Иран халқының мұнай өндірісін ұлттандыру үшін күресі туралы қазақша реферат

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Иран ішкі мәселелерін реттеп, “халықаралық істерге көңіл бөле  бастады. Қырқыншы жылдың соңынан бастап шах үкіметі АҚШ-на қарай бағыт алды. Екі ел арасындағы қатынастардың жаңа кезеңі Трумэн доктринасының “төртінші бабын” іске асырумен байланысты басталды.

1946 жылы 26 қаңтарда үкімет басына Кәвам әл-Сәлтане елгеннен кейін Тегеран ішкі және сыртқы проблемаларын шешудегі тактикасын өзгертті. Жаңа үкімет КСРО-мен қатынастарды реттеунеге, прогрессивті реформалар жүргзуге, режимді демократияландыруға  уәде берді. Ал басты мақсаты етіп Кеңестік әскерді тез арада шығарып, прогрессивті күштерді репрессиялауды қойды.

Алғашқы уақытта еңбек, мемлекеттік жерді шаруаларға тегін үлестіру туралы бірқатар прогрессивті заңдар қабылданды. 1946 жылы сәуір айында КСРО мен келіссөздер өтіп, үш негізгі мәселе бойынша шешім қабылданды:

-Иран-кеңестік мұнай қоғамын құру;

-Иран Азербайжан мәселесін бейбіт жолмен шешу туралы 1946 жылы маусымда Азербайжанға жергілікті автономия берілді. Күрдістанның да автономиясы мойындалды.

1946 жылы Ираннан одақтық әскер шығарылғаннан  кейін бүкіл елде демократиялық күштердің көтерілісі басталды.

1946 жылы Фарс провинциясында ағылшындардың қолдауымен “Оңтүстік қозғалысына” біріккен бірқатар тайпалар көтерілісі басталды. Оның жетекшілері үкіметтен “Иранды бөлу” әрекетін тоқтатуды Иран мен Азербайжаны мен Күрдістанды өзін өзі басқару органдарын жоюды және министрлер кабинетінен Иранның халықтық партиясының мүшелерін қууды талап етті. Егер де бұл талаптар орындалмаған жағдайда “Фарс халықтарының” автономиясын құру талабы қойылды. Иран үкіметі Фарстағы баскөтерулерді “ұлттық қозғалыс” деп жариялады, ИХП-ың мүшелері үкіметтен шығарылды. Елде реакция басталды. 1946 жылы 10 желтоқсанда Иран Азербайжаны мен Күрдістанға әскер кіргізіп, демократиялық қозғалысқа қатысушыларды жазалауды бастады. Ондағы өзін-өзі басқару органдары демократиялық жеңістер жойылды, мыңдаған адамдар қаза тапты, түрмеге жабылды, жер аударылды. Демократиялық және халықтық партияларының белсенді қайраткері КСРО-ға эмиграцияға кетті. Бүкіл Иранда солшыл ұйымдарға қарсы репрессиялар басталды [1; 123-156]

Ирандағы көтерлістер басылғаннан кейін Қәвам үкіметі проамерикандық позицияда екендігі түсінікті болды. 1947 жылы Иран әскерінде, бас штабы мен әскери министрлікте американ кеңесшілерінің ролін, құқықтарын кеңейту туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды. АҚШ Иранға қару мен әскери арқа сүйеп КСРО мен солтүстік мұнай туралы келісімді бекітпеді. Сонымен қатар ағылшын-иран мұнай компаниясы қоғамының саяси топтарының жіктелуіне нешіз болды.

1947 жылы өндірілген мұнайдың жалпы бағамындағы Иранның үлесі тек 9 пайыз ғана құрады. Ұлыбритания үкіметі компаниядан кіріс ретінде, Иранның  концессиялық ақысын көп алды. Осындай теңсіздік, елдегі экономиканың жағдайының төмендеуі, экспорттың қысқаруы, Иран  риалының құнсыздануы, бағаның өсуі, халықтың басым бөлігінің тұрмысының төмендеуі Иран үкіметін 1948 жылы компанияға бірқатар претенция қоюға мәжбүрледі. Елдің 1946-1949 жылдары экономикалық даму жоспары, американ фирмаларының қатысуымен қаржыландыруды қажет етті. Елдегі америкалық ықпалдың өсуінен қорыққан ағылшын-иран мұнай компаниясының басшылығы Қавамның үкіметтен кетуін қалады. Қавам отставкаға кеткеннен кейін бірнеше кабинет ауысты. “Федаяни ислам” бірнеше терракттар жасады, 1949 жылы олар шах өміріне қастандық жасады. Осыдан кейін елде әскери жағдай енгізіліп, реакция басталды [2; 165].

Бірақ мұнай өндірісін ұлттандыру үшін күрес одан әрі жалғасты. Ұлттандыру иран кәсіпкерлерінің басым бөлігі мүдделі болды, оларды интеллигенция “базар халқы” –яғни саудагерлер мен қолөнешілер, шииттік дінбасылар қолдады. Бұл күштер 1949 жылы күзде Ұлттық майданды құрды. Ұлттық майданды көрнекті саясаткер, Иранның тәуелсіз сыртқы саясат жүргізуді ұсынған доктор Мохаммед Моссадык (1879-1967 жж) басқарды.

1949-1953 жылдары “Иран” партиясы Ұлттық майданның орталығына айналды, оның қатарына әр түрлі көзқарастағы бірқатар қоғамдық және саяси қайраткерлер кірді; олардың арасында “Моджахедине Исламды” ұйымдастырушы А. Кашани, Демократиялық партияның қайраткерлер [3; 205-210].

Экономикалық көмекке қарамастан елдің жағдайы 40 жылдың соңымен 80-ші жылдың басында бұрынғысынша ауыр сақталды. Ол бар жағынан көршілес Үндістан Пәкістандағы деколенизациямен де байланысты болды. Елдің халқы қазба байлықтары ағылшындардың игеруіне қарсы болды, яғни иран ағылшын мұнай компаниясымен қатынастарды қайта қарау мәселесі күн тәртібіне қойылды. 1951 ж наурызда Иран мәжілісі Иранның мұнай өндірісін ұлттандыру туралы заң қабылдады, осы жылы сәуір айында үкімет басына М.Моссадык келді. Ол бұл заңды іске асыруға белсене кірісті. Барлық мұнай көздері мен мұнай өңдеу зауыттары үкімет бақылауына алынды. Оларды үкімет тағайындаған өкілдер басқарды. Сырттай араласу әрекетіне қарамастан бұл заң жеңіске асырылды. Ираннан ағылшын иран компаниясында жұмыс істеп жатқан ағылшын мамандары қуылды. 1952 жылы қазанда Иран мен Англия арасындағы дипломатиялық қатынастар үзілді. Бірақ Моссадык үкіметінің беделінің өсуі, оның белгілі шах және оның маңындағыларды қорқытты. 1953 жылы тамызда мемлекеттік төңкеріс нәтижесінде Моссадык үкіметі құлатылды. Жаңа кабинетті Заһеди басқарды. Ол 1953 жылдың соңында Англиямен дипломатиялық қатынастарды қалпына келтірді және елдің мұнай шаруашылығын басқару үшін консорциум құруға келісім берді. Бұл консорциум акциясының 40 пайызы ағылшын иран компаниясы алды. Оны құруға Иран бір жағынан мәжбүр болды. Себебі елде өз мамандары жеткіліксіз еді. Сонымен қатар алдағы уақытта елге шетелдің капиталын қызықтыруда консорцизм оңды роль атқарды. 1955 жылы Иран Бағдад пактіне мүше болып, оның сыртқы саяси позициясы айқындалды. Ол шетел инвестициясын кеңінен қолдай бастайды. 1958 жылдың өзінде елде мыңға жуық шетел компаниялары мен фирмалары қызмет етті. Ұлттық өнеркәсіптік құрылыс та ұлғайды, оның басым бөлігі қарыз қоржысына салынды, сол себептен Иранның сыртқы қарызы өсіп, 1959 жылы 27 мың риалға жетті. Иранның алдында тұрған басты экономикалық мәселенің бірі аграрлық қайта құру жүргізу еді.

1950 жылы құрылған мұнай мәселелері жөніндегі арнайы парламенттік комиссия Иран территориясындағы мұнай өндірісін ұлттандыру қажеттігі туралы шешімге келді. 15 наурыз күні мәжіліс, 20 наурыз күні сенат мұнай өндірісін ұлттандыруға дауыс береді. Сәуірде парламент ұлттандыру тәртібі туралы заң қабылдады және оны іске асыруды 29 сәуір 1951 жылы құрылған Моссадык үкіметіне тапсырды [4; 508].

Ұлттандырудың қолайлы шарттарына қарамастан Англия үкіметі, Халықаралық мұнай консорциумының басшылығы Иранға қысым жасады. Әлемдегі ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірі Абадан зауыты өз жұмысын тоқтатты. Моссадык үкіметі Англиямен дипломатиялық қатынастарды үзуге мәжбүр болды.

Ұлттық Майдан мен шах үкіметі арасындағы қатынастардың шиеленісуі нәтижесінде Моссадык орнынан түсіру әрекеті жасалды. Бұл оқиға елде наразылық тудырып, Тегеранда көтеріліс басталды. 1952 жылы 22 шілдеде шах Моссадыкты орнына қайтаруға мәжбүр болды және оны уақытша әскери министр етіп тағайындайды.

Солшыл топтар және мұсылмандық топтар Моссадыкты қайтару үшін қозғалысты ұйымдастырған еді. Бірақ Моссадыктың өзі осы күштермен одан әрі байланысты сақтау қажеттігін дұрыс түсінбеді, ол ағылшын-американ қайшылықтарына көп үміт артты.

Ал Иран әлемнің басқа мұнай өндіргіш аймақтарына ықпал етуінен қоррыққан АҚШ Моссадакты қолдамады. Сонымен қатар ағылшын-иран дағдарысының ұзаққа созылуы АҚШ-қа тиімді болды.

Шілде оқиғаларынан кейін Ұлттық майданда жіктелу байқалды. Бұрын Моссадыкты қолдаған оңшыл ұлтшылдар мен испамистер енді оның қарсыласына айналды. Иранның халықтық партиясы Ұлттық майдан жетекшісінен батыс державаларымен барлық байланысты үзуді талап еткен, сондықтан оны “американ испериалистерімен” келісімге келді деп айыптады. АҚШ Англиямен Иран жөнінде біріккен бағыт ұстау туралы шешім қабылдады [5; 45-69].

1953 жылы 19 тамызда ішкі және сыртқы реакциясының біріккен күштері, АҚШ-тың орталық барлау Басқармасының қолдауымен Моссадык үкіметі құлатылды. Елде әскери-позициялық режим орнатылды, репрессиялар басталды. Барлық саяси партиялардың қызметіне тыйым салынды.

Бұл төңкеріс американдық мұнай монополияларына көп пайда әкелді. 1954 жылы қыркүйекте қол қойылған Иранның халықаралық мұнай консорциумымен келісімде акциялары былай бөлінеді: американ компаниялары 40 пайыз, ағылшын-голланд компаниясы-14 пайыз, француз-6 пайыз акцияға ие болды. Консорциумның меншігі 1 млрд долларды құрады. Кірістің 30 пайызын Иран үлесіне еніп, өндірістік операцияларға консорциум бақылауы орнады.

Генерал Захеди басқарған жаңа үкімет әскери, экономикалық және мәдени салада батыс елдерімен, ең алдымен АҚШ-пен тығыз байланыс орнатты. Бұл курсты шах “позитивті ұлтшылдық” деп атады. АҚШ-тың техникалық, әскери, экономикалық көмегі өсті. 1955 жылы қазан айында \иран Бағдад пактіне қосылды. 1957 жылы наурызда “Эйзенхауер доктринасы” қабылданды, ал 1959 жылы американ-мран келісімі жасалды [6; 28].

50-жылдардың ортасындағы Иранның саяси өмірінің маңызды өзгерісі шах Мохаммед реза Пехлевидің жеке билігінің өсуі. Экономикалық салада шах және оның үкіметі “ашық есік” саясатын жүргізді. 1956 жылы жаңа жеті жылдық жоспар жасалды, оның мақсаты экономиканы және инфрақұрылымды дамыту. Бірақ Иран қоғамы артта қалғандықтан оны жүзеге асыру мүмкін емес еді.

Иран бұрынғыдай артта қалған аграрлық ел болып сақталды. Оның жер көлемінің 90 пайызын шах, помещиктер, тайпа көсемдері мен жоғары дінбасылар қолында болды, олар Иран халқының 1 пайызын құрады. Жұмысшылар саны аз болды. Елдің 18,3 млн халқының бар болғаны 3 млн қалаларда өмір сүрді, ал қала халқының 20 пайызын қолөнершілер еді.

1950 жылдардың соңы мен 1960 жылдардың басында Иран дағдарысқа ұшырады. Қаржы-валюта жүйесі, ауыл шаруашылығы, өенркәсіп пен сауда, әлеуметтік-экономикалық қатынастар да дағдарыста болды. Шаруалар, қала кедейлері аштыққа жұмыссыздыққа ұшырады. Ұсақ, орта буржуазияның, қолөнершілердің ұсақ саудагерлердің жағдайы ауыр болды, ал ұлттық буржуазияның өкілдері де жиі банкротқа ұшырап отырды. Осының барлығы әлеуметтік қатынастарды шиеленістірді. Сонымен қатар дағдарыс батыстық американдық бағыттағы сыртқы саясаттың салдары болды [7; 30].

Осы уақытта Иранда шаруалардың помещиктерге қарсы бірқатар көтерілістері болды. Ал Тегеранның митингіге шыққан тұрғындары экономикалық және саяси талаптар қойды. 1957 жылы басталған оппазициялық қозғалыс барысында жаңа жетекшілер шықты. Шахтың құрған ресми Меклиюн және Мардан партиялары халықтың қолдауын таппады. 1960 жылы жер иелігін жіктеу туралы заң қабылданды (мах 800 га барлық 40 га суармалы жер: қалғаны қазына сатып алып шаруаларға 15 жылдық мерзімде ақысын төлеуге шартында үлестірді). 1962 жылы жер максимумын 400 га дейін шектеген заң шықты. 1963 жылы жер максимумы 500 га болып сақталды, ол да тек қана заман талабына сай техника мен жалдамалы еңбек қолданған шаруашылықтар үшін. Барлық басқа қожалықтар үшін ауданы мен жіргілікті жағдайына байланысты 20 дан 100 га дейін шектелді. Сонымен қатар қайта құру бойынша акционерлік қоғам түрінде шаруа комеративтері құрылды. Ормандар ұлттандырылды, өнеркәсіп орындары жекешелендірді. Жерді қайта құруы шамамен 10 жылға созылды да ол өте күрделі, әрі ауыр процесс болды. Себебі Иран шаруалары оған дайын емес еді. Оның нәтижесінде 60-70 жылдары село тұрғындарының 41 пайызы деревнядан табыс көзін іздеп қалаларға ұмтылды. Реформалар елде қарсылық тудырды. Шахқа және оның реформаларына қарсы қозғалысты дін басылар басқарды. 1964 жылы осындай қозғалыста белсенділік көрсеткен Аятолла Хомейниді шах елден қуды. Сондықтан ол шах режиміне қарсылық символына айналды. “Ақ революцияны” яғни капиталистік үлгідегі қайта құрулар онда жоғарыдан модернизациялау бағытын алған шах елдегі жағдайды ескермеді, өнеркәсіптік өнім жыл сайын 10-15 пайызға өсті. Заман талабына сай өнеркәсіптік өндіріс қалыптасты. Иран экономикасында жеке сектор құрылып нығайды. Жаңа мектептермен жоғары оқу орны жүйесі құрылды. Қоғамдық өмірге әйелдер тартылды. Қазіргі заманғы денсаулық сақтау, мәдениет қалыптасты [8; 432].

“Ақ революцияны” немесе шахтың Иранды еврокапиталистік үлгімен дамуға алған бағыты 70 жылдың ортасында ішкі қарама-қайшылықтардың  шиеленісуіне және жаппай наразылықтың өсуіне себеп болды. Иран шахы саясатының басты кемшіліктерінің бірі дінбасылар позициясын елемеуде және де күш қолдануда болды. Ал басты саси қатесі ол Вакуфтерді секуляризациялау, яғни дінбасылар кірісінен айыру болды. Шах осы іс шаралар арқылы дінбасыларды әлсіретуді мақсат етті. Ал іс жүзінде оларды өзіне қарсы қойып алды. Осы кемшіліктерімен пайдаланған шииіттік дінбасылар шахқа қарсы күрес бастады. Иран интеллигенциясы және студенттер ислам дәстүрін сақтауды қолдады.

1960-1961 жылдары шах екі рет фальсификация жасау салдарынан парламенттік сайлау нәтижесін жойды. Елде сайлауды күтпей реформа жүргізу қажеттігі туды.

Шах және оның маңындағы “технократтар” жүргізген әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар ресми түрде “ақ революция” немесе “Шах және халық революциясы” деп аталды. Реформалардың мақсаты: деревняда жартылай феодалдық қатынастарды жою, Иранды модернизациялау, Ирандық капиталистік әлеммен интеграциялау болды.

19 реформаның ең маңыздысы аграрлық реформа болды. Заң жер иелігін 500 га етіп шектеді, ол да техника мен жалдамалы еңбек пайдаланылған жағдайда одан артылған жерді 15 жылдық мерзімге несие беру арқылы шаруа арендаторға сатты [9; 663-680].
Тағы рефераттар