Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Экология, Қоршаған ортаны қорғау’ бөлімінің мұрағаты

Қатты әсер ететін уландыргыш заттар және олардың сипаттамасы

Қатты әсер ететін уландыргыш заттар және олардың сипаттамасы туралы қазақша реферат

 Мазмұны

1.Жоспар

2.Кіріспе

3.Негізгі бөлім

4.Қорытынды

Кіріспе

Өндірістегі авария- ҚӘУЗ атмосфераға бөлінеді- адамды жаппай зақымдайды .-улану, өлім.
ҚӘУЗ- хлор, аммиак, күкіртті ангидрид, күкіртті көміртек, көміртегі тотығы, синиль қышқылы, сынап, т.б.
ҚӘУЗ көзі және тұтынушысы: химия саласы, мұнай өңдеу өнеркәсібі. Целлюлозды- қағаз өнеркәсібі, тағам кәсіп орны, су құбыры және тазарту ғимаратты.
Толығырақ »

Атырау облысының экономикалық жағдайы

Атырау экономикасы үшін мұнай өнеркәсіптерінің тигізетін әсері 

      Атырау экономикасы үшін мұнай өнеркәсіптерінің тигізетін әсері.
Облыс экономикасында тарихи тұрғыдан басымдық орынды мұнай газ өндіру саласы алады, бұл қолда бар елеулі көмірсутек шикізатының қорына байланысты. Бұл салада басқа өнеркәсіп салаларына қарағанда көтеріңкі инвестициялық тартымдылық бар, ол қалыптасқан жағдайларда өңдеу және қайта салаларын дамыту үшін тежеуші фактордың болып табылады.
Толығырақ »

Экологиялық құқық негіздері

Экологиялық құқық негіздері туралы қазақша реферат

     Экология құқығы түсінігі, экологиялық құқықтық қатынас және қайнар көздері

ҚР-ның экологиялық құқығы — айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.

Экологиялық құқықтың мәні — бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы. Толығырақ »

Экология құқығының түсінігі, пәні және әдістері

Экология құқығының түсінігі, пәні және әдістері туралы қазақша реферат

Құқық саласының сипаттамасын реттеу экологиялық құқықтың мәнін анықтаудан басталады. Құқық теориясынан біз мынаны білеміз: белгілі бір саланы реттеудің мәні қоғамдық қатынастар болып табылады, олар іштей бірлікпен, ерекшелігімен, жақындық белгісімен, кейбір басқа да қасиеттерімен сипатталады және адам қызметінің белгілі бір саласын реттеуге бағытталған.Осы қисынды ұстана отырып мынаны мойындау керек: экологиялық құқықтың адамзат қоғамы мен табиғаттың, мемлекеттің және оның субъектілерінің табиғат ресурстарын пайдалану мен сақтау тұрғысындағы өзара әрекетінің саласында туындайтын экологиялық қатынастар болып табылады. Толығырақ »

Экологиялық апат аймақтары

Экологиялық апат аймақтары туралы қазақша реферат

Табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуы, флора мен фаунаның тозуы орын алған және қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулі зиян келтірілген Арал және Семей өңірлері экологиялық апат аймақтары болып жарияланды. Экологиялық апат аймақтары елдің ішкі қауіпсіздігіне нақтылы қатер болып табылады.

Қазіргі уақытта бұрынғы Семей полигонына шектес аудандарда (71,9 мың халқы бар 85 елді мекен) онкологиялық аурулардың және адамдар өлімінің, қан айналымы жүйесі ауруларының, жаңа туған сәбилер арасындағы кеселдердің және ерте қартаю көрінісінің жоғары деңгейі байқалуда. Толығырақ »

Экология

Экология туралы қазақша реферат

Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. «Экология» (гр. oikos – үй, тұрақ, мекен; logos — ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді.

Экологиялық зерттеу обьектісіне биологиялық макрожүйелер (популяция, биоценоз, экожүйе) және олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістері жатады. Толығырақ »

Рыноктық экономика жағдайындағы еңбекақыны ұйымдастыру

Рыноктық экономика жағдайындағы еңбекақыны ұйымдастыру туралы қазақша реферат

Еңбек ақы — бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады.

Жеке еңбек келісімшарты – жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы жазбаша түріндегі келісім, онда жұмыс орны, келісімшарттың мерзімі, еңбек тәртібінің жағдайы, демалысы, жағдайы, еңбекті қорғаудың басқа да мәселелері қарастырылады. Толығырақ »

СЕЙТЕН КӨЛІ АРТЕМИЯСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ, ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ӨНІП-ӨСУ СИПАТТАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫСЫ

СЕЙТЕН КӨЛІ АРТЕМИЯСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ, ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ӨНІП-ӨСУ

СИПАТТАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫСЫ

Соңғы уақытта табиғи экожүйеге қарқынды антропогендік ықпал жасау аясында олардың жағдайы және тиімді пайдалануына қоғамдық қызығушылық өседі.

Табиғи биологиялық ресурстарды тиімді заманауи шаруашылықта пайдалану оның табиғи өсіп-өнуін міндетті түрде сақтап қалу қағидатына тоқталады, осы ретте әр ресурс түрінің ареал шекарасында ғана емес және ол мекендеген жердің барлығында сақталу қажеттілігі ескеріледі. Толығырақ »

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ туралы қазақша реферат

Жамбыл облысының территориясы трансшекаралық өзендердің орналасқан аймағын алып жатыр. Шу-Талас гидрографиялық алабы, Қазақстан Республикасын су ресурстарымен қамтамасыз ететін, негізгі сегіз өзендердің бірі болып табылады, су өтімінің мөлшері аз болғанымен, су ресурстарын пайдалану, сақтау, тазарту және экологиялық су жіберу сұрақтарына маңызды көзқараспен қарауды талап етеді. Толығырақ »

Популяциядағы жануарлардың арасындағы біржақты тиімді байланыстары

Популяциядағы жануарлардың арасындағы біржақты тиімді байланыстары туралы қазақша реферат

Бәсекелестiк (конкуренция)- экологиялық қажеттiлiктерi ұқсас түрлердiң арасындағы қарым-қатынас. Бәсекелестiк байланыстардың түрлерi әртүрлi, ол қарапайым  физикалық күрестен басталып, бейбiт бiрге өмiр сүруге дейiн барады. Алайда, ерте ме кеш пе экологиялық қажеттiлiгi ортақ болса, бiр түр екiншiсiн ығыстырып шығарады.

Толығырақ »