Әдіснамалық талдау кезінде маңызды ерекшелігінің бірі, тиімді шешуі – ол оның біртұтастылығы. Бұл сапалық деңгей оның әдіснамалық талдау деңгейінің диалектикалық бірлігі–философиялығы, жалпығылымилығы және жеке ғылымилығы —  біртұтастылық талдау дейміз (бірлік, түрлі компоненттерінің байланысы). «Бүтінділік, біртұтастылық» – барлық әдіснамалық талдау деңгейінің диалктикалық бірлігі, музыкалық білім беру педагогика категориясы мен мәселесінің біртұтас жүйесі, әртүрлі компоненттерінің әрекет қатынасы.

Мысалы, сабақ – музыкалық білім беру жүйесінің бірі, ол психологиялық – дидактикалық сипаты арқылы процестің нақтылығы.

Сондықтан берілген талдаудың заңдылығы философиялық және жалпы педагогикалық тұрғыда қарастыру емес, ол музыкалық ғылым, «қазіргі жағдайда әрбір ғылыми пәні жай ғана сала емес, ол көзқарас: «бүтіндік» көзқарасының жан-жақтылығы, ерекше мәселесінің көзқарасы».

         Философиялығы, жалпығылымилығы және жеке ғылымилығының деңгейі әдіснамалық талдауының маңызды принципі болып табылады. Бірлік функциясының маңыздылығы – музыкалық – педагогикалық мәселені әдіснамалық талдау бірізділік бағытында шешуі, оның музыкалық білім беру ерекшелігінде, педагог–музыкантты дайындау барысында.

Осы принципті қолдана отыра талдаудың шыңына жету, мәселені шешуі, музыкалық — білімділік және музыкалық — педагогикалық процестің байланысы мен қатынасы болып табылады.

Г.Г.Нейгауза тұлғалығы музыкант ретінде, педагог — музыкант, жан-жақты әрекетін Я.И.Мильштейн былай дейді: «Нейгауз — өйшыл суретші. Көркемдік, психологиялық, философиялық тұрғыда талқылауға талпынады». «Диалектиканың шыны, — жазады ол, — ақиқат ортасында екенін үйретеді: автор мен оқушының арасында жақсы мұғалім болса, автордың ойына, сезіміне терең кіріссе, ол мақсатты шешуші болып табылады». «Музыканы талдау кезінде орындаушы уақытша жанды музыканы ұсақ-ұсақ «молекула мен атомға» бөліп тастайды және де өңдеу барысында қайта музыкалық организмнің жанды мүшесі бола алады».

Е.В.Николаева өзінің зерттеу жұмыстарында келесі жаңашылдықтарды ұсынады: әдіснамалық позициядан қарағанда көңілден шығатын кезең жаңа үш теориялық зерттеу әдісін ұсынады: интонациялық (дыбыс ырғақтылық), парадигмалды – педагогикалық және өркениеттілік.

Интонациялық (дыбыс ырғақ) әдістің маңызы – отандық музыкалық білім беру тарихындағы музыкалық өнердің эволюциялық бірізділік жүрісінде өнердің «интонациялық  мағынасы». Осы кезде музыкалық білім беру компонентінің негізгі классификациялық жүйесі құрылады және де мазмұны мен әрбір ерекшелігі интонациялық талдаудан көрінеді.

Парадигмалды – педагогикалық әдіс – педагог–музыканттың мақсаты пен міндеттеріне, принциптер мен мазмұнына, музыкалық білім беру әдістеріне және формаларына көзқарасының қалыптасуы байқалады. Оның шешімі үш деңгейде болады: отандық музыкалық білім беру тарихының негізгі кезендерінің дамуында; музыкалық білім беру барысындағы әрбіреуі (халықтық, дінилік, ақсүйектік) ізденіс кезеңінде қарастыруы; жеке музыкалық — педагогикалық тұжырымдамаларында.

Өркениеттілік әдісі – отандық музыкалық білім беру тарихын әлем тарихи-педагогикалық процесінің қалыптасуы мен дамуында қарастыру.

Қорыта айтатын болсақ, музыкалық–педагогикалық мәселені әдіснамалық талдау барысында, осы талдау кезекті жақтармен байланыса отыра, берілген талдауды шешуге көмектеседі – логикалық, психологиялық, кәсібилік – оны нақтылайды, мазмұнын бағыттайды.
Тағы рефераттар