Еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келісім. Бұл шартқа сәйкес қызметкерлер еңбек тәртібіне бағына отырып, белгілі бір мамандық бойынша жұмыстарды орындауға, ал кәсіпорын тараптардың келісімі және еңбек заңдарында қарастырылған айлық жалақыны төлеуге және тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге міндетті болады. Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 493 Заңында, еңбек қатынастарын реттеуге арналған басқа да нормативтік-құқықтық актілерде жан-жақты қарастырылған.

Қазақстанның қолданыстағы еңбек заңдарының өзіне тән ерекшеліктері еңбек шартының ролін күшейту болып табылады. Нарықтық қатынастарда еңбек саласындағы қоғамдық қатынастардың қатысушыларына жеке еңбек шарты негізінде еңбек жағдайларын реттеуде теңдей мүмкіндіктер ұсынылады. Шарт жалдамалы қызметкерлердің жеке қасиеттерін ескеруге, еңбек құқықтық қатынасының тараптарының құқықтары мен міндеттерін дербестендіруге мүмкіндік береді.

Еңбек құқықтық қатынастарды мемлекеттік реттеуге күш салу орталықтандырылғаннан орталықсыздандырылуға, заңнан – шарттылыққа қарай өтеді. Сонымен бірге, негіздеме және жеке еңбек шартын бұзу бөлігінде заңмен реттеу қалады.

Еңбек заңдарының мақсаты – барынша ұзақ мерзімді құқықтық қатынасты қамтамасыз ету. Бұған әдетте, жұмыс беруші де, қызметкер де мүдделі. Жұмыс беруші өз ісін жақсы білетін және қажетті жұмысты орындай алатын оқыған, білікті қызметкерлерден тұратын кадрларды тұрақты иемденуді қалайды. Қызметкер тұрақты жұмыс пен соған төленетін ақыға мүдделі. Еңбек заңдарының құқықтық нормалары тап осындай жағдайды тудыруға бағытталған. Осы немесе басқа тараптың қалауына байланысты еңбек құқықтық қатынастарын еріксіз тоқтатуға әкелетін тараптардың әрекетіндегі кездейсоқтарды болдырмауды көздейді.

Еңбек туралы Заңның 26-бабының 3) тармақшасына сай жеке еңбек шартын бұзуға жеке еңбек шартының қолданылу мерзiмi немесе сынау мерзiмі iшiнде қызметкердiң жеткiлiктi бiлiктiлiгiнiң болмауы не белгiлi бiр жұмысты жалғастыруға кедергi келтiретiн денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын қызметiне немесе орындайтын жұмысына сәйкессiздiгi аңғарылған жағдайда жол беріледі.

Жеке еңбек шартының үлгісі 

№ ______ ЖЕКЕ ЕҢБЕК ШАРТЫ 

Алматы  қаласы                                                                         2007 жылғы  27 қазан 

«Арқау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, бұдан әрi – Жалдаушы  деп аталады, Жарғы негiзiнде iс-қимыл жасайтын Бас директор ___________________  арқылы, бiр жағынан және азамат ______________________________, бұдан әрi – Қызметкер деп аталады, екiншi жағынан, бұдан әрі –Тараптар деп аталады, төмендегі жайында осы Жеке еңбек шартын (бұдан әрі – Шарт)  жасады:

1. ШАРТТЫҢ  МӘНІ 

1.1. Тараптар Жалдаушының Әкімшілік бөлімінің бас маманы қызметінеҚызметкер жалдау туралы осы Шартты жасады.

1.2. Жалдаушы осы Шартқа сәйкес жалдайды және ақы төлейді, ал Қызметкер осы Шарттың талаптарында белгіленген  жұмысты орындауға міндеттенеді.

1.3. Осы Шарт еңбек қатынастарын және соған байланысты осы Шарттың талаптары мен міндеттемелерін орындау барысында белгілі бір жұмысты жүзеге асыруға байланысты Тараптар арасында пайда болатын басқа да құқықтық қатынастарды реттейді.

2. ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 

2.1. Қызметкердің:

1) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң актілеріне, Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне және осы Шарттың талаптарына сәйкес еңбек ақысының уақтылы төленуіне;

2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде басқа нәрсе ескерілмеген болса, кәсіподақтарға немесе басқа қоғамдық бірлестіктерге өз еркімен мүше болуға;

3) дем алуға;

4) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгіленген кепілдіктер  мен  өтемақыларды алуға;

5) еңбек дауларын Тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен шешуге;

6) Жалдаушының еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерімен танысуға;

7) Республиканың азаматтарына Конституция және Қазақстан Республикасының заң актілері кепілдік берген құқықтар мен  бостандықтарды пайдалануға;

8) белгіленген тәртіппен өзінің қызметтік міндетін атқаруға қажетті ақпаратты және материалдарды алуға;

9) біліктілігі мен қабілетін, еңбек ету (қызмет ету) міндеттерін адал атқаратынын ескере отырып, қызметте жоғарылауға;

10) Қызметкердің пікірі бойынша ешбір негізсіз айып тағылған жағдайда, Жалдаушыдан қызметіне тергеу жүргізуді талап етуге;

11) еңбегін, денсаулығын қорғауға, қауіпсіз және жоғары өнімді жұмысқа  қажетті еңбек етерлік жағдай жасауды талап етуге;

12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақымен және әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етілуге;

13) Жалдаушының жоғары дәрежелі лауазымды тұлғаларына жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізуге;

14) (лауазымы) жұмыс орны және орташа жалақысы сақталатын, денсаулық түзеу үшін дифференциясы ескерілген екі лауазымдық жалақымөлшерінде  жәрдем ақшасы төленетін, мереке күндерін есептемегенде ұзақтығы 30күнтізбелік күндік жыл сайынғы еңбек демалысын алуға. Қызметкерге жыл сайынғы ақылы демалысты қалауы бойынша  бөліп-бөліп  беруге  болады;

15) Жалдаушының қарамағындағы әлеуметтік-мәдени мекемелерді пайдалануға;

16) еңбек ету (қызмет ету) міндетін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін  және біліктілігін арттыруға;

17) Жалдаушының жоғары дәрежелі лауазым иесінен Қызметкердің атқаратын қызметіне сәйкес міндеттерін және өзінің өкілеттіктерінің көлемін дәл белгілеп беруді талап етуге;

18) жеке басын сыйлауын, Жалдаушының лауазым иелерінің өзіне әділ және құрметпен  қарауын талап етуге;

19) денсаулығына немесе мүлкіне келген зиянның, сондай-ақ еңбек ету (қызмет ету) міндеттерін атқаруға байланысты науқастығының немесе еңбек ету қабілетін жоғалтудың орнын толтыруға;

20) осы Шарттың және еңбек туралы заңдардың талаптарына сәйкес Шарттың талаптарын өзгертуге және оны мерзімінен бұрын бұзуға құқығы бар.

2.2. Қызметкердің  міндеті:

1) өзінің еңбек ету міндетін Конституцияға, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң және нормативтік құқықтық актілеріне, Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне (оның ішінде Басқарманың және Директорлар кеңесінің қаулыларына, Жалдаушының жоғары дәрежелі лауазымды тұлғалары өздерінің өкілеттігі шегінде шығарған бұйрықтарына, өкімдеріне, нұсқауларына және тапсырмаларына), қызметтік нұсқаулыққа және осы Шартқа сәйкес  адал, уақтылы және сапалы орындау;

2) өзінің өкілеттігін өзіне Жалдаушы берген құқық шегінде және қызметтік міндеттерге сәйкес жүзеге  асыру;

3) Жалдаушы белгілеген ішкі еңбек тәртібінің ережелерін және еңбек  тәртібін орындау;

4) Жалдаушының тапсырмасы бойынша қызметтік іссапарға шығу;

5) Жалдаушының мүлкінің амандығын қамтамасыз ету және өзінің еңбек ету (қызмет ету) міндетін орындау барысында Жалдаушыға мүліктік зиян келтірмеу;

6) Тараптар арасында материалдық толық жауапкершілік туралы шарт жасалған жағдайда, еңбек туралы заңдарға және Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жауап беру;

7) осы Шарт қолданылатын уақыт ішінде және ол аяқталғаннан кейін де заңмен қорғалатын, өзіне сеніп тапсырылған қызметтік, коммерциялық, мемлекеттік және басқа да құпия болып табылатын мәліметтерді және өзіне Жалдаушының қол астында жұмыс істеп жүрген кезде мәлім болған, қызмет бабында пайдалануға арналған:

– техникалық және арнайы құжаттаманы, оның ішінде статистикалық ақпаратты;

– Жалдаушының өзінің әрі оның істес серіктерінің қаржылық операцияларына байланысты  мәліметтерді;

– заң бойынша басқа нәрсе талап етілмейтін жағдайда, өзіне тағайындалған ақшалай сыйақының мөлшерін;

– Жалдаушының және оның серіктерінің қызметіне байланысты мәліметтерді, сондай-ақ Жалдаушының қызметкерлері туралы мәліметтерді құпия ұстау және жария етпеу;

8) еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария ережелерінің талаптарын орындау;

9) жоғары дәрежелі лауазымды тұлғаға адамдардың өміріне, денсаулығына, сондай-ақ Жалдаушының мүлкі мен қызметкерлерінің амандығына қауіп төндіретін жағдайдың  пайда болғаны туралы кешіктірмей хабар беру;

10) тығыз және алдын ала болатыны белгісіз жұмыстарды орындау қажет болған жағдайда, өзінің еңбек ету міндетін демалыс, мереке күндері және түнгі мезгілде де орындау, сондай-ақ еңбек туралы заңдарға және Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленген мерзімнен тыс жұмыс істеу;

11) өндіріске қажет болған және Қызметкер келіскен жағдайда,  жыл сайынғы еңбек демалысын үзе тұру және өзінің еңбек ету (қызмет ету) міндетін орындауға кірісу;

12) этиканың қолданылып жүрген заңдарда және Жалдаушының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нормаларын сақтау;

13) Қызметкердің жеке басының мүддесі өзінің өкілеттігімен түйісетін немесе оларға қайшы келетін жағдайда, Жалдаушының өзін тағайындауға құқығы бар лауазымды тұлғасына кешіктірмей хабар  беру;

14) Қызметкер Жалдаушының қаражаты есебінен оқыған, біліктілігін арттырған немесе қайта дайындықтан өткен жағдайда, мамандарды оқыту туралы Тараптар арасында жасалған шартта белгіленген мерзімде жұмыс істеп беру немесе Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Жалдаушының шығындарын өтеу.

3. ЖАЛДАУШЫНЫҢ  ҚҰҚЫҚТАРЫ  МЕН  МІНДЕТТЕРІ 

3.1. Жалдаушының:

1) Қызметкерден Конституцияға, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң және нормативтік құқықтық актілеріне, Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне (оның ішінде Жалдаушының жоғары дәрежелі лауазымды тұлғалары өздерінің өкілеттігі шегінде шығарған бұйрықтарына, өкімдеріне, нұсқауларына және тапсырмаларына), лауазымдық нұсқаулыққа және осы Шартқа сәйкес өзінің еңбек ету (қызмет ету) міндетін орындауды талап етуге;

2) өздерінің құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау мақсатында жұмыс берушілердің бірлестігін құруға және соған кіруге;

3) Қызметкерді көтермелеуге, оны еңбек туралы заңда және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіп бойынша тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартуға;

4) өзіне Қызметкер келтірген зиянның  өтемақысын алуға;

5) Қызметкер Жалдаушының қаражаты есебінен оқыған, біліктілігін арттырған немесе қайта дайындықтан өткен жағдайда, Қызметкерден мамандарды оқыту туралы Тараптар арасында жасалған шартта белгіленген мерзімде жұмыс істеп беруді талап етуге немесе Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Жалдаушының Қызметкерді оқытуға байланысты шығарған шығындарын өтеуге;

6) Қызметкер соттың шешімі бойынша заңсыз деп танылған ереуілді ұйымдастыруға және өткізуге қатысқан жағдайда, оны жұмыстан босатуға;

7) осы Шарттың талаптарына және еңбек туралы заңдарға сәйкес осы Шарттың талаптарын өзгертуге және оны мерзімінен бұрын бұзуға;

8) тығыз және күнібұрын болатыны белгісіз жұмыстарды орындау өндіріске қажет болған жағдайда, еңбек туралы заңдарға сәйкес Қызметкерді белгіленген мерзімнен тыс жұмысқа, сондай-ақ демалыс, мереке күндері және түнгі жұмысқа шақыруға;

9) өз өкілеттігі шегінде еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілер шығаруға;

10) өндіріске қажет болған жағдайда, Қызметкерді өзінің келісімі бойынша жыл сайынғы еңбек демалысынан шақырып алуға. Мұндай жағдайда еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі Тараптардың арасындағы келісім бойынша өтіп бара жатқан жұмыс жылының ішінде беріледі немесе Қызметкердің қалауы бойынша келесі жұмыс жылының еңбек демалысына қосылады немесе еңбек туралы заңдарға сәйкес Қызметкерге өтемақы төленеді;

11) еңбек туралы заңдарда ескерілген мерзімге және сондағы тәртіп бойынша Қызметкерді жұмыстан шеттетуге;

12) Қызметкердің өзі атқаратын қызметіне лайықтылығын  білу үшін оның біліктілігін тексеруге қақысы бар.

3.2. Жалдаушының міндеті:

1) Қызметкерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету, оған еңбек ету (қызмет ету) міндетін орындау үшін еңбек туралы заңдарға, Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне және осы Шартқа сәйкес қажетті жағдай жасау;

2) Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне және осы Шартқа сәйкес жұмысын орындаған жерде немесе тиісті өтініш негізінде Қызметкердің банктік (карточкалық) шотына жазу арқылы оның еңбегіне уақтылы және толық көлемде ақы төлеу;

3) Қызметкерге өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға мүмкіндік беру;

4) осы Шарт заңсыз бұзылған жағдайда, Қызметкерді бұрынғы жұмысына қайта қою және еңбек туралы заңдарға сәйкес материалдық шығынды өтеу;

5) Қызметкер басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған жағдайда, оны еңбек туралы заңдарға сәйкес бұрынғы жұмысына қайта қою;

6) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қызметкерді зейнетақымен қамтамасыз ету;

7) еңбек туралы заңдардың және осы Шарттың талаптарын бұлжытпай орындау;

8) Қызметкерді еңбек ету (қызмет ету) міндетін орындауға қажетті құрал-жабдықпен және материалдармен қамтамасыз ету;

9) Қызметкерге Жалдаушының еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерімен танысуға мүмкіндік беру;

10) еңбек ету міндетін орындап жүргенде, Қызметкердің өмірі мен денсаулығына нұқсан келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыру;

11) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде ескерілген тәртіп бойынша және сондағы талаптарға сәйкес Қызметкерге келген зиянды өтеу;

12) жұмыс кезінде Қызметкердің өміріне немесе  денсаулығына қауіп төнетін болса, оның жұмысын тоқтата тұру;

13) Қызметкерге зиянды және қауіпті жағдайда еңбек ететіндігі және кәсіптік ауруға шалдығып қалу мүмкіндігі  туралы алдын ала ескертіп айту;

14) Қызметкердің еңбек жолын және оның зейнетақымен қамтамасыз етілуіне ақша бөлінгендігі туралы мәліметтерді растайтын құжаттарды мемлекеттік мұрағатқа өткізу;

15) Қызметкердің өтініші бойынша осы өтінішті алған күннен бастап бес күндік мерзімнен кешіктірмей оған мамандығы, біліктілігі, қызметі, жұмыс уақыты және жалақысының мөлшері көрсетілген анықтама, Қызметкердің біліктілігі және оның еңбек ету міндетіне көзқарасы туралы мәліметтер келтірілген ұсыныс  мінездеме, сондай-ақ еңбек туралы заңдарда ескерілген басқа да құжаттар беру.

4. АҚЫ ТӨЛЕУ ТАЛАПТАРЫ 

4.1. Қызметкердің  еңбегіне  Жалдаушының нормативтік  құқықтық актілеріне сәйкес ақы төленеді.

Жалдаушы Қызметкерге жалақыны айына кем дегенде 1 (бір) рет төлейді.

4.2. Қызметкерге оның Жалдаушы екеуінің арасындағы құқықтық еңбек қатынастарына байланысты кепілдік және өтемдік төлемдер Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тәртіп бойынша және мөлшерде төленеді.

4.3. Қызметкердің ресми медициналық құжаттармен расталған уақытша еңбекке жарамсыз болған кездеріне Жалдаушы Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заң талаптарына сәйкес төлейді.

4.4. Қызметкерді жыл сайынғы еңбек демалысынан шақырып алған жағдайда, еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі Қызметкерге өтіп бара жатқан жұмыс жылы ішінде беріледі немесе ол өзінің қалауы бойынша келесі жылдың еңбек демалысына қосылады немесе еңбек туралы заңдарға сәйкес Қызметкерге өтемақы төленеді.

4.5. Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қызметкерге тағы өтеусіз және қаржылық көмек беруге болады.

4.6. Жалдаушы өндіріспен тікелей айналысатын Қызметкерге жұмыс тоқтатылған кездегі уақытқа ақыны айына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде тиісті қаржы жылына белгіленген ең аз 1 (бір) айлық жалақы есебінен төлейді.

Жұмыс тоқтап қалған жағдайда, Жалдаушы Қызметкердің келісімінсіз оның мамандығын, біліктілігін ескере отырып, орындалатын жұмыс бойынша, бірақ бұрынғы жұмысының орташа айлық жалақысынан төмен емес еңбекақымен 1 (бір) айдан аспайтын мерзімге және денсаулығына зиян келмейтін басқа жұмысқа ауыстыруға құқылы. Қызметкердің кінәсынан тоқтап қалған уақытқа ақы төленбейді.

5. ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ РЕЖИМІ. ДЕМАЛУ УАҚЫТЫ 

5.1. Жұмыс аптасының ұзақтығы 2 (екі) демалыс күні бар, аптасына 40 (қырық) сағаттан астам қара жұмыста және денсаулыққа зиянды жұмыста жүрген Қызметкерлер үшін  аптасына 36 (отыз алты) сағаттан аспайтын 5 (бес) күнді құрайды.

5.2. Күнделікті жұмыс күндері Қызметкерге дем алуға және тамақ ішуге кем дегенде 1 (бір) сағат уақыт беріледі, Қызметкер оны қалай пайдаланам десе де, өз еркінде. Жұмыстың аяқталуы мен келесі күні басталу аралығындағы Қызметкердің күнделікті демалысының ұзақтығы кем дегенде 12 (он екі) сағат болуға тиіс.

5.3. Қызметкерді өзінің келісімі бойынша, ал еңбек туралы заңдарда ескерілген ілуде бір жағдайда өзінің келісімінсіз де белгіленген  мерзімнен тыс жұмысқа шақыруға болады.

5.4. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына және Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қызметкерге Жалдаушымен келісім бойынша қосымша демалыс және басқа да демалыс беріледі.

5.5. Қызметкерге Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оқу демалысы беріледі.

6. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ

ОНЫҢ БҰЗЫЛАТЫН ЖАҒДАЙЛАРЫ 

6.1. Осы Шарттың  қолданылу мерзімі шектеусіз.

6.2. Жалдаушы Қызметкерге  2 (екі) ай сынақ мерзімін белгілейді.

6.3. Осы Шартты:

1) Тараптардың келісімі бойынша;

2) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нормалар мен талаптарды орындай отырып, Жалдаушының және/немесе Қызметкердің бастамасы бойынша;

3) Тараптардың еркіне бағынбайтын және Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауына кедергі жасайтын жағдай орын алған кезде;

4) осы Шарттың  мерзімі аяқталмай тұрып;

5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде ескерілген басқа да негіздер бойынша бұзуға болады.

6.4. Осы Шарттың мерзімі аяқталардан бір ай бұрын Тараптардың бір де біреуі оны бұзу туралы жазбаша мәлімдеме жасамаған  жағдайда, оның қолданылуы Шарттың 6.1. тармағының бірінші абзацында көрсетілген мерзімге ұзартылды деп саналады.

6.5. Жалдаушының (немесе оның бөлімшелерінің) таратылуы,  Жалдаушының (немесе оның бөлімшелерінің) қызметкерлерінің саны немесе штаты қысқартылуы салдарынан осы Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, Қызметкердің Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерінде ескерілген барлық кепілдіктері сақталады.

6.6. Осы Шарт бұзылған жағдайда Қызметкерге тиесілі барлық сома соңғы жұмыс күнінен кешіктірілмей төленеді.

7. ТАРАПТАРДЫҢ  ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 

7.1. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін бұзған және осы Шарт бойынша талаптар мен міндеттемелерді орындау барысында бір-біріне нұқсан (зиян) келтірген жағдайда, олар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, сондай-ақ материалдық толық жауапкершілік туралы Тараптар арасында жасалған Шарт негізінде жауап береді.

8. ДАУЛАРДЫ  ШЕШУ  ТӘРТІБІ 

8.1. Осы Шарттың талаптарын  орындау барысында Тараптар арасында туатын даулар солардың өзара келісімі бойынша шешіледі.

8.2. Өзара келісімге қол жетпеген жағдайда, Тараптардың даулары Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгіленген тәртіп бойынша шешіледі.

9. БАСҚА  ТАЛАПТАР 

9.1. Осы Шарттың талаптарына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Шартқа қосымша келісіммен ресімделеді және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

9.2. Осы Шарт әрбір Тарап үшін қазақ тілінде бір данадан заң күші бірдей етіліп, екі данада жасалған.

9.3. Тараптардың еркіне бағынбайтын және Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауына кедергі жасайтын жағдай орын алған кезде, Тараптар бір-біріне талап қоюдан бас тартады.

10. ТАРАПТАРДЫҢ  МЕКЕНЖАЙЫ  ЖӘНЕ  ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ 

Жалдаушы:

 

«Арқау» ЖШС

480092, Алматы қаласы,

Абай д-лы, 21-үй

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бас директор

_________________

 

  Қызметкер:

Үйінің адресі:

Алматы қаласы,

______________

______________

 

Жеке куәлігінің

№ ______________

______________

Қазақстан Республикасының

ІІМ берген.

 

CТН: ______________

ӘЖК: ______________

Қызметкер

____________________

 


Тағы рефераттар