Эстетикалық бағалау сапаны бағалаудың ерекше түрі ретінде туралы қазақша реферат

Соңғы жылдары зергерлік бұйымдардың шығарылуы едәуір өсті. Олардың ассортименті кеңейіп, сапасы мен көркемсуреттік әшекейленуі жақсарды. Әлемнің көптеген зергерлік бұйымдарды шығару зауыттарында бағалы металдарды сапалы балқыту, кесу, үскілеуді қамтамасыз ететін лазерлік техникалар енгізілді. Алмасты қиыршықтау, қарайту, эмальдау, бедерлі сурет салу сияқты жұмыстар сапасы бағалана бастады.

Барлық кезеңнің зергерлері – данышпан шеберлермен жасалған ең үздік бұйымдарға гауһар, зүбәржәт, жақұт, сапфир, меруерт тастары, әлемнің ең таңдаулы мұражайларын безендіріп тұрған алтын және күміс ыдыстары жатады.

Зергерлік тауарларға сәндік үшін жасалған бұйымдар, жеке күтіну  құралдары, үстел және тұрмыс сәнділіктері, темекі шегу және сағат бұйымдары, сувенирлер және тағы басқалары жатады.

Жеке бастың әшекей заттары (жүзіктер, сырғалар, алқалар, білезіктер, моншақтар, мойынтұмарлар, медальондар және баулар) түрлері мен фасондарына қарай әртүрлі болады: сыртқы сәнділігі бойынша қарапайым және материалы қымбат, не болмаса әсерлі және қымбат емес – осының барлығы да киімді жақсы сәндейді, және де онымен жақсы үйлесімін табуы керек.

Жеке зергерлік әшекейлермен қоса, бір композициямен орындалатын жиынтықтар да болады.  Жеке күтіну заттары тобына опа қалыптары, айналар, иіс сулар шынысы, қалпақтарға арналған түйреуіштер, галстукке арналған қысқыштар және т.б. жатады.

Өнім шығарушы кәсіпорындарындағы зергерлік бұйымдардың сапасын тексеру үшін, оларды әртүрлі сынақтардан өткізеді. Сауда кәсіпорындарында, әдетте, таңдау жолымен өнімнің дайындалу партиясынан 10 данадан кем емес 10%-ға дейін бұйым іріктеліп алынады. Іріктелген бұйымдардың пломбаланған үлгі-эталонына және нормативтік-техникалық құжаттамаға, техникалық үлгіге сәйкес сыртқы түрін анықтайды; этикеткаларының дұрыс ресімделуін (барлық реквизиттерінің болуы және дұрыс толтырылуы); білезіктер мен жүзіктердің нақты өлшемінің таңбалау мәліметтеріне сәйкестігін, зергерлік тастардың болуын және олардың сапасын тексереді, және де зергерлік тастардың шынайы екенін анықтайды.

Зергерлік тастарды қасиеттердің бірімен тексерген кездегі маңызды ақпарат алу көзі болып, ультрафиолет сәулелерінің әсерінен пайда болатын люминесценция табылады. Түсті анықтау үшін, қараңғы бөлмені пайдаланады.

Зергерлік тастардың мықты орнатылғанын, ағаш таяқшамен басып немесе бұйымды сілку арқылы анықтауға болады. Ал бағалы металдардан жасалған бұйымның салмағын 1-ші класты техникалық таразыларда өлшеуме анықтайды. Осы орайда, алтын қорытпаларынан және платина металдарынан жасалған бұйымдарды 0,01 г дейінгі нақтылықпен; күміс қорытпаларынанжасалған бұйымдарды 3-ші класты таразыларында 0,1 г дейінгі нақтылықпен өлшейді.

Егер іріктеліп алынған бақылау үлгілерінің біреуі болсын МЕМ СТ талаптарына сәйкес келмесе, онда екі еселенген үлгі алып (20%-ға дейін), қайталанған тексеріс жүргізеді. Ал егер де осы тексерістің қорытындысында бұйымның біреуі МЕМ СТ талаптарына және таңбаланған үлгі-эталонына сәйкес келмей шықса, онда барлық партия брак болып есептеледі.

Зергерлік бұйымдардың сапасына және де тұтынушылық қасиеттерінің қалыптасуына әсер ететін факторлардың бірі болып материал табылады. Тұтынушылық қасиеттер функционалдық, эргономикалық, гигиеналық, беріктілік, қауіпсіздік, ал ең бастысы – эстетикалық болмақ.

Зергерлік бұйымдарды дайындауға қажетті негізгі материалдар болып, ізгі (бағалы) және түрлі-түсті металдар мен олардың қорытпалары, бағалы, жартылай бағалы және әшекейлеу тастары, янтарь, перламутр, синтетикалық тастар, сондай-ақ шыны, эмаль, сүйек, мүйіз және пластикалық заттар табылады.

Бағалы, жартылай бағалы және дайындау тастарының негізгі мекен орны еліміздің әр түкпірінде орналасқан. Олардың бірнеше жіктемесі бар. Саудада және кәсіпорында зергерлік бұйымдарды салыстырмалы құндылығына қарай бөледі. Бағалы және жартылай бағалы тастар әдетте мөлдір болады, және де жарқырауық тастар деп аталады, ал өңдеу тастары – егелеуге ғана жарамды мөлдір емес немесе әлсіз көрінетін түсті минералдар болып саналады.

Бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған бұйымдарды тек шығарушының бәсіре бедерлемесі мен мемлекеттік сынамалы таңбасы болған жағдайда ғана сатуға болады. Сондай-ақ, шетел өндірістерінің де бұйымдарының міндетті түрде мемлекеттік сынамалы таңбасы болу керек.

Біздің елімізде сатылуға шығарылатын түсті металдардан жасалған барлық бұйымдардың Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің сынамалық бақылау инспекциясымен қойылған сынамасы болуы керек.

Мемлекеттік сынамалы таңба – бұйымға бедер салу немесе механикалық емес тәсілмен, мемлекеттік сынамалы бақылау инспекциясымен салынатын арнайы белгі. Бұл бұйымның мемлекеттік инспекциямен тексеріліп, көрсетілген таңбадан кем емес сынамасының бар екенін білдіреді. Мемлекеттік сынамалы таңба куәландыру және сынама белгілерінен тұрады. Олар бірге (бір бейнеде) немесе бөлек қойылуы мүмкін.

Екі жартыдан тұратын (сырғалар, қос қысқыштар және т.б.) бұйымдардың әр бөлігіне таңба соғады. әртүрлі фасонды баулардың бір шетіне таңба салып, екінші шетіне кәсіпорынның бәсіре-белгісін таңбалайды.Бұйымның көркемдік әрленуі мен пішіні олардың тағайындалуына сәйкес келіп, оның пайдалану қолайлылығын қамтамасыз етеді және жаңаша эстетикалық талаптарға сай келеді.
Тағы рефераттар