Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Тіл ғылымы, Филология, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу’ бөлімінің мұрағаты

Шәкәрім Құдайбердіұлы ‘‘жан” туралы

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім:

1. Қазақтың бес арысының бірі – Шәкәрім.

2. Шәкәрім ‘‘жан” туралы.

Қорытынды  Толығырақ »

Әл-Фараби

Орта ғасырлар заманындағы ірі білімпаз ғұламалардың бірі-Әбу Насыр Әл-Фараби. Ол 870-жылдар шамасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар қаласында туған. Толығырақ »

Әбу Насыр Әл-Фараби

Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынын көкіреп ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтарм бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі – күллі әлемге танымал ұлы жерлесіміз — Әбу Насыр әл-Фараби. Толығырақ »

Ықылас Ерденұлы (1843-1916)

Ықылас Ерденұлы 1843 жылы туған. Ықыластың әкесі Дүкен де, атасы Алтын да қобызшы болған адамдар. Алайда Қорқыт бабадан кейінгі өткен мың жыл шамасындағы аралықта қазақтың қасиетті қара қобызы адамның қуанышымен қайғысын, бары мен жоғын, мұң-шерін жырлаған рухани қазынасының елшісі болудан қалып, қайтадан бақсы-бәлгерлер қолындағы құралға айналған еді. Ықылас сол тілі байланып, мақау тартқан қобыз үнін қайта сайратып, адамша сөйлетіп, табиғат тылсымымен тілдестіріп, оған өмірлік жан бітірді. Толығырақ »

Қарақожаұлы Қорқыт ата (VII – VIII ғ.ғ.)

Өткен ғасырлар қойнауынан түркі тілдес халықтардың барлығына ортақ өнер, мәдениет қайраткері – ақын, ақылшы, көріпкел, бақсы, қобызшы, сазгер,жыршы, сәуегей, тәуіп, қол бастаған батыр әрі фиьософ Қарақожаұлы Қорқыт қазақ жерінде дүниеге келіп, дүниенің төрт бұрышын шарлап, өзі өскен Сыр бойына оралып дүниеден қайтады. Толығырақ »

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов

Туған кездегі есімі:Мұхаммед Қанафия
Қызметі:шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы
Туған күні:1835 жыл
Туған жері:Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасы
Ұлты:қазақ
Қайтыс болған күні:10 сәуір 1865
Қайтыс болған жері:Көшентоған, Жетісу
Әкесі:Шыңғыс Уәлиханов
Анасы:Зейнеп Шорманова
Жұбайы:Айсары Уәлиханова
Балалары:жоқ

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммедханафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.Мазмұны [жасыру]
Өмірбаяны Толығырақ »

Шәкәрім мұрасының құндылығы

Шәкәрім мұрасының құндылығы – оның рухани бастау көздерінің күрделілігінде. Ең алдымен ол өзі өсіп өнген қазақ жұртының халықтық мұрасын терең меңгеріп, асылын бойына жинақтаған. Сондықтан да рухани жетілу жолындағы алған өзге әсер ықпалдарының ізгі үрдісін халқының қажетіне жарата алған. Шәкәрім адамның ізгі қасиеттерін дамыту жолдарын айқындап, бұл тұрғыда адамзаттық игі дәстүрлерге сүйенеді. Толығырақ »

Шәкәрім Құдайбердіұлы және әлем әдебиеті

Абайдың әдеби мектебінен тәлім алған Құдайбердіұлы ұстазының қазақ халқын әлемдік мәдениет үлгілерімен таныстыру бағытындағы қызметін жемісті жалғастырды. Шәкәрімнің осы тұрғыдағы еңбегін үш салаға беліп қарауға болады. Оның :бірі ақынның әлем әдебиетінің озық ойлы өкілдерін өз өлеңдерінде насихаттап отыруы десек, :екіншісі оның Н. Толстой сияқты заңғар қаламгермен тікелей хат алысып, шығармашылық байланыста жүруі. Толығырақ »

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман – Мамыр» поэмасы

Шәкәрім Құдайбердіұлы тарих шындығы мен махаббат шындығын еркін меңгеріп жырлаған ақын халқына «Қалқаман – Мамыр» атты поэмасын ұсынды.

“Қалқаман-Мамыр” – өте күрделі шығарма. Күрделі болатыны, ең алдымен туынды арқауы аңызға айналып кеткен, ХVІІІ ғасырда қазақ жерінде өткен нақты оқиғаға құрылған. Олай болса, нақты оқиғаның ізінен ауытқы май, халқымыздың салт-дәстүрінің өзіндік бояу-нақышын сақтай отырып, Қалқаман мен Мамыр сынды қос ғашықтың тағдырын бү гін гі күн көрермендерінің көңіліне қонақтата білу үлкен шеберлікті талап ететіні айтпаса да белгілі. Толығырақ »

Шәкәрім Құдайбердіұлының поэзиясындағы рухани құндылықтардың бейнеленуі

«Шәкәрім поэзиясындағы рухани құндылықтардың бейнеленуі» деп аталатын үшінші бөлімде ақын туралы тың деректер ғылыми айналысқа енгізіліп, Шәкәрімнің балаларының тағдыры жайлы соңғы жылдарда табылған мағлұматтар сарапталады.

Сондай-ақ баласы Ахаттың Шәкәрім ақынның мол мұрасын ұрпаққа қалдырудағы сіңірген еңбегі сөз болды. Оның кеңестік жүйе кезінде-ақ Шәкәрім еңбектерін Ұлттық кітапхана және Ұлттық академияның кітапханаларына өз қолымен тапсырғаны анық. Толығырақ »