МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1.1ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1 Қант диабетіне жалпы сипаттама
1.2 Инсулиннің химиялық табиғаты жіне әсер ету мехенизмі
1.3 Қант диабетінің пайда болу себептеріне сипаттама
1.4 Қант диабетінің пайда болу белгілері
1.5 Қант диабетінің түрлері
1.6 Ұлпа сұйықтығы және оның маңызы
1.7 Қанның тіршілік үшін маңызы
Қанның биохимиялық құрамы
1.8 Қанның плазмасы
1.9 Лимфаға жалпы сипаттама. Лимфа және лимфа айналу
1.10 Лимфодинамикалық негізгі көрсеткіштер
2. Зерттеу материалдар мен әдістері
3. Зерттеу нәтижелері мен мен талдау
3.1 Аллоксан диабетінің үлгісі және лимфа мен қан плазмасының биохимиялық көрсеткіштерінің динамикасын алу
3.2. Аллоксан диабетіне шалдыққан егеуқұйрықтардың антиоксиданттармен түзетулерден кейінгі қан плазмасының биохимиялық көрсеткіштерінің ерекшіліктері

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

  Бүгінгі таңда дүние жүзінде қант диабетімен ауыратындардың саны көбейіп, жүрек-қан тамырлары, онкологиялық дерттен кейін үшінші орынды иеленуі — көпшілікті алаңдатып отырған мәселе. Бұл дерт біздің елімізде күннен-күнге көбейіп келеді. Сондықтан қант диабетінің белгілері білінген күннен бастап, денсаулыққа аса күтім керектігін ұмытпаған жөн.
Қант диабетімен дүние жүзі тұрғындарының бес пайызға жуығы, яғни 250 миллион адам ауыратыны белгілі және 15 жыл сайын бұл көрсеткіш еселеніп отыратын көрінеді[1-3].

Қант диабеті – эндокринді зат айналымы жүйесінің ауруы, оның негізінде абсолютті және біршама инсулиннің жетіспеушілігі жатыр.

Инсулин – ұйқы безінен, дәлірек айтсақ, лангерганстың аралындағы жасушалардан бөлініп шығатын гормон. Бұл науқас ұйқы безінің β-клеткалары бөліп шығаратын сөл, инсулиннің жетіспеуіне байланысты пайда болады. Инсулиннің тапшылығынан денедегі зат алмасуы, әсіресе көмірсутегі заттардың химиялық ажырауы мен денеге сіңу процестері бұзылады да қанның құрамында қанттың қалыпты деңгейі жоғарылаған кезде бүйректен сүзіліп өткен глюкоза несеппен бөлініп шығады.

Әдеби деректерде келтірілгендей жұмыстың негізгі бөлігі эксперименталді диабетте зерттеліп, анықталған.  Ал осы аурудың дамуының ерте мерзімдері  биохимиялық тұрғыдан  нашар сипатталған[4-7].

Сондықтан аллоксанды пайдалана отырып, аллоксанды қант диабетін тудырдық. Аллоксан-химиялық зат. Аллоксан 1817 жылы Бруньятелли ашқан.

Сонымен қатар С.М. Лейтес  жануарға аллоксанды жібергенде аралшық тіндер бұзылып аллоксандық диабет дамығанын байқаған. Мұнда тек қана көмірсу алмасуы бұзылып, май алмасуы өзгермейтінін байқаған. Осыған байланысты диабет ауруында май алмасуының бұзылуы екінші гормон – липокаиннің кемшілігіне байланысты болар деп болжайды[8-10].

Біздің зерттеу жұмысымыздың  егеуқұйрықтардағы аллоксан диабетінің үлгісін өңдеуге арналған мәліметтер және оның даму барысындағы қан плазмасының биохимиялық көрсеткіштері мен несеп құрамындағы глюкоза мөлшерінің өзгерістері анықталған нәтижелері келтірілген.

 Диплом жұмысы / 48 бет
Тағы рефераттар