Батыс державаларының келу  қарсаңындағы Қытайдың әлеуметтік құрылымы туралы қазақша реферат. Қытай мемлекетінің әлеуметтік- экономикалық қатынастарында манчжур әскері  басып кіргеннен кейін еш өзгерістер байқалған жоқ. Әдет- ғұрып бойынша жер екі катеогорияға бөлінді: ұлттық (минь)  және мемлекеттік (гуань). Негізгі экономикалық не  әлеуметтік  өмірде де қытайлық ұжымдық қоғамдық бірлестіктер болды. Ұжым мүшелері жерге бірге  билік етіп, бір бірімен туыстық қатынастарда болды. Олар жерді бірге өңдеп, өзге қауым мүшелеріне немесе көрші ауылдың адамдарына жалға беріп отырған.  Жиналған ақша ауылдың коллективінің қорына түсті.  Әдет- ғұрып бойынша  ауылдық ұжымдық жерлер гуань болып  саналды.

Арнайы жерлер де болды. Ол жерлерден келетін табыс ауылдық мектепке жұмсалды, оқытушылардың жалақысына,  жағдайы жоқ немесе өнерлі оқушылардың жоғарғы оқу орнына түсуге көмек ретінде жұмсалды.  «Храмдық» жерлер  діни мерекелер мен ауылдық храмға жұмсалды. Бұл жерлер ауыл кеңесінің келісімінсіз сатылмады.

Ұжымдық жер меншігінен басқа жеке меншік те болды. Жер иеленуші жерді сату не жалға беруге құқылы болды. Бірақ , ең бірінші, ұсынысты ауылдық ұжым мүшелеріне айту міндетті болатын.

Қытай халқының ерекшелігі- бұл ұжымдар өзара туыстық байланыста болды және белгілі бір рулық қауым  болып саналды. Янцзы өзенінің солтүстігіне қарай ауыл рулық қауымға  бөлінсе, оңтүстігіне қарай ауыл толық бір клан болып келді.

Рулық қауымдар ата- бабасынан келе жатқан діндерін ұстап, храмдарда түрлі мерекелер өткізген. Кей жағдайда ауылдық, ұлттық құрылтай өткізген. Храм қабырғасында балалар білім алған, ересектері кішілерге оқытушы болған.  Храмдар штаб кызметін де атқарған. Егер қарақшылар немесе мемлекеттік басқыншылық әрекеттер болған жағдайда адамдар осы жерде жиналып, төтеп беріп отырған.

Қытайда кең таралған рулық- ұжымдық қатынастар Қытай империясының әлеуметтік институты болып саналды.

Ауыл басындағылар екіге бөлінді. Біріншісі- жерді жалға беретін жер иеленушілер.  Олар қалған жерлерін жанұя мүшелерімен бірге өңдеді. Егер әкесі таңертен ұлдарына тапсырма берсе: біршісіне егінде жұмыс жасауға, екіншісіне екінші ауылдағы базарға баруға, ал үшіншісі, ең қабілеттісіне,  емтихан тапсыруға дайындалуға, бұл осы категорияға күнделікті тән нәрсе болатын еді.

Ал екінші басымдау әлеуметтік топ- қытай қоғамының білімді бөлігін құрайтын жер иеленушілер болды. Ол көбінесе емтихан тапсыру үшін дайындыққа көп уақыт пен көңіл бөлген. Сондықтан да көбісі шенеунік карьерасын жалғастырады. Оларды  шэньши деп атаған.  Шэньшилер  де жерді жалға берген.   Бірақ та барлық шэньши аса бай болмаған. Кейбіреулері елде мұғалім, емтихандарға дайындайтын жаттықтырушы болып, немесе   ауылдың әлеуметтік істерімен айналысатын ұйым, жергілікті өзін- өзі қорғау отрядтарының төрағалары болып жұмыс істеген. Жалпы шеньшилердің табыстары барлық әлеуметтік қоғам табысының үштен бір бөлігін ғана құраған. Табыс сәйкесінше қызмет, жер иеленушілік және  жеке кәсіп үшін 3:2:1 болып бөлінген.

Циндік Қытайда жарты шенеуніктердің арғы аталары шэньши болмаған. Ал бірінші жерді жалға беруші-иеленушілер  жер иеленушілердің тек бір бөлігі ретінде қарастырылған. Саудагерлер тұйық әлеуметтік топқа жатпады. Егер олар  жерге капитал салса, жер иеленушіге айналу қиын болған емес.

Цин билеушісі Қытай  әдет-ғұрпы бойынша  Аспан Ұлы деп аталды және адамдар мен аспан арасындағы қасиетті тұлға ретінде саналды. Жылына екі рет император Қасиетті Жер және Аспан храмдарында  діни мереке өткізеді. Оған қызмет пен құрмет ететін астындағы адамдарға мейірімді болу үшін  Аспан үшін құрбандық шалған. Сәйкесінше, қарапайым халыққа Заң бойынша император атын атауға және жүзін  көруге болмайтын.

Аспан Ұлы екі негізгі қызмет атқарды,  жоғарғы заңнама мен әкімшілік қызмет. Ол екі кеңестік органға жүгінді: императорлық секретариат және әскери кеңес.

Басқару органдары алты ведомстваға бөлінді: мереке, шен, салық, әскери қызмет және әлеуметтік жұмыстар.  Бүкіл мемлекеттен келетін ақпараттар министрліктерге түсті, кейін қорытынды түрінде меморандумдар, проектер ретінде өткізілді. Нәтижесінде император шешім қабылдады.  Империяның кең ауқымдығына және мемлекеттік  басқару жүйесінің күрделілігіне қарамастан , император әрқашан да уақытында ақпараттандырылып отырды.  Әскери ведомства  ұйымдастырған почтовый станциялардың арқасында жедел хаттар өте алыс жерлерден 2 апта ішінде астанаға жететін болған.

Әкімшілік қатынастар 18 провинцияға бөлінді.  Әр провинцияны губернатор басқарды, және олар 10 облысқа бөлінді. 180 облыстың өзі  уездерге бөлінді. Провинция мен уездерде   мемлекет астанасында сияқты басқару органдары жұмыс істеді. Провинциялық басқару  қаржы, білім, мемлекеттік монополия бөлімдерінен тұрды.

Жалпы Қытайды Цин империясы басқарған  кезде де мемлекеттің әлеуметтік құрылымы өзгеріске қатты ұшыраған жоқ.  Бірақ кейбір ерекшеліктер сақталды. Мысалы маньчжур мен қытайлықтар ешқашан бірге тұрмыс құра алмады, және де маньчжурлықтардың деңгейі қалған ұлт өкілдеріне қарағанда жоғары тұрды. Ал жер иеленушілерге жатпайтын саудагер- шаруаларға элита құрамына кіруге мүмкін болды.

Қытайдың әлеуметтік институтының негізіне сүйенсек, императорлық басқарудағы қытайлық  қоғам  бірқалыпты өмір сүрді. Әлеуметтік қоғам екі топқа бөлінді, яғни нәтижесінде шенеунік қызметін атқарған жер иеленушілер, екіншісі мемлекеттік қызметтегі адамдар.

Бірақ бұл империялық Қытайдың артта қалған  қоғам  дегенді білдірмейді. Себебі оның тарихында династиялар өзгерді, өте атақты философтар болды, мәдениет дамыды,жаңа діни жүйелер пайда болды, біртіндеп ауылшаруашылық пен қолөнер технологиялары дамыды.

.

Тағы рефераттар