Кеңестік жүйеден шыққан тәуелсіз мемлекеттерге сенімді тәуелсіздік туралы, ендігі жерде бір-біріне қалай көмектесу керектігін ойлау қажет. Егер де экономикалық салада, адами қатынастарда интеграцияға жол ашылса, сонда ілгері жылжиды, ілгері дамиды. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттағы басты бағыты посткеңестік елдермен (ең алдымен Ресеймен және Орталық Азия елдерімен) интеграциялық байланыс құру болып табылады.

Үш ғасыр бойы қазақтар мен орыстар қоян-қолтық өмір сүрді. Сырттан келген шапқыншьшықтарға тойтарыс беру үшін талай рет күш біріктіріп, өзара жақындықтарын төгілген қандарымен бекітіп отырды. Алайда өмір болған соң бәрі болады, біздің халықтарымыздың да бір-біріне ренішті кездері де болған «История межэтнических отношений» деген кітапта /1/ , өкінішке қарай ондай беттер де кездеседі. Бір ғажабы ол реніштер қазақ және орыс халықтарының өзара қарым-қатынастарына ешуақытта көлеңкесін түсірген емес. Керісінше, бұл екі этностардың арасында үнемі мәдени, рухани және өнегелі құндылықтармен алмасқан өзара танымдық, пайымдық молығулар болып отырды. Бірге тұрып, бір-біріне ілтипатты болуды қазақ халқының озық ойлы ұлдары жақсы ұққан болатын. Ұлы Абай өзінің «Ғақылия» қарасөздерінде орыс халқына деген өзінің жүрекжарды ыстық ықыласын білдіре отырып, халқын орыстан үлгі алуға, достық қарым-қатынаста болуға шақырды, сол үмітпен уағызды Ш. Уалиханов та, Ы.Алтынсарин де, Ж.Жабаев та, І.Жансугіров те және қазақ халқының ой-арманын, мақсат-мұратын көксеген Даланың басқа ұлы перзенттеріде талай-талай қайталады /2/.

Қазақсатан мен Ресей Перзиденттері 1997 жылдың қыркүйегіндегі кездесуде Достастық, ынтымақгастық жөне өзара көмек жөніндегі екі ел арасындағы 1992 жылғы Шарты ерекше атап өткен болатын. Ол Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестікке жол ашып еді. Сондықтан да тарихи сабақтастыққа сәйкес Қазақстан мен Ресей арасындағы мәңгілік достастық жөніндегі Декларация (1998 ж. 6 шілде) қол қою өмірдің өзінен туындап отыр. 1992 жылдан бергі уақытта әлемдік саясатта көптеген өзгерістер болды. Жаңа тарихи жағдайға орай 1992 жылғы шартқа көптеген өзгерістер енгізу қажет еді.

1998 жылы мемлекет басшылары біріккен мәлімдеме қабылдап, екі елдің Үкімет жетекшілеріне Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстарды тереңдетудің он жылдық бағдарламасын әзірлеп, қол қоюға ұсынуды тапсырған болатын. Бұл өндірістік және ғылыми-технологиялық кооперацияны дамыту, меншік нысанына қарамастан, тікелей шаруашылықтар мен аймақтар арасында байланыс орнату мәселелерін көздеген құжат еді.

Үкімет басшылары деңгейінде қоныс аударушылар процесін үйлестіру, олардың құқықтарын қорғау, өзара ақпараттық-мәдени алмасуға қол жеткізу, инвестицияларды көтермелеу және өзара сақтау жөнінде келісімге қол қою болатын.

Сондай-ақ ядролық-жағар май кәсіпорындарының интеграциясын қамтамассыз ету, салық заңдарын бұзушыларға қарсы бірлесе күресу жөніндегі келісімге қол қойған-ды.

Қазақстан мен Ресей ішкі істер министірліктерінің шекаралас аймақтардағы ішкі істер органдарының жұмысын жолға қою жөнінде келісім де бар. Міне, осындай құжаттар достас екі елдің саяси, экономикалық, мәдени, ғылыми байланыстарын нығайтудың қайнар көзіне айналды. Тәуелсіздік тұғырын нығайтып отырып, Қазақстан Ресеймен тең құқықтық негізде байланыса отырып, экономикалық және гуманитарлық салаларда көп қырлы интеграциялық процестер жүзеге асырылды. Бұл екі елдің стратегиялық әріптестер ретіндегі жұмысының өзегіне айналды. Ресеймен ынтымақтастықты одан әрі өрістету тұтастай алғанда Қазақстанның сыртқы саясатының басты да басым бағыттарының бірі екендігі даусыз.

Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдениет, ғылым, білім салалары бойынша екі жақты келісім-шарттар бар. Осының нәтижесінде екі елде де мәдениет бір-бірін байыта отырып, дамып келеді. Әр ұлттың өзіне тән қасиеттері сақталады, сөз және ождан еркіндігіне қол жеткізген, тіл дамуына кедергі жоқ.

Сауда экономикалық байланыстар да даму үстінде. Оған 1995 жылы қол қойылған Кеден Одағы шартының әсері мол. Егер 1994 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2,37 миллиард долларды құраса, ол 1995 жылы 3,96 миллиард долларға, ал 1996 жылы 4,8 миллиард долларға жеткен /3/.

Ресейдің сыртқы сауда айналымында Қазақстанның үлес салмағы едәуір. Мселен, 1997 жылы Ресейдің экспорт-импорт айналымында Қазақстанның экспорты 2,9%, импорт бойынша 5,2% болды. Салыстырып көрелік Германиянын;- үлес салмағы экспортта 7,7%, импортта 12,5%, Италия — 4,2 %және 5,0%, Украина — 8,4% және 7,4%, Белорусь — 5,4% және 8,7%., Қырғызстан — 0,2% және 0,3%. Ал, Ресей Қазақстандың басты сауда әріптесі болып отыр. 1997 жылғы Қазақстанның жалпы тауар айналымының 38,7% Ресейдің үлесіне тиеді. Ресейдің Қазақстансыз одағай дамуы мүмкін емес. 6,5 мың шақырымнан астам шекара тұр. Каспий теңзінің мұнай көздерін орталық сызықпен бөліп, оның жер асты байлықгарын бірге игеру міндетті түрде мен мұндалайды. Оның үстіне Ресей Байқоңыр ғарыш айлағын, сондай-ақ әскери полигондарды көптеген жылға жалға алып, пайдаланып келеді. 1992 жыл мен 1998 жылдың 20 мамыры аралығында Байқоңырдан ғарышқа 148 рет үшу жүзеге асырылған. АЛ, Ресейдің 4 полигонының Қазақстандағы көлемі 104492 шаршы шақырымды алып жатыр. Бұл Қазақстан аумағының 3,8% /4/.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мәңгілік достастықпен- біріккен. Олар XXI ғасыр қарсаңында ұлттық қауіпсіздік, саяси тұрақтылықтың, ұлтаралық келісімнің және екі мемлекеттің. де гүлденуінің кепілі болып табылатын осы достықты сақтауға және нығайтуға міндеттенеді.

Орта Азияға келер болсақ барлық жердегідей мұнда да күрделі процестер жүруде. XX ғасырдың аяғына таман тәуелсіздік алумен байланысты Орталық Азиядағы жағдай өзгерді. Орталықазиядағы интеграциялық процестер Кеңес Одағының әлі аяқталмаған дезинтеграция процестерімен ұштасып жатыр. Оның үстіне, саяси институт түрінде интеграциялық топ салыстыра қарағанда ертеректке пайда болды. Орталық . Азиядағы интеграциялық процестердің ерекшелігі бірқатар геосаяси факторларға байланысты, олар мемлекетаралық ынтымақтастықтың, интеграцияның бірігуінің дамуы анықтайды.

Орталық Азия мемлекеттері жаңа геосаяси жағдайда, статус-кво жағдайында бұрынғы одақтық республикалардың арасындағы ұлттық-мемлекеттік шекараларды, ал сыртқы шекаралардан Ресей империясы кезіндегі  шекараларды сақтап қалуға тырысты..

Аймақтағы ерекше бір әлеументтік-лингивистикалық интеграция ретінде орыс тілі қызмет етеді, ол барлық жерде кеңінен таралған. Орыс тілі Орталық Азияның әртүрлі интеграциялық институттарының жұмысы тіл болып табылады. Осы аймақтағы барлық ғылыми-техникалық, саяси зиялылары орыс тілінде кәсіп меңгерген, білім алғандар. Орталық Азияның көптеген тұрғындары үшін орыс тілі бұрын да, бүгінгі күнде білім алуда, ғылым мен техниканың, әлемдік камуникациялардың әліппесін үйреніп, меңгеруде ақпараттық арна (құрал) болып отыр. КСРО кезінде қалыптасқан ғылыми-білімдік, діл бірлігі жаңа тәуелсіз мемлекеттердің сақталынып қалған әлеуметтік институттарында діл де өзінің қуат-күшін сарқа қойған жоқ. Түрғындардың білім деңгейі айтарлықтай жоғары болғандықтан, Орталық Азия өзінің шығыс және оңтүстік көршілерінен гөрі ұтымды жағдайда. Оның үстіне қазіргі күндері аталмыш салада Орталық Азия халықтарының арасында белгілі бір қарама-қайшылық (поляризация) байқалады, ол бұрынғы дәстүрлі әлеуметтік-мәдени құндылықтарды, нұсқауларды қайта жандандырумен байланысты. Белгілі бір мөлшерде бұл ұлттық зиялылардың белсенді түрде қолдауымен жүргізіледі.

Қазіргі көптеген мемлекетаралық мәселелерді шешу халықаралық құрлымдардың билік өкілеттілігі жайлы мәселені әртүрлі түсінгендігіне шектеліп жатады. Кеңес дәуірінен кейінгі Орталық Азия елдерінің билеуші зиялылары үшін бұл мәселе. бұрын да күрделі.еді, ол қазіргі күндері де — ұлтық тәуелсіздік тірегін нығайту, мықты ұлттық құрылымдарды құруға байланысты өзектілігін жолға қойған жоқ. Содан да болар, бірінші, интеграциялық институт — Орталықазияттық одақ (ОАО) /5/ шеңберіндегі көптеген келісімдер өз қызметтерін жалғастыра алмады.

Мемлекет аралық интеграция процестерінің алға қойған мақсаты және белгілі бір жоспарлары бар. Осы тұрғыдан алғанда, интеграциялық топтың саяси институт ретіндегі белгілерінің маңызы жоғары, ОАО қызмет еткен аралықта бірнеше ірі саяси институттардың құрылуы интеграциялық құрылымдарының белгілі бір халықаралық құқықтық негіздерінің бекіп, әрі қарай өсуіне жағдай жасады. Орталықазияттық одақтың әрі қарай-өмір сүру практикасы көптеген қол қойылған келісімдердің жүзеге асуының күрделі екендігін байқатты. Алғашқыда Орталықазияттық интеграция өзі сияқты топтардың, бірінші кезекте Еуропалық қауымдастықтың (ЕС) табысты әлемдік тәжірибесін аймақта қалыптасқан жағдаймен ұштастырғысы келеді. Сондықтан Орталық Азия шеңберіндегі бір қатар ірі келісімдердің қызмет істемегені өзінен өзі зандылық болып шығады.

Интеграциялық .бірлестікке алғашқыда жүктелген жоғары міндеттер көптеген мөселелерді шешу барысында белгілі.бір «бірігуді» қажет етті, бұл енді ғана тәуелсіздікке қол жеткізіп отырған интеграцияның кейбір мүшелері үшін қиын жағай еді. Орталықазияттық интеірацияның саяси институт ретінде өзгерісі зандылық болып есептеледі. Бұл бағыт ОАО бірлестігінің атын Орталықазияттық экономикалық қоғамдастық (ОАО-ОАЭК) /6/ деп өзгертіп, интеграция мүшелерінің құрамын да қеңейтуге алып келді.

Әлемдік тәжрибедегі бір-біріне ұқсас әртүрлі модельдердің салыстырмалы талдауы АСЕАН-ның кейбір тәжрибелерінен үлгі алуға болады деген қорытындыға тіреледі. НАФТА-ның интеграциялық модельі аймақтың шынайы жағдайына сай келмейді. Осы интеграциялық топтың мықты халықаралық құрылымы жоқ және бірлестіктің ішіндегі қатынаста көбіне-көп экономикалық негізде бірігуге бағытталған. НАФТА-ның экономикасы жетілген елдерінен айырмашылығы ОАЭҚ мүшелерінің алдында басқа міндеттер тұр. Орталық Азия мемлекеттерінің экономикасы әлі де онша дами қоймағандықтан, осының өзі негізгі міндет- табанды дамитын экономикалық құрылымды жасауды талап етеді.

АСЕАН елдері интеграцияның бастауын жетілген аграрлы шикізат экономикасынан бастағаны белгілі. Интеграцияға қатысушы елдерге дұрыс жағдай жасауға дайындық осы ұйымның бірнеше онжылдықтарын алды және тек 2007 жылдарға қарай онда еркін сауда аймағын құру көзделініп отыр /7/.

Бұл жағынан алып қарасақ, ОАЭҚ елдерінің бастапқы жағдайы ұтымдырақ. Оның үстіне, АСЕАН-ның» алдында интеграцияның бастапқы кезінде тұрған міндеттер орталықазияттық интеграция қатысушыларының мақсат-мүдде, мәселелерімен көбінесе ұқсас. Аймақтық бөліктегі экономикалық депресся, ірі қарулы қақтығыстар, этносаралық және аумақтық мәселелердің реттелмеуі, әлемдік күш орталықтарының ынтымақтастық аймағына енуі — осы факторлардың көпшілігі орталықазияттық геосаяси кеңістікте кездеседі әрі күн өткен сайын өрши түсуде.

Мұндай факторлар Орталық Азияға аймақтық интеграция үшін геосаяси негіздің маңыздылығын анықтап береді. Қауіпсіздік жөнінен аймақтық құрылымның ашылу мәселесі интегралдық фактор болып есептелінеді. Мемлекетаралық бөлшектену бағытының өсуі дау-дамайлардың артуының. заңды нәтижесі болып табылады. Геосаяси және геоэкономикалык; жағынан жеткіліктіктің болмауы айқын нәрсе, олай болса, аймақтағы мемлекеттерге диверсификация және интеграциялық процестердің тереңдетілуігі қамтамасыз етіп, оның орнын толтыру керек. Орталық Азия кеңістігі төзіп отырған тарихи коллизиялардың ескерсек, қазіргі жағдайдағы аймақгық қауіпсіздік барлық аймақтың мемлекеттері үшін біртұтас және бөлінбейді ,яғни ол аймақ интеграциясының геостратегиялық тірегі болып табылады.

Тарихи жағынан аласақ, орталықазиаттық аймақ үшін аумақтық қауымдастық пен ерекше еңбек бөлінісіне негізделген белгіл бір жүйелік тән. Дегенмен де, Орталық Азияның ішкі кеңістігінің анық бөлінісі болды. Ішкі Азияның аумақтық кең географиялық кеңістігі соңынан геосаяси өзгерістердің нәтижесінде оқшауланып, қазіргі заманда негізінен екі ірі қүрлықтық мемлекеттер — Ресей мен Қытайдың арасында бөлініп қалып қойды. Қазақстан тарапы экономикалық кеңістік қалыптастыруға бастамашы болуда. Барлық халықтардың мүддесі үшін өзге мемлекеттер жүріп өткен сүрлеумен жүруіміз жөн. Мәселен, Бельгия, Нидерленды, Люксембург -Бенилюкс елдерін алайық. Енді Аргентина, Бразилия, Перу мемлекеттеріне көз салайық. Егер Орталық Азияда бірыңғай экономикалық кеңістік жасалса, бұл 55 милион халық болады екен.

Орталық Азия өзінің тасымал мүмкіндіктерін нығайту үстінде бірлесе жұмыс істеген жағдайда өзі де дүниежүзілік нарыққа құнды тауарлар — мұнай мен газ, тау кен және ауылшаруашылық шикізаттарын бере алатын болады. Ежелгі Жібек жолының жалпы сұлбасымен XXI ғасырда мұнай-газ құбырлары тартылды, солар арқылы Орталық Азия мұнай мен газ экспортын дамыту үшін Орта Азия елдеріне, ежелгі замандағы сияқты, бірыңғай сыртқы экономикалық саясат, бірыңғай кеден, салық бақылауы, қауіпсіздік жүйесі қажет, жөңе ол өте тиімді болар еді. Жаңаша геоэкономикалық ахуалда Орталық Азия елдері бір-біріне тәуелді болған жағдайда ғана өздерінің тәуелсіздігін қорғап қала алады. Ортаазиялық ықпалдастық -бұл осы аймақтың дүниежүзілік көлемдегі әскери-саяси, экономикалық тәуелсіздікке жету жолы. Тек осындай жағдайда ғана Орталық Азия аймағы бкіл дүние жүзінде қүрметке ие болады. XXI ғасырдың бірінші жартысында ұлы державалар Азия-Тынық мүхит аймағында басымдыққа жету үшін тайталасқа түсетінін атап өткен жөн сондықтан, біздің мүддеміз үшін, Орталық Азия мүддесі үшін, осынау ғаламдық геоэкономикалық құбылыс жөнінде дұрыс бағдар ұстанудың маңызы бар.

Ортялық Азия елдерінің ортақ стратегиясын жасағанда «Азия жолбарыстарының» /8/ кезінде табысқа жету себептерін де, араб дүниесінің бытыраңқылыққа және жалпы мүдделер үшін бірыңғай, келісімді саясат жүргізу бағытында қабілетсіздікке ұрындырған араб елдерінің барлық жаңсақтықтарын да егжей-тегжейлі ескерген жөн. Сонымен қатар, кеңестік тәртіптен Орталық Азия едеріне мұра болып экономикалық, этникалық және басқа проблемалардың тұтас бір шоғыры қалғанын ескеру керек. Ал қазір оларға қысқа мерзімді ұлттық мүдделердің кейбір сәйкессіздігі қосылып отыр. Орталық Азия елдерінің арасында қақтығыстарды болдырмайтын. шаралардың жиынтығын қазірдің өзінде жасалуы керек. Ортаазиялық интеграция үшін ортақ тарихы, мәдениеті, тілі, діні бір халықтар ретінде Орталық Азия елдерін болашақта жақындастыру үшін өзара қатынастар өте маңызды болмақ. Аймақтық интеграциялану үшін бір кездегі Еуропа елдеріне қарағанда Орталық Азия елдерінің күштірек алғы шарттары бар. Ондай алғы шарттарға мынандай факторларды: сыртқы қауіптердің, мәдени-тарихи тамырлардың, діннің, экономикалық проблемалардың ортақтығын жатқызуға болады. Оның сыртында, Кеңес одағының бізге ортақ экономикалық, қаржы-қаражаттық, білім-біліктік және экономикалық стандарттар қалды /9/. Интеграцияға қажетті мұндай алғышарттар Еуропалық одақтың үшін тек арман ғана болды деуге болады. Экономика саласында атқаруға тиісті шаралар мынандай: қазіргі қолданылып жүрген экономикалық аймақты нығайту; Ортаазиялық даму банкінің рөлі мен мәртебесін көтеру; көпсалалық кедендік одақ жасау; ортақ ауылшаруашылық нарқы құру; бірыңғай сыртқы экономикалық саясат жүргізу; транспорт жүйесін жасау, ұлтаралық компанияларды нығайту; ортақ нарық жасау және ақыр соңында, болашақта бірыңғай валюта жүйесін құру /10/.

Біртұтас экономикалық кеңістік ойдағыдй жұмыс істеген жағдайда Орталық Азия аймағы осы заманғы нарық әлемінде айтарлықтай роль атқаруға қабілетті болмақ. Кеңістік негізінен нарықтың өзін-өзі реттеушілік ықпалымен қалыптасады деп күтілген еді. Дегенмен, оның дамуы үшін үш мемлекеттің белсенді күш-жігер жұмсауы қажет болып тұр. Сонымен қатар тараптар аймақтық су-энергетика ресустарын бірелсіп пайдалану, өзара өнім алмасу, соның ішінде табиғи газ беру, ұлттық валюта — қаржы жүйелерінің өзара іс-қимылы мен төлемдерді оңтайландыру мәселесін және өзара мүдделестік туғызып отырған халықаралық проблемаларды (Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылыкқа қатер төндіретін Тәжікстан мен Ауғанстандағы жағдайға байланысты) талқылауға жете көңіл бөлінуде.
Тағы рефераттар