Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Физика, Астрономия’ бөлімінің мұрағаты

В.Г. Фесенков – алып астроном

В.Г. Фесенков 1889 ж. 13 қаңтарда Новочеркасск қаласында математика және физика пәндер мұғалімі жанұясында дүниеге келді. Оның балалық шағы Ростов-на-Дону қасындағы қалашықта, дон казактары жанында өтті. В.Г. Фесенков бала кезінде далада көп уақыт өткізген, дені сау, мықты бала болып өскен. Көп ауырмайтын, әке-шешесінің мақтанышы болды. Толығырақ »

Жаңа астрономияның Қазақстанда пайда болуы

Жаңа астрономияның Қазақстанда пайда болуы мен даму тарихы В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтпен байланысты. (1989 ж. институттың 100 жылдығына орай В.Г. Фесенков аты берілген). Толығырақ »

Экспедиция ұйымдастырудан алғашқы астрономиялық ғылыми институттың ашылуы

Б.А. Воронцов-Вельяминов ғылым академиясы президиумының 1941 ж. 21 қыркүйектегі тұтылу бақылауының арнайы комиссиясының ғылыми хатшысы болды. Комиссия төрағасы Василий Григорьевич жүргізген қызу дайындығында жұмыс істеді. 1939 ж. Қазақстанның оңтүстігінде өткен толық фаза трассасын зерттеу үшін арнайы экспедиция ұйымдастырылды. Бұл экспедиция Алматы, Талғар, Ыссық, Шілік, Жалаңаш, Кеген, Сарыжаз, Нарынқол, кері Пржевальск, Фрунзе, Қаскелен, Алматы маршрутын жүк машинасымен өтті. Бақылауларға сүйене, осы территорияда экспедициялар жүргізілді. Толығырақ »

Академик В.Г. Фесенковтың Қазақстан астрономиясының дамуына қосқан үлесі

1940 ж. ШМАИ (ГАИШ) Алматыдағы  1941ж. 21 қыркүйектегі күн тұтылуын бақылауға дайындалды. Сол уақыттағы институт директоры Н.Д. Моисеев А.А. Михайлованы экспедиция басшысы етіп тағайындады. 22 маусымда соғыс басталды,  дегенмен экспедиция Алматыға эвакуацияланды. Б.А. Воронцов-Вельяминов 3 маусымда ауруханадан жазылып шығып, бірденнен халық ұжымына жазылды, бірақ көз ауруы болғандықтан медициналық комиссиядан өте алмай, Алматыға экспедицияға қатысты. Толығырақ »

Ұлы Отан Соғыс жылдарындағы Қазақстан астрономиясы

1941ж. 21 қыркүйекте Қазақ ССР территориясында Күн тұтылу Каспий теңізінен бастап, Қызылорда мен Алматыдан өтіп, Нарынқолғға дейін жерді қамтыды. Оны бақылауға академик В.Г.Фесенков басқарған арнайы комиссия КСРО ҒА президиумы қарамағында болған обсерваториялар дайындалды. Комиссия келісімді бақылау тематикасын жүйелеу, құралдар дайындау мен бақылау орындарында экспедицияларды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.  Толығырақ »

Ғарышқа ұшу деректері

Адамзаттың мыңдаған жылдар бойы зеңгір көкке телміріп, бала қиялмен жұлдыз санаған сәттері, әдемі аңсары 1961 жылдың 12-сәуірінде жүзеге асқан шығар. Бірақ, бәрімізге «Жер» деген ғаламшарды ғарыштан тамашалау бұйырмағаны да белгілі. Алайда, ғарышкерлердің видео және фото өнімдері арқылы жерді ғарыштан тамашалағандай күй кешетініміз де жасырын емес. Дегенмен, ғарышты игеруге қатысты қызықты деректер көп кездеседі екен. Толығырақ »

Жаңа технологиялардың бірі — Жерді қашықтықтан зондтау

Жерді қашықтықтан зондтау екі құрылымнан тұратын Жер бетіндегі өзгерістерді бақылауға бағытталған осы заманғы жүйе немесе технологиялар жиынтығы. Оның бірінші сегменті ғарышта белгілі бір орбитада ұшып жүрген ғарыштық кеме, не олардың тобы. Ол кеме Жер суретін түсіретін аппаратуралармен, бағдарламалармен және кеменің қызмет етуіне қажет басқа да құралдарымен жабдықталады. Кеменің жұмысы жерден белгілі бір каналда орналасқан жоғары жиіліктегі радиотолқындар арқылы басқарылады және Жер беті туралы жинаған ақпараттары басқа бір жоғары жиіліктегі радиотолқындар арқылы алынып отырады. Толығырақ »

Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметті дамыту жұмыстары

Ғарыштық қызмет саласы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының басым секторы болып саналады. «Қазақстан Республикасындағы ғарыштық қызметті дамыту» — 2010-2014 жылдарға арналған ғарыш қызметін дамыту бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы айтып өтсек.

Толығырақ »

Ғарыштық қызметтің ішкі аймақтық нарықтары мен қатысушылары

Ғарыш нарығы дамуының тағы басқа ерекше үрдісі оның қатысушылар санын белсенді түрде арттыру болып табылады. Ғарыш нарығы қатысушыларының бәсекелестік артықшылықтары мен мүмкіншіліктерін зерделеу мақсатында ғарыштық клуб құрылымын қарастыру және нарықтағы бәсекеге қабілетті ірі ойыншыларының ғарыштық бағдарламасын дамыту және жүзеге асыру спецификасын анықтау қажет болып отыр. Салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде ғарыш нарығы монополиядан олигополияға және жетілген бәсекелестікке дейінгі сара жолдан өтті, бұл туралы 1990-шы жылдардың өзінде нарық қатысушылары санының күрт өсуі растап отыр. Толығырақ »

Ғарыш нарығының ғаламдық конъюктурасы

Табысы 1990-шы жылдардың ортасында 77 млрд. АҚШ долл. құраған ғарыш индустриясы әлемдегі миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз ететін әлемдік экономиканың ірі, коммерциялық тартымды құрамдас бөлігіне айналған. Коммерциялық спутниктік қызметтерге деген сұраныстың артуы әлемдің аэроғарыштық саланың едәуір көтерілуін туғызады. 2005 жылы 1999 жылмен салыстырғанда оның орташа жылдық табысы 93,3% өскен, нақты цифрлармен көрсеткенде өсім 168,2 млрд. АҚШ долл., 2006 жылы — 220 млрд. АҚШ долл. құраған. Толығырақ »