Жоспар:

 I. Кіріспе

II.  Негізгі бөлім.

Дебиторлық және кредиторлық  қарыздар есебі

1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру

1.1  Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі

1.2  Күмәнді дебиторлық

1.3  Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі

1.4  Басқадай дебиторлық борыштардың есебі

2.  Кредиторлық қарыздар есебі

2.1  Алдағы кезең шығындарының есебі

2.2  Берілген аванстар есебі

2.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі

2.4 Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі

2.5 Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі

2.6 Басқа да кредиторлық қарыздар  мен есептелген төлемдер есебі

2.7 Салық міндеттемесінің есебі

2.8 Банктер мен  банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша  міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.

Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде  өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін  сатып алушылардың міндеттеме сомасы.

Саудалық емес дебиторлық берешек – іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (мыс: қызметтерге аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер алуға арналған дивидендтер мен % — р және т.б) пайда болады. Дебиторлық берешек 3 топқа бөлінеді:

1) алынуға тиісті шоттар;

2) алынған вексельдер;

3) басқалар.

Алынуға тиісті шоттарға : ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке,  субъектілердің  ақшалай емес активтеріне деген тілек – талаптары кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек болып бөленеді. Дебиторлық берешек саудалық шот фактурамен расталады. Алынған вексельдер бабы ресми борыштық міндеттемелермен расталады. Дебиторлық берешек пайда болатын сипатына қарай қалыпты және аяқталмайтын болып бөлінеді. Субъектінің өндірістік шаруашылық іс-әрекетінің барысында, сондай-ақ есеп айрысудың қолданыста жүрген нысандары  мен пайда болатыны қалыптыға жатады. Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек аяқталмайтын болып саналады. Ол есеп және қаржы тәртібін бұрмаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшілктер, тауарлық-материадық қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.

Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу – ол пайыз түрінде қарызға төлем ақы ретінде қайтарылатын капитал. Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық заңдылығымен байланысты. Несиелерді есепке алу үшін «Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» бөлімшесіне енгізілген   4010 «Банк несиелері», 4020 «Банктен тыс мекемелердің несиелері», 4030 «Басқа да несиелер» сияқты пассивті шоттары пайдаланылады. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақсатн Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді  несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.

курстық жұмыс / 38 бет


Тағы рефераттар