Мазмұны

Кіріспе……….3

1 Ипотеалық несиелеудің теориялық негіздері……..5
1.1 Ипотекалық несиелеу жүйесінің экономикалық мәні ..5
1.2 Қазақстанда ипотекалық несиелеу жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері ….14

2 Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеудің қазіргі жағдайы және даму үрдісі ……19
2.1 Қазақстанда ипотекалық несиелеу жүйесінің қазіргі жағдайын талдау..19
2.2 Ипотекалық несиелеу тәжірибесіне талдау ……26
2.3 ҚР-ғы ипотекалық несиелеу механизмі ……..35

3 Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелендірудің жағдайы және ҚИК-тың қызмет көрсету жүйесі……48
3.1 Ипотекалық несиелеу нарығының динамикасы мен дамуы……..48
3.2 Шетелдік тәжірибедегі ипотекалық несиелендірудің дамуы…….49
3.3 «Қазақстан ипотекалық компаниясының» несие беру жүйесі мен «Тұрғын үй құрлыс банкінің» несие берудегі тиімділігі……53

Қорытынды…………58

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі….61

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қеңес дәуіріндегі тұрғын үйді  қаржыландыру жүйесі тұрғын үй саясатына толық сәйкес келді және  мемлекеттік тұрғын үйлер құрылысын қаржыландыру үшін бюджет қаражаттарын орталықтан бөлу орын алды. Нәтижесінде өзінің  тұрғын үй жағдайын жақсартуды  қалайтын не тұрғын үй алу кезегінде тұрған азаматтарға үй тегін берілген болатын.

Кеңес үкіметінің құлдырауы және тұрғын үй саласында нарықтық қатынастардың көрініс алуы тұрғын реформасын  жүргізуге алып келді. Бұл реформаның алғашқы қадамдары 2003 ж. “Жаңа тұрғын үй саясаты мемлекеттік бағдарламалары және оның іске асырылуы механизмдері” туралы ҚР Президентінің Жарлығымен  жүзеге асты.

Бұл құжат мемлекеттің тұрғын үй мәселесін шешуде маңызды болып саналады. Мұндағы ойлар бүгінгі күні тұрғын үй секторын және оны қаржыландыру жүйесін әрі қарай реформалау барысында нақты мүмкіндіктерді талдау үшін өте маңызды.

Сонымен қатар, соңғы жылдар үлесіне салынған үйлер республикамыздағы тұрғын үй қорының мысалға 0,5 % құрайды және бұл көрсеткіш ескі және құлап қалу қауіпі бар үйлердің үлесіне теңеседі. Бұл жерде тұрғын үй қорының осындай жаңарту қарқынында оның нақты ескіру қауіпін және оның көп бөлігі жер сілкінісі аймағында орналасқандығын ескеретін болсақ, онда мұндай тұрғын үй құрылысында жүргізіліп жатқан саясаттың жылдам нәтиже бермейтінін айта кету керек.

Тұрғын үй құрылысы саласындағы инвестициялық мүмкіндіктердің құлдырауы көптеген мердігерлік ұйымдардың экономикалық жағдайына теріс ықпал етті. Нәтижесінде тұрғын үй құрылысында жұмыс жасаушылар саны қысқарды. Шын мәнісінде мұндай жағдайда тұрғын үй құрылысына бюджеттен тыс қаражат көздерін тартудың нақты жаңа механизмдерін іздестірудің маңыздылығы арта түседі. Ондай механизм ретінде тұрғын үй ипотекалық механизмін қарастыруға болады және оның көмегімен құрылыс саласындағы дағдарысты тоқтатып, жұмыс бастылық көрсеткішін жақсартуға және бірқатар әлеуметтік тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік туады.

Тұрғын үй ипотекалық несиелеу механизмі мәселелерін теориялық тұрғыдан оқып-білу, оның тұрғын үй саясатын дамытуға байланысты талаптарына қаншалықты жауап беретіндігі туралы өзекті мәселелер, өз кезегінде дипломдық зерттеу жұмыстың мақсаты және басты міндеттерін анықтап отыр.

Дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты және басты міндеттері:

Дипломдық жұмыстың мақсаты – тұрғын үй саласында нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін тұрғын үйді ипотекалық несиелеу механизмінің мазмұны мен құрылымдық элементтерін нақтылай отырып, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің тұрғын үй салысын ипотекалық несиелеу тәжірибелеріне талдау жасау, сондай-ақ тұрғын үйді ипотекалық несиелеу механизмін жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады.

Көзделген мақсатқа жетуде келесідей міндеттерді шешуді қажет етеді:

Тұрғын үйді ипотекалық несиелеу механизмінің тұжырымын жасау;

Тұрғын үйді ипотекалық несиелеу механизмінің құрылымдық элементтерін және өзіндік ерекшеліктерін қарастыру;

Шетел тәжірибесіндегі тұрғын үйді ипотекалық несиелеу ерекшеліктерін оқып-үйрену, олардың кейбір тиімді жақтарын отандық тәжірибеге пайдалануға ұсыну;

ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің тұрғын үйді ипотекалық несиелеу тәжірибесіне талдау жасау;

Кепіл механизмін жетілдіру жолдарын іздестіру;

Зерттеу затына жылжымайтын мүлік нарығына ұзақ мерзімді  және арзан инвестициялардың әр түрлі жолдармен тартылуын  қамтамасыз ететін ипотекалық несиелеу механизмі жатады.

Зерттеу объектісіне ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің және  Қазақстан Ипотекалық комапаниясы АҚ-ның тұрғын үйді  ипотекалық несиелеу қызметі жатады.

Зерттеудің теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің тұрғын үйді  ипотекалық несиелеудегі орын алатын мәселелер туралы және оның  тиімді қызмет етунің әлеуметтік-экономикалық дамудығы рөлін  сипаттайтын зерттеулері пайдаланылады.

 Дипломдық жұмыс / 62 бет
Тағы рефераттар