50 жылдардағы 1 сыныпқа арналған «Қазақтілі» оқулығының 1024 сөз, 2480 сөз формасы мен 6314 сөз қолданысқа, ал 70 жылдардағы 1 сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығының 1454 сөз 2867 сөз формасы мен 8910 сөз қолданысқа тең екендігі байқалады. Бұл айырмашылық 70 жылдардағы оқулықтардың 50 жылдармен салыстырғанда ғылымитанымдық және оқу-әдістемелік мазмұнның ғылымдағы соңғы жаңалықтармен толығып, оқулық мәтіндерінің құрылымы күрделене түсуінің нәтижесі екендігі кейінгі тарауларда толығырақ сипатталды. Қарастырылып отырған 50 жылдардағы оқулықтардың лексика-граматикалық топтармен қамтылуындағы ерекшеліктер 2-кестеде пайыздың көрсеткіштерімен берілген.

Өзге сөз топтарына қарағанда қолдалынуы жөнінен жоғары пайыздың көрсеткішке ие зат есімдердің ішіне жалқы есімдерді бірнеше топтарға бөле отырып, шартты белгілермен көрсету барысында анықталғаны 50 жылдардағы оқулықтардағы барлық сөз қолданыстардың 0,8%-ын адам аттары,0,73%-ын географиялық атаулар, 0,17%-ын ру, тайпаі, ұлттардың аты  ол  ең аз  пайыздың  көрскткішті  (0,0016%) мәдени-ағарту орындарының аты қамтиды екен.

 

50-70 ж.ж. БСО мен БӘ мәтіндеріндөгі сөз таптарының статистикасы

Сөз таптары 50 ж БСО (% ) 70 ж БСО (% ) БӘ%
Зс Зс  
1. Затесім 34.8 37.19 42,14 38.84 39,42 42.46 37.7
2. Етістік 32,2 31,17 29,35 28,17 28,91 17,65 35,8
3. Сын есім 6,62 6.99 6.38 6,630 7.22 8.09 7.00
4. Шылау 5,67 4,43 5,00 5,67 4,46 5,00 394
5. Есімдік 12,6 11,87 9,08 12,62 11,65 9,18 7,20
б.Үстеу 2.05 3.05 1.85 2.06 2,83 2.66 Л778
7. Сан есім 3,94 3.04 4,29 3,94 3.27 3,53 2,46
8.Модаль сөздер 1,86 1,39 1,62 1,86 1,40 1,54 1,37
Э.Еліктеу сөздер 0,04 00,22 0,12 0,05 0,34 0,13 0,18
10 Одағай 0.10 0.59 0.16 0,11 0,37 0,17 0,46

Мұнда 50 жылдардағы оқулықтар мен 70 жылдардағы оқулықтарда сыныптар бойынша алынғанда зат есімдердің алатын үлестік салмағы шамалас 50ж. БСО 1 сыныпта 34,87 процент 2 сыныпта 37,19 процент, 3 сыныпта 42,14 процент болса, 70ж. БСО 1 сыныпта 38,84%, 2сыныпта 39,42%, 3 сыныпта 42,46%) болып келсе, БӘ зат есімдердің пайыздық үлесі де соған жақын (37,7%). Сол сияқты өзге сөз таптарының қолданысы бойынша да салыстырылған мәтіндерде олардың алатын үлестік салмағы ұқсас екендігін көреміз. Мұның өзі БСО мәтіндік құрылымындағы тақырыптық-мазмұндық ұқсастығы ғана емес, сонымен бірге сөз таптарының қолдануындағы бөлгілі бір заңцылықты аңғартса керек. Бул тұжырымның нақтылығына 90 және 2000 жылдардағы оқулықтарды салыстру барысында көз жеткізуге болады.

1990-200 ж.ж. БСО мәтіндерінің лексика-граматикалық топтармен қамтылуы

Сөз таптары 90ж Ғс/қ 2000ж Ғс/қ
І.Зат есім 39,14 88603 38,61 142457
2. Етістік 29,02 65694 29,1 107369
3. Сын есім 6,85 15507   27820
4. Шылау 5,63 12745 5,91 21843
5. Есімдік 11,16 25218 10,18 37561
6. Үстеу 2,86 6474 2,64 9741
7.Сан есім 3,4 7697 3,83 14131
8.Модаль сөздер 1,52 3441 1,6 5977
Э.Еліктеуші сөздер 0,16 362 0,2 886
10 Одағай 0,28 633 0,3 1180

 

 

Бұл келтірілген мәліметтерден 90-жәнене 2000 жылдардағы оқулықтардың мәтіндеріндегі сөз таптарының ара салмағы жоғарыда келтірілген деректерге ұқсас екендігін байқаймыз: 90 жылдардағы оқулықтарда зат есімдердің қолдануы 39,14% болса, 2000 жылдардағы оқулықтарда 38,61%. Сол сияқты етістіктердің қолдануын салыстыратын болсақ, 50 жылдардағы оқулықтарда олардың үлесі 30,16%шамасында (1 сыныпта 32,26%,2 сыкыпта 31,17% 3 сыныпта 29,35%) болса, 90 жылдарда 29,02% 2000 жылдарда 29,01%. Мұнда тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең граматикалық категория ретіндегі етістіктердің біз қарастырған оқулықтардағы қолданылуы әр жылдардағы оқулықтармен шамалас деңгейді көрсетеді. Бұл да біз қарастырған мәтіндердегі сөз таптарының қолданысындағы өзіндік сөз ерекшелік дер едік.


Тағы рефераттар