Бухгалтерлік есеп стандартының түрлері мен дайындау жолдары туралы қазақша реферат

Кей кездерде стандарттың қосымшалары да жарыққа шығуы мүмкін. Бұл қосымшада жаңа стандарттың басқа қай елдерде қолданылғандығы жазылып және оған қоса мысалдар берілуі мүмкін. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары халықаралық және ұлттық болып екі түрге бөлінеді. Халықаралық стандартты қаржылық есеп беру стандартын дайындаудың (жасаудың) халықаралық комитеті жасап шығарады. Ал ұлттық бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары әр елде бухгалтерлік есепті жүргізу үшін, сол елдің ішінде жасалынады. Бұл жоғарыда аталған халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты мен ішкі бухгалтерлік есеп стандартының арасында тікелей байланыс болуы қажет. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартын дайындау (құру) барысында әрбір елдердегі тәжірибеде кездескен мәселелер жан-жақты талданып, оны шешу жолдары іздестірілетін болса, әрбір ел өзінің ішкі бухгалтерлік есеп стандартын жасауы (құруы) барысында халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын негізге алады. Бүкіл әлемдегі елдерде қаржылық есеп беруде қолданылатын бухгалтерлік есеп принциптерін бір ізге салуға (унификациялауға) қол жеткізу үшін 1973 жылғы 29 маусымда Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті құрылды. Жалпы бұл ұйымның құрылуы АҚШ, Австралия, Германия, Голландия, Жапония, Ирлания, Канада, Мексика, Ұлыбритания және Франция сынды елдердің бухгалтерлерінің келесімге келуімен іске асырылды. Алғашқы уақытта, яғни қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті құрылған кезде оның құрамына жоғарыда аталған елдерден жеті білікті маман алынған болатын. Ал бүгінгі күні оның құрамында бұл аталған елдерден басқа Үндістан, Малайзия, Оңтүстік Африка Республикасы, Швейцария, Зимбабве және тағы да басқа елдердің өкілдері бар. Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті өздерінің жарыққа шыққан жаңа стандарттары мен басқадай нұсқаулары, ережелері және түсініктері үшін табыс алып отырады. Сонымен

қатар комитетке бухгалтерлердің халықаралық федерациясы, қаржылық институттар, бухгалтерлік фирмалар және басқадай ұйымдар қаржылық көмек көрсетіп отырады. Халықаралық қаржылық есеп беру стандартының негізгі мақсаты-мына төмендегілерді орындай отырып қаржылық есеп беруге қол жеткізу:

—         қаржылық ақпаратты құру барысында қажетті міндеттер;

—         ақпараттық жүйені құру принциптері;

—         осы ақпараттардың сапалық сипаттамалары;

—         қаржылық есеп берудің элементтері;

—         өлшеу және мойындау критериялары.

Қаржылық есептің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпараттар беру. Сондай-ақ ұйымның қаржылық есебінде мыналарға қажетті ақпараттық мәліметтердің болуы қажет:

—         қаржы салымын жасау және несие беру туралы шешім

қабылдауға қажетті мәлімет;

—         ұйымның алдағы кезеңдегі ақшалай айналымын бақылауға қажетті мәлімет;

—         ұйымға берілген ресурстармен байланысты міндеттерін бағалауға қажетті мәлімет;

—         басқару органдарының жұмысын бағалауға қажетті мәлімет.

Қаржылық есеп ұйымның бухгалтерлік ақпараттарының алғашқы таратылым құралы болып есептеледі. Ал бұл қаржылық есеп бухгалтерлік есептің жеті элементінен құралады. Элементтердің алғашқы үштігінің қатарына ұйымның балансында көрсетілетін активтері, меншікті капиталы және міндеттемесі жатқызылады. Қалған төрт элементі кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есебінде көрсетілетін табыс, шығын, пайда және зиян деп аталатын топтардан тұрады. Қаржылық есеп беру тұжырымдамалары

(концепциялары) шешім қабылдау үдерісінде көрсетілетін бухгалтерлік ақпараттардың қажеттілігін анықтайды және оны бекітеді. Есеп тұжырымдамасын (концепциясын) жалпы және жеке – деп аталатын екі

түрге бөлуге болады.

—         Жалпы тұжырымдама (концепция) бұл бірнеше елдің бухгалтерлік есеп туралы көзқарасын білдіреді.

—         Жеке тұжырымдама (концепция) тек қана бір елдің өз ішінде жүргізілетін бухгалтерлік есеп туралы көзқарасын білдіреді.

Тұжырымдамалар (концепциялар) халықаралық бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру стандартына қарастырылған бухгалтерлік есеп принциптері, есеп саясаттары, есеп берулер негізінде құрастырылады. Бұған дейін айтылып жүргендей қазіргі таңда бухгалтерлік есептің әлемдік теориясында, сондай-ақ тәжірибесінде екі негізгі, жалы деп аталатын континенттік (еуропалық) және америкалық тұжырымдама (концепция) қатар жүргізіліп келеді.

Бухгалтерлік есептің континенттік (еуропалық) тұжырымдамасы (концепциясы) кәсіпорынның жұмысына мемлекеттің ықпал етуімен, араласуымен түсіндіріледі. Бұл бойынша сол елдегі қызмет атқаратын барлық ұйымдар мемлекет бекіткен шоттар жоспары және басқа да нормативті құжаттар бойынша жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ кәсіпорынның бухгалтерлік есеп берудегі қолданылатын ақпараттық мәліметтері бұл континенттік (еуропалық) тұжырымдамасы (концепциясы) бойынша салық органының және басқа да мемлекеттік органдардың қажеттілігін қамтамасыз ететіндей болуы керек. Дүние жүзінде бұл модельді қолдап отырған елдердің қатарына Австрияны, Германияны, Жапонияны және басқа да Еуропа елдерін жатқызуға болады.

Америкалық тұжырымдаманың (концепцияның) континенттік (еуропалық) тұжырымдамадан (концепциядан) өзгешелігі, бұл модельде кәсіпорынның бухгалтерлік есеп берудегі мәліметтері негізінен қаржы салымшылары мен несие берушілердің қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл жағдайда ұйымның салық жүйесі қаржылық есептен бөлек және оған тәуелсіз шешімін тауып отырады. Бүгінгі таңда бұл модельді Ақш, Канада, Ұлыбритания, Голландия, Австралия, Үндістан (Индия), Оңтүстік Африка Республикасы және басқа елдер қолданып отыр.

Міне, осы жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ әрбір ел өзінің бухгалтерлік есебін континентальдық (еуропалық) немесе америкалық тұжырымдама (концепция) бойынша жүргізуі мүмкін екендігі анықталады. Біздің еліміздегі ұйымдардағы бухгалтерлік есеп Кеңес Одағы тұсында континенттік (еуропалық) тұжырымдама(концепция) бойынша жүргізгендігі белгілі. Бүгінгі күннің өзінде осы қалыптасып қалған модель өз күшін жоймай келеді. Яғни барлық кәсіпорындардың есеп жұмысы мемлекеттің басшылығымен салық органының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жасалынып отырылады. Әйтсе де 1997 жылдан бастап елдегі барлық ұйымдардың бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің ережесі, бағыты болып саналатын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттары Американдық (халықаралық) бухгалтерлік есеп стандарттарына барынша жақындатылып жасалынғандығын атап өтуге болады. Сонымен қатар біздің еліміз халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуге бетбұрыс жасап 2003 жылдан бастап еліміздегі ірі кәсіпорындар өз есептерін халықаралық стандарттың талаптарына сай етіп жүргізу керектігін қабылдады. Біріншіден-осы тұрғыдан, ал екіншіден-елдегі қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес болса керек, еліміздегі кейбір ұйымдардың қаржылық есеп берулері соңғы кездері қаржы салымшыларын (инвесторларды) ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз етуге негізделіп жасалып отыр.


Тағы рефераттар