Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты — бюджет (мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай-күйі де осындай тәртіппен реттеледі.

Мультипликаторлардың іс-әрекеттерінің жоғарыыда баяңдалған мүмкіңдіктері ескеріле отырылып экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық фискалдық саясаттың нұсқалары тұжырымдалады. Құлдырау кезінде ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі, ол мыналарды қарастырады:

1)  мемлекет шығыстарының көбеюі;

2)  салықтардың төмендеуі;

3) мемлекеттің шығыстары артуының үлкен нәтижесін ескере отырып фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.

Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс.

Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық саясат кері бағыттарды қамтиды:

1)  мемлекет шығыстарының азаюы;

2)  салықтардың көбеюі;

3)  бұл бағыттардың үйлесуі.

XX ғасырдың аяғында жаңа теория — тұрақты даму теориясы қалыптасты, онда қазіргі кездегі жағдайлар тұрғысынан ғаламдық экономикалық және қаржылық процестер түсіндіріледі, күрделі шаруашылық жүйелердің тұрақты эволюциялық дамуы жөнінде ұсыныстар жасалынады.

Тұрақты даму теориясыңда тұрақты жұмыс істейтін жүйелерді — төменгі шаруашылық жүргізуші субъектіден ұлттық экономика мен бірнеше елдің экономикалық одағына дейінгі жүйелерді дағдарысты құбылысқа алып келетін себептер айшықталады. Бұл теория мына қағидаттарға негізделген.

1. Кез келген ауқымдағы күрделі экономикалық жүйелердің өздігінен дамуының мәнін қамтып көрсететін эволюциялық қағидаты. Бұл осы теориядағы өзекті қағидат.

2.  Экономикалық мүдделерді үйлестіру қағидаты қалыптасқан тепе-теңдікті түрақсыздандыратын сан алуан факторлардың үздіксіз өзара іс-қимылының күрделі жағдайларында өзара іс-әрекет ететін тараптар мүдцдлерінің балансын сақтауды қажет етеді.

3.  Эволюциялық қағидатының логикалық дамуы мен оны нақтылау ретіндегі әртараптандыру қағидаты. «Әртараптандыру» термині кең мағынада экономикалық жүйенің құрамды бөліктерінің әр алуан түрлерінің, тұрпаттарының жиынтығы, құрылымдық нысандардың әр түрлілігі, функционалдық әртараптандыру ретінде пайдаланылады.

4.  Экономикалық жүйедегі оның дамуына қарай иерархиялық саралау қағидаты. Орташа деңгейді бөліп көрсетуді қажет етеді.

Бір жағынан, дағдарыстық құбылыстардың терең себептерін және екінші жағынан, өндірістің құлдырауына қарсы іоәрекет ету механизмдерін анықтау тұрақты дағдарыссыз дамудың негізгі қағидаттарын айырып, ажыратады, оларды қолдану келеңсіз факторлардың өсерін айтарлықтай төмегдетуге және тіпті экономикалық жағдайдың жалпы дүниежүзілік нашарлау кездерінде де экономикалық өсуді қолдап отыруға мүмкіндік береді.
Тағы рефераттар