Ақпараттық технологиялар біздің өмірімізге жаңа серпін әкелуде. Бүгінде үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызмет түрлерін алуға болады, бірақ ол үшін Сіздің жеке электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болуы қажет (ЭЦҚ).

ЭЦҚ деген не? ЭЦҚ – электрондық құжаттың заңды күші болу үшін қағаз түріндегідей қойылатын жеке адамның қолы. Ол біздің жазбаша қолтаңбамыз сияқты емес, сандар жиынтығы болып табылады.

Қазір үкімет өз қызметтерін ұсынып отыр, оны біз ЭЦҚ арқасында ала аламыз. Бізде электронды үкіметтің www.e.gov.kz порталы жұмыс жасайды. Ол арқылы барлық мемлекеттік органдарының ақпараты қолжетімді. Ал интерактивті қызметті жүзеге асыратын ЭЦҚ. Мысалы, мемлекеттік органдардан анықтамалар алу, мемлекеттік сатып алуларға қатысу (егер сіз заңды тұлға болсаңыз), енді  (заң бойынша) олар тек электронды түрде жүргізілетін болды,  немесе белгілі бір мемлекеттік органға тікелей шағымдану («Виртуалды қабылдау»).

ЭЦҚ алу үшін Сізге Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығының – www.pki.gov.kz сайтына кіру керек. Аталған орталық Қазақстанның жеке және заңды тұлғаларына ЭЦҚ берумен айналысады. ЭЦҚ алу үшін мынадай қадамдар жасау керек:

1 қадам. Цифрлық қолтаңба жүйесі жұмыс жасау үшін тиісті бағдарламаны орнату.

2 қадам. ЭЦҚ алуға өтінім беру. Өз деректеріңізді, ЖСН (жеке куәлік штрих-коды астындағы нөмір) және т.б. Барлығын толтырған соң, сіздің тапсырысыңызды жіберетін тетікті басамыз. Одан кейін сіздің тапсырысыңызға нөмір белгіленеді, оны ХҚО-да тіркету керек. Немесе сол сайттағы сіздің деректемелеріңіз бен нөміріңіз бар дайын сауалнаманы көшіріп алсаңыз да болады.

3 қадам. Сіз қарайтын ХҚО-ға қажетті құжаттарыңызбен бару. Жеке тұлға құжаттарының тізімі:

1) тапсырыс нөмірі мен тапсырыс берушінің қолы бар өтініш (үлгі бойынша);

2) тапсырыс берушінің жеке басын куәландыратын құжат – тіркеу куәлігінің иесі (жеке басын куәландыратын құжат, паспорт, мекен-жайы, уақытша куәлік) жеке сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН) көшірмесі;

3) жеке тұлға өкілі тапсырыс беруші атына сертификат алса, алайда Тіркеу орталығына келмесе, нотариуспен куәландырылған сенімхат (үлгі бойынша) немесе негізгі сенімхаттың түпнұсқасы мен көшірмесі.

4 қадам. Сайттағы деректер өңделгеннен кейін, екі күн ішінде on-line тапсырыста жазылған электронды поштаға сертификаттар келеді.

ЭЦҚ пайдаланушының электронды поштасына екі сертификат пен ашық және құпия екі кілт келеді. Жабық немесе құпия кілт – электронды сандық символдар жүйесі. Ол ЭЦҚ иесіне ғана белгілі, сонымен қатар, электрондық қолтаңба алудың негізгі элементі болып табылады. Ашық кілтті сандар жүйесін сізбен құжат айналымы бар орган да біледі. Ол қолтаңбаны тексеру үшін қолданылады. Куәландыратын орталықта сіздің ашық кілтіңіздің көшірмесі бар.

ЭЦҚ-ны қалай орнатуға болады? Кілттерге байланысты сертификаттарды орналастыру туралы ақпарат алдында көшіріп алынған бағдарлама бумасында бар. Шатасып қалмас үшін, программалық қамсыздандыру мұрағатында кілт орналастырудың қадамдық нұсқаулығы түрінде жазбалар бар. «Форум» бөлімінен көптеген сұрақтарға жауап таба аласыз. ЭЦҚ орналастырудың бейненұсқаулығы да бар. Оны жасаушылар www.kaztube.kz. бейнепорталына орналастырды.

Ол қалай жұмыс істейді? Электрондық қолтаңбамен жұмыс жасау қиындық туғызбайды және ол үшін арнайы білімнің қажеті жоқ. Мысалға, сіз жылжымайтын мүлікті иелену анықтамасын аламын дедіңіз. Электронды үкімет порталы — www.e.gov.kz кіріп, тіркеліңіз (сайтта сіздің «Жеке кабинетіңіз» пайда болады), «Азаматтарға қызмет» бөлімін таңдаңыз, тізімде керекті анықтаманы іздеңіз, тапсырысты толтырып, өзіңіздің электрондық қолтаңбаңызбен қол қойып жіберіп, Әділет министрлігінен жауап күтесіз. Ең көбі 5 күннен кейін сізге заңды анықтама келеді, оны сіз принтерден басып шығарып алып, тиісті мекемелерге ұсына аласыз.

Осылай адам мен мемлекет арасында интерактивті байланыс орнайды. ЭЦҚ-ның артықшылығы сол – электрондық қолтаңбасы бар құжаттар керекті жерге жылдам жіберіледі.

Тіркеу куәліктерін пайдалану салалары:

1) «Мемлекеттік сатып алулар» ақпараттық жүйесі;

2) «Электронды статистикалық есептілік» ақпараттық жүйесі;

3) «Қаржы есептілігі депозитариі» ақпараттық  жүйесі;

4) «Е-лицензиялау» жүйесі;

5) «Қазына-клиент» ақпараттық жүйесі;

6) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына азаматтардың үндеуі;

7) жеке электронды поштаға қол қою;

8) үкімет порталындағы сервистер мен қызметтер.

Әрине, тізім  осымен  аяқталмайды, уақыт өте келе ЭЦҚ қолдану аясы кеңейе түседі.

Назар аударыңыз! Сілтеме бойынша сертификаттарды орналастыру тапсырыс жіберілген компьютерде жасалуы керек.

Ескертпе. ЭЦҚ алу үшін www.pki.gov.kz сайтындағы нұсқаулық көмегіне жүгіну керек.

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығының  қолданушыларды техникалық қолдау қызметіне 8-800-080-7777 телефоны арқылы (ҚР аумағындағы тегін телефон жүйесі), сонымен қатар, электронды мекен-жайға: support@pki.gov.kzнемесе info@pki.gov.kz ала аласыз.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба» туралы Қазақстан Республикасының Заңы.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.pki.gov.kz – Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының сайты;

2) www.e.gov.kz – «Электронды үкімет» порталы;

3) http://koltanba.ucoz.ru/ — «Электрондық цифрлық қолтаңба» сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «электрондық цифрлық қолтаңба», «электрондық цифрлық қолтаңба алу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Тағы рефераттар