Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетінің даму деңгейінің диагностикасы туралы қазақша реферат

         Тілдік теорияны үйрету   үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамыту үшін  Бексейіт орта мектебінде  эксперимент өткізілді.

Экспериментте 4-сынып оқушылары, 8 оқушы қатысты. Зерттеуге қатысқан оқушылар тізімі қосымшада жазылған.

Экспримент үш кезеңнен тұрады:

1-кезең – констатациялау кезеңі – бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетінің дамуының  деңгейін  алғашқы  диагностикасы;

2-кезең – қалыптастырушы кезең – тілдік теорияны зерделу үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайларын іске асыру;

3-кезең – бақылау кезеңі – бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеті дамуының деңгейін қайталап диагностикалау, алынған нәтижелердіңі талдаулары беріледі.

Есте сақтау қабілеті дамуы деңгейін бөліп көрсету үшін пайдаланған критерийлер:

  1. Жылдамдық – барлық адамдарда әр түрлі, оны есте сақтау қабілетіне арнайы жаттықтыру арқылы арттыруға болады.
  2. Дәлдік – бала кездестіретін фактілер мен оқиғаларды, сондай-ақ ақпарат мазмұнын  еске түсіруде дәлдік көрінісін табады.
  3. Есте сақтау қабілетінің  ұзақтығы – ұзақ уақыт ішінде бастан кешкен тәжірибені сақтай білу қабілеті.
  4. Есте сақтау қабілеті көлемі- есте сақтау қабілетінда ұсталынатын ақпарат саны.

Бөлінген критерийлер, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін өңдеу негізінде және сандық көрсеткіштерді алу үшін бастауыш сынып оқушыларында есте сақтау қабілеті дамуының үш деңгейі: төменгі, орташа және жоғары  көрсеткіші бөлінді.

Жоғары деңгей – аз ғана қателермен жылдам жаттау (орташа 0,6-0,7 қате). Оқушылар үшін үғуды жеңілдететін тәсілдерді белсенді іздестіру және былай пайдалану тән:

1)    Материалды берілген күйінде жаңғырту;

2)    Қайталау;

3)    Еске түсіру;

4)    Материал бірліктерін мазмұндап айту;

5)    Дыбыстау және т.б.

Орташа деңгей – қарапайы мнемикалық тәсілдер: қайталау, дыбыстау. Бірақ зерттелетін тұлға есте сақтаудын дәл болуына әрқашан тырыспайды, ерік  танытпайды, сондықтан қателер жібереді.

Төменгі деңгей – байланыссыз материалды әзер ұғады, оларда есте сақтау мақсатты жоқ. Балалардың көбінде  есте сақтауды жеңілдететін амалдарды іздестіру және пайдалану ынтасы жоқ, олар баяу және есте сақтау нәтижесіне енжарлық танытады. Оларда ақырында берік болайтын материалда байланысы  өте баяу  жасалады.

Сондықтан жаттау үрдісі баяу  және айтарлықтай көп қатемен жүреді.

Бастауыш сынып оқушыларындада есте сақтау қабілетінің даму деңгейін анықтау мақсатында біз қолданған әдістер:

«Заттар суреттерін  жіктеу»  әдісі.

Эксперимент материалы – 15 кеспе, әр қайсысында бір зат  бейнеленген. 15 зат оңай жіктеледі: жануарлар, жеміс, ойыншық. Зат суретінен басқа кеспеде (жоғарғы оң бұрышында) екі жақта сан жазылған.

Зерттеу басында кеспелер тақтада кездейсок тәртіпте ілініп, қағазбен жабылған болатын.

Зертетуге қатысушыларға  заттарды жалпы белгілері бойынша жіктеу білулеріне тәжірибе өткізілетіні туралы айтылған нұсқаулық беріледі. Зерттеуге қатысушының міндеті – заттарды топтар бойынша жіктеп, топта атауын алға қойған тәртіпте жазу. Тәжірибе аяқталған соң қатысушыларға ұққандары бойынша кеспеде бейнеленген заттарды, сосын сандары кездейсок тәртіпте жаңғырту ұсынылады.

«Джекобс әдісі». Бұл әдіс цифрлық материалмен мынадай жұмыс түрінде өткізіледі. Зерттелушіге 4-тен 10-ға дейін элементі бар  бірінен соң                    7 қатар цифрлар ұсынылады. Цифрлар қатары кездейсоқ құралады. Эксперемент өткізуші қысқасынан бастап әр қатарды кезегімен бір реттен оқиды.  Әр қатарды оқыған соң  2-3 секундтан кейін зерттелушілер хаттамада қатар элементтерін  естерінде қалғандары  бойынша жазады. Тәжірибе бірнеше рет әр  цифр қатарымен өткізіледі.

Есте сақтау қабілеті дамуы деңгейін анықтаудың тағы бір әдісін Л.С. Мучник және В.М. Смирновпен ойлап  тапқан. Олар ұсынған тесттің бірінші жартысында тапсырмалар Джекобс әдісі бойынша орындалады. Тәжірибенің екінші жартысында есте сақтау қабілетінің көлемі анықталады, ол үшін зерттелушіге ойында бір-біріне қосып, нәтижесін есте сақтау тиіс жалаң сандар беріледі. Аяқтаған соң зерттелуші жасаған есептерінің барлық нәтижелерін айтып беруі керек.

«Жол элементті анықтау әдісімен есте сақтау қабілетін өлшеу» әдісі. Зерттелушілер экспериментте қолданылатын ынталандыру қатарымен алдын ала танысады. Кейін осы стимулдар кездейсоқ тәртіпте оларға ұсынылады. Зерттелушінің міндеті – берілген  тізбектегі қатардың қай элементі жоқ екенін анықтау. Есте сақтау үшін стимул ретінде сандар қатары, сөздер қолданылуы мүмкін.

Есте сақтау қабілетінің даму деңгейін зерттеу үшін мен мындай классикалық әдістерді пайдаландым: қатардағыберілген сөздер мүшелерін таңтап алу әдісі; жаттау әдісі, сәтті жауаптар әдісі, антиципация әдісі.

Мысалы, жаттау әдісін өткізуде зерттелушіге кез -келген тәртіпте қатесіз айтып беру критерийіне  дейін элементтер қатарын (буын, сөз, сан, фигура және т.б.) жаттату ұснылады. Зерттелушінің объектілер қатарын қатесіз айтып беруі үшін қайталаған санды есте сақтау көрсеткіші болады. Зерттелушіге белгілі бір уақыт өткен соң объектілер графигін қайта еске түсіруді ұсынып,  ұмыту кестесін салуға болады. Жаттау әдісі эксперимент өткізушіге  көлемі мен мазмұны әр түрлі материалды есте сақтау және ұмыту үрдістерінің динамикасын бақылау мүмкіндігін береді.

«Жаттау үрдісін зерттеу» әдісінен мысал келтірейік. Бұнда эксперимент материалы ретінде мағынасы жаңынан байланысы жоқ сөздер алынған. Материал дыбысталу арқылы беріледі. Зерттелушіге кез -келген тәртіпте қатесін айтып беру шартымен 12 сөзден тұратын қатар ұсынылады. Әр айтылған сайын зерттелуші оны қайталайды. Қайта айтып беруден 5 с. өткен соң қатар қайталанады.  Есте сақталған элементтер хаттамада «+» белгісімен  бейнеленеді, егер зерттелуші еретеде болмаған сөзді атаса, онда ол хаттама ескертулеріне жазылады. Тәжірибе қатарды толық жаттағанға дейін өткізіледі.

Есте сақтау қабілетінің даму деңгейін  аталған әдістер арқылы диагностикалау нәтижелерін 2-қосымшада берілген.

Констатация кезеңінде өткізілген жұмыс нәтижесінде   эксперимент басында белгіленген критерийлер негізінде зерттелушілердің 30%  есте сақтау қабілеті дамуының деңгейі төмен екені анықталды.  Балалар  байланысы жоқ материалды әзер ұғады, оларда есте сақтау мақсаты  туындамайды. Балалардың көбінде  есте сақтауды жеңілдететін әдіс-амалдарды іздестіру және пайдалану ынтасы жоқ, олар баяу және есте сақтау нәтижелеріне селқостық танытады. Оларда материалдағы байланыс пен күрделіден жайға бөлу  туындайды, ол нәтижесінде мықты болмайды. Сондықтан жаттау үрдісі баяу және көп қатемен жүзеге асады. Зерттелушілердің 57 %-ы қарапайым  қайталау, дыбыстау мнемикалық тәсілдерді қолданады. Бірақ зерттелушілер дәл есте сақтауға тырыспайды, ерік танытпайды, сондықтан  жиі қате жібереді. Бұл есте сақтау қабілеті дамуының орташа деңгейінің көрсеткіші.  Балалардың 13%-ы ғана  аздаған қатемен  жылдам жаттайды. Оларға есте сақтауды жеңілдететін тәсілдерді  белсенді іздестіру, оларды қолдану ынтасы тән, бұл есте сақтау қабілеті дамуының жоғары болуын көрсетеді.

Алынған нәтижелер таладу зерттелушілердің  жартысынан көбінде есте сақтау қабілеті дамуының деңгейі  орташа және төмен, түзетуді талап  етеді.  Зерттеудің констатация кезеңі нәтижелері ұсынылған болжамға сәйкес эксперименттің қалыптастыратын кезеңі өткізілуін талап етеді.
Тағы рефераттар