіндегі менеджментте қазіргі уақытта оның ұйымдарды ғылыми басқарудың әдістемелік негіздері, басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдары, басқару функциялары, басқару үрдістері, стратегиялық менеджмент, кадрлық менеджмент, каржылық менеджмент, инновациялық менеджмент, халықаралық менеджмент, өндірістік менеджмент, экологиялық менеджмент және т.б. сияқты бағыттары қалыптасты.

Басқару тәжірибесі ретіндегі менеджментке мыналар кіреді: өндірісті басқару; маркетингті басқару; қаржыларды басқару; еңбек ресурстарын басқару; басқарушылық есепке алу, талдау және бақылау; стратегиялық, ағымдық және жедел жоспарлау және т.с.с.

Ұйымдарды басқару шың мәнінде тиімді болуы үшін В.И.Кноррингпен басқарудың ғылымы мен өнерінің «генеалогиялық ағашына» біріктірілген ғылымдардың кең спектрі қолданылады.

Басқару саласындағы бірінші ғылыми жұмыстар бірінші өнеркәсіптік революция кезінде пайда болды. Сөйтіп, Вена университетінің профессоры Штейн Л. (1815-1890) «Әкімшілік басқару туралы ілім» атты 8-томдық еңбек жазды. Нарықтық экономиканың теоретикалық негіздері мен оны басқару жүйелері ағылшын экономистер Адам Смит (1723-1790) пен Давид Рикардоның (1772-1823) еңбектері арқасында жасалынды. Экономикалық теорияға үлкен үлесті К.Маркс пен Ф.Энгельс енгізді.

Бірақ та XX ғасырдың басына дейін басқарудың бір тұтас ғылымы жоқ болды, басшылық ету өнер болып табылды да, көбінесе басшылардың жеке тәжірибесі мен түйсіктеріне негізделді.

Басқару бойынша бірінші оқулық 1932 жылы жарық көрді және «Машиналардьң және өндірістің экономикасы» деп аталды. Оның авторы ағылшынның математика профессоры, инженер және кәсіпкер Ч.Бебидж болды.

Басқару әдістері басқару процессін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы заманғы техниканы пайдалану және еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді.

Жалпы түрде алғанда, басқару әдістерін мынадай екі үлкен топқа бөлуге болады:

А) бүкіл басқару жүйесіне жататындар (жалпы әдістер);

Б) баскару жүйесінің жекелеген бөліктеріне жататындар ( шағын ауқымдағы әдістерн)

Басқару жалпы әдістері:

-кәсіпорын, бірлестік, экономикалық аймақ деңгейіндегі басқару кызметінің неғұрлым нақты тәсілдеріне;

-министрліктердің, мемлекеттік коммитеттердің қызмет әдістеріне;

-түрлі деңгейдегі басшылардың өз кызметінде қолданылатын әдістеріне;

-белгілі бір басқару функцияларын іске асыру әдістеріне.бөлінеді.

Нақты әдіс немесе жұмыс стилі деп аталатын әдістердің барлығы шағын сипатта болады, өйткені олар қайсібір жекелеген басқару органына, қызметтерге катысты.

Басқарудың:

-экономикалық;

-ұйымдық- әкімшілік;

-әлеуметтік- психологиялык әдістері бар.        .
Басқару әдісі дегеніміз- объективті зандардың талаптарын іске асырудың әдісі.

Мақсатқа жету үшін әдістің жай ғана объективті зандардың талаптарына сай келуі жеткіліксіз. Осы талаптарды өндіріс кызметкерлеріне ықпал ету әдістеріне айналдырудын жолдарын табу қажет, өйткені экономикалық процестер өзінен-өзі өндіріс процессіне қатысушылардың  қызметінен тыс өмір сүрмейді. Сондықтан баскару әдісі оған түрткі болатын әсердің мазмұнымен ғана емес, бағытымен де сипатгалады.

Басқару әдісі орындау жүйесі арқылы іске асырылады және белгілі бір ұйымдық форма алмай коймайды.

Басқарудың экономикалық әдістерінің мазмұны еңбек және материал шығындарын мейлінше аз жұмсай отырып, мейлінше жақсы өндірістік нәтижелерге жету максатында кызметкерлердің  экономикалық    мүдделеріне нысаналы ықпал етуде болып табылады.  Өндірістік ұжымдар мен жекелеген қызметкерлерге  белгілі бір экономикалык тұтқаларды (өзіндік кұн, пайда, баға, жалакы,  материалдық көтермелеу корлары) пайдалану жолымен ықпал ету экономикалық әдіс деп түсініледі.  Экономикалық әдістердің бірнеше тобын бөліп көрсетуге болады. Олар:

— шаруашылық механизмі және оның құрылымы;

— әлеуметтік-экономикалық дамуды аймактық баскару,

— экономиканы дамытудағы индикативтік жоспарлауды пайдалану;

— мемлекеттік реттеудің әдістері.

Басқару ең алдымен, ықпал ету, демек мұның өзі сол әрекетке билік ету қажеттігін көрсетеді.

«Мақсаттылық» анықтамасы басқару міндетін — ұжымның алдына қойған мақсатына жетуін қамтамасыз етуді көздейді. Оның үстіне мақсат қою да басқару міндеті.

«Жүйелік» анықтамасы дүркін-дүркін емес жүйелі, үздіксіз жүзеге асыру қажеттігін көрсетеді.

Әрекеттің осындай міндетті бірізділігін басқару процесі деп атайды. Әр түрлі деңгейде басқару процестерінің күрделілігіне және алуан түрлілігіне қарамастан, Д. Н. Бобрышев осы категорияға — басқару процесіне біршама жалпылама анықтама береді. Басқару процесі — бүл шешімді шығаруды, қабылдауды қабылданған шешімінің орындалуы жөніндегі жүмыс барысын үйлестіруді, қабылданған шешімнің орыңдалу барысын бақылауды бірізділікпен жүзеге асыру (I схема). Бүл анықтама басқару әрекетінің мазмұнын да ашады.

Басқару процестерін басқарудың көптеген жүйелері мен салаларында жүзеге асырады. Кәсіпорындар мен мекемелерде, кәсіпорыңдарды тасымалдау орындарында т. б. Яғни, адамдар еңбек ететін ұжымның барлығында белгілі бір мақсатқа жету үшін басқару қызметі бірінші кезектегі міндет болып саналады. Басқару процесі мемлекеттік деңгейде де, шаруашылық ұйымында да бірдей жүргізіледі. Стратегиялық және жедел проблемаларды шешкен кезде ол бір мақсатты көздейді, әрине мұндай жағдайда көбінесе «Стратегиялық басқару», «жедел басқару » секілді терминдерді пайдаланады. Бірақ мұңда басқару мазмұны өзгермейді.

Басқару циклді процесс ретінде қарастырылады, ол «басқару кызметі» деп аталатын басқару жұмысының нақты түрінен тұрады. Басқару қызметі — басқару жұмысының нақты түрі, оны жүзеге асыру үшін арнайы амалдар мен әдістер, сондай-ақ тиісті ұйымдық жүмыстар қолданылады.

Әрбір басқару қызметі процесс болып саналады, өйткені, бұлар да өзара байланысты әрекеттер сериясынан тұрады. Басқару қызметі барлық қызметтің жалпы жиынтығы. Басқару қызметіне ғылымның көптеген салаларыңда ғалымдар зор көңіл бөлді. Кезіңде А. Файоль былайша тұжырымдаған болатын: «Басқару дегеніміз болжамдау және жоспарлау, ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестіру және бақылау». Бұл қызмет басқарудың теориялық категориясы ретінде әдебиеттерде кеңінен пайдаланылады, бірақ біржақты емес.

Басқару қызметінің өзіндік өзгешелігі, ерекше мазмұны болады әрі дербес жүзеге асырылуы мүмкін. Оларды кез-келген басқару саласындағы  адамдар қызметіне теңдестіруге болады. Шындығында, кез келген салада басқару үшін шешімді әзірлеу және қабылдау, оның орыңдалуын ұйымдастыру, оның орындалу барысьн үйлестіру, орындалу нәтижесін бақылау және де осы деректердің негізінде келесі ішешімді шығару және қабылдау қажет.

Басқарудың барлық қызметі бір-біріне тығыз байланысты, сонымен қоса, олар бір-бірімен сіңісіп кетеді. Жоғарыда атап көрсетілгендей, басқару қызметіне деген көзқарас және олардың жіктелуі алуан түрлі. «Менеджмент негіздері» кітабының авторлары (М.Х. Мескон, М.  Альбет, Ф.  Хедоури) басқару қызметінің елеулі түрлерін шағын категорияларға бөледі. Мұның өзін қазіргі барлық ұйымдарға қоддануға болады .  Авторлардың пікірінше, басқару процесі олардың өзара байланысты қызметтерінен: жоспарлаудан, ұйымдастырудан, мотивация және бақылаудан тұрады.

.

Тағы рефераттар