Инвестиция мәні, маңызы және түрлері туралы қазақша реферат

    Күрделі қаржы (инвестиция) – жаңа құрылысқа, жабдықтауға, жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды ұлғайтумен техникалық қайта жабдықтауға, тұрғын-үй , мәдени тұрмыстық  құрылысқа кеткен шығындар.

«Инвестиция» немістің «invesition» деген  сөзі және бұл кәсіпорынға (фирма) пайда табу  мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Инвестиция қайнар көзіне өнеркәсіп кәсіпорынының көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қаржылары, яғни мемлекеттің табыстары  (салық, кеден салығы және т.б.) жатады. Одан барлық шығындарын алып тасталынады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға, жол құрылысына , денсаулық сақтау, оқу ағарту, мәдени объектілеріне жұмсалады.

Инвестиция көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табысының жинақтаған бөлігі саналады.

Инвестиция маңызы – экономиканың тұрақты және жоғары қарқынының қалыптастыруда, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізуде, инфрақұрылымды дамытуда бөлінеді. Инвестицияны дамытуда кәсіпорынды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге немесе беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамның акцияларынан құралған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Қазақстан  Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған.

Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. ( бірінші қосымшаны қараңыз)

Нақты инвестициялар – капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т.б. жұмсалымы.

Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар акцияларды сатып алуға бағытталған.

Бірінші жағдайда, инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін — өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.

Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей инвестициялар – республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмек грантқа  арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері.

Жанама инвестициялар – қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар.

Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестициялардың түрлері:

—         табиғи активтерге инвестициялар;

—         ақша активтеріне инвестициялар;

—         материалдық емес активтерге инвестициялар.

Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынадай топтарға бөлінеді:

—         Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың негізгі мақсаты жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту және өндіріс қуаттар өндірісін тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау.

Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Негізгі мақсат — өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту.
Тағы рефераттар