«High Tech Logistic ЖШС» және «Хак Групп АҚ»  логистикалық кәсіпорындарының  іс-әрекеттерін талдау туралы қазақша реферат

Қазіргі кездегі Қазақстанның экономиканың сәтті жағдайы, тұтыну нарығының өсуі, компаниялар жоғары қарқынмен даму үстінде. Бірақ толық бағалық логистикалық қызмет нарығының болмауы, жергілікті компаниялардың өсуіне, халықаралық корпорациялардың келуіне ірку фактор болып табылады.

Клиенттердің тұтынушылық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын компаниялардың нарықта болмауы өзекті мәселелердің бірі.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.А Назарбаевтың тапсырысына жүгіне отырып, Қазақстанның үкіметі Қазақстан экономикасын кластерлерді дамыту бойынша диверсификациялаудың жаңа жобасы жүзеге асыра бастады.

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының негізгі даму бағыттары- бұл «сатып алу-тасымалдау-қоймалау-өткізу» логистикалық жүйенің негізгі элементінің үйлесімін икемді және тиімді түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету механизімін құрастыру болып табылады.

Осы заманғы экономикалық үрдістердің даму шарттарына байланысты –өнеркәсіптік, коммерциялық және басқа  нарық инфрақұрылым кәсіпорындары бір интегралды логистикалық тізбекке бірігуіне жағдай жасау керек.

Қазақстанның нарықтық қатынастарға өте бастауы елдегі логистиканың практикалық және ғылыми ыңғайды талап ете бастады.

Экономикалық талдаудан бұрын, Қазақстанда логистикалық концепцияның даму үстіндегі жолда негізгі кедергілерді қарастырайық.

Біріншіден, көп уақытқа дейін отандық экономикада Батыста логистиканың негізгі орнын алатын айналым (тауарды жабдықтау және өткізу) сфераның ролін жете бағаламады. Біздің елде тарихи айналым сферасы өндіріс сферасыдан артта дамыды, әсіресе тауар мен қызметтер өткізуді ұйымдастыру. Айналым сферасы тауардың өндірушіден тұтынушыға ақырын өткізілген, сұраныс қанағаттанбаған, тұтынушыға төмен қызмет сапасымен, төмен сақтықпен ерекшеленеді. Айналым сферасы «қалдық принцип» бойынша қаржыландырылған. Басқарушы мамандар экономикада айналым сферасының ролін түсінбеуі жоғары деңгейде болды.

Екіншіден, Қазақстанның қазіргі кезде экономикалық инфрақұрылымының дамуы  дүниежүзілік орта деңгейінен артта қалуда (тауар айналым сферасында). Бұл жердегі жағымсыз жақтар келесідей:

  • тауар өткізуші құрылымның рационалды емес дамуы;
  • қазіргі заманғы электрондық коммуникацияның, электрондық желілердің, байланыс және телекоммуникация жүйелерінің әлсіз даму деңгейі;
  • төмен транспорттық инфрақұрылым, әсіресе автомобиль жолдарында. Автомобильді, мультимодальды, кедендік терминалдар санының аздығы мен техника-технологияның төмен деңгейі;
  • дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін барлық транспорт түрлерінде қазіргі заманғы транспорттық жабдықтардың болмауы. Транспорттың жоғары деңгейде физикалық және моральды тозу;
  • өндірістік-техника базалық қойма шаруалардың төмен дамуы;
  • тауарды өңдеу қазіргі заманғы техникалық құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі. Қоймалық жұмыстардың механизация және автоматтандырудың төмен даму деңгейі.

Көрсетілген фактілер мен жағымсыз жақтар Қазақстан экономикасына логистикалық концепцияның ендіруін тежеуде, мәселелерді тез арада шешу мүмкін еместігі.

Сонымен жақын арада Қазақстанда логистиканың дамуы транспорттық кешенде және қоймалау жүйесінде қолдануға болады. Отандық транспорттық және экспедиторлық кәсіпорындар бірінші болып, өздерінде қазіргі заманғы тасымалдау және тауарды өңдеудің логистикалық технологияларды енгізді. Интермультимодальды және терминалды жүкті тасымалдау жүйесі дәл уақытта және есіктен-есікке тасымалдау технологиялары және т.с.с. Қазақстанның көптеген мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындары белсенді түрде өздерінің терминалды желіні, жүкті бөлшектеу және логистикалық орталықтарды, ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз ету логистикалық қызмет көрсету жүйелерін құра бастады.

Осындай кәсіпорындардың бірі «High Tech Logistic» БК ЖШС, кәсіпорын осындай мәселелерді шешіп, Қазақстандағы логистикалық қоймалау нарығының бірден бір   көшбасшысына айналды.

«High Tech Logistic» логистикалық оператор 2005 жылдың басында құрылған. Ол «Amanat Invest Group» компаниялар тобының құрамына кіреді. Сол жылы бірінші эксплуатацияланатын алаң «ИКаР» іске қосылған болатын. «ИКаР» қойма кешені 25000 паллето-орынды құрайды. Онда кеден-брокерлік қызмет пен транспорттық қызметкөрсетеді. УСҚ-ны ұйымдастыру мен кедендік қызметті жүзеге асыруға лицензия алынған болатын. 2006 жылы көлемі 35000 паллето-орынды құрайтын «Первомайский» кеден-қоймалы терминал салынып, іске қосылды. 2007 жылдың басында Алматы қаласынан 10 км қашықтықта орналасқан жерде (Алматы-Қапшағай трассасы) «DAMU»  Индустриальды-логистикалық орталық салына басталды. Ерекше «DAMU»  Индустриальды-логистикалық орталық 210 га жерді алып жатыр. Компанияның жоспары бойынша «DAMU»  орталықта 150000 паллето-орынға қойма бөлмелері болды. Сонымен қатар, Астана қаласында 40000 палетто-орынға арналған «DAMU Astana» логистикалық орталық салына басталды.

Компанияның басты мамандануы-бұл барлық бекітілген шарттар негізінде XXI ғасыр технологиялар талаптарына сай, халықаралық стандарттарға және индустриалды-логистикалық орталықтардың сапалы түрде құру және дамыту. Өзінің құрылу уақытынан бастап компания ірі мегаполис ішінде жүкті ағымдарды басқару бойынша тұтынушының мұқтаждығын қанағаттандыру стратегиясын таңдады. Қалалық магистральдардың транспорттық толуы қоймаларды қаланың сыртына шығару арқылы шешілді. Басында инвестициялар барлық қазіргі заманғы талаптар негізінде жұмсалды. Себебі, Қазақстанда коммерциялық қызметтің тиімділігін арттыратын логистикалық объектілер болған емес.

Компания жүкті сақтау, тасымалдау және кедендік тіркеу бойынша мәселелерді тиімді тасымалдау, жаңа технологияларды қолдану арқылы шешеді.

Қоймалар логистикалық жүйенің негізгі элементтердің бірі. Қорларды сақтауға әдейі құрастырылған орындардың болуы, материалдық ағымдардың жүрудің барлық кезеңінде керек, біріншіден шикізат көзінен бастап, соңғы тұтынушыға дейін.

Қазіргі заманғы қойма логистикалық операциялар қызмет көрсету үлкен көлемде орындайды. Тұтынушыға кең көлемде қоймалау, жүкті қайта өңдеу, орау, тасымалдау, ақпараттық қызмет және т.с.с логистикалық келісімдері.

«High Tech Logistic» компаниясының қоймалық ғимараттар қазіргі заманғы құрал-жабдықпен қоймалық автоматтандырылған есеп жүйесімен жабдықталған. Бұл жүкті жоғары динамикалық өңдеуді қамтамасыз етеді, тауарларды қоймаға келу уақыты бойынша, өндіру уақыты бойынша тексеруге болады.Бұл сақтау процесін жеңіл басқаруға мүмкіндік беребі. Компанияның қойма территориясының негізгі қызметтері:

  • арнайы температуралық шарттарды талап ететін тауарларды сақтау;
  • іріленген жүкті сақтау;
  • тиеу-түсіру жұмыстары;
  • тапсырыс берудің арнайы талаптары бойынша тауарды өңдеу;
  • таңбалау, термоорау және пакеттеу;
  • логистикалық оператор есебінде сақтау;
  • қоймада жүктің қозғалысы бойынша керекті есептер беру;
  • бас қоймада, УСҚ, кедендік, дәріханалық қоймаларда сақтау.

Компания транспорттық логистикада келесі қызметтерді көрсетеді:

  • транспорттық-логистикалық шешімдерді табу;
  • есікке дейін принципі бойынша Алматы; Алматы облысы бойынша жүкті алушыға толық кешенді қызмет көрсету;
  • Қазақстан қалалары бойынша авто, теміржол транспортпен дистрибуция;
  • барлық тәуекелділікті ең тиімді сақтандыру полисін алуға көмектесу;
  • жіктің қай жерде орналасқандығы туралы тез ақпарат беру;
  • жүкті тасымалдау кезінде қауіпсіздікті сақтау;
  • әр клиентке жеке менеджердің болуы;
  • кеңес беру қызметі;
  • кең агенттік, әріптестік желілік;
  • экспорт-импорт тауарларды «есіктен-есікке» жүйесі бойынша жеткізу.

Компания кедендік-брокерлік қызметтердің келесі түрлерін көрсетеді:

  • толық кедендік рәсімдеу
  • тауарға сәйкес сертификаттар алу
  • рұқсат беру қағаздарын рәсімдеу (ветеринарлық, фитосанитарлық тексеру);
  • дәрі-дәрімектерді УСҚ мен кедендік қоймада сақтау.

Жоғарыда көрсеткендей, компания қоймалары кең ауқымды логистикалық операциялар бойынша қызмет көрсетеді.Тұтынушыға қоймалау, жүкті өңдеу, орау, тасымалдау, ақпараттық қызмет және т.с.с. логистикалық шешім бойынша кең ауқымды таңдау береді.

Бұл ірі логистикалық орталықтардың негізгі ролі. Мысал ретінде «High Tech Logistic» компаниясының келесі қоймалық терминалдары туралы айтуға болады.

«ИКаР» кедендік-қоймалық терминал. Көлемі-25000 паллето-орын. Ярус саны 3-4. Жүкті паллетті және қорапты өңдеу. Жүкті 2м биіктегі паллеттарда сақтау. 17 вагонды бірдей қабылдай алатын, қоймалық кешенге кіре алатын теміржол рампасы бар. 150 жүк машинаның сыйымдылығы бар автотұрақтың болуы. Офистік ғимараттардың көлемі-1500 кв.м.

«Первомайский» кедендік-қоймалық терминал. Көлемі-35000 паллето-орын. Ярус саны 7. Жүкті паллетті және қорапты өңдеу. Жүкті 2м биіктегі паллеттарда сақтау. 13 вагонды бірдей қабылдай алатын, қоймалық кешенге кіре алатын теміржол рампа бар. 150 жүк машинаның сыйымдылығы бар автотұрақтың болуы. Офистік ғимараттардың көлемі-500 кв.м.

«Первомайский» және  «ИКаР» кедендік-қоймалық терминалдардың технологиялары:

  • қоймаларды басқару жүйесі;
  • видеоқадағалау жүйесі;
  • климаттық басқару жүйесі.

«Первомайский» және  «ИКаР» кедендік-қоймалық терминалдардың мүмкіндіктері:

Күніне 2500 паллет өңделеді. 1 паллетті жүк трапты 30 минут ішінде түсіру. «Первомайский» және  «ИКаР» барлық жүқтің негізгі режимде бір шатырдың астында сақтауды (УСҚ, бос, кедендік және ақпараттық қоймалар), құрал-жабдықтар мен мамандардың жоғары коэффициент сонымен қатар, жүкті өңдеудің жоғары қозғалысын қамтамасыз етеді.

«DAMU» индустриалды-логистикалық орталық. ИЛО «DAMU» — бұл Алматы үшін ең тиімді объект. «DAMU» бірнеше мәселелерді шеше алады. «DAMU» Алматы қаланың индустриалды бөлігінде орналасқан. Бұл орталықтың қаладан тыс болуы тасымалдауды жеңілдетеді. ИЛО «DAMU» түгелдей автономды инфрақұрылым (энергия үнемділік, канализация, сандық линия, суқұбыры, жоғары жылдамдықты интернет) қамтамасыз етілген. Өндірістік алаңдар сегменттерге бөлінген (1 га-дан 5 га-ға дейін). ИЛО «DAMU» территориясында көлемі 500000 кв.м, 150000 паллето-орынды қамтитын қоймалар бар.

«DAMUAstana» индустриалды-логистикалық орталық. Астана қаласы экономикалық өсіп, дамып, құрылыс үстінде. Республиканың астанасымен бірге Астана солтүстік қақпа өндіріс сферасында. Қаланың бұл дәрежесі отандық және шетел тауарлардың мемлекет ішінде тез тарату үшін қазіргі заманғы және жоғары техникалық логистикалық саябақтардың болуын талап етеді. «DAMU Astana» аймақтарда жүктерді өткізуді басқаруды қамтамасыз етеді. Парктің өзінің өндірістік зонасы мен инфрақұрылым болады.бұл жағдай компанияларға өзінің өндірістерін орналастыруға мүмкіндік береді. «DAMU Astana» транспорттық логистикадан қарағанда ең ыңғайлы жерде орналасқан. Айналып өту сақинасы мен аймақаралық трассаның жанында.

«High Tech Logistic» ЖШС-ның болашақтағы жоспарлары: 3А стратегиясы- бұл Қазақстанның ең ірі Астана-Алматы-Ақтөбе тораптарды бір жүйеге біріктіру концепциясы. Әрбір транспорттық торап өзінің аймағын қамтиды. Ақтөбе-Батыс, Алматы- Оңтүстік-шығыс, Астана-Солтүстік.

«High Tech Logistic» ЖШС жүргізілген талдау компанияның логистикалық қызмет көрсетуді жоғары және сапалы дамуына үлкен мамандықпен келеді. Компания аймақтардың экономикаларын біле отырып, логистикалық концепция стратегиясын жақсы ұйымдастырған.

Бұл аймақтық тораптарда ндустриальды-логистикалық кешендерді мемлекет ішінде тауар айналымының сапасы мен қозғалысын жақсарту арқылы компания бірыңғай логистикалық желіні құруды жоспарлауда. Жоғары сапалық логистикалық желінің пайда болуы мемлекеттің бар аумағын алып отырып, Қазақстан Республикасының Европа мен Азияны қосатын буын ретінде дәрежесін нығайтпақ. Бұл мемлекеттің транзиттік мүмкіншілігін дамыта алар еді.

Қазақстан Республикасында логистиканың дамыту бағытта жетекші орын алатын кәсіпорынның мысалы мен даму бағыттына тоқтолып өтейік.

«Хак Групп» компаниясы холдингтік құрылым. Компания өзінің қызметін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы  территориясында атқарады. Құрылу кезеңі-1998 жыл.

Өзінің даму уақыты ішінде компания ірі инфрақұрылымға айналған болатын. Компанияға жұмысшылар саны 300-ден асатын 29 мекеме кіреді.

Қазіргі таңда компания қызметі келесі бағыттарды қамтиды:

  • Автошинды бизнес.
  • Аутосорсинг материалды-техникалық жабдықтау саласында.
  • Жеткізу, бөлу және импорттық тауарларды тарату саласында қызмет көрсету.
  • Қойма қызметтері.
  • Экспорттық-импорттық жеткізулер.
  • Автомобильді жүк тасу.
  • Ғимараттар мен құрылыстарды жылутезникалық жабдықпен комплектациялау.
  • Заңдық қызметтер.

Компанияның клиенттік базасына ірі, орта, шағын бизнестің 3000 астам мекемелері кіреді. Компания әріптестері әртүрлі саладағы кәсіпорындар: өнеркәсіп, автожолдық және жол-құрылыс құрылымдары, ауылшаруашылық мекемелері және т.б. олардың арасында Казахмыс, Казцинк, Казатомпром, Евразиялық Өндірістік Ассоциация топтар мекемелері.

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының негізгі даму бағыттары- бұл «сатып алу-тасымалдау-қоймалау-өткізу» логистикалық жүйенің негізгі элементінің үйлесімін икемді және тиімді түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету механизмін құрастыру болып табылады.

Осы заманғы экономикалық процесстердің даму шарттарына байланысты –өнеркәсіптік, коммерциялық және басқа  нарық инфрақұрылым кәсіпорындары бір интегралды логистикалық тізбекке бірігуіне жағдай жасау керек.

Осындай Ұлттық тауар өткізуші жүйені құрастырып отырған «Хак Групп» компаниясы. Бұл жүйе екі негізгі материалды және ақпараттық блоктан құралған құрылымды көрсетеді.

Ақпараттық блок-бұл Алматы қаласында орналасқан тауар жайлы, оның орны, жабдықтаушы және бағалар туралы ақпараттық хабар беретін, сонымен қатар кеңес беру және тауар жабдықтаушылар мен тұтынушыларға талдау қызметін көрсететін ірі ақпараттық агенттігі.

Материалдық блок-бұл Қазақстанның ірі қалаларында (Алматы, Орал, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Өскемен) орналасқан тарату орталықта кәсіпорындардың жақсы жабдықталған және автоматтандырылған қоймаларға мұқтаждығының шоғырлануы, өндіруші зауытттармен (немесе олардың жабдықтаушы, дилерлермен) олардың тауарларының жеткізу және тікелей тұтынушылар немесе екінші өткізу кәсіпорындар арасында таратудың инфрақұрылымдық байланыс.

«Хак Групп» компаниясы өзінің құрастырған технологиялар арқасында, тез арада аз шығындар мен қажетті уақытта келесі қызметтерді көрсете алады: тауарды жеткізу, тауарды өткізу, тасымалдау, қоймалау, ақпараттық қызмет көрсету.

«Хак Групп» компаниясы – бұл көппрофильді кәсіпорын, өндірістік және автотранспорттық мекемелерді материалдық-техникалық жабдықтау бойынша қызмет көрсетуге маманданған. Сонымен қатар, кең ауқымды машинатехникалық топтың тауарларын жеткізу бойынша маманданған.

Жеткізу кезінде көрсететін қызметтері:

  • Тапсырысты орындағандағы нақтылық пен дәлдік кепілдігі.
  • Жеткізу оперативті түрде орындау.
  • Сервистің жоғары деңгейі мен әр клиентке жеке бабын табу.
  • Тауарды жеткізудегі ең оптимальді маршруты таңдау.
  • Икемді бағалар.

«Хак Групп» компаниясының құрамына 10 аймақтық бөлімшелер кіреді. Олар Қазақстанның Алматы, Астана, Талдықорған, Өскемен, Павлодар, Карағанды, Көкшетау, Орал, Шымкент, Қызыл-Орда қалаларында және 3 аймақ Ресей Федерациясында Челны жағалауында, Мәскеу, Омск қалаларында орналасқан.

Бұл жағдай жоғарыдағы аймақтарда бизнес процедураларды координациялауға және оперативті түрде нарықтағы өзгерістерге, сонымен қатар компания ішіндегі өзгерістерге жауап қайтаруға мүмкіндік береді.

Компания кең ауқымды ассортиментте машинатехникалық топтың тауарларын ұсынады: автошиндер, қор бөлшектер, арнайы техника (коммуналдық, жолқұрылыстық), автотракторлы техника, ИШ насрстары, фильтрлер және т.б. машинатехникалық топтың тауары. «Хак Групп» компаниясы жеткізетін тауарлардың бәрі керекті сертификаторлармен ере жүреді. Бұл жағдай төмен сапалы тауарды немесе жалған істелінген тауарды сатып алуды болдырмайды. Компанияның клиенттері-Қазақстанның ірі кәсіпорындары ААҚ «Алюминий Казахстана», «ҰК Казахстан Темир Жолы», ҰАК «Казатомпром», ААҚ «Каз-цинк», ААҚ «ЕЭК», Компания «Фуд Мастер», «Трансстроймост»  компаниясы және т.б.

АҚ «Хак Групп»-тың негізгі стратегиялық мақсаты Қазақстан территориясында материалдық-техникалық жабдықтау сферасында бизнес-процестерді ұйымдастыруда принципиальды жаңа логистикалық жүйені болып табылады.

Бұл тарату өткізу жүйесі режимінде біріккен жұмыс. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін компания жаңа әріптестерді таратуда және тауар өткізудегі ұйымдастыру және оңтайландыру бойынша кеңес қызметін атқарады.

  • нарыққа маркетингтік зерттеу жүргізу;
  • тауар ассортиментін таңдау бойынша кәсіптік кеңес беру;
  • компанияның мәліметтер базасынан потенциальды әріптестер мен клиенттерді іздестіру;
  • компания қарамағындағы сауда алаңдарын тауарды өткізу бойынша консигнация шарттары бойынша жалға беру.

«Хак Групп» компаниясымен орта пайдалылық әріптестік процессте тауар клиенттері келесі жетістіктерге (4 кесте) ие болады.

Кесте 4. «Хак Групп» компаниясымен ортапайдалылық әріптестік процессте тауар клиенттерінің алатын пайдасы.

Өндіруші Тұтынушы
1. Потенциальды тұтынушы өндірілген тауарлар мен талап етілетін өнім ассортименті бойынша тез және дәл ақпарат алу 1. Тауарды тез табу, жабдықтаушылар, негізгі дилерлер тауарға техникалық және бағалық сипаттамалар бойынша дәл ақпарат алу
2. Тауарды төлеу және жүкті жүргізу бойынша пайдаланылатын схемалар 2. Тауарды сатып алудың оңтайлы шарттары

4 кестенің жалғасы.

Өндіруші Тұтынушы
3. Өткізу көлемдерінің өсуі, жаңа нарыққа шығуымен байланысты 3. Қоймадаға қорларды қысқарту негізінде шығындарды үнемдеу, жүкті консолидациялау арқасында тауарды жеткізу шығындарын төмендету
4. Қойма қалдықтарының төмендеуі және олардың іркілмеуі 4. Керекті тауарды оперативті түрде жеткізу арқылы құрал-жабдықтың тұрып қалмауы негізінде өндірістік циклді шапшаңдату
5. Әріптестермен өзара тиімді шарттарда жұмыс істеу 5. Әріптестермен өзара тиімді шарттарда жұмыс істеу
Нәтиже:
  • Кәсіпорынның жұмыс істеу аумағының ұлғаюуы
  • Кәсіпорынды одан әрі дамыту ушін қосымша пайда табу
  • Бәсекелестер арасында қосымша жетістіктерге ие болу
Нәтиже:
  • Тауар құнының төмендеуі
  • Айналым қаражатының айналуының шапшаңдауы
  • Бәсекелестік қабілеттің өсуі

 

 

Бұл кесте «Хак Групп» компаниясының қызметін логистикалық тізбектің екі жағынанда  уақыт пен шығынды қысқарту бойынша елеулі пайда әкеледі.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациядағы өзінің кең желісі, басқарудың орталықтандырылуы, жұмыста қолданылатын инновациялық технологиялар компанияға материалдық-техникалық жабдықтау сферасында жоғары бәсекелестік қабілетке ие болуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, тауарды тапсырыс түскен уақыттан алушының қоймасына түсіргенге дейінгі схеманы түгелімен басқаруға мүмкіндік береді.

Бұл үшін тізбектелген ұйымдастыру процедуралар қолданылады, күнсайын жұмысшылардың алдындағы мәселелердің шешілу жұмыстар мониторигі, сонымен қатар, компьютерлік бағдарламалар және т.б.

Қазіргі таңда өзіне алған машинатехникалық топтың тауарларын жеткізу міндеттемелер бойынша, «Хак Групп» компаниясы пайдаланылатын транспорттық логистика негізінде жұмыс істейді.

Жабдықтаушыдан тұтынушыға оңтайлы әдісті таңдау, тауарды жеткізу кезінде сақтықты және сенімділікті қамтамасыз етеді. Тасымалдау кезінде жүкті консалидациялау мүмкіндігі тұтынушыға көрсетілген қызмет негізінде экономикалық пайданы береді.

Ішкі тасымалдау процессі функциональды бірнеше блоктарға бөлінген:

  • дайындалу (тапсырысты жұмысқа алу, есеп жасау, транспорттық схемаларды және консолидация тәртібін анықтау, алдын ала тасымалдау және кедендік процедуралар бойынша мәселелерді талқылау, керекті бұйрықтарды дайындау)
  • негізгі (жұмысбастылық тауарға транспорт тамаңдау, кедендік процедураларды орындау, тасымалдау, белгіленген шараларды және мерзімдерді бақылау)
  • қорытынды (кедендік тазарту, тұтынушыға тауарды беру, жасалған іс-шаралардың тиімділігінің және кеткен шығындар анализі)

Тәртіпке салынған және автоматтандырылған компанияда жеткізуді ұйымдастыру жүйесі тауарды өндірушіден тұтынушыға жеткізу кезінде болатын кез-келген өзгерістерге тез арада жауап қайтара, тез және тиімді басқару шешімдерді қабылдай алады. Сонымен, қатар «Хак Групп» компаниясында өзінің әріптестерінің талабына сай қазіргі бизнес процестерді жетілдіру үстінде.

Клиенттерге мүлтіксіз қызмет көрсетуге жетісі келетіндіктен «Хак Групп» компаниясы өзі жеткізетін тауарларды сақтау, консолидациялаужәне әрі қарай тасымалдау үшін тармақталған желісті қоймалар желісті құрастырды. Барлық қоймалар қазіргі заманғы құрал-жабдықпен жабдықталған. Ол қысқа уақыт ішінде жүкті тию-жүкті түсіруге және жақсы жағдайда оны сақтауға мүмкіндік береді.

Жеке меншік құқығы негізінде компания Алматы қаласында екі материалдық-техникалық базаны иемденуде. Олардың мақсатты белгілеуі өндірістік базаны және қоймаларды эксплуатациялау және қызмет көрсету.Бірінші материалдық-техникалық базаның көлемі-1278 м2. Оның құрамына энергоцех, темір соғатын цех, шеберханалар, гараж ғимараты, сонымен қатар қоймалар(750 м2). База 16-тонналық автокран, балка-кран, өрт және қауіп сигнализация, таразылар, автономды жылу, электр қуат, газ, канлизация, ыңғайлы жету жолдармен қамтамасыз етілген. Екінші материалдық-техникалық база орталық қойма, көлемі 1006 м2, 0,6349га жерде. База бірінші база сияқты жабдықталған.

Қазақстан бойынша қоймалау желісі келесі қалаларда орналысқан: Алматы, Астана, Талдықорған, Өскемен, Павлодар, Карағанды, Көкшетау, Орал, Шымкент, Қзыл-Орда. Ресей Федерациясында: Челны жағалауында, Мәскеу, Омск.

АҚ «Хак Групп» өз қызметін бизнес-процесстерді рационализациялау және оңтайландыру принциптері негізінде жүргізеді, компания ішінде. Бұл жағдай өндірістік процестегі әр оперциясын қатаң бақылау және компанияның өндірістік циклдің барлық кезеңдерін алатын ақпараттық жүйенің әрдайым жаңаруының арқасында жүзеге асады. Сонымен, «Хак Групп» компаниясы логистикалық желісінің әрбір звеносын тауар үздіксіз қозғалысын өндірушіден тауарды тұтынатын тұтынушыға дейін бақылай алады. «Хак Групп» компаниясы Қазақстандағы машинатехникалық мақсаттағы тауарларды жеткізетін ірі жабдықтаушысы. Компания Ресей Федерациясының ірі және жақсы машинатехникалық мақсаттағы тауарларды шығаратын компаниялармен және Қазақстан осы тауарларды тұтынатын компаниялар мен жақсы әріптестік қарым-қатынаста.

Сондықтан қазіргі кезде компания келесі түрдегі ақпараттық қызметтерді көрсете алады:

  • «Хак Групп» компаниясы мен оның әріптестерінің қоймаларындағы бар машинатехникалық мақсаттағы тауарлардың ассортиентігі туралы ақпарат беру.
  • Компанияның ресейлік өндіруші әріптестерінің тауарларының ассортиентігі және тауарды жеткізу мерзімі туралы ақпарат беру.
  • Компанияның машинатехникалық мақсаттағы тауарларға деген сұранысы туралы ақпарат.
  • Машинатехникалық мақсаттағы тауарларды таңдау бойынша жоғары маманды кеңес беру.
  • Қазақстан Республикасы бойынша кез келген нүктеге тауарды жіберу және жеткізу маршруттарын таңдауда кеңес беру.

Қорыта келгенде, логистика неғұрлым кең бағытқа иеленіп, кәсіпорынның дамуы стратегиялары бойынша ұсыныстар құру мақсатында жүреді. Мәнісі бойынша логистика стратегиялық менеджментке қажет элемент. Осындай логистиканың мақсаты қазіргі және болашақ уақытта кәсіпорын алдында болатын мүмкіндіктер мен қауіптерді табу. Кез келген кәсіпорынның логистикалық қызметі — бұл кәсіпорынның дамуына әсер ететін барлық факторлардың жиынтық қаралуы, фактілерді еске ала отырып даму стратегиясын жасау және бұл стратегияларды іске асыру бойынша нақты іс -шаралар колданылу болып табылады.

Логистика кәсіпорынның әртүрлі бөлімшелердің арасында өзара әрекеттесу нәтижесінде көздеген мақсатқа жеткізеді және маркетингтік шараларды жасау және жүзеге асыру үдерісіне сәйкес ұйымдық-әдістемелік қамтамасыз етуді талап етеді. Осы мақсатта маркетингтік стратегияларды қалыптастыру үдерісі кәсіпорынды басқарудың үш деңгейімен жүзеге асырылатын тізбектелген кезеңдер қатарымен қарастырылған. Маркетингтік стратегияны жасау және жүзеге асыру үдерісі кезінде бөлімшелер арасындағы механизмді зерттеу стратегиялық маркетингтің негізгі қағидаларына сәйкес жасалған өндірісті басқарудың графикалық моделін құруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес келесідей мәселелерді алға қойылды:

Қазақстандық тауарлардың халықаралық нарықтарға қол жеткізуін жақсарту, жаңа экспорттық “орындарды” алу және ықпалдас­тық бастамаларды одан әрі тереңдету.

Экспорттық белсенділікке кедергі келтіре­тін әкімшілік, инфрақұрылымдық тосқауыл­дарды анықтау және қазақстандық тауарлар үшін неғұрлым перспективалы нарықтарды айқындау жөнінде бірқатар елдердің тауарлы нарықтарына талдамалық зерттеулер жүргізіледі.

Экспортқа арналған бәсекелі отандық өнімді жылжыту жөніндегі мақсатқа бағыт­талған саясатты қамтамасыз ету үшін қазақ­стандық тауарлар экспортын сыртқы нарық­тарға жылжытуға жәрдемдесу бағдарламасы әзірленетін болады.

Осы шаралардың өзі Еліміздің шетел нарықтарында елдегі экспортқа шығарылатын  өнімдерге  болашақ  перспективті  нарықтарға  қазірден зерттеулер жүргізіп, талдау жүргізіп, сыртқы нарық­тарға жылжуға жәрдемдесу бағдарламасы әзірлеудің  өзі   еліміздегі  логистикалық жүйенің енді  пайдалы  қолдана  бастағанын  көрсетеді.

Келесі бөлімде Қазақстан Республикасы кәсіпорындарда логистиканы жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар жасалады.

.

Тағы рефераттар