Тараптар арасында жасалған аралық келiсiм болған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес, дау аралық соттың қарауына берiлуi мүмкiн. Тараптар өздерiнiң арасында қандай да бiр нақты құқық қатынастарына байланысты туындаған немесе туындауы мүмкiн дауларға қатысты аралық келiсiм жасасуы мүмкiн. Егер мұндай келiсiм талап-арыз беру үшiн негiздер туындағаннан кейiн жасалған болса, тараптардың бipeуi талаптарын формулярларда немесе өзге де стандартты нысандарда айқындаған және басқа тарап ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолымен (қосылу шарты) қабылдауы мүмкiн шарт бойынша дауды шешу туралы аралық келiсiмнiң күшi болады. Құзыреттi соттың қарауындағы дауға қатысты аралық келiсiм аталған сот дау бойынша шешiм қабылдағанға дейiн жасалуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың, кәмелетке толмаған адамдардың, заңда белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдардың, аралық келiсiмге қатысушылар болып табылмайтын адамдардың мүдделерiн қозғайтын даулар, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер нарығында үстем жағдайға ие болып отырған субъектiлердiң көрсетiлетiн қызметтердi ұсыну, жұмыстарды орындау, тауарларды өндiру туралы шарттардан туындаған, сондай-ақ банкроттық туралы iстер жөнiндегi даулар аралық соттардың ведомстволық қарауына жатпайды

Аралық соттарда iс жүргiзу қазақ тiлiнде жүргiзiледi, ал қажет болған кезде тараптардың келiсiмi бойынша орыс тiлi немесе өзге де тiлдер қазақ тiлiмен тең қолданылады. Тараптар аралық сотта iс қарау тiлi туралы келiсiмге қол жеткiзбеген жағдайда, аралық сотта iс қарау тiлiн аралық сот белгiлейдi.Аралық сотта iс қарау жүргiзiлiп отырған тiлдi меңгермеген iске қатысушы адамдарға аудармашы арқылы iс материалдарымен танысу, аралық соттың iс-әрекетiне қатысу құқығы, аралық сотта ана тiлiнде сөйлеу құқығы қамтамасыз етiледi. Құжаттар мен өзге де материалдарды аралық сотта iс қарау тiлiнде ұсынбаған тарап олардың аудармасын қамтамасыз етедi.

Құжаттар мен өзге де материалдар iске қатысушы адамдарға олардың ана тiлiндегi немесе олар бiлетiн басқа тiлдегi аудармасында табыс етiледi.

Аралық соттардың түрлерi:Қазақстан Республикасында аралық соттар тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот, биржалық төрелiк немесе нақты дауды шешуге арналған аралық сот түрiнде құрылуы мүмкiн.

   Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және олардың бiрлестiктерi (қауымдастықтары, одақтары) құра алады. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сотты құру үшiн жоғарыда аталған тұлғалар аралық соттың регламентiн, осы аралық сотта қызметтi жүзеге асыратын аралық судьялардың тiзiмiн бекiтуге тиiс.Биржалық мәмiлелер жасасуға байланысты дауларды шешуге арналған биржалық төрелiктi тұрақты жұмыс iстейтiн төрелiк ретiнде тауар биржасы құрады.Тұрақты жұмыс iстейтiн биржалық төрелiктi құру үшiн тауар биржасы аралық соттың регламентiн, осы аралық сотта қызметiн жүзеге асыратын аралық судьялардың тiзiмiн бекiтуге тиiс.

          Тараптар нақты дауды шешуге арналған аралық сотты өздерiнiң азаматтық-құқықтық шарттарынан туындаған дауды шешу үшiн құрады және осы дау шешiлгенге дейiн немесе тараптар дауды құзыреттi сотқа беру туралы шешiм қабылдағанға дейiн әрекет етедi.

Нақты дауды шешу үшiн құрылатын аралық сот қызметiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбi тараптардың келiсiмiмен айқындалады. Қазақстан Республикасында аралық соттар мемлекеттiк органдар жанынан құрыла алмайды

.

Тағы рефераттар