Басқарудың төрт функциясы туралы қазақша реферат

Басқарудың төрт функциясы – жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау – екі жалпы сипаттамасы бар: олардың барлығы шешім қабылдауды талап етеді және ақпарат алмасу үшін барлығына коммуникация (байланыс) қажет, себебі дұрыс шешім қабылдауға және ұйымның барлық мүшелеріне осы шешімнің түсініктілігін жеткзу үшін. Сондықтан осы екі сипаттама жоғарыда аталған барлық төрт функцияларды байланыстырып олардың өзара тәуелділігін қамтамасыз етеді және шешім қабылдау мен байланысты өзара байланыстырушы процестер деп жиі атайды.

Тиімді шешім қабылдауға ақпаратта әсер етеді. Ақпарат шешім қабылдауда да және де басқарушылық әсердің, әмірдің өтімді орындалуына да қажет. Осы екеуінің арақатынасы ақпаратгы өңдеуге кеткен еңбек пен уақытты ақтауы қажет. Ақпарат сондай-ақ шешімді іске асыру үшін де қажет. Шешімнің өзі белгілі жағдайларда ақпараттың бір түрі ретінде басқа шешімдерді немесе басқа да басшылық әрекеттерді орындауда қолданылады. Мысалы, жоғарғы деңгейдегі басшыларға мүмкіндігінше ақпараттың барлық түрі қажет, ал төменгі деңгейдегі басшыға көбіне біртекті ақпараттар жеткілікті болады. Бұл факторды ескермеу қате шешім қабылдауға итереді.

Ақпаратты жинау мен өңдеу өз уақтылы жүргізу қажет. Информацияны, фактілер пісіп жетілмей ерте жинауға жол бермеу керек. Дәл сол сияқты информацияны жинауды созбай, талдау кешікпеуі керек. Ақпарат жинау уақытын орынсыз созу, шешімді жуықтап, көз өлшеумен қабылдауға мәжбүр етеді. Ал соңында бұндай шешім қабылдаудың тіпті қажеті жоқ екені айқындалуы мүмкін.

Ақпарат пен шешім қабылдаудың «балансын» орнату үшін өзінің атқаратын функциясына байланысты әрбір басқару органның функциясына сәйкес информация шамасын іздеп белгілеу керек. Сонымен қатар төменгі және жоғарғы органдардың әр түрлі қызметтеріне байланысты ақпараттың көлемі мен түрі арасындағы байланысты айқындау қажет. Ақпарат каналдары мен түрлері арасындағы үйлеспеушілік жоғарғы звенода төменгілердің өзіне қажет етпеген ақпаратты жинауға әкеліп соғады.

Пайдаланылған әдебиеттер 

1. Майкл Мескон и др., “Основы менеджмента”, — М., 1995 г.

2. Тейлор Фредерик Уинслоу, “Менеджмент”, — М., 1992 г.

3. Нәрібаев Қ, Жұмамбаев С., Менеджмент: Оқулық. — Алматы; Қазақ университеті, 1998 ж.
Тағы рефераттар