Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Мәдениетттану, философия, әлеуметтану, дінтану’ бөлімінің мұрағаты

Антика мәдениеті

«Антика» ұғымы Қайта өрлеу заманында пайда болды, бұл терминді итальяндықтар греко-рим мәдениетін анықтау үшін енгізді (латынның ежелгі деген сөзінен). Антика мәдениеті Европа мәдениетінің дамуында шығар нүкте болды. Ежелгі Греция адамды табиғаттың көркем де жетіліп жаратылған жаны, барлық заттар өлшемі ретінде ашты. Антика мәдениеті үшін дүниені тануда ұтымды (теориялық) тәсіл, эмоционалдық-эстетикалық қабылдау, әлеуметтік-практикалық және теориялық проблемаларды шешуде үйлесімді логика мен өзіндік дербестігі тән. Толығырақ »

Ежелгі Шығыс мәдениеті

Ежелгі Шығыс адамды ертедегі дүние аясынан алып шыққан ұлы мәдениеттер отаны болды. Ертедегі дүниеден шыға отырып, Шығыс адамның дүниеге қатынасының мифологиялық тәсілін жеңе алмады. Бірақ ежелгі шығыс мәдениеттерінің әлемі – бұл табиғат апаттарының ғана емес, озбыр мемлекет қуатының құдайдай көрінуі. Ежелгі шығыс мәдениетінің негізі адамның дербестігі мен еркіндігін мойындамайтын абсолютті бірлік идеалы болып табылады. Мемлекеттің бұл типі қатаң біріктіру қажеттілігінен туды, ол нақты табиғат жағдайларына жауап болды. Толығырақ »

Әлем мәдениетінің тарихы

Мәдениеттің тууы бір уақытта пайда болған зат емес. Ол пайда болу мен қалыптасудың ұзақ процесінен өтті және сондықтан дәл мерзімі жоқ. Алайда осы процестің хронологиялық шеңберлерін анықтауға болады. Егер қазіргі түрдегі адам – homo sapiens шамамен 40 мың жыл бұрын пайда болса, онда мәдениеттің бірінші элементтері одан ерте 150 мың жыл бұрын пайда болды. Бұл жағынан мәдениет адамнан үлкен. Бұл мерзімді одан әрі 400 мың жылға жылжытуға болады. Онда біздің бабаларымыз неандерталдықтар отты тауып пайдалана бастады. Толығырақ »

Мәдениеттің өрлеуі мәдениеттану проблемасы ретінде

Осы мәселені шешу мәдениеттің табиғатын түсінуге, оны ұғыну сипатына, мәдениеттің тарихи дамуының бай материалын түсінуге байланысты болады. Мәдениеттануда мәдениеттің аз жетілген түрінен толық жетілген түріне даму бағыты ретінде өрлеу (прогресс) проблемасына екі негізгі тәсіл бар. Толығырақ »

“Мәдениет” ұғымының мазмұны қандай?

Біріншіден, мәдениет адам жасағаннан немесе жасайтыннан тұрады: адам қызметінің түрлері мен формалары, соның нәтижесінде пайда болатын өнімдер (артефактілер) және қатынастар. Сәйкесінше, бұл жағынан мәдениет табиғатқа қарама-қарсылық, жасандының табиғиға қарсы қойылуы ретінде болады.

Екіншіден, мәдениет қоғаммен сәйкес келеді де, сәйкес келмейді, өйткені адамның тіршілік әрекеті мен қоғамда табиғи сипаттағы факторлар аз орын алмайды. Толығырақ »

Мәдениет теориясы

Мәдениеттi зерттеудiң терең философиялық дәстүрлері бар, ол басқа ғылымдардың, ең алдымен археология, этнография, тарих, психология, әлеуметтану ғылымдары өкiлдерiнiң қызығушылығын тудырды. Тек XX ғасырдың ортасында ғана мәдениеттi пән аралық зерттеу басталады.

Мәдениеттi қазiргi кезеңдегі түсiнігі оның дағдарысын, адам мен табиғат арасында үйлесiмнiң мүмкiн болмайтындығын ұғыну ретiнде қалыптасты. Қазiргi уақытта мәдениеттердiң алуан түрлi типiн енгiзуге, мәдениеттiң негiздерi туралы теориялық ойлардан нақты мәдениеттану зерттеулерiн өткiзуге көшу мүмкiндiгiне жол ашылды. Толығырақ »

Ежелдегі грек философиясы

Антикалық философия алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.

Ертедегі Грецияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар      бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра  отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды. Толығырақ »

Батыс Еуропалық және араб-мұсылмандық ортағасырлық философия

Ортағасырлық философиясы (батыс Европа елдерінде) – Рим империясының күйреуімен байланысты (5ғ.) капиталдық қоғамның алғашқы формалары пайда болғанға дейін (14 — 15 ғ.) өмір сүрді. Ортағасырлық философия дінмен байланысты дамыды. Тіпті философияны – діннің қызметшісіне айналдырып жіберді. Философия діннің шырмауынан шыға алмады.

Ортағасыр кезеңінде креационизм және эсхатология идеялары айқын байқалады. Креационизм (лат. Creatio — жарату, жасау) — әлемді бір күш жаратты, ол – біреу, жалғыз деп тұжырымдайтын пікір. Толығырақ »

Араб-мұсылман философиясы

      Араб философиясы – мұсылман дінін қабылдаған және араб тілінде сөйлейтін Шығыс халықтары ойшылдарының ортағасырлар дәуіріндегі философиялық ілімдерінің жиынтығы. Араб философиясының пайда болуы мутализиттердің («оқшауланғандардың») – қаламның рационалдық дін ілімінің – ертедегі өкілдерінің қызметіне байланысты, олар адамның ерік-жігерінің бостандығы мен Құдайдың ерекше белгілері туралы мәселелерді талқылаудан бастап, діннің шегінен шыққан және тіпті оның кейбір догматтарын мақсат еткен концепцияларды жасаумен аяқтады. Толығырақ »

Жаңа дәуір философиясы

Негізгі ерекшеліктері:

— ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі

— білімнің қарқынды дамуы

— ғылмдардың пайда болуы

— діннің беделі мен билігі алдыңғы орынға шығуы. Толығырақ »