Фирма ішілік қүрылым модельдерін түсіндіруде трансакдионды шығындармен катар, ұйымның өткен даму траекториясына тәуедділігін ескеру    қажет.    Басқаша    айтқанда,    фирманың    үйымдық    дамуы    оның қүрылымдык өзгерістердің ерекше траекториясына сәйкес қозғалысы ретінде түсіндіріледі.

Үйымның дамуындағы тарихи тәуелділік әсері фирма ішілік катынастарды үйымдыцмәдениет және рутинаның болуынан байқалады.

Ұйымдык мәдениет — үйьш мүшелерінің қарым — қатынасын реттеуші және олардың ұжымдық білімі мен тәжірибесінің көрінісі болып табылатын. нормалар, ережелер және дәстүрлер жиынтығы.

Ұйымдық мәдениет бизнестегі табыстылықтың түйінді кұрамдас белігі болып табылады. Оның негізінде принципал және агент арасындағы кдрым -қатынастың белгілі бір типі калыптасады. Ұйымдық мәдениет арқылы агент принципаддың болжамданбаған жағдайлардағы шешім қабылдауын бағалай алады, бұл ұйымдық мәдениеттің түсіндірмелік қызметі ретінде қарастырылады. Демек, бір уақытга қалыптасқан үйымдық мәдениет принципал және агент арасындағы қарым — қатынас типінің түбегейлі езгеруіне кедергі болады. Үйымдық мәдениет үлттык мәдениеттің ықпальшен қалыптасады және өзгереді.

Фирманьщ күнделікті қызмет етуінде рутинаның алатын орны маңызды. Осы ретте, рутина «іс-әрекетті үнемі кайталау арқылы есте сақтау» ретінде анықталады. Рутинаның маныздылығы үйым мүшелері арасында ақпарат ағымын қамтамасыз ету және жеңілдетумен түсіндіріледі, яғни ол ұйым мүшелерінің акпаратты алу, түсіну, қалыптастыру, жалғастыру қабілеттерінің негізін қүрайды. Кез келген ұйымда езіне ғана тән «ұйымдық диалект» болады. Рутина үйым ішінде ақпарат асимметриясын төмендетіп, бакылауды жеңілдету арқылы принципал — агент мәселесін шешуге, сонымен қатар үйым мүшелері арасында қалыптасқан қарым — катынастардың үдайы өндірілуіне жағдай жасайды.

Принципал және агент арасындағы белгілі бір қарым — қатынастар типі үйымдық мәдениет және рутина негізіңде жинақталады жөне бекітіледі. Сондықтан, үйымдық дамудың бастапқы жағдайларын, шарттарын білу маңызды. Әсіресе, ұйымдық дамудағы үлттық ерекшеліктер фирма ішілік қүрылым модельдерінен, сондай-ақ фирманың мақсатты функциясынан, фирманың қызмет етуіндегі басқа да параметрлерінен байқалады. «Дамудың тарихи тәуелділік әсері» түрғысында кәсіпорынның негізгі төрт идеалды типтері ажыратылады:

1.еміршілдік экономика жағдайындағы кәсіпорын;

2.американдық фирма;

3.жапондық фирма;

4.өтпелі типтегі кәсіпорын.

Әміршілдік экономика жағдайындағы кәсіпорын пайданы барынша арттыруға емес, жоспарды орындауға бағдарланады. Бүл кәсіпорында принципал және агент қарым — қатынасы үш деңлейде орын алады. Заң бойынша енбекшілер принципал болды, олар кәсіпорынның іс-әрекетін бакылау қүқықтарын өкілетті орган — жоспарлаушы орган арқылы жүзеге асыруға тиісті еді. Іс жүзінде, жоспарлаушы орган ғана бақылауды жүргізіп, агенттен  бірегей  принципалға  айналды.   Кесіпорынның  барлык  келденен байланыстары (өндіріс, өткізу қүрылымы) тікелей тігінен байлаыыстар арқылы ғана жүзеге асырылды. Бұл кәсіпорындағы еңбек қатынастары да ерекше, шамадан артық жумыспен қамту формасында орын алды. Жүмысшылардьщ жалақысы олардың үлесі бойынша емес, теңгермешілік қағидаға сәйкес тағайындалды. Осы арқылы, бюрократия еңбекшілерден тартып алған бақылау күқығының орнын толтыруға тырысады.

Американдық фирма бәсекелі нарықта пайданы барынша арттыруға ұмтылады. Бұл принципалдың, яғни осы фирма акционерлерінің мақсатты функциясынан туындайды. Акционерлердің басты мүддесі — бір акцияға шаққавдағы табысын барынша арттыру, бүл фирманың жыл соңындағы бөлінбеген пайда көлеміне тәуелді. Аталған пайда көлемі агенттердің, яғни жалдамалы менеджерлердің іс-әрекетімен анықталады. Принципал және агент қарым — катынасы осы фирмада екі деңгейде орын алады.

Акционерлер мен менеджерлер арасында принципал-агент мәселесі екі жақты — «дауыс беру» және «шығу» механизмдері арқылы шешіледі. Акционерлер өздерінің бақылау күкықтарын жүзеге асыруда акционерлер жиналысына қатысып, директорлар кеңесі қүрамын өзгерте алады («дауыс беру») немесе акцияларын сатып, менеджерлердің қызметіне наразылығын білдіреді («шығу»). Менеджерлер және жүмысшылар арасындағы принципал-агент мәселесі еңбекті үйымдастырудың қағидалары мен ережелері жүйесі -фордизм негізінде шешіледі. Американдық фирмада өндірістік және өткізу байланыстарының қүрылымы трансакционды шығындарды барынша азайтуға тәуелді.

Жапондык фирмада «екі жақты бақылау» жүргізіледі, сыртқы акционерлер (аутсайдерлер) және фирма жүмысшылары (инсайдерлер) қатар принципал қызметін атқарады. Ірі акционерлер (банктер) фирма акцияға қалыпты табысты қамтамасыз еткен жағдайда, ағымдағы бақылауды жүргізбейді. Ағымдағы бакылауды фирма жұмысшылары жүзеге асырады. Демек, жапондық фирма агенттер коалициясы моделіне жақын, сондықтан бүл фирмада классикалық түрдегі принципал — агент мәселесі орын алмайды. Оньщ үстіне, жапон фирмасындағы универсалды жұмысшы саясаты және «өмірлік жалдану» концепциясы да айтылғанның дәлелі бола алады. Жапон фирмасында пайданы барынша арттыру басты мақсат емес, фирма бақылайтын рынок үлесінің үздіксіз өсуін қамтамасыз ету бұл фирмадағы басты мақсатгы күрайды. Өйткені, аталған өсу ұйымдық экспансияға, құрылымның дамуына және ұлғаюына жағдай жасайды.

Жапондық фирманың аралық фирмалармен және мемлекетпен қарым -қатынасы да ерекше. Аралық фирмалармен байланыста репутация негізінде трансакционды шығындарды үнемдеумен катар, тәуекелді бөлу мотиві орын алады. Бұл фирма мемлекетген толық дербестікке, тәуелсіздікке ұмтылмайды. Мемлекет корпоративті мүдделер және қоғам мүддесі арасындағы арбитр, корпорациялар күресіндегі тепе-теңдікті сақтаудың кепілі ретінде қарастырылады.

Өтпелі типтегі фирма еңбек үжымын сақтауға, «аман қалуға» бағдарланады.   Формальды   және   нақты   меншік   күрылымдары   арасында сәйкессіздік орын алады. Осы кәсіпорынға агенттер оппортунизмінің шешімі табылмауы тән. Өндірістік байланыстар құрылымы трансакционды шығындарды барынша азайтуға емес, қалыптасқан қарым — қатынастарды сақтауға ұмтылу негізінде қалыптасады.

Фирманы контрактілер желісі ретінде карастыру, фирма ішінде меншік өкілеттіліктерінің контракт шеңберінде бөлінетіндігін білдіреді. Меншік қүкыктарының бөлінуі арқылы фирманың үйымдық — қүқықтық формасы анықталады, бұл өз кезегінде фирма ішілік трансакция шығындарының көлемі мен қүрылымына және стимулдар жүйесіне әсер етеді.

Фирманың әртүрлі типтеріне А. Алчиан және Г. Демсец анықтаған бес негізгі меншік өкілеттіліктерінің бөлінуі сәйкес келеді:

1.қалдық табысқа кұкык (төлемдерді өтегеннен кейін қалатын табыс);

2.ұйымның басқа мүшелеріне бақылау жүргізу кұқығы;

3.ұйым мүшелерімен келіссөз жүргізуге құқык (орталык агент);

4.командаға мүшелікті езгертуге құқық;

5.барлық меншік өкілеттіліктерін бірден және біртіндеп саты құқығы.
Индивидтердің    командадағы     орны    мен    ролі     аталған    меншік өкілеттілдіктеріне ие болуына байланысты анықталады.
Тағы рефераттар