БСО мәтіндерінің жиілік сөздіктеріне сүйене отырып, тіл заңдылықтарын түсіндіру барысындағы тағы бір ерекше маңызды нәрсе — оқулық мәтіндеріне шығармалары өнген әр түрлі авторлардың тілі мен оқушы тілі арасындағы сөздік қорға байланысты туындайтын сәйкессіздік — оқулық құрастырушылар тарапынан әлі де назарға алынбай келеді. Мәтіндерге лексикалық бірліктерді іріктеуде баланың таным көкжиегін кеңітетін жаңа мәнге ие сөздердің молынан қамтылуы ескеріле бермейді. Мұнда оқулықтарда сирек кездесетін сөздермен бірге, жиі қолданыста болғанымен, оқушы тілінде белсенді түрде қолданылмайтын немесе бейтаныс сөздерге де көңіл аудару керек. Осы мақсатпен зерттеу жүргізілген 50 ж. БСО мәтіндеріндегі оқушылар тілінде белсенді түрде қолданылмайтын, жиі және сирек қолданыстағы сөздер Шымкент қаласындағы №50, 64, 26 және №47 қазақ мектептеріне, сонымен бірге Қазығүрт ауданының Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепке эксперимент жүргізу барысында анықталды.

Мұнда оқушыларға алдымен әрбір сөзді жеке дара қалпында мағынасын түсіндіру талап етілді. Бұдан кейін мағынасы түсінуге қиындық келтіретін сөздер түрлендіріліп, бірнеше вариантта берілді. Мысалы, ақ, етістігін түсіндіру үшін бұл сөздің ағын, аққан, ағыз сияқгы формалары да қамтылды. Ал соңында олардың әрбірін өздері тіркесетін сөздермен бірге бере отырып, оқушылар ұғымына жақындау үлгіде шығуына назар аудардық.  Мысалы,  айқар етістігінің мағынасы оқушыға түсінікті болуы үшін бұл сөз айқара аш түрінде, ал қылаула етістігі қылаулап жауды тіркесімен берілді. Жүргізілген бақылау барысында оқушылар толық түсінетін, жартылай білетін және мағынасы беймәлім, яғни олардың сөздік қорында жоқ лексикалық бірліктер жеке-жеке топтастырылды. Ондағы статистикалық мәліметтер бойынша 50 ж. БСО мәтіндеріндегі лексикалық бірліктердің әрбір сыныпқа қатысты оқушылар тіліндегі қодданымы анықтадды. Атап айтқанда, оқулықтар бойынша 1 сыныптағы 3126 сөздің оқушыларға 2264-і таныс, 862-і бейтаныс, 2 сыныптағы 6513 сөздің 4930-ы таныс, 1583-і бейтаныс, 3 сыныптағы 9344 сөздің 6803-і таныс, 2541-і бейтаныс сөздер екендігі дәлелденді. Бұлардың ішінде оқулықтарда жиі қолданылғанмен, оқушыларға бейтаныс, сонымен бірге оқулықтарда сирек қолданылатын танымдық маңызы жоғары сөздері іріктеліп, бастауыш сынып оқушыларының тілін байытып, сөздік корын кеңейту мақсатында минимум сөздік құрастырылды. Сонымен бірге 50 ж. БСО мәтіндеріндегі лексикалық бірліктердің әрбір сынып сайын қайталана қолданылуы және әрбір сынып сайын алдыңғы сыныптарда кездеспейтін жана сөздердің енуі сарапталып, олардың оқушы сөздік қорын арттырудағы мүмкіндіктеріне таддау жасалынды(2б-кесте).

Сыныптар Сөз саны

Сәйке с келеті ні

Пайыз

(%)

Сәйкес емесі

пайыз (%)

Жаңа сөз паиыз (%)
1 сынып 3126            
2 сынып 6513            
3 сынып 9344            
1-2 сынып 7014

2625

37,42

4389

62,57

3888

55,43
2-3 сынып 10028

5829

58,12

4199

41,87

3014

30,06
1-3 сынып 10298

4342

42,17

5956

57,83

270

2,62

50 ж. БСО мәтіндерінің сыныптан сыныпқа көшу барысындағы лексикалық өзгерістері

 

 

 

50 ж. БСО мәтіндерін 70 ж. БСО және БӘ мәтіндерінің лексикасымен салыстыру арқылы олардағы лексикалық қордың ара салмағы ашылды. Нәтижесінде 50 ж. БСО мәтіндеріндегі 4042 сөз 70 ж. БСО мәтіндерінде жоқ болса, 70 ж. БСО мәтіндеріндегі 5030 сөз 50 ж. БСО мәтіндерщце кездеспейтіні және 4155 сөз БӘ мәтіндерінде қамтылмағавдығы анықталды. Алынған нәтижелер салыстырылушы мәтіндердің арасындағы лексикалық ерекшеліктерді анықгауға мүмкіндік берді.

Сирек қолданыстағы сөздердің статистикалық сипаттамасы

Жиілік сөздіктер С/к Сөз Ғ<4 Ғ%
1.   Балалар әдебиеті 97260 11068 7692 69,48%
2.   50 ж. БСО 185961 10298 6099 59,22%
3.   70 ж. БСО 241984 12281 7373 60,03%
4.   90 ж. БСО 226374 12813 7651 59.71%
5.   2000 ж. БСО 368965 13869 7952 57.15%
6. Орыстілі (Засорина 1966) 120843 14206 9089 63,98%
7.   Абай (көркем әдебиет) 46819 6017 3877 64,43%

Мысалы, таңдама көлемі 185961 сөз қолданысқа с.қ. тең (10298) сөз 50 жылдардағы оқулықтарда аз кездесетін сөздердің үлесі 59,22, ал таңдама көлемі 241984 сөз қолданысқа  (12284сөз) тең 70 жылдардағы оқулықтардағы олардың үлесі 60,03% таңдама көлемі 226374 сөз қолданысқа тең 90 жылдардың оқулықтарындағы аз кездесетінсөздердің үлесі 59,71, таіідама көлемі 368965 сөз қолданысқа тең 2000 жылдар оқулықтарыйдағы олардың үлесі 57,33. Засорина құрастырған таңдама көлемі 120843 сөз қолданысқа тең болатын орыс тіліндегі сөздіктегі ең аз кездесетін сөздер 63,98 болса, Абай шығармаларындағы олардың үлесі 64,43. Сондықтан да ең аз кездесетін сөздерді салыстыруға байланысты пікірлер мен қортындылар жасау барысында өзара бірдей көлемдегі таңдамаларды,яғынй 185961 (жуықтағында 200000 с.қ). сөз қолданыспен 368965 сөз қолданыс арасындағы таңдамаларды шартты түрде өзара деңгейлес деп қарастырдық. Сондағы 1950-2000 жылдардағы оқулықтарды салыструдан байқағанымыз — бұл көлемдегі таңдамалар үшін ең аз кездесетін сөздердің үлесі 57-60 шамасында болады. Ал 100000 және 120000 сэз қолданыс аралындағы таңдамалар көрсеткендей агглютинативті тілдер үшін (БӘ97260 с.қ.) бұл шама 69-70 болса, фелективті тілдерде ол 64-70 шамасында (Засорина) болады. Алынған нәтижелерді флективті тілдерді агглютинативті тілдерден ажырататын типологиялық сипатамалар ретінде де қарастыруға болады. Неліктен оқулықтар мәтіндерінде өзге таңцамалармен салыстырғанда сирек қолданыстағы сөздердің үлесі төмен Оның себебі, БСО мәтіндерін құрастыруда көбіне мәтіндердің білімділік, ғылыми-әдістемелік және тәрбиелік жағына, авторлық прагматика мен

аялық білім мәселелеріне көңіл бөлінеді де алынған мәтіндердің сөздік қоры мен лексикалық байлығы жан-жақтылығына, жаңа сөздердің қамтылуына онша назар аударылмай келеді. Болашақта оқулықтар құрастыру барысында бұл өзекті мәселе де ескерілгені жөн деп ойлаймы?.

Бір тілге қатысты таңдама көлемінің ұлғаюы орташа алғанда әрбір лексикалық бірлікке сәйкес келетін мәтіндегі сөз қолданыстар шамасын сипаттайтын Ғ көлөмінің өсуіне әкелёді. Ал Ғ Шамасын таңдаманың жалпы көлемін мәтіндегі әр түрлі лексикалық бірліктердің жалпы санына бөлу арқылы алдық: Ғ=ІМ/І_. Мұндағы алынған Ғ шамасы әр сөзге қатысты алғандағы орташа қолданыс мөлшерін білдіреді. Ғ шамасы таңдама көлемі зерттеуге алынған мәтіннің жанры мен тақырыбы, тіл қүрылысы секілді өзгермелі шамаларға байланысты болады. Негізінен, Ғ шамасы мәтіннің лексикалық жағынан жұтаңдығының көрсеткіші болып табылады: Ғ мәні жоғары болған сайын, мәтіндегі әр түрлі лексикалық бірліктеп соншалық аз болады және керісінше, Ғ мәні неғұрлым аз болса, соғүрлым мәтіннің сөздігі де әр түрлі лексикалық бірліктерге бай болады. Бұл тұжырым әр түрлі жанрға қатысты мәтіннің лексикалық байлығы туралы біздің болжамымызға да сәйкес келеді.

Шынында да, 50 жылдардағы оқулықтар мәтіндерінің лексикасы (Ғ=18,05) 70 жылдардағы оқулықтар мәтіндершің лексикасымен салыстырғанда (Ғ=19,70) салыстырғанды алуан   түрлі   болып   келсе,   өз   кезегінде   Б   мәтіндерінің лексикасы (Ғ=8,78) 50 және 70 жылдардағы оқулықтар мәтіндеріне қарағанда басқаша болып келеді. Дегенмен 2000 жылдардағы оқулықтар лексикасын 90 жылдардың оқулықтары лексикасынан жұтаң деп есептеуге болмайды, бұл орайда таңдама көлеміндегі айырмашылық (368965 с.қ. және 226374 с.қ) та ескерілуі тиіс. Ал Абай шығармаларының тілі (Ғ=7,78) БӘ тіліне қарағанда бай екендігін көреміз. Мұның себебі түсінікті: БСО мәтіндері әр түрлі авторлар шығармаларынан алынған үзінділерден және БӘ салыстырғанда көлемі шағын мәтіндерден құралған.

Ал әр жазушының тіл байлығы әр түрлі екрнін ескерсек, онда оқулықтардағы шағын мәтіндер сол жазушылардың барлық сөздік қорын қамти алмайтындығы айқын.

Абай шығармаларының салыстырып отырған басқа таңдамалардан тілге байлығы ұлы ақынның әр түрлі авторлар шығармаларынан алынған үзінділерден тұратын мәтіндер тілінен артықшылығын көрсетсе керек.
Тағы рефераттар