Есептеу және микропроцессор техника негіздері пәні туралы қазақша реферат

         «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәніп мектепке енгізу

Сонымен мектептерді компьютерлендіру саласындағы нақты ұйымдасқан әдістемелік шараларды талқылауға «жалпы білім беретін және кәсіби мектептердің реформасының негізгі бағыттары» тірек болды (1984 ж.) [64]. Сол уақыттағы мектеп реформасының басты бір жағдайы, ол алғашқы рет декларацияланған информатика және есептеу техникасын мектептің оқу- тәрбие процесіне енгізу және жастарды жалпы компьютерлік сауаттыльщпен қамтамасыз ету мәселесі болды. 1984 жылдың соңында Кеңес Социалистік Республикалар Одағының Ғылым Академиясының Сібір бөлімінің Есептеу орталығы (А.П.Ершов) және Кеңес Социалистік Республикалар Одағы ПҒА оқытудың мазмұны мен әдістері ғылыми-зерттеу институтыньщ (В.М.Монахов) бірігуімен және еліміздің түкпір-түкпіріндегі педагог-информатиктердің тобын жұмылдыра отырып, жалпы білім беретін мектепте «Информатика және  есептеуіш техника негіздері» деп аталатын жалпы білім берудегі  жаңа пәннің бағдарламасын жасау жұмысы өріс алды. 1985 жылдың ортасында осындай жұмыс орындалды және Кеңес Социалистік Республикалар Одағыньщ Оқу-ағарту министрлігімен мақұлданды [67]. Ұкіметтің келесі шешімдерімен жастардың компьютерлік сауаттылығының қалыптасуы мәселесін тез шешуге мұмкіндік беретін негізгі стратегиялық жол ретінде орта мектепке «Информатика және есептеуіш техника  негіздері» пәнін міндетті тұрде енгізудің нақгы мерзімі — 1985  жылдың 1 қыркұйегі болып қабылданды. Бағдарламадан кейін қысқа мерзім ішінде оқушыларға арналған оқулықгар [65, 66],  мұғалімдерге арналған көмекші құралдар дайындалды [27,28].

Мемлекеттің мектепті компьютерлендіру мәселесіне ұлкен көңіл аударғанына «Информатика и образование (ИНФО)» деп аталатын жаңа ғылыми-әдістемелік журнал баспасының пайда болуы куә болады, бұл журналдың бірінші саны 1986-1987 оқу жылында шықты. Қазіргі кездегі Ресейдегі әкономикалық қиындықтарға қарамастан ИНФО бұгінгі кұнге дейін қазіргі білім беру жұйесі ұшін маңызы ерекше, информатика мен ақпараттык; технологияларды білім беру ауқымына ендіру ұшін қажетті

әдістемелік, дидактикалық, техникалық, ұйымдастырушылық,  әлеуметтік-әкономикалық, психология-педагогикалық мәселелерді түсіндіретін арнайы ғылыми-әдістемелік журнал болып отыр.

Ал Қазақстанда 1992 жылы Қазақстан Білім Министрлігінің ғылыми-әдістемелік педагогтік «Қазақстан мектебі» журналының «Информатика, Физика, Математика» атты қосымшасы жарық көре бастады.

Жаңа пәнді оқыту ұшін 1985 және 1986 жылдардың жаз айларьшда мұғалімдерді жедел дайындау курстары өткізілді, олардың қатарында негізінен физика, математика мұғалімдері мен білім беруді ұйымдастырушылар болды. Бұл құрам 1985— 1986 жылдардағы физика — математика факультетгерінің тұлектерімен, яғни информатика және есептеу техникасы саласындағы болашақ жас мұғалімдермен толықтырьшды. Сол кезде Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Оқу министрлігінің шешімімен педагогикалық институттардың физика-математика факультеттерінің негізінде информатика және есептеу техникасы пәніне жұйелі тұрде мұғалімдер дайындауды ұйымдастырудың бірлескен әдістемелік шаралары қабылданды [47,48].

1985 жылдан бастап физика-математика факультетінің қызметі халыққа білім беру мен халық шаруашылығына жоғары мамандандандырьшған мамандар: математика мен информатика мұғалімдерін; физика-математика ғылымы және орта мектеп пен жоғары оқу орындарындағы математика мен информатиканың кейбір тарауларынан сабақ беру әдістемесі салаларынан гылыми қызметкерлер дайындауға бағытталды. Осыған орай 1985-1987 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің «Информатика және есептеуіш техника» кафедрасының қызметкерлері республикадағы «Информатика және есептеуіш техника негіздері» атты мектеп курсының мазмұны мен одан сабақ беру әдістемесін қалыптастыруга ат салысты.

1985 жылдан бастап Қазақстандағы мұғалімдер дайындайтын қара шаңырақ Абай атындағы АлМУ-да «Математика және информатика», «Физика және информатика» мамандықтарының оку жоспарлары жасалып, солар бойынша орта білім беретін оқу орындары ұшін «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәні бойынша оқытушылар дайындау жұзеге асырыла бастады.

Мектепке ИЕТН пәнін енгізуде мамандармен қамтасыз ету ауқымында, немесе кеңірек айтқанда бұтіндей мектепті компьютерлендіру ауқымында қысқа мерзім ішінде шешілуі қажетті мәселелердің қиындық деңгейі мен сипатын нақтырақ тұсіну ұшін, 1980 жылдардың ортасында Кеңес Социалистік Республикалар Одағы мектептерінде информатика және ӘЕМ саласьшда жұмыс істеген мұғалімдердің дайындық деңгейлерінің қандай болғанын ескере кету керек.

Алғаш ЭЕМ-ге бағдарламалаудың қысқа таныстыру курсы — «Математикалық машиналар және есептеу практикасы бар бағдарламалау» деген оғаш аты бар 1964 жылы педагогикалық жоғарғы оқу орындарьгаың физика-математика факультетінің оқу жоспарында пайда болды. 1970 жылы педагогикалық жоғарғы оқу орындарының физика-математика факультетінің оқу жоспарына жаңартылған «Есептеу машиналары және бағдарламалау» (50 сағат) курсы енгізіледі, бұл курстың бағдарламасының мазмұны бағдарламалаудың даму бағытына сәйкес келмеді. «Есептеу математикасы және бағдарламалау» синтездік курсының бағдарламасының келесі ресми тұрі бағдарламалауға 70 сағат бөледі және дербес жагдайда жоғарғы деңгейдегі Алгол-60 тілімен танысуды болжады [45]. Сол кезде еліміздің санаулы педагогикалық жоғарғы оқу орындарында бір-екі «Найри», «Промин», «Мир» және т.с.с. кіші ӘЕМ-дің болуы жоғарғы деңгейдегі техникалық қамтамасыз етілуін ескере кету керек. 1970 жылдардың соңына қарай ледагогикалық жоғарғы оқу орындарында бағдарламалау және есептеу математикасының тек қана төрт кафедрасы ашылды (Мәскеу, Ленинград, Свердловск, Омбы), ал алғашқы дербес ӘЕМ-дер (отандық ДӘЕМ-дер «Искра», «ДВК», «Әлектроника») тек, 1980 жылдардың ортасында санаулы жоғарғы оқу орындарында өте аз мөлшерде пайда бола бастады.

Жоғарыда айтылғандардан информатиканы орта мектепке енгізу кезеңінде (1985 жылы), сол кезде мектепте жұмыс істеп жұрген педагогикалық жоғарғы оқу орындарьшың физика-математика факультеттері тұлектерінің компьютерлік дайындық деңгейі жаңа ИЕТН курсын оқытудың талаптарына еш сәйкес келмегенін байқауға болады.

Оның себептері айқын:

— педагогикалық жоғары оқу орнында білім беру информатика саласын оқытпады, ол тек бағдарламалаудың алғашқы әлементтерімен танысуға, информатика курсын мектепке енгізу кезеңіне қарағанда, өте төмен, едәуір мешеу деңгейіндегі идеяға бағдарланған болды;

— педагогикалық жоғары оқу орындарында бағдарламалауға дайыидау тек білім беру сипатында ғана болды, ал осы пәнді оқушыларға оқытуға бағдарланған болмадьт (мұндай мәселе жоқ еді).

Шынында да 1980 жылдардың екінші жартысында мемлекеттік жәие аймақтық білім беруді басқаратын ұйымдармен қабылданған ең батыл және шапшаң тұрде информатика және ссептсу техникасын оқытатын физик, математик мұғалімдерді қайта дайындауды қамтамасыз ететін ұйымдасқан — әдістемелік шаралары, тек ИЕТН мектепке енгізудің бірінші кезеңінің шұғыл шаралары ретінде ғаиа жарамды болды. Педагогикалық жоғарғы оқу орындарының физика-математика факультетінің негізінде информатика мұғалімдерін және мектептерді компьютерлендіруді ұйымдастырушыларды жұйелі тұрде дайындау және басқа мектептік пәндер мұғалімдерінің компьютерлік білімін лайықты жағдайға келтіру шараларын өткізу ұшін негізгі ғылыми-әдістемелік құралдар мен талқылауларға сұйену керек.

Қазіргі кезде оқу орындарының, мектептерден бастап жоғары оқу орындарына дейін, Қазақстан Республикасы халық шаруашылығының даму ерекшеліктері (менеджмент, ақпарат қажеттілігі және т.б.) нарықтық әкономика жағдайында «информатика» мамандығы бойынша информатика оқытушысы және компьютерлендіру бойынша менеджер мамандығы, сол сияқты «информатика және ағылшын тілі», «информатика және әкономика» тағы сол сияқты мамандықтағы мамандар даярлау талап етіліп отыр. Мұлдай мамандар дайындауды физика-математика факультеті базасында көп сатылы құрылымы бар оқу жоспарларына көшу арқылы іске асыру керек. Осындай мамандарды дайындауға республикаға белігілі ғалымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Ұ.М.Сұлтанғазин, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы Ш.С.Смағұлов, ғылым докторлары Т.Н.Бияров, С.С.Оспанов, СЯ.Серовайский және т.б. ғалымдар информатика және қолданбалы математика кафедрасында қосымша оқытушылық қызмет атқара отырып ат салысты.

«Информатика және есептеуіш техника негіздері» курсын бағдарламалық қамтамасыз ету негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Мұндай жағдай 1985 жылы қалыптасты, яғни информатика және есептеуіш техника негіздері курсын сұйемелдеуге арналган алғашқы кешенді бағдарламалар сол жылдары пайда бола бастады. Бұ_л жұмыстар окулықтар мен оқу құралдарының авторларымен тығыз байланыста болды [21]. Кейіннен компьютерлердің әрбір тұрлері ұшін бағдарламалық-әдістемелік кешендерді жасау мәселесі алдыңғы орынға шықты. Бұл оқу жоспарында қойылған міндеттерді шешуді қамтамасыз ету ұшін онсыз да мұмкіндігі шектеулі оқулық-есептеу машиналарын мейлінше кеңінен пайдалануды қажет етеді. Дегенмен, 1990 жьтлдардың басында ТМД-ның республикаларында, соның ішінде Қазақстанда да есептеу техникаларын тандауда, ІВМ-РС тектес компьютерлерді таңдау арқылы соңғы нақты шешімдері қабылданды. Сол жылдары отандық мұғалімдер мен оқушылардьщ қолында А.П.Ершов пен В.М.Монаховтың және А.Г.Кушниренконың редакциялауымен дайындалған оқу құралы мен мұғалімдерге арналған әдіетемелік құрал болды.

1985-1987 жылдары Қазақстанда Абай атындағы АлМУ-дың «Информатика және есептеуіш техника» кафедрасыньщ меңгерушісі Е.Ы.Бидайбеков «Информатика жоне есептеуіш техника негіздері» курсын оқыту әдістемесі мен мазмұлын калыитастыруға тікелей ат салысты. Ол А.П.Ершов, М.В.Монаховтың редакциясын басқарумен дайындалған 2-бөлімнен тұратын «Информатика және есептеуіш техника негіздері» деп аталатын оқушылар ұшін байқау оқу құралын және мұғалімдер ұшін «Информатика және есептеуіш техника негіздерін оқыту» әдістемелік құралының қазақша аудармасының арнайы редакторы болды [88-91]. Соньшен қатар, арнайы редактор ретінде аударудың ғылыми-әдістемелік деңгейінің тек дұрыстығын ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының орта мектептеріне жаңа пәнді енгізуді қамтамасыз ететін информатика бойьшша қазақ тілінің терминологиясын енгізіп, тағайындады.

Бұл оқулықтардың екі нұсқасы ұшін де қажетті қазақ тіліндегі педагогикалық бағдарламалық кұралдар жоқ болды. Тек Абай атындагы АлМУ-дың есептеу зертханасында университеттің барлық факультеттерінің информатика және басқа пәндері бойынша оқу процесін сұйемелдеуден ғана емес, сонымен қатар әр тұрлі қазак, орыс тілдерінде педагогикалық бағдарламалар пакеттері (ПБП) нсасала бастады. Атап айтқанда, қазақ және орыс тілдерінде тілінде мынадай багдарламалық өнімдер: Е-практикум, ПРОЛОГ-Д, ПРОЛОГ-Б, ТІЛДІК ОРТА, ИЕРАРХИЯ, «Информатиканы оқыту әдістемесі», «Есептеуіш техниканы оқу процесінде қолдану» пәндерінде қолданылатын бағдарламалық құралдар пакеті жасальшьш, ал кейбіреулерінің аудармасы, оқу процесіне енгізу мақсатында таратылып отырды. Кафедрада жасалған «ТТЛДІК ОРТА» бағдарламалық құралдар пакеті 1994 жылы Республикалық көрме-жәрмеңкеде бірінші дәрежелі дипломмен марапатталып, Қазақстан Республикасының білім беру жұйесінде пайдаланылуға ұсынылды. Сонымен қатар, бұкілодақтық компьютерлеидіру бағдарламасына сәйкес аталған университеттің математика және басқа факульттетеріне (ДЕКАНАТ-автоматтандырылған басқару жұйесі (АБЖ), ректоратқа оқу-тәрбие жұмысын автоматтандыру (кадрлар, аспирантура) т.б. бойынша АБЖ) жұмыстары жүргізілді.
Тағы рефераттар