Бразилия және гвиана тау қыраттары туралы қазақша реферат

Бразилия таулы қыраты құрлықтың шығыс бөлiгiнiң 4-10° пен 35° аралығындағы ядросын құрайды. Бұл таулы қырат батыстағы құмтасты үйiндi жағалауымен және оңтүстiк-батыста Уругвай өзенiнiң ағынымен, сол сияқты шығыстағы жағалық сызықпен оңтүстiкте Ла-Платамен және тек солтүстiгiнде және солтүстiк-батысында ғана Амазонамен ұштасып кетедi. Бiрнеше географиялық зонаның шеттерiнде орналасқан таулы қыраттың жалпы сипаты негiзiнен оның даму тарихымен және морфоқұрылымымен байланысты. Бұл сипаттар таулы қыратты бiр табиғи жерге бiрiктiруге ықпал етедi.

Барлық дерлiк таулы қырат дамудың ұзақ мерзiмдi континенттiк кезеңдi басынан өткiздi. Бұл кездерi денудациялық процестердiң үстемдiгi жүрдi, қалдықты форма және жоғарғы беткейiнiң тегiстелуi болды және қазiргi өзен жүйесiнiң эпигенетикалық сiңуiн, сондай-ақ күштi қабықтың түзiлуi мен өсiмдiктердiң ежелгi түрлерi болған кезеңдердi өткiзген. Мұнда тек рельефте ғана емес, барлық табиғи де жаңаша вертикальды қозғалыстар байқалған. Осылардың әсерi мұхиттан соғатын желдерге қарсы көтерiлетiн массивтердi қатты ылғандыратын тыныш өзендерде порог түрiнде байқалды. Таулы қыраттың қазiргi заманғы морфоқұрылымда белгiлi аймақтықты байқауға байланысты. Шеткi шығыс зонасы жоғары биiктiкте (2900 м дейiн) және Атлантика алдындағы антеклизой қамтылған. Мұның қашықтау шығыс шетiнде жас ойпаттар учаскелерi құралған, олар өзендердiң аңғарына кiре отырып, одан қантбастылар жекелеген араның биiктiгi клизiнiң көтерiледi. Атлант маңы антеклизiнiң батыс шетiндегi моноклинальды жауын-шашын қабаттарынан түзiлген және куэстовтық рельефi бар орталық зонаны, Сан-Францисконың тектоникалық ойыстары байланыстыратын Параны-Паранайты синсклиздерi құрайды. Бұл зонада жазықты рельеф бар. Батыс зонаның шетiндегi iшкi көтерiлiмiнде құмтастардан түзiлген жайпақ аралдық массивтер кең таралған. Ал, батысындағы төменгi өлке кристалдық негiзiндегi жұмсақ толқынды пенеплендермен қамтылған.

Шығысы мен оңтүстiк шығысын айтпағанның өзiнде таулы қыраттың үлкен бөлiгiнде маусымдық-ылғалды климат тән. Жағалаулық жыра мұхиттың пассатымен келетiн ылғалды көп массасын алып отырады. Таулы қыраттың солтүстiк шығысы жаңбырлы көлеңкелi жақта орналасқан және экваториалды ауамен қамтыла бермейдi. Таулы қыраттың жайпақ еңiстерi Амазонадан келетiн ауа ылғалы массасы үшiн солтүстiкке жағымды. Тiптi таулы қыраттың орталық бөлiктерiнде жылына 1500-2000 мм жауын-шашын түседi.Бұл жылдық көрсеткiштiң тек 5% ғана қысқы айларға келедi. Бұл процесс ұзақ мерзiмдi құрғақтық пен жоғары қысымның тұрақтануы кезiнде болады. Бұл субэкваториалды муссондардың типтiк климаты болып табылады. Параналардың синеклизiнiң терең ойысуы мен оңтүстiкке қараған массивтердiң батуы Парана жазықтары мен Токантинс ойпаттары ауа массасының жазда экваториалдық оңтүстiкке қарай енуiне негiздейдi. Ал қыста қңыржай ендiктердiң солтүстiкке бағытталатын ауасының таралуы, фронтальды жауын-шашын түсуiне алып келедi. Қорытындысында таулы қыраттың оңтүстiгiнде жауын жыл бойына жауады. Жайпақ таулардың оңтүстiк биiктерiнде ауа массасы полистерiнiң енуi жылдағы үсiктiң солтүстiкке ығысуына дейiн алып келедi.

Қазiргi заманғы өзен жүйесi едәуiр маңызды деңгейде миоцендiк беткейге жақын. Гидро желiсiнiң проекциясы, құмтас жамылғысы кристалдық пенеплен немесе базальт-диабазалық үстiртi суайрықтардың анық болмауына және бар орография гидрожелiсiнiң сәйкессiздiгiне алып келедi. Мысалы, Сан-Францисконың жағалаулық өзендерi арқылы өтетiн эпигенетикалық ажыраулар осындай болып келедi.

Өзен желiсi өте қою болып келедi. Алайда  өзен аңғарларының басым көпшiлiгi және өзендердiң тереңдiк қыры нашар қалыптасқандықтан арналар сарқырамалар мен шоңғалдардан өтiп отырады . Ал бұлар  литоликалық  контрастармен  гидрожелiлердiң  жинақталуынан болады. Бұл, әлсiз пайдалынатын  гидроэнегияға  үлкен қосалқы                      алып келедi, бiрақ, мүмкiндiгiн шектейдi.

Бразилия тау қыратының  барлық өзендерi жаңбырмен қоректенуге жатады;(аздап ыза суларғада) қысқы ылғалды қорлар  қар түрiнде болмайды. Сондықтан өзендер режимінде қысқы шығын мен жазғы су тасқынының төмендеуі күрт байқалады.Мұндай режимдер болып тұратындарға ұзындығы бойынша үшінші Сан-Франциско  (2900 км. жуық), Бразилия таулы қыраттарына жататын Оңтүстік Америка өзендерін жатқызуға болады. Жазғы нөсердің соңына қарай ондағы су жайылмаларда 6-7м дейін толады; ені жағынан 20 км дейін; бұл төмендеу бір айдың көлемінде жүреді. Төменгі ағыстарда бұл жалпы ұзындығы 84 м дейінгі Паулу-Афан су сарқырамаларын туғызады. Бұл Бразилияда пайдаланылатын сирек энергиялардың бірі. Рельеф ерекшеліктері мен литология, ылғалды климаты геологиялық тарихтыңсоңғы кезеңдерінің дамуындағы адамзаттық жұмысы топырақ пен өсімдіктердің типтері және айиаққа тән айырмашылықтарын анықтады. Жалпы заңдылықтары топырақтардың маусымдық процесінің ырғағына қарай, қызыл латеритті топырақтар пайда болуына және савандардың орталық кең белдеу мен ксерофитті сирек ормандар, орманды белдеу өлкелеріне негізделеді.

Ыстық әрi ашық территориялардың экологиялық жағдайлары жердегi жануарлардың көбейуiне қолайлы. Оларға: қызылмұрын, сарғыш-қызыл кемiрушi қасқыр, қою теңбiл сусар, қызыл бұғы, қызыл теңбiл түйеқұс, кемiргiштер мен сауытты аңдарды жатқызамыз;кейбiр кемiргiштер (бразилиялық туко-туко) жер астында тiршiлiк етедi, кейбiреулерi өзендер қуысындағы шөптерге тығылады. Галереялық ормандардан түнгi уақыттарда жорыққа шығатындар: үлкен құмырсқа  жемiне онда әсiресе , құстар мен жәндiктер  құмырсқалар мен көбелектер  көп т.б.

Бразиялық тау қыратының үлкен алаңында  өзiндiк ландшафттық ерекшелiктерi бар iшкi  аймақтардың  өзара бөлiнуi мен айырмашылығының болуы табиғи құбылыс.

Таулы үстірттің солтүстiк беткейінің ормандары Амазонияның ойпатты гилеяларынан ортаңғы Бразилия таулы қыратының ылғалды саванналық ландшафттарына өтпелі аймақта орналасқан.  Таулы қыраттың солтүстiк шетi  Оңтүстiк Американ құрлығының өте нашар зерттелген, игерiлген өңірлерінің  бiрi болып табылады. Пенепленнiң аздап толқындалған   жер бедері  оңтүстiкке қарай  біртіндеп 300 – 350 м –ге көтерiледi, кей жерiнде биіктігі 100 –150 м дейiн жететін құмтасты, қалдықты жер бедерімен түрленiп отырады. Кристалдық қолаттармен ағатын  өзендерде  табалдырықты бедер пайда болады (кашуэйрос), олар Табажос, Шингу өзендеріне көп; өзен аңғарлары нашар тілімденген, ені кең. Жылына 2,5 – 3 ай жауын – шашын  түспейдi деуге болады, (айына 5 – 15 мм), ал  орташа температура  25 – 290С –қа тең.

Ормандардың оңтүстiгіне қарай құрғақшылық кезінде жапырақтарын түсіретiн  ағаштар саны ұлғаяды, кеуектi шападтарға   ылғал сүйгiш өсімдіктер  түгелдей ксерофиттi  сирек орманға орын бередi.

Орталықтың саванналық таулы қыраттарында табиғи кешендер дамуының маусымдық ырғағы анық байқалады. Сонымен қатар геологиялық құрылымы мен жер бедері алуан түрлі. Ұзақ мерзiмдiк денудация мен маусымдық шайылым үрдістерінің әсерінен кристалдық тау жыныстарында дамыған ежелгi пенеплендер жер бетіне шығып жатыр. Ішін – ара тығыз кристалды тау жыныстарынан тұратын  конус тәрізді массивтер (700-800 м биiктiкте) көтеріледі. Биiгiрек шығыстың бөлiктерiнде денудациялық үстiртiнiң биiктiгi 1000-1100 м дейiн жетеді.

Шападтар жазғы жауын –шашын суын және қысқы тұманның шықтарын сiңiрiп алады, бiрақ жер беті ағыны мүлдем болмайды. Құмтасты жыныстарда Тапажос, Шингу, Парагвай өзендерінің ағындары пайда болады, эрозиялық үрдіс басым. Келесі маңызы зор гидрографиялық торап таулы шығыстан: Паранаиба, Сан-Франсиску, Доси, Риу-Гранди мен олардың көптеген салалары бастау алады.. Барлық өзендердiң су режимiнде қысқы шығынының аздығы анықталған.

Жауын-шашын тек жаз айларында түседі: бір айда 300 – 500 мм–ге дейін жауын жауады. Температура  23-27 0 С болғанымен, жауын–шашын мөлшері буланудан 2-4 есе артық.. Ылғалы мол және нөсерлі жауынның салдарынан беткейлік, жазықтық шайылу басым.

Қыс мезгілінде жауын тоқтайды, температура 22°-24° С тұрақты, топырақ қабатының су режимі нашарлайды, сондықтан латериттi топырақтың жоғарғы қызыл горизонтында қаңқа (канга) түзiледі.  Топырақтың қара шiрiндісі аз (1-6%) және жер жырту әсерінен күрт төмендейдi (1%). Құрғақшылық пен канганың қалыптасуы мезофиттердiң өсуiне жол бермейдi. Ксерофиттi бұталы саванналар кампос серрадос, бұталы ағаштар басым:  чапарро (Curatella аmericana), витаминді қабығы бар кажу (Anacarduim occidentalis), кактустар және т.б. Ылғалдануы жоғары беткейлерде, латеритті қабықтың бұзылуынан мезофитті аралас ормандар пайда болады. Өзен аңғарының су тасқыны кезінде ылғалдануынан және террасалардағы грунт суының жер бетіне жақын жатуынан – галереялық пальма ормандары пайда болады.Тұрғындарыны негізігі шаруашылығы экстенсивті мал шаруашылығы.

Таулы қыраттың солтүстiк-шығысы аса құрғақ, осыған байланысты топырақ, өсiмдiк жамылғысы, су және жер бедерінде өзiндік ерекшелеліктер байқалады.

Жағалауда жауын-шашынның жылдық мөлшерi 1000 мм-ден асады, iшкi аудандарда 300 мм-ге дейiн төмендейді. Жауын-шашын бiрқалыпты түспейдi, жылдан-жылға жыл бойы, бiр жерден екiншi жерге, бірақ әдетте нөсер түрiнде жауады  100 жылдың 50 жылына қатты құрғақшылық немесе ерекше су тасқыны болады. Орташа айлық температура 20-280С.

Жыл бойы атмосфералық жауын-шашын мөлшерiнен булану мөлшерi бiрнеше есе асып түседi. Құрғақшылық жағдайында және жоғарғы температурада үгiлу үрдісi қарқынды жүредi. Үгiлуден жиналған материалдар жазғы нөсерлі жаңбырда шайылады, ежелгi жыныстар жер бетіне шығады.  Осы пенепленнiң үстiнде конус тәрiздi кристалды  таулар және тегiс төбелi жоталар көтерiлген. Осы үрдістер ежелгi денудация мен аса ылғалды жағдай болғанын айғағы.Өте құрғақ аудандарда құм тiзбектерi және басқа да эолды пiшiндер кездеседi.

Топырақ жамылғысы өте нашар дамыған: қалыңдығы 0,5 м – ге жететін қаңқалы топырақ жамылғысы аналық жыныстарды әрең жабады. Негiзгi түрлерiне орталығында қара шіріндісі аз қызғылт – сұр және құнарлығы төмен қызыл-қоңыр құба сілтілі  топырақтар жатады. Қызғылт латерит топырақ қабаты эрозия және дефляция нәтижесiнде жалаңаштанған. Қабаттың жалаңаштануына ағашты өртеу мен мал жайылымдары әсер етедi.

Ерекше қолайсыз топырақ жамылғысы мен климаттық жағдайға каатинг өсiмдiгi бейiмделген. Ағаштар мен бұталы өсімдік жамылғысында ксерофиттiк және суккуленттік жағдай ерекше көрiнiске ие болады, ал дәндi өсiмдiктер кездеспейді. Биіктігі 10 м-ге дейін жететін сирек орман ағаштары эндемикті түрлерден тұрады: анакардий тұқымдастырлар,  баобаб тұқымдастығынан шыққан бөтелке тәрiзді ағаштар, дiңгегі қампайған- “су қоймасы” (Cavanillesia arborea және Chorisia crispiflora), бұталы “каатингейра” (Caesalpinia түрлерi), мимоза және басқа бұршақ тұқымдастылар, әсiресе, кактустар (шик-шик-Pilocereus gouneilli, опунция-Opuntia inamoena, O.рalmadorа.) т.б. Каатингтердiң таралуы шамамен 650 мм изогиета сызығымен сәйке келедi. Iрi өзен аңғарларындағы галерейлiк ормандар балауызды пальмалар карнауба және бабасу, майлы пальма ойтисика т.б. — нан тұрады. Орман алаптары, сонымен қатар, жел жақ беткейлерде және грунт сулары жер бетіне шығыр жатқан өңірлерді өседі.

Каатингтiң ішкі аудандарында (сертана) шаруашылықтың негiзгi саласы-ешкi және қой өсiру, ылғалды аймақтарында мақта өсiрiледi.
Тағы рефераттар