Жоспары.

1.Кіріспе
2. Негізгі бөлім

а) Су – тіршіліктің қажетті шарты, тіршілік факторы

б) Жердегі су қоры, судың ластану мәселелері

в) Судың эвтрофикациясы

3. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Жердегі барлық су біртұтас. Олар атмосферамен, литосферамен қатар жеке қабат – гидросфераға бөлінеді. Ол тіршілік ортасы ретінде ерекше қасиеттермен сипатталады.

Судың қасиеттері. Биосферадағы маңызды процестерге әсерін анықтайтын судың өзіне тән қасиеттері:

1. Табиғат ресурсы және зат ретіндегі сарқылмайтыны. Жердегі барлық ресурстар жойылатын, шашырайтын болса, ал су әр түрлі күйге: сұйық, газ тәрізді және қатты күйге өтуіне байланысты мұндай жағдайға ұшырамайды. Су мұндай қасиетке ие болатын бірден-бір ресурс.

2. Суға қату кезінде көлемінің артуы және сұйыққа өтуі кезінде көлемінің кемуі тән.

3. Ең жоғарғы тығыздығы +4C-да байқалады. Табиғи және биологиялық процестердің маңызды қасиеттері осыған байланысты болады.

4. Жылу сыйымдылығының және жылу өткізгіштігінің жоғары болуы.

5. Тек оң ғана емес, теріс темперетурада да жеңіл газ тәріздес күйге өтуге қабілеттілігі. Теріс темперетурада қатты күйден бірден бу тәрізді күйге өтеді. Мұндай құбылыс – сублимация деп аталады.

6. Булану мен еру кезінде жылу сіңіріледі және будан конденсациялану мен қату кезінде жылудың бөлініп шығуы тән.

7. Дисцерсті ортада, мыс: ұсақ саңылаулы топырақтар немесе биологиялық құрылымдарда байланысқан немесе таралған күйге өтуі. Мұндай жағдайда судың қасиеттері күшті өзгереді. Бұлардың табиғи және биологиялық жүйелердегі процестердің жүруі үшін маңызы зор.

8. Әмбебап ерткіш. Сондықтан, табиғатта абсолютті таза су жоқ. Судың аталған және басқа да қасиеттері биосфералық пройестерге, тірі ағзалар мен олардың мекен ету орталарына орасан зор әсер етеді.

Гидросфера-биосфера элементі және табиғи қор ретінде туралы қазақша слайд, презентация тегін

Скачать


Тағы рефераттар