Дайын өнімнің есебі, оны жөнелту мен сату туралы қазақша реферат

  Дайын өнім — өндірістік үрдістің соңғы нәтижесі. Ұйым  сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен жасалған келісім шарттардағы өнімнің сапасы, көлемі, түрлері жайлы шарттарға байланысты өнім дайындап, шығаруды ұйымдастырады. Ол өнімнің  стандартқа сәйкес және техникалық шарттарға сәйкестігі техникалық бақылау қызметінен өткендігі паспорт, сертивикаты және тағы басқа құжаттарымен  куәләндірылған  қоймаға қабылдап алғаны  және басқа жәйлары міндетті түрде АКТ пен рәсімделеді

Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «Дайын өнім» деп аталатын активті инвентарлы шот пайдаланылады. Дайын өнім Кәсіпорынның  айналым қаражат құрамына кіреді. Және қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша кіреді.  Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезең аяқталғанан кейін ғана анықталады. Есепті кезең соңында ауытқудың пайызынан сомасын есептеу  жолымен  шығарылып оның есептік баңасын нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді. Ауытқудың % мен  сомасы ай ішінде түскен және ай басындағы өнім қалдығынан есептеледі. Ауытқуды мына формуламен есептейді:

Ауытқу сомасы

      Ауытқу пайызы =                                                              x 100%

Қалдық + ай ішінде түскен өнім

Дайын өнімді жөнелту мен сату

       Дайын өнімді босату үшін бұйрық – жүкқұжаты жасалады, онда екі құжат  біріктірілген: қоймаға  берілетін бұйрықты және босату жүкқұжаты. Қоймада берілетін бұйрықты тиісті қызмет бөлімі сатып алушымен  жасалған  келісім шарттың негізінде, сатыпалушының атын, өнімнің көлемі мен түрлерін,жіберілу мерзімін көрсете отырып толтырады. Материалды жауапты тұлға әрбір бүйрық бойынша өнімдерді  жинақтап, оларды босату үшін экспидиторға береді, «Жіберілді » деген графаға өнімнің саны көрсетіледі.

Құжатқа қызмет бөлімінің бастығы, қоймашы және экспидитор қол қояды. Бұйрық – жүкқұжатқа екі дана етіп жасалады: біріншісі экспидиторға беріледі, Ол тауарлы көліктік жүкқұжаты бойынша, сатып алушы қабылдап  алатын  стансаға дейін қанша сома тасмалдау құны төленгенін, қанша жүктің жіберілгенін, оның орнына санын көрсетеді; екінші жүктің жіберілгендігін растау үшіе қоймаға қалады, Осы құжат бойынша қойма есебінің карточкасында «Шығыс» графасында жөнелтілген жүктің мөлшері көрсетіліп, ол бухгалтерияға өткізіледі. Келесі күні экспидитор бұйрық-жүкқұжатын және көлік тасмалдау ұйымының түбіртегін, типтік формадағы және шот-фактураны сатып алушының атына жазып беру үшін ұйымның бухгалтериясына өткізеді.

Олар бұйрық – жүкқұжатынан басқа, теміржолдың, басқада тасымалдау мекемелернің стансадан жүкті жіберілгендігі туралы белгісі бар жүк  тасмалдау құжаты немесе коносамент, жұмысы қабылдау актісі және басқа да тиісті құжаттар болуы мүмкін.

Дайын өнімді шығарудың және оның қоймадағы есебі

Дайын өнім өндіруді ұйым бухгалтериясы тұрақты түрде бақылап отыруға тиіс. Дайын өнім шығару туралы құжаттар бухгалтерияға күнделікті келіп тұрады, сол жерде өнімнің түрлері, көлемі жайлы натуралды түрде есеп жүргізіледі. Ай аяқталғаннан кейін шығарылған барлық өнімнің көлемі жоспарлау, сату бағасымен және нақты өзіндік құнымен бағаланады (өндірістің аналитикалық есебі бойынша).  Есеп жүргізудің журнал-ордерлік формасына сай, шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнының сомасы № 10 журнал-ордердің 1320 «Дайын өнім» деп аталатын счеттар тобының дебитінде  және 8110 «негізгі өндіріс» деп аталатын счеттың кредиті бойынша көрсетіледі. Қоймадағы дайын өнімнің есебі оперативті-бухгалтерлік тәсіл бойынша жүргізіледі, яғни әрбір өнімнің номенклатурасы бойынша ТМҚ-р (ТМҚ-5) карточкасы ашылады.

Колледж білім берумен айналысқандықтан  дайын өнімі болып оқушылардың оқу ақысынан  тапқан табысы болып табылады.

             Шаруашылық операция мазмұны Дебет Кредит
Дайын өнімді кіріске алу 1320 8110, 8210, 8310
Дайын өнімді ақысыз беру 7410 1320
Материалдар мен шикізаттар негізгі өндіріс цехына босатылды 8111 1310
Өндірістен шыққан дайын өнім қоймаға кірістелді 1320 8110
Жабдықтаушылардан материалдар мен шикізат алынды 1310 3310
Оның ішінде ҚҚС 12% көрсетілді 1420 3310
Сатып алынған өнімнің өзіндік құнын есептен шығару 7010 1320
Қоймалардағы артық шыққан дайын өнімдерді кіріске алу 1320 6280
Дайын өнімдерді зертханалық сараптау өткізу және әкімшілік шығындары үшін есептен шығару 7210 1320
Сатып алушылардан берешек сомасы келіп түсті 1010

1030

1210
Қорларды есептен шығару үшін жасалған резерв 7420 1360
Дайын өнім бағасының құлдырауына байланысты өзіндік құнын есептен шығару 1360 1320

( № 85,89 қосымшалар)


Тағы рефераттар