Экспорттық бақылау туралы қазақша реферат

Экспорттық бақылау – бұл экспорты экономикалық қауіпсіздік тұрғысынан алғанда мемлекетке белгілі бір зиян келтіретін, мемлекеттің стратегиялық және саяси мүдделеріне қайшы келетін өнімдердің экспортын бақылауға, тыйым салуға, шектеуге байланысты ұйымдастыру – құқықтық және экономикалық іс-шаралардың жүйесі.

Таратпау саясатын ұстану Қазақстанның сыртқы саясатының негізі болатын қағидаларының бірі болып табылады. Қазақстан жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайтуға байланысты әлемдік қауымдастықтың іс-әрекетіне өзінің қолдан келген көмегін көрсетуге әзір. Осы жағынан келгендк Қазақстан жаппай қырып-жою қаруларын таратпау саласында, экспорттық бақылаудың халықаралық режимдері саласында нақты халықаралық міндеттерге ие. Қазақстан өзінің іс-әрекетін халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлес ретінде қарастырып, қатаң экспорттық бақылау жаппай қырып-жою қаруымен, терроризмнің таралуының жолын кеседі деп санайды.[2]

Халықаралық міндеттемелерді сақтау, сәйкес экспорттық бақылаудың жүйесін құрмай мүмкін емес. Экспорттық бақылау мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы халықаралық проблемаларға деген мемлекеттің көзқарасы қандай және оның тиімділігі қандай. Осылардан айтарлықтай дәрежеде мемлекеттің құрылыстың табысы, еліміздің әлемдік қауымдастыққа енуі тәуелді болып келеді.

Республика Үкіметі басынан бастап, осы саладағы халықаралық қауымдастықтың ұсыныстарына бағытталады. Елімізден шығатын ядролық экспорттың ережесін бекіткен алғашқы құжат Қазақстан Республикасының министрлер кабинетінің 1993 жылы 9-наурыздағы №183 қаулысында Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттігі мен ядролық жеткізушілердің тобы ұсыныстары көрініс тапты. Осы ұсыныстар экспорттық бақылаудың мәселелерін реттейтін әрекет етіп жатқан заңдар мен нормативтік құжаттарда да көрініс тапқан.

Қазақстан экспорттық бақылау жүйесінің қатаң критерияларын жасады. Оның жүзеге асырудың негізгі қағидалары болып мыналар табылады: жаппай қырып-жою және басқа қаруларды таратпау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді сақтау, экспорттық бақылауды жүзеге асырудағы саяси мүдделердің басымдығы; екі мағынада пайдаланатын технологиялар мен материалдардың экспортына мемлекеттік бақылау; экспорттық бақылау жүйесінің транспаренттілігі.

Республикамызда лицензиялау үрдісімен тығыз байланысты ғана емес, сонымен қатар бақылаудың әртүрлі нысандарымен тығыз байланысты экспорттық бақылаудың атқарушы органдары өзара бірігіп әрекеттесу механизмі қалыптасқан.

Қазақстан Республикасының географиялық және стратегиялық орналасуы оңтүстіктен солтүстікке қарай есірткі заттарының, сонымен қатар ядролық және радиоактивтік заттардың тасымалдануының транзиттік жолы болып отыр.

Қазақстанда дамыған атом өнеркәсәбі және ғылыми-зерттеу кешендері бар. Осы ядролық және радиоактивтік заттардың заңсыз айналымы тыйылмауда. 1995 жылы бастап республикамызда заңсыз айналымның бірнеше фактілері анықталып, Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарымен алды алынған. Атап айтсақ:

─   1995 жылы желтоқсанда Өскемендегі Үлбі металургия зауытынан 3,3% дейін байытылған 148,9 кг ядролық отын түйіршіктерін ұрлаудың алды алынған

─   1999 жылы шілдесі мен 2000-ж. шілдесі аралығында Алматы қаласында     U–235 бойынша 4,4% дейін байытылған ядролық материалдық заңсыз айналымының  4 фактісі тіркеліп, алды алынған.

Тергеу органдарының анықтауы бойыша аталған ядролық материалдар Өзбекстан арқылы одан әрі оңтүстікке қарай тасымалдауға арналған болып шықты.

1999 жылы 21-шілдесінде Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекараларын кесіп өту кезінде Өзбекстан аумағында сатуға арналған екі контейнер радиоактивті заттармен Ресейдің азаматы ұсталынған. Ұсталынған адам Байқоңыр ғарыш айлағында орналасқан әскери бөлімнің қызметкері екен.

2000 жылы 1-сәуірде Өзбекстан республикасының Гишт-Куприк кеден бекетінде қазақстаннан шыққан жоғары радиациялы тот басқан болаттың сынығы (23,4 тонна) жүгі ұсталынған. Металл сынығы жерасты сілтіден айыру тәсілімен уран өндірген кәсіпорынның технологиялық құрал-жабдықтарының қалдығы екен. Тағайындалған орыны Пәкістандық Кетта қаласындағы компания екен.

Соңғы жылдары Қазақстаннан жіберілген металл қалдығы ретіндегі жүктердің радиациялық деңгейі жоғары болып Қытайдан қайтып келуде. Биылғы жылдың өзінде жыл басынан бері 10 шақты вагон қайтып келген. Қытайдан қайтып келіп жатқан жүктерге байланысты оқиғалар ведомостволар арасындағы ақпараттар алмасу мен қызметтерін үйлестіруде қиындықтардың бар екендігін көрсетіп отыр. Радиоактивті материалдардың заңсыз айналымының қасақана немесе жасырын фактілері нәтижесінде туындаған радиациялық зардаптарды анықтаудың, таратпаудың және жоюдың механизмдері нақты жұмыс істемеуде. Осыған байланысты қазір “Қазақстан Республикасындағы бөлінетін және басқа да радиоактивті материалдардың санкцияланбаған айналымының алдын алу бойынша жоспар” деген ведомоство аралық құжат жасалынуда. Бұл құжат міндетті, құқық қорғау және кеден органдарының, басқа да бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыратын ведомостволарының қызметтерін үйлестіру мен біріктіруге, ақпарат алмасуларына, ядролық және басқа да радиоактивті материалдардың заңсыз айналымының фактілерін анықтауға, табуға және тергеуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында бөлінетін және радиоактивті материалдарға  бақылауды ұйымдастыру, радиоактивті материалдар мен жоғары радиациялы материалдарды табудың техникалық құралдарымен жабдықталу күрделі роблема ретінде қалып отыр. Осыған байланысты маңдай алды мәселе болып Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы жекелеген кеден бекеттерін қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтау табылады.

Бүгінгі таңда экспорттық бақылаудың қызмет етуі “Экспорттық бақылау туралы” заңына, экспорттық бақылауға жататын тауарлардың тізіміне, экспорттық бақылау мәселелерін реттейтін бірқатар нормативті актілермен экспорттық бақылауды жүзеге асырудың ережесіне негізделеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда механизміне бірқатар мемлекеттік органдар тартылған экспорттық бақылаудың жүйесі қызмет етеді.

Ядролық материалдарды бақылаудың мемлекеттік жүйесі әрқайсысының қызметі елімізде таратпау режиміне кепілдік беретін бір-бірімен байланысты және ажырамайтын үш компоненттен тұрады.

Бақылау жүйесінің мақсаттарын жүзеге асыру біріншіден ядролық материалдарды өлшеу мен есепке алу жүйесін құру жолымен, яғни олардың нақты санын анықтау үшін. Осыған байланысты есепке алу мен есеп беру ақпараттарын қамтамасыз ететін кәсіпорындардағы материалдарды есепке алу жүйесін ұйымдастыру өте маңызды болып келеді. Қазақстан кепілдіктерді толық қамтитын жүйені қолданады, ал бұл еліміздегі барлық ядролық қызметті жабады. Оларға төрт негізгі ядролық объектілер жатады. Атап айтсақ, Өскемендегі ядролық отынды өндіретін Үлбі металургия зауыты, Маңғыстаудың атом энергокомбинатындағы жылдам көбейткіш БН-350 және Ұлттық ядролық орталықтың Курчатов пен Алматы қалаларындағы зерттеу реакторлары.

Ядролық материалдарды бақылаудың мемлекеттік жүйесі екі деңгейден тұрады:

─   мемлекеттік, яғни комитетте кәсіпорындардың есебі жиналып, халықаралық атом энергиясы агенттігіне беру үшін есептер дайындалады, ілесіп баратын және басқа да қажетті ақпараттар сақталынады, әкелінетін және әкетілетін материалдардың мәліметтері,  объектілердегі  материалдардың саны көрсетіледі.

─   кәсіпорын деңгейінде, өлшеудің негізгі жерлерінен алынған ақпараттарды өңдеу және тіркеу, ядролық материалдардың есебі бойынша мәліметтер базасын қалыптастыру.

Осы кәсіпорындардағы ядролық материалдардың ерекшелігіне, жүргізіліп жатқан жұмыстар мен материалдарды жылжытуға байланысты әр түрлі болып келеді. Кәсіпорындардың әрқайсысында ядролық материалдардың есебін жүзеге асыратын арнайы бөлім құрылады. Материалдардың кәсіпорынға келіп түскен кезінен бастап, оған аумағымызда толық мониторинг жарияланады. Есепке алу жүйесі өзіне өлшеудің барлық түрі бойынша ядролық материалдардың мәліметтер базасын, мемлекеттік органдар арасында есеп беруді, физикалық инвентаризация арқылы жүйесінің қызмет етуіне жыл сайынғы тексеруді қосады. Ядролық материалдарды есепке алуды енгізу мен ұйымдастыру бойынша барлық жұмыстар қадағалаушы орган белгілеген нормативтік талаптардың шегінде жүргізіледі. Барлық кәсіпорындар Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттігінің кепілдігінде болады және барлығы салыстырылады. Барлық объектілер өзіне ұйымдастырушылық және техникалық аспектілерді қосатын компютерлендірілген жүйемен жабдықталады. Жүйенің мәліметтер базасында ядролық материалдардың  есепке алынғандары және олардың сипаттамалары: саны, изотопты құрамы, орналасқан жері бойынша толық ақпарат сақталынады.

Ядролық материалдардың есептігінің мемлекеттік жүйесі экспорттық бақылау жүйесі мен ядролық материалдарды есепке алу жүйесінің бірігіп әрекет етуін көздейді. Ядролық материалдарды елімізден шығару және елімізге әкелу арнайы  мемлекеттік орган берген лицензия негізінде, ал транзит кезінде үкіметтің рұқсатымен жүргізіледі.

Лицензиялау – бұл ядролық материалдардың құрал-жабдықтар мен технологиялардың, ядролық қызметке қатысты болып келетін екі ұдайы пайдаланылатын материалдардың экспортына құқық, рұқсат беру процессі.

Ядролық материалдарды және екі ұдайы пайдаланылатын материалдардың экспортын лицензиялау Қазақстан Республикасы аумағындағы шаруашылық қызметтің барлық субъектілеріне олардың меншік нысанына қарамастан міндетті болып келеді.

Аталған материалдардың экспортын лицензиялаудың негізгі міндеті болып табылатындар:

─   экспорттық бақылауды және таратпау режимін қамтамасыз ету;

─   лицензияны беру және беріуден бас тарқан кездегі туындайтын экономикалық, техникалық және саяси зардаптарға жан-жақты талдау жасау;

─   сыртқы саяси бастамаларды, ұлттық қауіпсіздікті, және еліміздің экономикалық мүдделерін қолдау;

Ядролық экспортты лицензиялау рәсімдерінің қажетті элементі болып республикамыздағы экспорттық бақылау жүйесіне кіріскен мемлекеттік органдар мен заңнамалық базаның болуы табылады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасынан шығарылатын ядролық экспорт, ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімнің, басқа да халықаралық келісім-шарттардың және Қазақстан Республикасының қатысушысы болып табылатын өзге де халықаралық құқықтық актілердің негізінде жүзеге асырылады.

Бұл нормативтік база анықтайды:

─   ядролық экспортты лицензиялау процесін жүзеге асыру механизмі;

─   осы процеске жұмылдырылған мемлекеттік органдар;

─   осы мемлекеттік органдардың функциялары, міндеттері, құқықтары және бірігіп қызмет жасауы;

─   атом энергетикасы комитетіне ядролық экспортты бақылаудың мемлекеттік функциясын жүктейді;

─   ядролық экспортты лицензиялау кезіндегі осы комитетпен келісудің рәсімі және тәртібі.

Ядролық материалдардың, технологиялардың, құрал-жабдықтардың экспортына лицензия атом энергиясын пайдалану саласында белгілі бір қызмет түрін жүргізуге комитеттен лицензия алған заңды тұлғаларға ғана беріледі.

Экспорттық бақылау жүйесіне көптеген мемлекеттік органдар жұмылдырылған, бірақ Қазақстандағы кез келген ядролық экспорт атом энергиясы жөніндегі комитетпен келісіп жүзеге асырылады. Комитетте ядролық материалдардың экспорты мен импортын жүзеге асыратын кәсіпорындар, және экспортталатын материалдардың саны мен құрамы туралы мәліметтер  жиналады. Нақты экспорт пен импорт туралы ақпараттар қадағалаушы органға тауарларды кедендік рәсімдеу органдарынан келіп түседі.

Бүгінде Қазақстанда экспорттық бақылау жүйесі әрекет етіп және халықаралық стандарттардың талабына толық сай келу мақсатында заңнамалық базасы жетілдірілуде.

Қазақстан Республикасының кеден органдары экспорттық бақылау жүйесінде, әсіресе ядролық және радиоактивті материалдарды физикалық бақылауда маңызды рөлге ие. Кеден органдары  экспорттық лицензиялау жүйесін кезең бойынша автоматтандыруды жүзеге асырады. Сонымен қатар өнеркәсіп өкілдерін қазіргі әрекет етіп жатқан экспорттық бақылауды жүзеге асыру тәртібімен таныстырады.[3]

Республикамыздың кеден органдары ядролық және радиоактивті материалдарды бақылаудың заманға сай техникалық құалдарымен жабдықталуға, сонымен қатар шекарадағы және ішкі бекеттегі кедендік бақылаудан тікелей жүзеге асыратын кеден қызметінің офицерлерін оқытуға мұқтаж екендігін атап өткеніміз жөн. Осыған байланысты ядролық және радиоактивті материалдардың қозғалуын бақылаудың тәсілдері мен нысандары бойынша оқыту, осы саладағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибемен таныстыру қажет.

Тауарлардың транзит режимі тауарлардsң Қазақстан Республикасы аумағы сонымен қатар шет мемлекеттің аумағы арқылы кедендік бақылаумен, тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан, кеден баждары мен салықтары төленбестен өткізілуіне арналған. Экспорттық бақылауға жататын өнімдердің транзиті Қазақстан Республикасы үкіметі рұқсатының негізінде экспорттық бақылау жөніндегі заңдарға сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы кеден аумағы арқылы тауарлардың транзитіне рұқсатты кеден органдары береді. Кеден органдары экспорттық бақылауға жататын тауарлардың транзитіне мынадай шарттар сақталған жағдайда рұқсат береді:

─   тауарлар Қазақстан Республикасы аумағынан әкетілуге, әкелінуге және республика аумағы арқылы транзитіне тиым салынбасы. Транзитке тиым салынған тауарлар келісімдерімен бекітіледі;

─   тауарлардың транзитіне Қазақстан Республикасы үкіметімен рұқсат берілсе;

─   кедендік бақылаумен тауарларды тасымалдау кезіндегі заңдардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған кеден органдарының талаптары орындалса;

─   транзиттік тауарларды және олардың құжаттарын біртектендіру мүмкіндігі қамтамасыз етілсе;

─   кедендік мақсат үшін қажетті жүк кеден декларациясы мен басқа да құжаттардың және қосымша мағлұматтар берілген жағдайда.

Бүгінде  Қазақстанда экспорттық бақылаудың мемлекеттік жүйесі бірқатар мемлекеттік органдар жұмылдырылған. Атап айтсақ индустрия және сауда министрлігі, сыртқы істер министрлігі, ішкі істер министрлігі, кеден бақылау агенттігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті, қорғаныс министрлігі және тағы басқалар. Олардың әрқайысысының белгілі бір функциялары, міндеттері мен құқықтары бар. Ядролық экспорт кезінде осы минералдық ресурстар министрлігінің атом энергетикасы комитеті қосылады.

Осылайша қортындылай келе Қазақстанда экспортқа мемлекеттік бақылауды ұйымдастырудың негізі қаланды деп айта аламыз.
Тағы рефераттар