Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар пәнінің түсінігі, жүйесі және қызметі туралы қазақша реферат

Жоспары:

  1. Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану.
  2. Монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу.
  3. Әдейі банкроттық.
  4. Жалған банкроттық
  5. Салық төлеуден жалтару.

Лекция мақсаты: сіздерге материалдық және басқа да құндылықтарды, халыққа көрсетілетін қызметті бөлуге, айырбастауға және тұтынуға байланысты туындайтын, қоғамдық қатынасты зардабын тигізетін, қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпаті іс-әрекет және осыдан туындайтын қылмыстық жауапкершілік туралы мәліметтер беру.

Лекция мәтіні:    Экономикалық қызмет саласындығы қылмыстар материалдық және басқа да құндылықтарды, халыққа көрсетілетін қызметті бөлуге, айырбастауға және тұтынуға байланысты туындайтын, қоғамдық қатынасқа зардабын тигізетін, қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық қатынасты қорғауға, ел  экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. ҚК-тің қарастырылып отырған тарауының маңыздылығы осында.

Экономикалық қызмет саласындағы кәсіпорындарда сол қызмет процесінде қалыптасқан бірыңғай тектік қоғамдық қатынас болады.

Осы тарау жататын бірқатар қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны ондағы қылмыс заты болып табылады. Мысалы, тауарлық белгі (ҚК-тің 199-бабы), комерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтер (200-бап), бағалы қағаздар (202-205-баптар), жалған ақша (207-бап), акциздік алым маркалары (208-бап).

Қарастырылатын қылмыстардың көбісінің обьективтік жағы қылмыстың жасауымен сипатталады. Кейбіреулері әрекетсіздік арқылы да жасалынады. Мысалы, несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (ҚК-тің 195-бап), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), салықтарды төлеуден жалтару (221,222-бап).

Экономикалық қызмет саласындағы кейбір қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны ол-заңда көзделген қоғамға қауіпті зардаптардың болуы. Оларды материалдық құрам болады. Мысалы, ҚК-192-194,196-198, 203-205,215-222- баптарында көзделген қылмыстар.

ҚК-тің осы, қарастырылып отырған тарауына кіретін бірқатар баптарда бланкеттік сипат бар. Мысалы, ҚК-тің 197,205,218-баптары.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы, субьективтік жағынан, қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы, субьективтік жағынан, өздерінің әдейі, қасақана жасалғандығымен сипатталады. Олардың кейбіреулерініңсубьективтік жағының міндетті түрдегі нышаны, оларды себеп пен мақсаттың болуы (ҚК-*тің 192, 193, 198, 204 – бап)

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың субектісі қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған, есі дұрыс адам бола алады. Ал, мұндай қылмыстардың кейбіреулерінің субьектісі тек лаузымды адамдар (ҚК-тің 189, 225- баптары), банк қызметкерлері ғана (189,225-баптар) болады.

Тікелей субьектісі бойынша экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды шартты түрде мынадай түрлерге бөлуге болады:

1) Кәсіпкерлік саладағы және экономикалық қызметтің басқа да саласында қылмыстар: заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (ҚК-тің 189 бабы), заңсыз кәсіпкерлік (ҚК-тің 190 бабы), заңсыз банктік қызмет (191-бап), жалған кәсіпкерлік (192-бап), заңсыз жолмен алынған ақша қаражатыннемесе өзге мүлікті заңдастыру (193-бап), монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу (196-бап), көріну жалған жарнама беру (198), тауарлық белгіні заңсыз пайдалану (199-бап), коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету (200-бап), кәсіптік спорт жарыстарының және ойынсауықтық комерциялық конкурстардыңқатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу (201-бап), банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер (215-бап), әдейі банкроттық (217-бап), бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу(218-бап), табиғат жөніндегі заңсыз мәліметтерді тіркеу (225-бап), мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету (ҚК-тің 226 бабы);

2) Ақша-несие саласындағы қылмыстар: несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану (ҚК-тің 194 бабы),  несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару )195-бап), бағалы қағаздарды ұстаушылары тізіміне көріну жалған мәліметтер енгізу (203-бап), бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көріну жалған мәліметтер беру (204-бап), бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу (205-бап), жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату (207-бап);

3)Қаржылық қызмет саласындағы қылмыстар: акциздік алым маркаларын қолдан жасау және пайдалану (ҚК-тің 208 бабы), экономикалық контрабанда (209-бап), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (219-бап), банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану (220-бап), азаматтың салық төлеуден жалтаруы (221-бап), ұжымдарға салынатын салықт ытөлеуден жалтару (ҚК-тің 222 бабы);

4)Сауда және халыққа көрсету чаласындағы қылмыстар: көпшілік сауда-саттықтар мен аукциондарды өткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзу (197-бап), тұтынушыларды алдау (223-бап), заңсыз сыйақы алу (224-бап);

5)Экономикалық қызмет саласындағы басқа да қылмыстар: компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зияндыбағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату )ҚК-тің 227 бабы).
Тағы рефераттар