Қазіргі философиядағы ең ықпалды ағымдардың бірі – Экзистенциализм ( existential – латын сөзі, өмір сүру ) философиясы.Ол Батыс Еуропа топырағында екі дүниежүзілік соғыстың арасында қалыптасты. ХХ ғ. Бірінші жартысында ондаған мемлекеттер қатысқан қантөгіске миллиондаған қыршын жастар қаза болып, мыңдаған қалалар, зауыттар мен фабрикалар, ауылдық жерлердегі үйлер қирап, адамзат тағы да варварлық сатыға қайта келгендей болды. Бұл трагедия ойланатын адамдардық санасында өзінің өшпес ізін қалдырып, дүниетанып, оны қайта өзгертуден гөрі, сол қайғылы замандағы адамның өмір сүруіне, оның қайшылықтарға толы дүние тебіренісіне, оның өмірінің мән-мағынасын анықтауға т.с.с. сұрақтарға жете көңіл бөлінуіне жеткізеді.

Мұндай ахуал, әрине, өткен ғасырда өмір сүрген дат философы С. Кьеркогердың, неміс философы Ф. Ницшенің, француз ойшылы Б. Паскальдың, орыс жазушысы Ф. Достаевскийдің ойларының өзектілігін көрсетіп, олардың еңбектері экзистенциализм бағытының теоретикалық қайнар көзіне айналды.

Экзистенциализм философиясының негізін қалаған ойшылдарға Мартин Хайдеггер ( 1888 – 1976 жж. ) мен Карл Ясперсті ( 1883 – 1969 жж. ) ( Германия ), Жан – Поль Сартр ( 1905 – 1980 жж. ) мен Альбер Камюді ( 1913 – 1960 жж. ) ( Франция ), Н.А. Бердяев ( 1874 – 1948 жж. ) пен Л.И.Шестовты (1866 – 1938 жж. ) ( Ресей ), Виктор Франклді ( 1900 ж. ) ( Австрия ), Хосе Ортега-и-Гассетті ( 1883 – 1955 жж. ) ( Испания ) жатқызуға болады.

Сонымен ХХ ғ. Еуропа цивилизациясының дағдарысы, зерде мен адамгершілік құндылықтарына деген сенбеушідікті тудырып, трагедияға толы адам мәселесін тікелей философиялық таразыға салды. Бұл саладағы анықталған ең бірінші жаңалық – зерденің негізінде ғылым мен техника дамыған сайын адам болмысының  тұрақсыздығы мен нәзіктігнің өсуі. Мұндай күрделенумен қатар қатігезденіп жатқан дүниеде тұрақтану үщін, адам ең алдымен өзінің ішкі өмірін талдап, соның негізінде өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуы қажет. Мұндай адам өміріне қас дүниеде адам өзінің рухы арқылы ғана қарсы тұра алады. Олай болса, адамға ең керекті нәрсе – ол зат, материя, я болмаса идея, таным философиясы емес, негізінен алғанда, — адам философиясы. Ал адамға келер болсақ , ол, әрине ешқандай объект, өндңрңстің, я болмаса танымның күрделі құралы емес, ол субъект – ерікті, өз-өзіне жеткілікті, жауапкершілікті болмыс.

Жоғарыда айтылған жалпы мінездемені нақтылай келер болсақ, онда экзистенция ( өмір сүру ) мен эссенция ( мән- мағына ) ұғымдарының осы философияның негізінде жатқанын байқаймыз. Егер бүкіл жануарла әлеміндегі тіршілік өзінің мән мағынасымен бірге бұл дүниге келер болса, адам ең алдымен бұл дүниеге келіп, неше түрлі қиын қыстау жағдайлардан өтіп барып, көп уақыттан кейін ғана өз өмірінің мән – мағынасына ие болады. Яғни адамның өмір сүруі оның мін-мағыналыққа жетуінен анағұрлым  алда жүреді. Мысалы, Африкада, я болмаса Амазонканың бойында өмір сүретін қолтырауын жағаға шығып, жұмыртқалап, оларды ыстық құмның астына көмеді. Уақыты келген кезде жұмыртқаларының қабығы жарылып, ішінен кішкентай қолтырауындар жер бетіне шығып, дереу шөлге қарай емес, суға қарай жүгіреді. Қолтырауын осылайша миллиондаған жылдар бойы өмір сүріп жатыр. Ол өз мән-мағынасымен бірге өмір сүруге келеді. Ал дүниеге келген сәбиді алатын болсақ, ол анасыз өмір сүре алмайды, оны көп дылдар бойы тәрбиелеп өсіру қажет, содан кейін ғана ол өз өмірі жайлы сұрақтарды өз алдына қойып, өмірінің мән-мағынасын ашуға тырысады.

Экзистенциализм философиясында « шекаралық ахуал » деген категорияға көп көңіл бөлінеді. Ол – өмір мен өлімнің екі арасында қалу, үрей мен алаңдау, түңілу мен қынжылу, уайымдау мен қамқорлық т.с.с. Тек осындай адам өмір сүруіне қауіп төнген жағдайда, оның жан дүниесі терең сілкініске ұшырағанда, « өмірде болу » тебіренісінің негізінде ғана адам тез пісіп-жетіліп, өз өмірінің қайталанбайтын ерекше қалыптасатын мән – мағынасын ашуға тырысады.
Тағы рефераттар