Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Бухгалтерлік есеп және аудит, бюджеттік есеп’ бөлімінің мұрағаты

Бухгалтерлік есеп пәні

Бухгалтерлік есеп пәні туралы қазақша реферат

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үрдістерді алдымен бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, қаржы-қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және оны арнаулы құжаттарға қарай реттеп соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі бухгалтерлік есептің басты міндеті болып табылады. Қандай да болмасын шаруашылыққа қажетті күнделікті қолданылатын есеп жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі. Толығырақ »

Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі

Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі туралы қазақша реферат

Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір (белгіленген) әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оныбасқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті ғылым болып табылады. Толығырақ »

Бухгалтерлік есептің дамуына үлес қосқан ғалымдар

Бухгалтерлік есептің дамуына үлес қосқан ғалымдар туралы қазақша реферат

Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде сауданың арқасында шықты. Осылайша 1458 ж. көпес Бенедетто Котрульидің «Сауда және нағыз көпес туралы» деген бірінші кітабында бухгалтерлік есептің гылым ретінде пайда болып, қалыптасуы карастырылды. Тараулардың бірі «Сауда кітабын жүргізу тәртібі туралы» деп аталады. Ал 1494 ж. итальяндық белгілі математик, монах Луки Пачоли (1445-1517) жазған «Есептер мен жазбалар туралы трактат» атты бухгалтерлік есеп жөніндегі алғашқы кітап басылып шықты. Италияда, Францияда, Германияда. Англияда ол бірнеше ғасыр бойы бухгалтерлік есеп бойынша негізгі басшылық ретінде пайдаланылады. Екі жақты жазу тәсілі (мұның жэрдемімен материалдарды, дайын өнімді, негізгі қаражат пен тағы басқа құндылыктарды сақтауға қойылган бақылау жүзеге асты) әлі күнге дейін өзінің мәнін жоғалтқан жок. Толығырақ »

Бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы және қалыптасу кезеңдері

Бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы және қалыптасу кезеңдері туралы қазақша реферат

Бухгалтерлік  есеп  (есеп  жүргізу ретінде)  дүниежүзіндегі  кез  келген  бухгалтерияның іс жүзіндегі қызметінің мәніп айқындап, бағалауға мүмкіндік береді. Қоғамның дамуы барысында бухгалтерлер үш міндетті шешеді:

— есепті барынша ақпаратты, әрі дәл жасау;

— оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу; Толығырақ »

ҚЕХС бойынша есеп саясатындағы өзгерістер және оларды қолдану

ҚЕХС бойынша есеп саясатындағы өзгерістер және оларды қолдану туралы қазақша реферат

Есеп саясатындағы өзгерістер

Ұйым өзінің есеп саясатын, оны өзгерту қандай да болмасынСтандартпен немесе Түсіндірумен талап етілген қаржы есептілігі операцияның, басқа оқиғалардың немесе жағдайлардың ұйымның қаржылық жай-күйіне, оның қызметінің қаржылық нәтижелеріне немесе ақша қаражатының ағындарына әсер етуі туралы сенімді және неғұрлым маңызды ақпарат беруіне әкеп соғатын болған кезде ғана өзгертуге міндетті. Толығырақ »

ҚЕХС бойынша есеп саясатын таңдау және қолдану

 ҚЕХС бойынша есеп саясатын таңдау және қолдану туралы қазақша реферат

Қандай да болмасын Стандарт немесе Түсіндіру қандай да болмасын операцияға, басқа оқиғаға немесе жағдайға тікелей қолданылған кезде есеп саясаты немесе осы объектіге қолданылатын саясаттар міндетті түрде осы Стандартты немесе Түсіндіруді қолдану және ХҚЕС жөніндегі кеңес осы Стандарт немесе Түсіндірме үшін шығарған барлық тиісті Ендіру жөніндегі нұсқаулықтарды қарау арқылы белгіленуі тиіс.

ХҚЕС-на ХҚЕС жөніндегі Кеңес шешкендей оларға қолданылатын операциялар, басқа оқиғалар және жағдайлар туралы маңызды және сенімді ақпарат бар осындай қаржы есептілігін алуға әкеп соғатын есеп саясаттары берілген. Осы саясаттарды оларды қолданудың әсер етуі маңызды болмайтын кезде қолданбаған жөн. Сонымен қатар ХҚЕС-на ұйымның қаржылық жағдайын, қызметінің және ақша ағындарының қаржылық нәтижелерін белгілі бір түрде ұсынуға қол жеткізу мақсатында жол берілген рұқсат бермеген немесе назар аудармай қалдырмаған және маңызсыз бас тартпаған жөн. Толығырақ »

Есеп тіркелімдері, жазбалары және оның нысандары

Есеп тіркелімдері, жазбалары және оның нысандары туралы қазақша реферат

Бастапқы есеп құжаттарындағы ақпаратты бухгалтерлік есепшоттарында  тіркеу қолмен жазу немесе автоматтандырылған құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Есеп құжаттарындағы опреацияларды тіркеу үшін арнайы нысан кестелері: карточкалар, кітаптар, тізімдемелер (ведомостар) мен журнал-ордерлер және тағы басқа түріндегі есептік тіркелімдер қолданылады.

Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуге арналған карточкаларды қалың қағаздан немесе картоннан дайындайды. Олар негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық қорларды сақталу орны бойынша талдамалық есептеуге арналған. Әрбір карточкаға реттік нөмір беріліп және оларда карточканың ашылған уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіледі. Бұл карточкалар арнайы картотекалық-жәшіктерде сақталған. Толығырақ »

Есеп саясатын дайындау

 Есеп саясатын дайындау туралы қазақша реферат

Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытында дайындалады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп (экономикалық) бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкіметімен бекітеді.

Бұйрықтың құрамында есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған барлық пункттерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пунктте тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негіге алынған болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен өкімдер тағы да басқа) міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет. Толығырақ »

Есеп саясатының мазмұны

  Есеп саясатының мазмұны туралы қазақша реферат

Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады. Толығырақ »

Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру

Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру туралы қазақша реферат

Нарықтық экономика мен базарлы сауданың өрістеуіне байланысты Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық стандарттарға біртіндеп көшіріліп келеді. Еліміздегі бухгалтерлік есеп процесін халықаралық таным бағытына қарай ауыстыру мәселелері ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан басталады. Мұның ішінде біздің елімізде қызмет атқарушы бухгалтерлер мен студенттер қауіміне дәріс беруші жоғарғы оқу орындарының оқытушылары 1994 жылдан бастан халықаралық бухгалтерлік есеп процестер мен стандарттар жүйесін шетелдік маман эксперттердің дәріс беру негізінде оқи басталады. Бухгалтерлік есеп өрісінде міндет атқарушы Қазақстандық мамандар мен оқытушылар Британ Кеңесі (Шотландияның ант беруші бухгалтерлері институты) тарапынан қайта даярланды. Толығырақ »