Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Загрузка...
Рефераттар бөлімі

‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты

Алаш партиясының құрылуы мен мақсаты

Жоспар

Кіріспе……….3

Алаш партиясының құрылуы мен мақсаты………4

Қызметі мен бағдарламасы……….8

Қорытынды……13  Толығырақ »

.

Тамғалы тас ескерткішіндегі адам бейнесі

Тамғалы  петроглифында бірнеше  нұсқалы  адамдардың  суреттері  бейнеленген. Кешеннің   алтарьлық   бөлігінде  композисияның сол жағы  —  адамдардың он салттық жұбы бейнеленген, олар билеуші екі топқа дәл бөлінген.  Ортада бала ұстаған  жұп, олардың екі жағында жер мен көк әлемнің тәртібін бейнелейтін екі салттық жора жасалып жатыр. Еркектерді жауынгер  бейнесіне түсіру – төрт фигурадан тұратын  топ – алтауы сол жақта салттық биді     орындауда, ортасында бала ұстаған екі бейне. Саттық жораға қатысушылардың саны Шығыста, соның ішінде көшпенді  халықтардың мәдениетінің де қалыптасқан жыл санаудын шығуымен сәйкес келеді. Он екі саны уақыттың жыл бөлігі, кейін ол зооморфтық күнтізбеде көрініс тапты. Толығырақ »

Тамғалы – Қазақстан территориясындағы қола дауірінің көрнекті ескерткіші

Тамғалы шатқалы – оңтүстік Қазақстан аумағын мекендеген ежелгі адамдардың өнерінің тамаша ескерткіші. Суреттер жүйелі түрде салынған ол барлықжағынан алып қарағанда да кешен болып табылады; өте үлкен аумақты алып жатқан тұтас бір көркемһнер туындысы болып табылады. Ашық аспан астындадағы мұндай «геометриялар» әлемде аса көп емес. Жартастағы суреттердің бұл жерде қалыптасуының храналогиалықшеңбері ұзақ уақытқа созылған, сондықтан олрдың шекарасы анықтауда толық бір малімет жоқ. Кездескен қиыншылықтар ертедегі суреттердің уақытын белгілеуге байланысты, дегенмен неолйт, кола, темір дауірлері мен түркілер кезеңіндегі суреттердің уақыты біршама нақты белгіленген. Толығырақ »

Кенесары Қасымұлы кезіндегі қарулы күрестің күшейген кезеңі және оның жеңілуі

      1844-1845 жылы жылдар қазақ даласындағы Кенесары бастаған ұлт-азаттық  қозғалысы өрлеудің ең жоғарғы шегіне жеткен кезі еді. Оғап Сыр бойының, оңтүстіктің қазақтары қосылды. Кенесары өз әскерінің санын 20 мың адамға жеткізді. Жасақтардың жауынгерлік дайындығын жетілдіруге, оларды дұрыстап қаруландыруға көңіл бөлінді. Зеңбірек, мылтық, оқ-дәрі жасау, оларды сатып алу, азық-түлік дайындау жұмысы жолға қойылды. Патша әкімшілігі әскерлеріне тыңшы жіберуі, барлау жұмысы ұйымдастырылды. Толығырақ »

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басталу себептері және барысы

     ХIX ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау саясатын онан әрі өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай хандармен жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салық төлеу жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жерінде әскери шептер, бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге патша өкіметінің қол шоқпары болып келген казак-орыстарды қоныстандыру шаралары жүргізілді. Толығырақ »

Қасымұлы Кенесары хан

Қасымұлы Кенесары хан – Қазақ хандығының соңғы ханы, ұлт азаттық көтерілісінің әйгілі басшысы.1822 жылы Ресей өкіметі Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық билікті жойып, аға сұлтан мен сұлтан әкімдер билігін енгізеді. Сөйтіп, Ресей өкіметі қазақ елінің ішкі тірлігіне тікелей араласып, өз үстемдіктерін жүргізе бастайды. Толығырақ »

В.В. Радлов және оның «Түрік тайпалары қазақ халықтық әдебиетінің үлгілері» еңбегі

XIX ғасырдың 70 жылдарында Қазақстанды аралап көп саяхат жасаған В.В. Радлов былай деп жазды: «Менің бұрынғы Жарғының қолданылуын қадағалауыма жеткілікті жағдайлар болды. Ол тәртіп орнатқан және қазақтармен көрші тұратын отырықшы егіншілерді қорғауды қамтамасыз еткен. Бірақ тәртіп орнатылуына бай­ланысты халықтың әл-ауқаты төмендеген. Семей маңындағы толық бағындырылған Ішкі орда мүлдем дерлік күйзелген, сонымен бірге Үлкен ордаға жақындаған сайын халықтың байлығы арта түседі». XIX ғасырдың 20 жылдарындағы реформаның құны осындай болды. Толығырақ »

Белгілі тарихшы және мемлекет қайраткері А.И.Левшин жайында мадақсөз

Қазақтардың тарихы жөнiнде “Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы” деген (1832) үш бөлiмнен тұратын тұңғыш iргелi еңбек жазған А.И. Левшиндi (1797-1879) Ш.Ш. Уәлиханов қазақ халқының Геродоты деп атады, ал оның монографиясын ғылым үшiн қымбат қазына деп бағалады. Толығырақ »

Радлов, Даль және Левшин

Жоғарыда аты аталған Радлов, Даль және Левшин үшеуінің ішінен Даль сынды ғалым туралы бұл жұмыста толығымен жазбауға да болады. Оның бітірген негізгі жұмысы төрт томдық орыстың түсіндірме сөздігі екенін бәріміз білеміз. Тек сол Орал өңіріне келіп «Қозы Көрпеш Баян сұлу» жырын хатқа түсірген орыстың ұлы ақыны А. Пушкинмен танысқан. Және осы өңірдің табиғатын, оның халқының мәдениеті мен тұрмысын зерттеуге, географиялық суретке   түсіруге азын-аулақ ат салысқан. Сонда да болса В.И. Порудоминский және Н.Г. Евстратов бірлесе отырып «Даль и Западный Казахстан», (Уральск, 1957) деген кітапша жазып та тастаған. Саны бар сапасы жоқ бірдеңе. Әйтеуір орысқа еңбегі сіңгеннен кейін Қазақстанға да телу керек болғаннан туындаған тіршілік. Толығырақ »

17 ғ-дың соңы — 18 ғ-дың басында Қазақстанды орыс ғалымдарының зерттей бастауы

17 ғ-дың соңы — 18 ғ-дың басынан бастап Ресейдiң және Батыс Еуропаның бiрқатар елдерiнiң ғалымдары Қазақстан аумағы мен халқын, оның тарихын, мәдениетiн, тұрмысы мен салтын зерттей бастады. Осы өлкенi алғашқы зерттеушiлердiң бiрi орыс картографы С.У. Ремезов болды, ол “Сiбiр халықтары және олардың шекаралары туралы сипаттама” деген еңбек жазып қалдырды. 18 ғ-дың алғашқы ширегiнде Қазақстанда И.Д. Бухгольцтың (т.-ө. ж. белгiсiз), С.Лихаревтың, И.Унковскийдiң (т.-ө. ж. белгiсiз) және басқа ғалымдардың экспедициясы жұмыс iстедi. Олар Ертiс өзенінiң алабын Зайсан көліне дейiн, Тарбағатай тауының және Жетiсу Алатауының сiлемдерiн зерттедi. Толығырақ »